Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет156/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Қоқымбаева Т. Оқушының танымдық әрекетін дамыту. Бастауыш мектеп, 2013 
№19-3б. 
2.
Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности учащихся. - М.: 
Знание, 2003 
3.
Айғабылов Н. Бастауыш класс оқушыларының ақыл-ой белсенділігін арттыру А.: 
Мектеп 2015, 63б. 
4.
Жәнібекова С. Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту. //Бастауыш мектеп. 2014. 
- № 7. - 13-15 б. 
5.
Ибрагимов Р. Бастауыш сынып оқушыларында танымдық іс-әрекеттерді 
қалыптастыру технологиялары// Ұлт тағлымы, 2008 №6-64-65б. 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АДАМ 
АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ 
Құтжанұлы Нұрсәт, Құлтанов Дастан 
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация. 
В качестве фундаментальной науки физические упражнения 
рассматриваются как состояние, вызывающее существенные изменения гомеостаза, 
позволяющее глубже понять физиологию, то есть незаменимый инструмент для полного 
понимания механизмов регуляции деятельности организма. 
Ключевые слова: 
Туризм, спорт , гимнастика, массаж, реабилитация 
Abstract. 
As a fundamental science, physical exercise is considered as a condition that 
causes significant changes in homeostasis, allowing for a deeper understanding of physiology, that 
is, an indispensable tool for a complete understanding of the mechanisms of regulation of the body's 
activities. 
Keywords: 
Tourism, sports, gymnastics, massage, rehabilitation 


481 
Дене шынықтыру жаттығуларының адам ағзасына пайдасы зор, ол 
бұлшық ет тонусын реттеуге, қан айналысы мен зат алмасуды жақсартуға және 
ағзаның реактивтігіне бағытталған. Дене шынықтыру жаттығуларына арналған 
көрсеткіштер олардың ағзаға әсер ету сипатына, жүйке жүйесі қызметінің қайта 
қалпына келуін дамытуға негізделген. 
Дене шынықтыру жаттығулары бас миының тамырларына қанның дұрыс 
баруын қалпына келтіруге және бұлшық еттердің физиологиялық жағдайдағы 
күш-қуатын реттеуге бағытталған. Дене шынықтыру жаттығулары бұлшық 
еттің жалпы және күш түсіруге төзімділігін, ең алдымен аяқ ұштарының жалпы 
төзімділігін арттыруға үйлесімділікті жақсартуға негізделген. 
Арнайы жаттығулар жалпы дамытушылық сипаттағы жаттығулармен 
үйлеседі. Массаж жасау көрсетіледі. Жүру жаттығулары, аяқтың ұшымен жүру, 
табанның сыртқы қырымен жүру, жартылай жүрелеп отырып жүру және т.б. 
жаттығу дағдыларын қалыптастыру үшін ең дұрысы таңертеңгі гигиеналық 
гимнастикадан бастаған жөн. Мұндай жаттығулар арнайы дайындықты қажет 
етпейді, дене шынықтыру жаттығуларының біразын үйреніп алып, музыкамен 
орындауға болады. Жаттығуларды таңдап алу кезінде қарапайымнан күрделіге 
біртіндеп өтуді сақтау қажеттігіне баса назар аударған жөн [1.15бет]. 
Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында атлетикалық гимнастика кең 
тараған. Бұл жаттығулар оларды бұлшық еттерінің шымыр болып дамуымен, 
дене бітімдерінің дұрыс әрі әдемі қалыптасуымен қызықтырады. Сонымен 
қатар, қазіргі уақытта қыздар арасында ырғақты гимнастикамен айналысу белең 
алып келеді. 
Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысудың жүрек-қан тамырлары 
мен тыныс алу жүйесін жаттықтыруда әсері өте мол. Ағзаның күш түсуіруге 
бейімделуін біртіндеп көтеру, дене шынықтыруды дамыту және дене 
шынықтыруға дайындықты жақсарту өз бетінше жаттығудың негізгі міндеттері 
болып табылады. Өз бетінше жаттығуда гимнастикалық жаттығуларға көп орын 
берілу қажет. Жаттығулардың күрделенуі және жалпы күш түсіру жүктемесі 
біртіндеп көбеюі керек. Көп күш түсірмеу қағидасын ұстану қажет. Қимыл – 
қозғалысты орташа жылдамдықпен орындаған жөн. 
Дене шынықтыру жаттығуларының негізгі міндеттері мыналар болып 
табылады: ағзаны жалпы нығайту, шынықтыру және оның қарсыласу қабілетін 
көтеру, тыныс алу қызметін жақсарту. Дене шынықтырудың мынандай түрлі 
жаттығуларын қолдануға болады: гимнастикалық жаттығулар, суда жүзу, 
спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары, жүру және ақырын жүгіру, сондай- 
ақ кеудесін өзі уқалау. 
Адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Адам организмі ашық 
жүйе болып табылады, яғни сыртқы ортамен тығыз байланысты – ауадан тыныс 
алу үшін оттегі, тіршілікті энергиямен қамтамасыз ету үшін тамақты, өзінің 
дамуы үшін әлеуметтік ортадан әртүрлі ақпараттарды үнемі алып отырады. 
Организмнің сыртқы қоршаған тіршілік жағдайлары мен ішкі дүниесі үнемі бір 
қалыпта болмайтындықтан, яғни көптеген ықпалдардың қолайсыз әсер етуіне 
орай адам өз денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін арнайы 
шаралар қолдану керек [1.56 бет]. 


482 
Дене шынықтыру жаттығуларының әсерінен бұлшық еттердің қан 
айналысы күшейеді де жасушалардың оттегімен, амин қышқылдарымен т.б. 
қоректік заттармен қамтамасыздануы жақсарады. Жаттығу кезінде бұлшық 
еттің 1 мм көлемінде 2500 қан капиллярлары ашылып, қанның қозғалысын 
жеделдетеді. И.М. Сеченов осындай әсердің ми жасушаларында да болатынын 
болжаған, ол болжамды ғалымдар кейіннен іс жүзінде дәлелдеді. 
Дене шынықтыру жаттығулары ішкі мүшелерге де, ішектегі лимфаның 
түзілуіне де әсер етіп, лимфаның қозғалысын жылдамдатады. Соның 
нәтижесінде ішек-бауыр лимфасы арқылы зат алмасуының соңғы қажетсіз 
қалдықтары организмнен сыртқа мезгілінде шығып отырады. 
Дене тәрбиесінің негізгі құралына дене жаттығулары, жаратылыстың 
табиғи күштері мен гигиеналық факторлар жатады. Дене жаттығулары – дене 
тәрбиесі міндеттерін шешуге қажетті адамның қимыл әрекеті, яғни бұл саналы 
түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Оның негізгі міндеті – 
халықты сауықтыру және жұмысқа қабілеттілігін арттыру. Дене жаттығулары 
бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады. 
Дене жаттығуларының сан алуан түрлерін қолдану адам денсаулығын сақтау 
мен жақсартуға әкеледі. Сонымен қатар олар қоғамда жалпы білім беру 
танымдық (туризм), реабилитациялық (емдік дене шынықтыру), кәсіби 
(өндірістік гимнастика, кәсіби қолданбалы дене дайындығы) сияқты басқа да 
міндеттерді шешеді. 
Дене жаттығуларына гимнастика, ойындар, туризм және спорт, дене 
тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, 
спорт, табиғи факторлар жатады. 
Гимнастика түрлері негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық 
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гинастика және емдік 
гимнастика болып табылады [2.440 бет]. 
Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. 
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және 
қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. 
Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс 
дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің 
құралы. 
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын 
нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене 
шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше 
gymnastike, gymnazio жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем 
гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамуда 
Гимнастиканың 
әртүрлі 
түрлерінің 
(таңертеңгілік 
гигиеналық 
гимнастика, өндірістік гимнастика, судағы гимнастика) сауықтыру әсері бар. 
Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика күні бойы организм қызметінің 
белсенуіне әкелетін, яғни таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу 
қабілетін қалпына келтіруді тездететін (активті, пассивті және аралас) дене 
жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық жүйке жүйесі де тынығады. Бұл 
кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуды баяулайды, бұлшық еттері 


483 
босаңсып, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке 
жүйкесі мен әртүрлі мүшелердің қызмет белсенділігі арта бастайды [2. 437бет]. 
Дене жаттығулары денсаулықты нығайтып, дененің өсуі мен дамуына, 
жүйке жүйесінің қызметіне, адамның бір қалыптан екінші қалыпқа ауысу 
жылдамдығына, тірек-қимыл жүйесінің өсіп жетілуіне, оның қызметінің 
дамуына, қимыл-қозғалыстарының дұрыс бағытталуына, тіпті адамның ақыл-ой 
қабілетінің артуына да барынша ықпал етеді. Спорт ойындары мен 
жаттығулары арқылы жүйке жүйесінің қозу және тежелу қасиеттері реттеліп, 
шектеліп, баытталады. Дене жаттығулары бұлшық еттердің қан айналысын 
жақсартып, 
олардың 
жұмысына 
қажетті 
қоректік 
заттармен 
қамтамасыздандыру күшейеді де, адамның жұмысқа қабілеттілігі артады. Дене 
шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде, яғни аптасына 6-8 сағаттан кем 
шұғылданбайтын адамдар сирек сырқаттанады және оларда инфекциялық 
аурулар асқынусыз жеңіл әрі жылдам өтеді [3. 75бет]. 
Дене шынықтыру нәтижесінде адамның организмнің төзімділігі өте 
жоғары деңгейде болады. Дене жаттығуларының сауықтыру әсерінің 
тиімділігін барынша жоғарылату мен жұмысқа қабілеттілікті максималды 
арттыру үшін әртүрлі жас кезеңдеріндегі тұлғаларға арналған оптималды 
қимыл режимдерін сақтау қажет. Дене шынықтыру мақсаты мен мазмұнын, 
киімдері мен құрал жабдықтарын, таралуы мен тиімділігін сыртқы орта, 
тұрмыс, тамақтану жас және жынысқа байланысты қарастыру қажет. Дене 
шынықтыру мен спорт қоғамның және жеке әрбір адамның салауатты өмір 
салтын қалыптастырудағы негізгі бөлім болып табылады [4.102бет]. 
Адамның жасы мен денсаулық күйі ескеріле отырып, дұрыс әрі жүйелі 
түрде ұйымдастырылған дене шынықтыру мен спорттың денсаулық үшін маңызы 
зор. Әсіресе дене жүктемелерін біртіндеп беру, жүйелі орындау және дұрыс 
мөлшерлеу тәріздес негізгі принциптер сақталынса, денсаулыққа пайдасы аса зор. 
Дене шынықтыру мен спорттың барлық түрлерінің адамның қозғалыс 
әрекеті арқылы атқарылатыны баршамызға белгілі. Спорттық жаттығуларда ең 
әуелі вегетативтік (қан айналу, тыныс алу) мүшелер қызметімен неғұрлым 
тиімді қамтамасыз етілетін бұлшық ет жүйесі белсендіріледі. Бұлшық еттер 
адам организіміндегі әртүрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимал 
жүйесінің белсенді бөлігі болып табылады. 
Дене шынықтыру жаттығулары – дене тәрбиесінің едәуір күшті және 
тиімді сауықтыру құралдарының бірі. Ол денсаулықты сақтау мен нығайтуға 
ғана емес, сонымен бірге жұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет