Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет18/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72

Әдебиеттер тізімі

1. ҚР 2005-2010 жж. білім беруді дамыту бағдарламасы.

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

3. Ғаламтор.

4. ІІІ(негізгі) деңгейдің дәріс материалдары.

БАСТАУЫШ ПЕН НЕГІЗГІ МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ 

САБАҚТАСТЫҒЫ

Габбасова У. К.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты 

Орал қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Аңдатпа

Мақалада бастауыш буын мен орта буын арасындағы қазақ тілі пәнін оқыту проблемаларын шешу жолдары 

екі ұғыммен қарастырылды: біріншісі – сабақтастық, екіншісі – дамыта оқыту.

Аннотация

В статье рассматривается решение проблем обучения казахскому языку в начальных и средних классах в двух 

направлениях: первое – преемственность, второе – развивающее обучение. 

Abstract

In the article the problems of teaching Kazakh language in the elementary and middle-aged forms are given the first – 

acceptance, the second – developing teaching. 

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар 

адамды мектеп табалдырығына дайындап шығудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы сабақтастық.

Бастауыш  мектептен  орта  мектепке  көшу  «екінші  бейімделу  кезеңі»  көптеген  проблемалар 

әкеледі. Басты проблема: оқушылардың үлгірімі нашалап, психологиясында күйзеліске түсіп, біліп 

немесе білмей жасайтын реакциялары пайда бола бастайды. Бұл өзгерістерді ғалымдар 10-11 жастағы 

балалардың психологиясындағы негізгі көрсеткіштердің, яғни еске сақтау,зейін, ойлау қабілеттерінің 

төмендеуімен байланыстырады. Оқытудың екінші сатысына көшкенде балаларда (Л. С. Столяренко), 

«танымдық іс-әрекет үрдісімен байланысты мотивация үлесі төмендейді», жоғарғы жүйке қызметі 

көрсеткішінің өсуінде шынында кідірістің болуы 5-сыныпта оқу нәтижесінің төмендеуінен көрінеді. 

Бала дағдарыс жасына кіреді. Бұл бастауыш мектептегідей емес, өздерінің баламен қарым-қатынасын 

өзгеше  қоятын,  жаңа  мұғалімдерге  және  көп  пәнділік  жаңа  жағдайға  бейімделудің  қажеттілігіне 

байланысты мәселелермен тағы да тереңдейді (3, 42-б). Осы проблемаларды шешудің екі жолы бар: 


112

біріншісі оқытудағы сабақтастық, екіншісі – дамыта оқыту. Білім берудегі сабақтастық алдыңғы саты 

кейінгі  сатыға  нақты  база  болатындығын  ескере  отырып,  мектеп  сатыларының  арасындағы  білім 

берудің  заңдылықтарын,  тұрақты  байланыстарын  белгілеу  керектігін  білдіреді.  Әр  жас  ерекшелік 

кезеңінің  мағынасы  зор,  сол  себепті  білім  берудің  әр  түрлі  сатылары  мен  деңгейлерінің  нақты 

мақсаттарын іске асыру жеке тұлғаның даму кезеңінің көкейтестілігімен және жеке тұлғаны дамы-

ту  перспективаларының  бағдарымен  анықталады.  Сабақтастық  проблемаларын  шешу  әрбір  жеке 

тұлғаның қабілеттеріне сәйкес оның сұраныстарын қанағаттандыратын үздіксіз білім берудің тұтас 

жүйесін  құруға  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  орта  мектеп  оқушыларының  одан  әрі  дамуын 

қамтамасыз ететін білім берудің барлық компоненттерінің байланысымен келісілген (мақсаттары, 

міндеттері, әдіс мазмұны, ұйымдастыру нысаны) кезеңі ретінде қарастырылады (4, 12-б).

Білім беру саласындағы сабақтастық проблемасын әр жағынан қарастырылып, теориялық негізі 

В. В. Смирнов, Ю. А. Кусотов, С. Я. Батышев т. б. еңбектерінде берілсе, іс-әрекет аспектілері А. П. 

Беляева, Г. Н. Ворковецкая, Қ. М. Арғынғазин, Г. Х. Нұртасова еңбектерінде кездеседі (1, 2-б).

Дамыта  оқытудың  теориясын  жасаған  Выготский  Л.  С.,  Д.  Б.  Эльконин,  В.  В.  Давыдов  жүйесі 

оқушылардың ақыл-ой іс-әрекет тәсіліне негізделген. Біздің елімізде де дамыта оқыту мәселесімен 

айналысып жүрген ғалымдарымыз да аз емес. Олар: Ж. А. Караев, Ж. Кобдыкова, Б. А. Тұрғынбаев, 

Ә. Қоңыратбаев т. б. (1, 3-б). 

Білім  негізі  –  оқытуда,  ізденуде.  Сабақтастыра  отырып  дамыта  оқыту-ол  қажеттілік  арқылы 

орындалады. Дамыта оқытудағы сабақтастық-деп оқушы бұрынғы білген білімдерін жаңа жағдайға 

жеткіліксіз  болған  жағдайдағы  қажеттілікті  қанағаттандыра  отырып,  білім  берудің  бір  сатысын-

да  алған  білімдерін,  меңгерген  іскерлік  пен  дағдыларды,  қалыптасқан  тәлімдік  нормалары  мен 

ұстанымдарды екінші сатыда жаңа деңгейде ары қарай тізбектей дамытуға көмегін тигізеді. Егер әр 

бір мұғалім әр сабағында дамыта оқытуда сабақтастыққа үнемі көңіл бөліп отырса, білім сапасы әлде 

қайда жақсарып, ал балалар күйзеліске түспес еді. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін сабақтастық 

проблемалары  шешілмей  келеді.  Бастауыш  сыныпта  көп  жылдан  бері  жұмыстанып  келе  жатқан 

мұғалім ретінде екі буын арасындағы қазақ тілі пәнін оқытудағы сабақтастықтың өзім жақсы нәтижеге 

жетіп келе жатқан кейбір жолдарын ұсынғым келеді.

Тіл  пәні  мектепте  оқытылатын  пәндер  ішіндегі  ең  қиыны.  Граммматика  арқылы  оқушылар 

тілдің құрылысын, заңдылықтарын үйренеді. Гамматиканы оқып үйренбей тұрып,сөйлеу мен жазу 

мәдениетін меңгеру туралы айтудың өзі қиын. Ол жөнінде бастауыш мектеп бағдарламасында бы-

лай деп дұрыс атап көрсеткен: «Грамматикалық элементтермен» танысу үстінде оқушылар тілдік 

фактілерді бір-бірімен салыстыруды, жинақтауды, жүйелеуді, түйінді мәселені таба білуді меңгереді. 

Қазақ  тілін  бастауыш  сыныпта  оқытудың  басты  әдісі-тілдік  фактілерді  бақылау  және  талдау.  Бұл 

оқушылардың ойлау қызметін күшейтеді. Оқушылардан ереже мен анықтамаларды саналы түрде 

түсіну, әрі еске сақтау талап етіледі. Лингвистикалық талдау жөнінде зерттеулер, ғылыми еңбектер аз 

болғандықтан, мектепте оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету әлі дұрыс жолға қойылмаған. 

Бұл  тақырып  бойын  ша  көптеген  ғалымдар  зерттеулер  жүргізген.  Атап  айтсақ  С.  Желдірбаева, 

С. Рахметова, С. Қазыбаев, т. б. өзінің «Лингвистикалық талдау» еңбегінде лексикалық, фонетикалық, 

морфологиялық, синтаксистік талдау түрлеріне толық сипатма берген. Авторлар: «Бірде-бір тілдік 

тақырып жалаң талдау мен түсіндіруге көнбейді. Тек қана мұғалімнің іскерлігі мен білімділігі ғана 

бір- бірінен ажыратып, бір-бірімен байланыстырып дәлелді ұғындыруы да мүмкін»,- дейді ( 2, 170-б). 

Лингвистика-лық  талдау  тіл  ғылымының  тарауларына,  бөліктеріне  талдау.  Бастауыш  сыныптарда 

грамматикалық талдауға : Фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, орфологиялық, лексикалық 

түрі кіреді. Біз бұл мәселені қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерімен кіріккен бірлестік отырысын-

да талқылап, «Бастауыш сынып пен орта буындағы тіл сабақтарында оқушыларды грамматикалық 

талдауға  үйретудің  бірізділігі»  деген  тақырыпта  екі  буын  арасында  семинар  өткізіп,  талдаудың 

ортақ жүйесін белгіледік. Бүгінгі таңда бастауыш сатының қазақ тілі пәні мұғалімдері осы бекітілген 

грамматикалық талдау жүйесімен жұмыстануда.

Талдау үнемі тек таза фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік түрде емес, қажетіне қарай, 

тақырыптың сипатына қарай араласа талдауда қолданыла береді. Талдау, әсіресе, балалардың білімін 

есепке  алғанда  жие  жүргізіледі.  Оқушылар  грамматикалық  жаттығулар  арқылы  грамматикалық 

терминдері  анықтайды,  индуктивтік  жолмен  еске  қалдырады.  Оқушыларға  грамматикадан  са-

налы  терең,  тұрақты  білім  беру  жаттығу,  дағдыландыру  жұмыстары  арқылы  іске  асады.  Жаттығу 

нәтижесінде алған білімдерін практикада тез және дәл қолдана алу дағдысына үйренеді. 

Егемендігімізді  алғаннан  кейінгі  басылып  шыққан  төл  оқулықтарымызда  оқушы  дамуына 

бағытталған тапсырмалар көптеп енгізілген. Бұл тапсырмаларға қоса күнделікті сабағымда деңгейлік 

тапсырмалар беріп, оқушы білімін дамытып отыруға тырысамын. Оқытуды сабақтастыра дамыту өз 

нәтижесін жоғарғы деңгейде (5-сыныпта) көрсетіп отыр.


113

Ж. К. Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы негізінд құрылған деңгейлік 

тапсырмалар Қазақ тілі, 4-сынып. «Лексика» тарауы (5-сынып бағдарламасымен сабақтаса құрылған)

Бірінші деңгей- оқушылық деңгей

1-тапсырма: Берілген омоним сөздерге сөйлем құра. Ол сөйлемді кестенің тиісті бөлігіне толтыр: 

сана, той, бақ, ор, күл, қаз

Зат есім

 Етістік


Адам санасымен ойлайды.

Қорадағы малды сана.



2-тапсырма: Синонимдік қатарға кірмейтін сөздерді алып таста.

Бағалы


Қымбат

Құнды


Маржан

Аласа


Қайратты

Кіші


Жасанды

Көп


Үлкен

Мол


Қыруар

Қатігез


Қас

Жау


Дұшпан

 Екінші деңгей- алгоритмдік деңгей



1-тапсырма: Кестені әр пәннің өзіне қатысты термин сөздермен толтыр:

Қазақ тілі

Математика

Дүниетану



2-тапсырма: Берілген жаңа сөздерді қолдану аясына қарай топтап жаз: Нарық, пайыз, бейнета-

спа, қор, ойынжай, велошабандоз,несие,үнтаспа, қаржы, қарыз, алаң, қалта телефоны т. б.

Экономика

 Техника


 Спорт

Үшінші деңгей- эвристикалық деңгей

1-тапсырма: Адамның кейбір дене мүшелерінің атауы көп мағыналы сөзді білдіреді. Ойланып 

көр, мүмкін іздеп табарсың. Мысалы: Ауыз, бауыр, өкпе 

1) Асқардың бауыры аурып емделіп жүр.

2) Ол Алматыдағы бауырын сағынып жүр.



2-тапсырма: Тармақтың соңғы сөздері омонимдік мағынада жұмсалу керек

Дорбасына нанды салып алып, ........................ батыр,

Мектебіне кетті біздің алып. ........................ батыр.

Жақсы баға алып келсе екен-ау, ....................................

Тек отырмай сабағына барып.    .......................... татыр.

Төртінші деңгей- шығармашылық деңгей

Оқушы, бүгін сізге аудармашының қызметін атқаруға тура келіп тұр. Сіздің алдыңыздағы мақсат- 

төмендегі кірме сөздердің баламасын тауып, төл тілімізге аудару. Егер сол тапсырманы орындасаңыз, 

қазақ тілінің сөздік қорына үлкен үлес қосар едіңіз. Іске сәт! 

Капуста ............... Укроп ............... Троллейбус ........ Журнал ...........

Қорыта келгенде, оқытудағы сабақтастық – оқу-тәрбиелеу үрдісінің кезеңдері мен сатыларының 

келістіруі мен байланысы, оқу материалының орналасуының жүйелілігі мен бірізділігі. Сондықтан, 

екі  буын  мұғалімдерінің  оқытудағы  сабақтастықты  сақтай  отырып,  дамыта  оқыту  мәселелерін 



114

оқу-тәрбиелеу  процесінде  теориялық,  практикалық  тұрғыда  пайдаланса,  жылдар  бойы  сақталып 

келе жатқан негізгі проблемалар біртіндеп өз шешімін табар еді.

Әдебиеттер тізімі

1. Кененбаева М. А. «Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық 

мәселелері».

2. Тұрдалиева Г. Ж.»Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі»

3. «Білім әлемінде», «В мире Образования» журналдары. № 7. 2012.

4. Ғылыми-әдістемелік журнал «Ұстаз». № 2. 2009, № 4. 2011.



«LESSON STUDY» АТАУЫ ТУРАЛЫ

Ғабдоллақызы Б.

Педагогикалық шеберлік орталығы

Астана қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл мақала бүкіл әлемде тиімділігімен танылып, кең қанат жайып келе жатқан тәсіл – Lesson study-дің 

әлем  тілдерінде  қалай  аталатыны,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттырудың  деңгейлі  бағдарламасы  аясында  Қазақстанға  енгізілу  барысында  бұл  тәсілдің  атауына  қатысты 

туындаған қиындықтар туралы сөз қозғалады.

Аннотация

В статье рассказывается о процессе Lesson study, внедряемом в рамках реализации уровневых программ повы-

шения квалификации педагогических работников Республики Казахстан, а точнее о трудностях перевода данного 

термина на казахский язык.

Abstract

The article describes the process of Lesson study being introduced in the framework of the multi-level in-service training 

programme for the pedagogic staff of the Republic of Kazakhstan, and, more precisely, the difficulties of translation of this 

term into Kazakh language.

Оқыту  мен  оқу  тәжірибесін  жетілдірудің,  соның  нәтижесінде  түпкі  мақсат  –  оқушылардың 

оқу  үлгерімін  арттырудың  бүкіл  әлемде  мойындалып  келе  жатқан  тәсілдерінің  бірі  –  ХХ  ғасырда 

Жапония елінде бастау алған, соңғы кезде Еуропа мен Азия елдерінде, сондай-ақ Америка Құрама 

Штаттарында кең етек жайып келе жатқан Lesson study тәсілі. 

Аталған тәсілдің тиімділігінің куәлігі ретінде Дүниежүзілік Lesson study қауымдастығының (The 

World Association  of  Lesson  Studies  (WALS))  құрылуын  тілге  тиек  етуге  болады.  Жапония,  Қытай, 

Сингапур, Индонезия, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, т. б. ел-

дер мүше болып отырған бұл ұйымның мақсаты педагогикалық эксперименттер мен іс-әрекеттегі 

зерттеудің көмегімен мектептердегі оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру үшін көптеген елдердің 

білім беру саласындағы мамандарының басын қосу болып табылады [1]. 

Оқушының  білім  алудағы  қабілеттері  мен  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  мұғалімнің  оқыту 

тәжірибесін  жетілдіруді  көздейтін  бұл  тәсілдің  тиімділігін  көптеген  елдер  мойындап  отырғаны 

сөзсіз. Алайда бұл жерде сөз оның тиімділігі туралы болғалы тұрған жоқ. Бұл мақала оның тілдік 

«қабығына», яғни атауына арналады. 

2013 жылғы 6 және 9 қыркүйек аралығында Швецияның Гетеборг қаласында жоғарыда аталған 

WALS  қауымдастығының  ұйымдастыруымен  дәстүрлі  халықаралық  конференцияның  «Lesson  and 

learning study as teacher research» (тікелей аударма – Сабақты және оқуды зерделеу – мұғалім зерттеуі 

ретінде) атты кезекті жиыны өтті [2]. Сол конференцияға қатысқан әр елдердің өкілдерінің арасында 

жүргізілген ауызша жауап алу нәтижелеріне қарағанда, Дүниежүзілік Lesson study қауымдастығына 

мүше болып табылатын елдердің арасынан жауап алынған елдерде Lesson study тәсілінің атауының 

үш түрлі нұсқасы кездеседі екен. Атап айтар болсақ, осы тәсіл алғаш рет туындап, қолданыла бастаған 

ел – жапон тілінде 

«授業研究» [Jugyo Kenkyu],



115

сондай-ақ қытай тілінде 

«

» [ké lí yán jín],



және  ағылшын  тіліндегі  нұсқасы  «Lesson  study».  Қытай  тіліндегі  нұсқасын  қытайлықтар 

ағылшын тіліне «lesson cases research» деп тәржімалайды екен, яғни «сабақ жағдаяттарын зерттеу». 

Сингапурлықтар да бұл тәсілдің қытай тіліндегі нұсқасын қолданады екен:

Алқалы жиынға қатысқан Америка Құрама Штаттары, Оңтүстік Африка, Индонезия, Швейцария, 

Нидерланды, Испания, Финляндия, Норвегия елдерінің өкілдерінің айтуы бойынша, оларда бұл тәсіл 

«Lesson study» деп аталады екен. Ал конференцияны өткізіп отырған Швеция еліне келер болсақ, 

Лулеа технологиялық университетінің аға лекторы, Ph. D. Анна Викстромның айтуына қарағанда, бұл 

елде сөз болып отырған педагогикалық тәсіл «Learning study» деп аталады екен. Еуропаның барлық 

дерлік  елдері,  сонымен  бірге  Америка  Құрама  Штаттары  да  бұл  үдерістің  атауын  тәржімаламай, 

Lesson study деп атауды жөн көргенде, Швеция елінде өзгеше атауды ұйғарғандары назар аударуға 

тұрарлық жайт деп ойлаймыз.

Осылайша,  жоғарыда  айтылғандарды  түйіндейтін  болсақ,  қазіргі  кезде  сұрау  жүргізілген  ел-

дерде бұл тәсіл атауының төрт түрлі нұсқасын кездестіруге болады. Олар жапон, қытай, ағылшын 

және швед тілдерінде. Осы жерде айта кететін бір жайт, бұл тәсілдің Америка Құрама Штаттарына 

Жапониядан келуінің ықпалы болар, кейбір американдық ғалымдардың өз сөздерінде бұл тәсілді 

жапон  тіліндегі  атаумен,  яғни  «kenkyu  jugyo»  деп  атағандары  байқалды.  Тіпті  википедияның  осы 

тәсілге арналған парағында да «Lesson Study (or kenkyu jugyo) is a teaching improvement process that 

has origins in Japanese elementary education, where it is a widespread professional development practice» 

(Lesson Study (немесе kenkyu jugyoжапон бастауыш мектебінен бастау алған оқу үдерісін жақсартуға 

бағытталған тәсілБұл елде ол кәсіби дамыту тәжірибесі ретінде кеңінен қолданылады) деп берілген. 

Бұл осы мақалаға арқау болып отырған тәсілдің атауына қатысты әлемде қалыптасып отырған 

жағдайға жасалған шағын шолу болса, енді Lesson study тәсілінің Қазақстандағы, яғни қазақ тіліндегі 

жағдайына көңіл бөлсек. 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  Кембридж 

университетінің  Білім  беру  факультетімен  бірлесіп  әзірлеген  Қазақстан  Республикасы  педагог 

қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы (бұдан әрі – Деңгейлі бағдарлама) 

аясында үш деңгейде де Қазақстан мұғалімдерінің тәжірибесіне Lesson study тәсілін енгізу амалда-

ры  жасалуда.  Қазақстандық  мұғалімдерді  бұл  тәсілмен  қаруландыру  барысында  оны  мектепте  іс 

жүзінде  қолдануға  қатысты  тәжірибелік  қиындықтармен  қатар,  аталған  тәсілдің  атауына  қатысты 

лингвистикалық қиындықтар да туындағанын айтпай кетуге болмас. 

Бастапқыда бұл атауды аудару туралы ой болғанын жасырудың қажеті жоқ шығар. Бұл тәсілдің 

атауының баламасы ретінде «Сабақты зерттеу» немесе «Сабақты талдау» деген терминдер ұсынылды. 

Алайда  бірқатар  жағдайларға  байланысты  бұл  ойдан  бас  тартылды.  Сөзіміздің  жалғасында  сол 

жағдайларға тоқтала кетейік.

Егер сөз болып отырған тәсілдің атауын «Сабақты зерттеу» немесе «Сабақты талдау» деп ала-

тын болсақ, біріншіден, бұл тәсілдің атауы жоғарыдағы екі сөздің, яғни зерттеу және талдау деген 

сөздердің «құрығына» түсіп қала ма деген қауіп болды. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» [3, 346-

б] сүйенетін болсақ, зерттеу – 1. бiр нәрсенiң мән-жайын анықтау; iздену. 2. Байқау, бақылау, тексеру 

деген  мағына  береді.  Жалпы  алғанда,  «Сабақты  зерттеу»  деген  тіркесті  естігенде,  көз  алдымызға 

ғалымдар жүргізетін немесе арнайы жабдықталған орындарда болмаса зертханаларда жүргізілетін 

зерттеу шаралары келетіні бар. Lesson study үдерісінде жұмысты мектептегі қарапайым мұғалімдер 

жүргізеді, олар өз зерттеулерін зертханаларда емес, кәдімгі сыныпта жүргізеді. Сонымен қатар ака-

демик  ғалымдар  жүргізген  зерттеудің  нәтижесінде  ғылыми  жаңалық  ашылып,  немесе  белгілі  бір 

болжамдар дәлелденіп, қорытындысында ғылыми мақала, еңбек, тіпті монография жазылып жата-

ды. Ал біз сөз қылып отырған үдерістің нәтижесінде қайта қаралған оқу жоспары жасалуы мүмкін, 

болмаса мұғалім немесе мұғалімдер тобы осы үдеріс барысында байқаған-түйгендерін баяндайтын 

рефлексиялық күнделік немесе есеп жазылуы мүмкін, сонымен қатар оның нәтижесінде мұғалімдер 

өздерінің оқыту әдістемелерін жетілдіріп, тиімділігі анық көрінген тәсілдерді кеңінен қолданып, ал 

кері нәтиже берген әдістерді қолдануды тоқтатып, немесе оны түрлендіруге тырысатын болады. Сол 

сөздікте талдау сөзіне «1. Бiр-бiрлеп салалау, тарамдау2. Бiр iстiң егжей-тегжейiн ажырата зерттеу, 


116

тексеру» деген анықтама берілген екен [3, 778-б]. Ал Lesson study тәсілінің мақсаты сабақ уақытында 

оқушылардың материалды игеруі туралы мұғалімдердің болжамдары арасындағы олқылықтарды 

анықтау және бірлескен тәсілге негізделген кәсіби оқуды дамыта отырып, оқушылардың аса егжей-

тегжейлі оқытылуын бақылау болып табылады. Lesson study мұғалімдерді өздерінің болжамдары 

мен ұстанымдарын зерделеуге итермелей отырып, мұғалімдер арасында терең диалогтің орнауына 

ықпал етеді, алқаластық және кәсіби даму мәдениетін қалыптастырады, сонымен бірге мұғалімдерді 

оқушылардың танымдық қажеттіліктеріне бағыттай отырып, оқу жоспарын терең түсінуге септігін 

тигізеді [4, 33-б]. Сондықтан бұл тәсілдің біздің елдің білім беру жүйесі үшін жаңа тәсіл екенін атап 

көрсету мақсатында бұл тәсілдің атауын әзірше осы мақалада қолданылған қалпында, яғни ағылшын 

тіліндегі нұсқасында қалдыру туралы тоқтамға келдік. «Заттың жаңасы, достың ескісі жақсы» демей 

ме халқымыздың мақалы. Осы тұрғыдан еліміз үшін жаңа тәсілдің атауы да жаңа болсын деген ниет-

пен, әзірше осы қалпында қалдырдық.

Сонымен қатар тәсілдің атауын осы қалпында қалдыру арқылы біз бұл тәсілге көпшіліктің наза-

рын аудару мақсатын көздедік. Бұл әлі де бірталай пікірталас жүргізіп, өзіне лайықты, затына сай 

баламасын табуды күтіп отырған терминдердің бірі екенін ерекше атап көрсету амалы болатын. Бұл 

іске еліміздің бүкіл педагогтер қауымы атсалысып, өздерінің терминге қатысты ойларын ортаға са-

лар деген ойдамыз.

Lesson  study  үдерісінің  атауына  қатысты  жүргізілген  пікірталастардың  бірінде  бұл  тәсілдің 

еліміздегі  «ашық  сабаққа»  ұқсас  екендігі,  сондықтан  бұл  тәсілдің  қазақ  тіліндегі  атауы  ретінде 

«ашық сабақ» терминін алуға болатындығы сөз етілді. Алайда Деңгейлі бағдарлама әзірлеушілері 

бұл пікірмен келісе алмады. «Ескіге жаңа өлшеуіш, жаманға жақсы өлшеуіш» демекші, бұрыннан 

таныс  ашық  сабағымыз  бен  оқыту  тәжірибесіне  қазір  енгізіліп  жатқан  Lesson  study-дің  арасында 

ұқсастықтар болумен қатар, айтуға тұрарлық қомақты айырмашылықтар да бар екенін айта кеткен 

орынды болар. 

Қазақстан мұғалімдері жылына бірнеше рет ашық сабақ өткізуге міндетті. Оған осы мектептің 

немесе басқа мектептердің осы уақытта сабақтары жоқ мұғалімдері қатысып, сабақты қадағалайды. 

Сабақтан  кейін  олар  сабақ  өткізген  мұғалімге  өздерінің  пікірлерін  білдіріп,  сабақты  талдайды. 

Аталған амалдарды бұл екі тәсілдің ұқсас тұстары десе болады. Бұл екі үдерістің айырмашылықтары 

Тошия Чичибу әзірлеген 1-кестеде [4, 14-б] ұсынылған.

1-кесте. Ашық сабақ пен Lesson study-дің айырмашылықтары

Қазақстан

Жапония

Жылына бір рет ашық 



сабақ

міндетті


міндетті

Ашық сабақты бақылау

ерікті

міндетті


Кесте

Ашық сабақтар кестесі

Ашық сабақтар, сабақ жоспары бойынша 

жиналыстар, сабақтан кейінгі кездесулердің 

кестелері

Lesson Study комиссиясы

жоқ

Lesson Study-дің кестесін жасап, тақырыбын 



таңдау

Сабақ өтіп жатқанда

Сабақтары жоқ 

мұғалімдер ғана бақылай 

алады

Басқа сабақтар болмайды және мұғалімдер 



сабақты бақылай алуы үшін аталған сабаққа 

қатысатын сыныптан басқа барлық сыныптар 

үйлеріне қайтарылады

Бақылаудың мақсаттары Мұғалімге кері байланыс 

ұсыну

Бақылаушылардың бақылау дағдыларын 



жақсарту, мұғалімге кері байланыс ұсыну

Сабақтан кейін талқылау

Тек мұғаліммен ғана 

талқыланады

4-6 адамнан тұратын топтарда талқылау, содан 

кейін топ болып талқылау қорытындысында 

алынған нәтижелерді талқылау

Бақылау және 

талқылаудың мақсаты

Мұғалімге кері байла-

ныс ұсыну немесе оны 

бағалау


Әр оқушы сабақ барысында қалай оқитынын 

бақылау.


Сабақты қалай жақсарту керек екендігі туралы 

ойлану


Тәуелсіз сарапшылар/ 

кеңесшілер

жоқ

Кейде ашық сабақты өткізуге жауапты мұғалім 



басқа тараптан келген бақылаушыдан оған 

кеңес беруін сұрайды.

Көп жағдайда сырттан келген тәуелсіз сарапшы 

сабаққа қатысып, мұғалімдер пікірталасының 

қорытындысын шығарады, оларға кеңес береді


117

Өздеріңіз көріп отырғандай, қарастырылған екі тәсілдің арасында айтарлықтай айырмашылық 

бар.  Сол  себепті  жапондық  Lesson  Study  атауын  бәрімізге  ертеден  жақсы  таныс  ашық  сабақпен 

ауыстыратын болсақ, біз білім беру саласының қызметкерлері арасында түсінбестік тудырып, көп 

мұғалімдерді шатастырған болар едік. 

Lesson  study  тәсілінің  басты  ерекшеліктерінің  бірі  оны  жүргізетін  ұстаздар  тобының  сабақты, 

балалардың білім алу үдерісін тікелей қадағалайтындығында деуге болар. Яғни бұл – практик маман 

жүргізетін зерттеу. Сол себепті ғалымның сырттан жүргізілген зерттеуіне қарағанда, өздерінің оқыту 

тәжірибесін  дамытқысы  келетін  мұғалімдер  үшін  бұл  үдерістің  пайдалы  болатындығына  күмән 

жоқ. Сондықтан бірсарындылықты қаламайтын, керісінше кәсіби дамуды көздейтін, шығармашыл, 

ізденімпаз,  әрі  талғампаз  мұғалімдер  өз  сабақтарында  бұл  тәсілді  сынап  көріп,  оның  мәні  мен 

маңызының  байыбына  барған  соң,  тілдік  жағынан  да,  әдістемелік  жағынан  да,  айтылу  әсемдігі 

жағынан  да  терминге  қойылатын  талаптарға  жауап  беретін  ана  тіліміздегі  атауын  ұсынар  деген 

ойдамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет