269
Мектепте білім берудің заманауи жүйесі өз құрылымында үлкен
өзгерістерді бастан кешуде, қазіргі уақытта қоғамның түлектерге қоятын негізгі
талаптары командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық қасиеттер,
бастамашылық, АКТ-құзыреттілік, функционалдық сауаттылық, қаржылық
және азаматтық сауаттылық және тағы басқалар болып табылады. Қоғамның
талабы - стандартты емес шешімдер қабылдауға қабілетті, қолда бар ақпаратты
талдай және салыстыра білетін, қорытынды жасай алатын және алған
білімдерін шығармашылықпен қолдана алатын жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыру [1].
Функционалдық сауаттылық (лат. - бағыт) - адамның өзіне жүктелген
немесе өзіне ерікті түрде алынған функцияларды орындауға дайындық дәрежесі
[2]. Яғни бүгінгі жаһандану заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы,
адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Информатикадан оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау
кезінде оқушылар қажетті ақпаратты іздеу үшін АКТ құралдарын пайдалану
мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің тапсырмасын шешу және
белгілі бір идеяны жүзеге асыру үшін аппараттық және бағдарламалық
жасақтамамен жұмыс істеу дағдыларын қолдану қажет [3].
Білім
беру
платформалары
Habr.com,
Skillbox.ru,
Netology.ru,
Leetcode.com, Stepik.org т.б. функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға
және дамытуға көмектеседі
.
Білім беру платформасы – бұл белгілі бір
шарттарда пайдаланушыларға ұсынылатын оқу материалдарының қамтитын
интернет-ресурс болып табылады [4].
Мақалада мектеп оқушыларының информатикадан функционалдық
сауаттылығын
Stepik
платформасының
көмегімен
бағалау
мәселесі
қарастырылған. Stepik.org платформасымен 7 сынып информатика пәнінің
3 және 4 тоқсан тақырыптарына (10 сұрақтан) тест құрастырылды (1-кесте).
Кесте 1 – 7 сынып информатика 3 және 4 тоқсан тақырыптары
Достарыңызбен бөлісу: