Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі405,13 Kb.
#10360

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева 

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ 

КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

 

Международная научно-практическая конференция



 

 «СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ 

КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной  7-ым Зимним 

Азиатским играм 



 

International science-practical conference 

 «MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND 

SPORT»  

devoted to 7

th

 winter Asian games  



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

Астана қаласы – 2011 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 



Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева 

 

 



 

 

 



 

 

«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті 



мәселелері» 

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

МАТЕРИАЛДАРЫ  

4-5 ақпан, 2011 жыл 

 

«Современные проблемы физической культуры и спорта»  

МАТЕРИАЛЫ 

Международной научно-практической конференции

 посвященной  7-

ым Зимним Азиатским играм 

4-5 февраля 2011 года 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  

 

УДК______ 

ББК______ 

Қ________ 

 

 

Бас редакторы/Главный редактор 

 

Редакция алқасы/Редакционная коллегия 

 

Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск 

 

«Дене  тәрбиесі  және  спорттың  қазіргі  кезеңдегі  өзекті  мәселелері»:  VII  –  Қысқы 

Азия  ойындарына  арналған  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция 

материалдары  (4-5  ақпан,  2011  жыл)/  Жалпы  ред.  Басқарған  А.Ә.Жұмаділханов.  – 

Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет 

 

 

«Современные проблемы физической культуры и спорта»:  



Материалы  международной  научно-практической  конференции  посвященной    7-ым 

Зимним  Азиатским  играм  4-5  февраля  2011  года  (4-5  февраля  2011  года)/  под  общей 

ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр. 

 

 

 

 

ISBN________________ 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы 

Азия  ойындарына  арналған  «Дене  шынықтыру  және  спорттың  қазіргі  кездегі  өзекті 

мәселелеріне»  арналған  баяндамалар  беріледі.  Жинақ  материалдарын  жоғары  білім 

саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-

зерттеу жұмыстарында қолдана алады.  

В 

материалах 



международной 

научно-практической 

конференции 

предоставлены  доклады  посвященные  7-ым  Зимним  Азиатским  играм  «Современные 

проблемы  физической  культуры  и  спорта».  Опубликованные  материалы  могут  быть 

использованы 

в 

научно-исследовательских 



и 

практической 

деятельности 

специалистами,  работающими  в  области  высшего  образования,  учеными, 

соискателями. 

 

ISBN _________                                                           УДК_____ 

Қ ____________                                                            ББК__________ 

 

 

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011



 

СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ 

ҚОЛДАНБАЛЫ САЛАСЫ РЕТІНДЕ 

 

Г.Қ. Айқынбаева  

Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, 

п.ғ.к., доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

 

Cпорт  психологиясы  адамның  жаттығу  және  жарыс  жағдайындағы 



психикалық  әрекет  заңдылықтарын  қарастырады.  Спорт  психологиясы 

психология  ғылымының  өте  жас  қолданбалы  саласына  жатады. 

Спорт 


психологиясы

  түсінігі  қазіргі  Олимпиада  ойындарының  негізін  қалаған 



Пьер де Кубертеннің мақалаларында алғаш кездескен. 1913 жылы Пьер де 

Кубертеннің 

ұйымдастыруымен 

Лозаннадағы 

Халықаралық 

олимпиадалық  комитетте  өткен  спорт  психологиясы  бойынша  арнайы 

конгрессте  ол  жеке  сала  ретінде  бөлініп  шықты.  Осы  конгресстен  кейін 

спорт  психологиясының  мәселелері  қарастырыла  бастады.  1920 жыл  мен 

1940 жылдар  аралығында  олардың  зерттеу  жұмыстары  Германия,  АҚШ 

және  басқа  мемлекеттерде  белсенді  жүрді.  Бірақ  осы  кезде  спорт 

психологиясы мәселелері ғылыми жетілмеді [1].  

Спорт психологиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды 

дами  бастады.  Себебі  бүкіл  әлемде  спорттық  жетістіктер  күрт  өсті  және 

спорт  мәртебесі  көтерілді.  Бұл  әсіресе  олимпиада  ойындарында  және  әр 

түрлі спорт түрлері бойынша әлемдік біріншіліктерде байқалды. 

1965 жылы  Италиядағы  спорттық  медицина  федерациясының 

беслменділігімен  Римде  спорт  психологиясы  бойынша  конгресс 

ұйымдастырылды.  Халықаралық  спорт  психологиясы  қоғамы  пайда 

болды.  Осыдан  кейін  спорт  психологиясы  халықаралық  қолдауға  ие 

болды.  Римдегі  конгресстен  кейін  ол:  1968 жылы  Вашингтонда, 

1973 жылы  Мадридте  және  1977 жылы  Прагада  өтті.  1970 жылдан  бастап 

“Международный  журнал  психологии  спорта”  атты  журнал  басылымға 

шықты [2]. 

Халықаралық спорт психологиясы қоғамы құрылғаннан кейін спорт 

психологиясының  аймақтық  одақтары  құрылды.  1967 жылы  спорт 

психологиясының  солтүсті  америкалық  одағы,  1969 жылы  спорт 

психологиясының  Еуропалық  ассациациасы  құрылды.  Кейін  спорт 

психологиясының  ұлттық  ұйымдары  Канадада,  Жапонияда,  Германияда, 

Англияда, 

Францияда, 

Бразилияда, 

Австралияда, 

және 

басқа 


мемлекеттерде құрылды. 

Спорт  психологиясы  бойынша  баяндамалар  ХVIII  және  ХХ 

Халықаралық 

психихологиялық 

конгресстер 

ұйымдастырылды. 

1972 жылы 

Мюнхендегі  Олимпиадалық  ғылыми  конгресс  және 

1974 жылы  Мәскеуде  өткен  “Қазіргі  заманғы  қоғамдағы  спорт”  атты 

әлемдік конгресс бағдарламасы жоғары деңгейде өтті [3]. 



Қазіргі 

заманда 


әлемнің 

көптеген 

елдерінде 

спорт 


психологиясының ғылыми жетілуі жүруде. 

Ресей  психологиясының  тарихында  физикалық  тәрбиелеу  және 

спорт  психологиясының  пайда  болған  уақыты  деп  алғашқы  ғылыми 

жұмыстардың  шыққан  мерзімін  атауға  болады.  Ең  алғашқы  деп 



 жылдары 

психология 

кафедрасының 

профессорлары 

П.А.Рудиктің  (“Влияние  мускульной  работы  на  процесс  реакций”, 

“Иследование  реакции  в  применении  к  оснавным  вопросам  физической 

культуры”)  және  Т.Р.Никитиннің  (“Значение  внушения  и  подражания  в 

деле физического воспитания”) зерттеулерін атауға болады. 




 жылы  Мәскеуде  алғашқы  рет,  кейін 




 жылы  профессор 

А.П.Нечаевтің  “Психология  физической  культуры”  атты  монографиясы 

қайта басылып шықты. Осы жылы А.Ц.Пунидің шаңғымен жарыс, үстел 

теннисі  бойынша  және  басқа  жарыстардың  спортсменнің  психикалық 

аймағына  әсерін  зерттеуге  арналған  жұмыстары  және  Украиналық 

психоневрологиялық 

институттың 

профессоры 

З.И.Чучмаревтің 

мектептегі  дене  шынықтыру  сабағының  оқушының  интеллектуалдық 

қызметіне  әсері  және  олардың  өзін

өзі  басқара  алуы  жайлы  жұмыстары 



баспаға  шықты. 




 жылы  П.Ф.Лесгафт  атындағы  институттың 

психология 

кафедрасында 

физикалық 

тәрбиелеу 

және 


спорт 

психологиясының  мәселелері  қарастырыла  бастады. 



шы  жылдардың 



ортасында  спорт  психологиясы  студенттердің  психология  курсына 

енгізілді. Алғашқы “Спорт психологиясының” арнайы курс бағдарламасы 

жасалды. 

Соғыс жылдарынан кейін спорт психологиясы өте қарқын дамыды. 

Осы  уақытта  ғылыми  зерттеулер  базасы  кеңейді.  Оған  дене  шынықтыру 

институтының  педагогика  және  психология  кафедралары  қатысты. 

Қарастыратын мәселелері де кеңейе түсті. Зерттеу жұмыстарының негізгі 

бағытына:  спортшы  және  жаттықтырушының  тұлға  психологиясы, 

спорттық  іс-әрекеттің  психологиялық  ерекшеліктері,  спортта  тәрбиелеу 

және  оқытудың  психологиялық  негізі  болып  табылды.  Сонымен  қатар 

спорттық  жарыстың  психологиялық  аспектілері,  спортсменді  жарысқа 

дайындаудың  психологиялық  негізі,  спортсмендердің  жарысқа  дейінгі, 

жарыстағы  және  кейінгі  жағдайы  мен  іс  әрекетін  реттеуі  және  өзін

өзі 



реттеуі қарастырылды. 




 жылы 

Психология  институтында  А.Ц.Пуни    “Спорт 

психологиясы”  тақырыбына  алғашқы  докторлық  диссертациясын 

қорғады.  Кейін  спорт  психологиясы  бойынша  О.А.Черникованың, 

В.Г.Норакидзенің, 

С.Ч.Геллерштейннің, 

Г.М.Гагаеваның, 

А.В.Родионованың,  Н.А.Худадова-ның,  А.А.Лалаяның  және  тағы  да 

басқалардың монографиялары шықты [4]. Спорт психологиясы бойынша 

еңбек жинақтары басылымға шыға бастады. 



Физикалық  тәрбиелеу  және  спорт  психологиясы  психологиялық 

ғылымның  арнайы  саласы  ретінде  психологиядан  Бүкілодақтық  кеңестер 

бағдарламасына,  кейін  КСРО  психологтар  қоғамының  Бүкілодақтық 

съезінің  бағдарламасына  енді.  Физикалық  тәрбие  және  спорт 

психологиясының соғыстан кейінгі дамуы оның практикаға жақындауымен 

мінезделеді. 



 жылы  дене  шынықтыру  және  спорт  комитетінің 



ғылыми

әдістемелік  кеңесінде  спорт  психологиясы  бойынша  комиссия 



құрылды. Ол кеңестік спорт психологтарының басын қосқан орган болды. 




 жылының мамыр айында КСРО

да алғашқы спорт психологиясының 



Федерациясы құрылды.  

Қазіргі  таңда  спорт  психологиясын  зерттеуге  деген  зор 

қызығушылықтар туындауда. Спорт психологиясының негізгі мақсаты 

 



спортсмендерде және спорттық шеберлік және сапалық командаларында 

жарыстарға  қатысу  үшін  қажет  психологиялық  заңдылықтардың 

қалыптасуын  анықтау,  сонымен  қатар  психологиялық  негізделген 

жаттығу  әдістері  мен  жарысқа  дайындықты  өндеу  болып  табылады.  Бұл 

мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек: 

. Спорттық іс әрекеттің спортсмен психикасына әсерін зерттеу. 



- жарыстың психологиялық талдауы; 

- жарыстың спортсменге әсер етуінің сипатын анықтау

-  жарыстың  спортсменнің  психикасына  қоятын  талаптарын 

анықтау; 

-  жарысты  сәтті  өткізу  үшін  қажетті  адамгершілік,  еріктік  және 

басқа психологиялық сапалардың жиынтығын анықтау; 

- жаттықтыру әрекеті жағдайына психологиялық анализ жасау; 



Спорттық 

жаттығулардың 

тиімділігін 

арттыру 


үшін 

психологиялық  жағдайларды  жетілдіру.  Спорт  психологиясы  спорттық 

шеберліктің жетілуінің механизмдері мен заңдылықтарын қарастырады.  

Бұның бәрі психологтан келесі жағдайларды талап етеді: 

а



  спорттық  жаттығулардың  әдіс

тәсілдерін  психологиялық 



негіздеу; 

б



  психикалық  функцияны  дамыту  арқылы  және  жаттығудың 

аппараттық  әдісін  жасау  арқылы  спортсмен  ағзасының  барлық 

мүмкіндіктерін максималды қолдана алу үшін жолдарды қарастыру; 

в



  спорттың  жеке  түрлерін  психологиялық  сипаттау  әдісін, 

әлеуметтік  құрылым  және  спорттық  команданың  психологиялық 

ахуалын, спорттық мүмкіндіктерді психодиогностикалау әдісін өңдеу; 

г



  жаттығу  жағдайында  жарыстық  жағдайды  ғылыми  негізделген 

модельдеу әдісін өңдеу. 

3.  Спортсмендердің  жарыс  алдыңдағы  дайындықтарының 

психологиялық негізін жетілдіру [5].  



Қазіргі  уақытта  спортсменнің  жарыс  алдыңдағы  дайындығының 

мазмұны  мен  сипаты  түбірімен  өзгерген.  Жарысты  сәтті  өткізу  үшін 

физикалық  және  тактикалық  дайындықтың  жоғары  деңгейде  болуы 

жеткілікті 

емес. 

Қозғалыс, 



сенсомоторлы 

дағдылармен 

қоса 

интеллектуалды  дағдылар  және  топтық  әрекет  дағдыларының 



маңыздылығы артуда. 

Сондықтан  жарыс  алдындағы  дайындықта  әр  түрлі  психикалық 

процесстер  мен  қалыптар  үлкен  мәнге  ие  болуда.  Сондай  –  ақ 

психихологиялық  факторлар  мен  жарысқа  қатысу  үшін  спортсменді 

психологиялық  дайындаудың  рөлі  өсуде.  Мұндай  дайындықтың  әдіс  – 

тәсілдері  өңдеу  –  спорт  психологиясының  негізгі  қызметінің  бірі.  Бұл 

қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет: 

а



  жарыс  жағдайында  психика  қызметінің  заңдылықтарын  зерттеу 

және  жарыстық  әрекеттің  тұрақтылығы  мен  сенімділігін  арттыратын 

әдістерді өндеу; 

б



  жарыс  алдындағы  және  жарыс  жағдайында  пайда  болатын 

психикалық қалыпты зерттеу

в



  психопрофилактиканы  дамыту,  спортсменді  шынықтырудың 



психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және 

психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру. 



Спорт  психологиясының  пәні-  әр  түрлі  спорттық  әрекеттің  және 

спортсмен  тұлғасының  психологиялық  ерекшеліктері.  Қазіргі  заманғы 

қоғамда  спорт  үлкен  орын  алады.  Ол  адамның  жан

жақты  физикалық 



дамуын  ғана  қамтамасыз  етпейді,  сонымен  қатар,  онда  моральді

еріктік 



қасиеттерді тәрбиелейді. 

Спорт  түрлері  алуан,  бірақ  оның  бәрі  спорттық  жарыстарда  және 

жүйелік  жаттығуларда  қатысуды  талап  етеді.  Спорттық  жаттығулардың 

тиімді  әдістерін  өңдеу  үшін  біріншіден,  спорттық  әрекетке  тән 

заңдылықтар  мен  ерекшеліктерді,  екіншіден,  осы  әрекеттің  субъектісі 

ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт 

психологиясы  спорттық  әрекеттің  маңызды  жақтарына  талдау  береді 

және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі. 

Спорт  психологиясы 

  спорттық  әрекет  жағдайында  адамның 



психикасының 

заңдылықтарын, 

дамуын, 

көрінісін 

зерттейтін 

психологиялық  ғылым  саласы.  Спорттық  әрекеттің  адамның  басқа 

әрекеттерінен  қандай  айырмашылығы  бар?  Спорт  спецификасы 

 



жарыстарда  жеңіске  жету  мақсатымен  өзін  күнделікті  физикалық  және 

психикалық  жүктемеге  салуға  мүмкініндік  беретін  жоғары  мотивацияда, 

осы  мотивация  арқасында  спорт  адамның  мүмкіндіктерінің  табиғи 

лабораториясына  айналды.  Спорт  психологиясы  жарыс  және  жаттығу 

жағдайындағы  ұжым  және  жеке  адамның  психикалық  әрекетінің 

заңдылықтарын зерттейді.  



Спорт  психологиясы  еңбек  психологиясы,  ойын  психологиясы, 

педагогикалық  психология  сияқты  адам  әрекетінің  нақты  түрлерінің 

негізін зерттейтін психология бағыттарының бірі. Ғылымдар жүйесіндегі 

спорт  психологиясының  орны  екі  сипатпен  анықталады:  психологиялық 

ғылымдар  саласы  ретіндегі  орны  және  спорт  жайлы  ғылымдар 

жүйесіндегі орнымен. 

Психология  саласы  ретінде  спорт  психологиясы  жаратылыстану, 

философия,  әлеуметтік  ғылыми  дисциплиналар  жүйесінде  ортаңғы 

орынға  ие.  Жаратылыстану  ғылымдары  бағытында  спорт  психологиясы 

физиологиямен,  психофизиологиямен,  медицинамен,  биологиямен, 

математикамен, физикамен тығыз байланысты. Әлеуметтік бағытта спорт 

психологиясы  педагогикамен,  әлеуметтанумен,  мәдениеттанумен  тығыз 

байланысты. 

Спорт  психологиясы  спорт  жайлы  ғылымдар  ретінде  физикалық 

тәрбиелеу  теориясы  мен  методикасымен,  спорт  гигиенасымен,  спорт 

медицинасымен,  спорт  биомеханикасымен,  кинезиологиямен,  спорт 

метрологиясымен 

тығыз 


байланысты. 

Сонымен 


қатар 

спорт 


психологиясы 

математиканың, 

статистиканың, 

кибернетиканың, 

электрониканың,  модельдеудің  әдіс–тәсілдерін  қолданады.  Спорт 

әлеуметтік  құбылыс  сияқты  және  адам  әрекетінің  ерекше  түрі  ретінде 

көптеген  ғылымдардың  зерттеу  объектісі  болып  табылады.  Олардың 

барлығы,  сонымен  қатар  психология  спорттық  әрекетті  өзінің  негізгі 

міндеттері,  өзінің  әдіснамалық  ұстанымын  зерттейді.  Адам  әрекетінің, 

сонымен  қатар,  спорттың  кез  келген  міндетіне  психологиялық 

компонентке  тән,  сондықтан  психика  жұмысын  нәтижелі  ететін 

психология. Спорттың әр түрі жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және 

психикалық  қасиеттердің  белгілі  бір  қалпын  талап  етеді,  бүгін 

спортсменнің  физикалық  дайындығы  жоғары  деңгейде  болғандықтан, 

жарыста  жеңу  үшін  шешуші  фактор  психологиялық  дайындық  болып 

табылады. Болашақ чемпиондарды табуға көмектесу, қажетті психикалық 

қалыптың дамуының алғы шарттарын анықтау – спорт психологиясының 

міндеті  болып  табылады.  Қорытындылай  келе  спорт  психологиясы 

бүгінгі таңда жан жақты зерттеуді қажет ететін ғылымдардың бірі болып 

қала бермек. 



 

Әдебиеттер: 

1.

 



Гогунов  Е.Н.  Психология  физического  воспитания  и  спорта.  –  М.: 

ACADEMIA, 2004. 

2.

 

Попов  А.Л.  Спортивная  психология  /  Учебное  пособие  для 



физкультурных вузов. – М.: «Флинта», 2000. 

3.

 



Кретти Дж. Б. Психология в современном спорте. – М.: ФиС, 1988. 

4.

 



Пуни А.Ц. Очерки психологии спорта. – М.: ФиС, 1976. 

5.

 

Бабушкин Г.Д. Проблема психологического обеспечения подготовки 



спортсменов // Психология и педагогика в средней и высшей школе. 

– 2007. №2. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет