Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет7/51
Дата08.01.2017
өлшемі3,87 Mb.
#1422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51

Әдебиеттер 
1.
 
Досумбекова  А.Г.,    Әйтиева  Р.Б.,  Нҧржанова  Г.И.  Ақпараттық  мәдениет:  Оқу  қҧралы.  –  Алматы: 
ҚазМемҚПУ, 2010. - 164 б. 
2.
 
Зейнулина 
А.Ф. 
Жоғары 
білімді 
кітапханашылар 
даярлауды 
ҧйымдастырудың 
кейбір 
мәселелері//Библиотековедение.  Библиография.  Книговедение.  -  Алматы,  2004.  -  Вып.10.; 
Библиотекарь  ХХІ  века  в  реалиях  современного  общества:  Материалы  респ.  конф.  22-23  сентября 
2004 г., Усть-Каменогорск . – Алматы, 2004. - 176 с. 
3.
 
Зубов Ю.С. Информатизация и информационная культура //Проблемы информационной культуры: Сб. 
ст.  - М., 1994. – С.6-11. 
4.
 
Информационная культура личности. Учеб.-метод. пособие. - М.: Либерея-Бибинформ, 2007. - 176 с. - 
С.65-92. 
 
 
БҦЙРЫҚТЫ СӚЙЛЕМДЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Елікбаев Б., Байжанова Н., Кӛшікбаева Г. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматривается проблемы побудительного предложения 
 
Summary 
The problem of incentive offers 
 
Қандай да бір сӛйлемнің мақсаты (мейлі ол етістікті немесе есімді сӛйлем болсын) – айтушының 
тҥрлі мақсаттан туындаған хабарын жеткізу. Ол ӛз бойында шындық болмыс жағдаяты туралы ақпарат, 
я  болмаса  бір  нәрсе  туралы  сҧрақ  немесе  сӛйлесу  барысына  қатысушы  екінші  тҧлғаны    іске  қосу 
мақсатын  қамтуы  мҥмкін.  Соның  нәтижесінде  сӛйлем:  хабарлы,  сҧраулы  және  бҧйрықты  сӛйлемдер 
сияқты  функционалды  типтерге  бӛлінеді.  Егер  хабарлы  сӛйлемде  сӛйлеу  актісіне  қатысушы 
тҧлғалардың  тікелей  байланысын  қажет  етпесе  (яғни  айтушының  ӛзі  хабарлап  отырған  ақпаратты 
нақты бір адресатқа бағыттауы міндетті емес), сҧраулы және бҧйрықты сӛйлемдерде жағдай басқаша. 
Мҧнда, қалыпты жағдайда, сӛйлемнің нақты адресатқа бағытталуы, сӛйлеу актісіне қатысушы екінші 
тҧлғаның  (сҧхбаттас  адамның)  белсенді  реакциясын  қажет  етеді.  Ол  белгілі  іске  қосу  ҥшін  екінші 

39 
 
тҧлғаға  бағытталған  сҧраулы  немесе  бҧйрықты  сӛйлемнің  мағынасында  ашық  немесе  жасырын 
(имплицитті)  тҥрде  кӛрініс  береді.  Бҧл  оларды  (сҧраулы,  бҧйрықты  сӛйлемдер)  ӛз  кезегінде  хабарлы 
сӛйлемнен ажырататын басты белгілердің бірі болып табылады. 
Қазақ  тіл  білімі  тарихында  жай  сӛйлемдерді  айтылу  мақсатына  қарай  бӛлуде  тҥрлі  кӛзқарас 
болғаны  белгілі.  Мәселен,  А. Байтҧрсынҧлы  сӛйлемді сҧраулы,  лепті,  тілекті, жай  сӛйлем  деп  тӛртке 
бӛліп  қарастырады  [1,  297-300  бб.].  Әрине,  бҧл  жерде  автордың  берген  анықтамасы  мен  келтірген 
мысалдарына  қарап,  тілекті  сӛйлемдердің    бҧйрықты,  жай  сӛйлемнің  қазіргі  хабарлы  сӛйлемдер 
екендігін байқаймыз. 
Қ.  Жҧбанов,  Н.  Сауранбаев,  Х.  Арғынов,  Ә.  Хасеновтер  сӛйлемді  айтылу  сазына  қарай  қарай 
ҥшке: 1) хабарлы; 2) сҧраулы; 3) лепті деп бӛледі                                                [2]. Мҧнда лепті сӛйлем 
мен бҧйрықты сӛйлемнің ара жігі ажыратылмай, екеуін қосып бір-ақ «леп сазды сӛйлем» деген атаумен 
атаған.  
С. Аманжоловтың сӛйлемдерді мағына жағына  қарай  бӛлуде  ӛзіндік  пікірі болғандығы белгілі.  
Сондықтан да ол сӛйлемдерді хабарлы, сҧраулы, лепті, атаулы сӛйлемдер деп тӛрт тҥрге бӛлсе [3, 163 
б],  кейінірек,  1972  жылы  жарық  кӛрген  А.  Әбілқаев,  И.  Ҧйықбаевтармен  бірігіп  жазған  «Қазақ  тілі 
грамматикасында» бҧл ойын ӛзгертіп, атаулы сӛйлемнің орнына бҧйрықты сӛйлемді қарастырады. [4, 6 
б]. 
Проф. Р. Әмір алдымен сӛйлемді айтылу мақсатына қарай хабарлы, сҧраулы, бҧйрықты деп ҥшке 
бӛлcе  [5,  27  б.],  кейінгі  еңбектерінде  жоғарыда  аталған  ҥш  тҥрге  тӛртіншісі  етіп  лепті  сӛйлемдерді 
қосады [6, 58 б.]. 
О. Тӛлегенов «Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды және мақсат мәнді жай сӛйлем типтері» 
атты  еңбегінде  сӛйлемдерді  жалпы  модальдық  мағынасына  қарай:  болымды  сӛйлемдер,  болымсыз 
сӛйлемдер; мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, бұйрықты сӛйлемдер; эмоциялық мағынасына қарай: 
үстемелі лепті, арнаулы лепті сӛйлемдер; сӛйлемдердің жалпы қҧрылымына қарай: жай сӛйлем және 
құрмалас  сӛйлемдер  деп  бӛледі  [7,  43-44  бб.].  Автор  мақсат  мәнді  сӛйлемдерге:  хабарлы,  сҧраулы, 
бҧйрықты  сӛйлемдердің  жататынын,  ал    лепті  сӛйлемдердің  «басқа  принцип-негізде 
ерекшеленетіндігін» ескертеді [7, 78 б.]. 
Сӛйлемдер  адамның  қажетін  ӛтеу  ҥшін  тҥрлі  мақсатта  жҧмсалады.  Айтушы  (сӛйлеуші) 
тыңдаушыға бір нәрсенің жайы туралы баяндауы немесе ӛзін қызықтырған мәселе жайында сҧрауы, я 
болмаса ӛтініш, тілегін (бҧйрық) білдіруі мҥмкін. Сондықтан сӛйлемнің қандай мақсатта жҧмсалуына 
қарай  ҥш  ҥлкен  топқа  бӛліп  қарастырамыз:  хабарлы,  сұраулы  және  бұйрықты.  Осы  сӛйлемдердің 
барлығы тҥрлі эмоциональдық реңкте жҧмсалып, лепті (айтылу сазына қарай леп сазды) сӛйлем бола 
береді.  Мәселен  қҧрамы  бірдей  екі  сӛйлем  екі  тҥрлі  мағына  білдіруі  мҥмкін.  Мысалы:  1)  Аспан 
бұлтты. 2) Аспан бұлтты? Осы сӛйлемдердің қҧрамы бірдей сӛздерден болғанымен, бірінші сӛйлем 
хабарлы,  екіншісі  сҧраулы  мағынада жҧмсалған.  Сонда  сӛйлемнің  мағынасын,  оның  қандай мақсатта 
жҧмсалағанын анықтау ҥшін сӛйлем қҧрамындағы сӛздердің мағынасына ғана сҥйену жеткіліксіз. Дж. 
Лайонз  сӛйлем  мағынасын  анықтауда  оны  қҧрайтын  сӛздердің  мағынасы  ғана  емес,  оның 
грамматикалық қҧрылымы да әсер ететінін дҧрыс кӛрсеткен болатын  [8, 48 c.]. 
Сонымен  сӛйлемдер  айтылу  мақсаты  мен  сазына  қарай:  хабарлы,  сҧраулы,  бҧйрықты,  лепті 
сӛйлемдер    деп  бӛлу  орын  алғанмен,  оларды  есімді,  етістікті  деп  арнайы  қарастырылмағаны  белгілі. 
Сондықтан да енді осылардың әрқайсысының тек есімді тҥрлеріне тоқталмақпыз. 
Әрине  бҧл  жерде  мынаны  ескерген  жӛн.  Есімді  сӛйлемдер  негізінен  хабарлы,  сҧраулы 
сӛйлемдерде молынан  кездеседі.  Бҧлар  (хабарлы,  сҧраулы  сӛйлемдер)  айтылу  сазына  қарай кӛтеріңкі 
леппен  айтылып,  лепті  сӛйлем  бола  алатын  болса,  бҧйрықты  есімді  сӛйлемдер  –  тілімізде  сирек 
кездесетін  қҧбылыс  [9,  175-186  бб.].Бҧйрықты  сӛйлем  іс-әрекетті  біреуге  істету  ҥшін  айтылады. 
Бҧйрықты сӛйлемдер бҧйрық райлы етістіктен және етістіктің басқа да формалары арқылы жасалатын 
болғандықтан, оларды таза етістікті сӛйлемдер дегенді біз де қолдаймыз. Кезінде бҧйрық рай туралы 
арнайы  зерттеген  ғалым  Л.C.  Дҥйсембекова  оның  28  мағыналық  реңкін  кӛрсетуі  де  бҧйрықты 
сӛйлемдердің, негізінен, етістікті болып келетіне дәлел бола алса керек [10, 88 б.]. Етістіктің бҧйрық 
райлы және басқа да формаларының бҧйрықты сӛйлем жасауы жайында оқулықтар кӛлемінде де, жеке 
еңбектер  кӛлемінде  де  айтылып  келе  жатқандықтан,  оны  қайталап  жатуды  артық  деп  санаймыз. 
Сондықтан  тек  есімді  бҧйрықты  сӛйлемдерге  ғана  тоқталмақпыз.  З.Ш.  Ерназарова  бҧйрықты 
сӛйлемдер  туралы:  «...бҧйрық  мәнді  сӛйлемдер,  сӛйлесімдер  тыңдаушыны  әрекетке  итермелейді,  сол 
арқылы  қалыптасқан  жағдайға  сӛйлеушінің  ӛзгеріс  енгізу  мақсатын  жеткізеді»,  –  дейді  [11,  166  б.]. 
Мҧндай  «тыңдаушыны  әрекетке  итермелейтін»  сӛйлемдер  тек  қана  етістікті  болып  келмейді  екен, 
қолда  бар  деректерге  қарағанда,  кейбір  баяндауыштары  тҥсірілген  толымсыз  сӛйлемдер  мен  әскери 
бҧйрықтардың есімді болып келетінін байқауға болады. Олар тҥрлі тҧлғада келеді: 
а) Бҧйрықты сӛйлемдер табыс септігінің жалғауы жасырын келген тура толықтауыштар арқылы 
жасалады: — Су! – деді тағы да («Жалын»). — Сабыр, аға, сабыр! – деді Исатай («Қазақ әдебиеті»). 

40 
 
Мҧнда  «суды  бер»,  «сабыр  (ды)  сақта»  деген  сӛздердің    етістік  баяндауышы  тҥсірілуі  нәтижесінде 
табыс  септік  жалғауы  жасырын  келген  тура  толықтауыштар  талап  ету,  ӛтіну  мәнінде  қолданылып 
есімді бҧйрықты сӛйлем болып тҧр. Бҧл сияқты бҧйрық мәнді сӛйлемді Ж.А. Жакупов «бҧйрық атаулы 
сӛйлем» деп берген болатын [12, 47 б.]. 
ә) Бҧйрықты сӛйлемдер бағыт мәнін білдіретін барыс септікті жанама толықтауыш немесе мекен, 
мақсат пысықтауыштарынан болады: — Маған!.. Маған!.. Маған!.. – деп шуласқан қайыршы балалар 
у-шу болып таласты да қалды («Жас Алаш»)
Пистолетін жоғары кӛтерген қалпы, қарлығыңқы дауыспен айқайлап жіберді: 
— Батырлар, гвардеецтер, алға! (Ә. Сәрсенбаев). 
Сол сәтте дабыл қағылды. Әскер лек-лек боп сапқа тұрды.  
— Алға! – деді Сауық. – Ұлы Шыңғыс аруағы қолдай кӛр! (І. Есенберлин). 
Сансыз қол қылышын жарқылдатып, шуылдасып кетті. 
— Ұрағша-а-а! Алға-а-а! (Х. Әдібаев). 
— Назад! Назад! – деп айқайлады лейтенант (Т. Ахтанов). 
Осы мезетте Мұрат садақ оғынша атылып кетті (Б. Соқпақбаев). 
б) Кейбір әскери және спорттық бҧйрықтар есімді болып келеді: — Стоп!–деп команда берді ол. 
Садыққа бірдеңе деп,  мін таққан болды. Бұнысы Мұрат аздап та болса, дем алып алсын дегені.  
— Бокс!'>Бокс! (Б. Соқпақбаев). 
Сонан  соң  малын  түгендеген  бақташыдай  «бір»,  «екі»  дегізіп  санатады.  Санап  болған  соң: 
«Наместо шагом арш!» «Солаяқ!» «Солаяқ!»...   (Б. Соқпақбаев). 
Үшінші раунд екі жақтан бірдей шарт–та–шұрт шабуылдасумен басталды. Тағы да клинч! 
— Стоп! Бокс! 
Сандересс бұлт етіп бұрышқа қашып шықты (Б. Соқпақбаев). 
— Бокс! – деп команда берді рингтегі судья. Әскери бҧйрықтар туралы Қ. Қожағҧлова: «Әскери 
саптық  бҧйрықтардың  термин  ретіндегі  ерекшелігі  –  оның  заттық  атауы  емес,  іс-әрекетті  танытуы, 
атауы.  Бҧйрық  беру  арқылы  белгілі  бір  іс-қимыл  басталса,  бҧйрықпен  аяқталады.  Қазақ  тілінде 
қимылдың,  іс-әрекеттің  басталуын,  дамуы  мен  аяқталуын  етістіктің  қимыл-әрекеттің  ӛту  сипаты 
категориясының  мазмҧнына  тән  грамматикалық  мағына  білдіреді...  (Мысалы:  Тік  тҧр!  –  Еркін  тҧр!; 
Адым бас! – Тоқта!; Сапқа тҧр! – Тара!; т.б.)» [13, 16 б.],– деп, оның етістіктің бҧйрық райлы тҥрлерін 
кӛрсетеді.  Әрине,  бҧйрықты  сӛйлемдердің  етістіктің  бҧйрық  райы  арқылы  жасалатынына  дауымыз 
жоқ. Дегенмен тілімізде әскерилер қолданылатын «Солға!», «Оңға!», «Артқа!», «Алға!», «Сол аяқ!», 
«Марш!»  сияқты  бҧйрық  райлы  етістіктері  тҥсіріліп,  нәтижесінде  бҧйрықтық  мән  есімдерге  ауысқан 
есімдер  мен  кӛмекші  есімдер  кездеседі.  Г.Б.  Базарова  мҧндай  бҧйрықтарды  калька  тәсілі  арқылы 
жасалған  бҧйрықтарға  жатқызады  [14,  71  б.].  Бҧл  бҧйрықтарды  етістікті  дей  алмаймыз.  Мҧндай 
бҧйрықтардың  етістікті  болмауының  ӛзі  қысқалық  пен  нақтылықты  қамтамасыз  ету  мақсатында 
қҧрылған.  
 
Әдебиеттер 
1.
 
Байтҧрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 444 б.  
2.
 
Жҧбанов Қ. Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.; Әмір Р., Әмірова 
Ж.  Жай  сӛйлем  синтаксисі.  –  Алматы:  Санат,  1998.  –  191  б.;  Арғынов  Х.  Қазақ  тілі  синтаксисі 
методикасының  негіздері.  –  Алматы:  Мектеп,  1969.  –  294  б.;  Хасенов  Ә.  Жай  сӛйлемдердің  айтылу 
сазына, мағынасына қарай бӛлінуі // Халық мҧғалімі. – 1956. –  №8, – 25-33 бб. 
3.
 
Аманжолов С. Қазақ тілі ғылми синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы, 1940. –  248  б. 
4.
 
Аманжолов  С.,  Әбілқаев  А.,  Ҧйықбаев  И.  Қазақ  тілі  грамматикасы.  ІІ  бӛлім.  Синтаксис.  – 
Алматы: Мектеп, 1971. – 222 б. 
5.
 
Әміров Р. Ауызекі сӛйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. – Алматы, 1977. – 91 б. 
6.
 
Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сӛйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1998.  – 191 б. 
7.
 
Тӛлегенов  О.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жалпы  модальді  және  мақсат  мәнді  жай  сӛйлем  типтері.  – 
Алматы: Мектеп, 1968. – 177 б. 
8.
 
Лайонз Дж. Лингвистическая семантика: Введение.  – М.: Языки славянской культуры,  2003. – 
400 c. 
 
 
 
 
 
 
 
 

41 
 
 
ЭБРУ ӚНЕРІ  
 
Ералин Қ.Е.,  Ералина Ғ.Е. 
А.Яссауи атындағы ХҚТУ,Тҥркістан, Қазақстан 
 
Резюме 
В  статье  раскрывается  особенности  искусства  эбру.  Анализируется  мысли  у  художников, 
историков  искусства  и педагогов  об  искусстве  эбру.   Указывается  современного  направления  в развитии 
данного вида искусства в Республике Турциии в РеспубликеКазахстан. 
 
Summarу 
This article reveals the peculiarities Ebru Art.It analyez the the toughts of artists,art historians and teachers 
of  the  Ebru  Art.Also  indicates  the  modern  trends  in  the  development  of  this  art  in  the  Republic  of  Turkey  and 
Kazakhstan 
 
Эбру сәндік қолданбалы ӛнердің ішіндегі ең бір бағалы тҥрі болып табылады. Эбру ҧнтақталған 
арнаулы  топырақ  және  соған  ҧқсас  заттардың  кӛмегімен  тығыздығы  ҧлғайтылған  судың  бетіне 
салынады да,  оның бетіне бояу шашу арқыры су бетіне ӛрнектер салынады, мҧнан соң судың бетіндегі 
сурет қағазға немесе мата бетіне аударылады. 
Қазіргі  кездегі  бергілі  суретшінің  бірі  Тимучин  Танарслан  бҧл  ӛнерге  мынандай  анықтама 
берген:  «Егер  ынта  салып  қарасаңыз,  бҧл  суреттерден  мәрмар  бетіне  бҧлттардың  гармониялық 
орналасуын,  кейде  су  жетпей  қҧрғаған  жердің  жарылған  бетін  немесе  ӛрнектермен  оратылған  қҧм 
тӛбешіктерін, тіпті әр тҥрлі гҥлдерге толы бауды кӛруге болады» 
( Танарслан,1988.13б.) 
Эбру бҧл табиғат сҧлулығына адалдығын сақтап қалатын, жҥректен шыққан ғажап бояулармен 
қағаз  бетіне  берілген  ӛнер.  Эбру  сӛзі  парсы  тілінен  шыққан.  Қағаз  бетіндегі  бояулар  жиналған 
бҧлттардың  формасын  аңғартады.Осыдан  келіп  бҧл  ӛнерге  «эвр»  деген  атақ  берілген.  Яғни,  бҧлт, 
бҧлтты деген мағынаны береді. 
Шамседдин  Сами  Бей  ӛзінің  «Камуси  Тҥріктің  ҥлкен  сӛздігі»  атты  еңбегінде  эбрудың  мәні 
туралы  «Нағыз  эвру  бҧл  бҧлттар,  нақтырақ  айтқанда  Шағатайлық  «эбрэ,  яғни  келбет  (киім,  кӛрініс), 
тҥрлі  тҥсті,  толқынды  және  қҧбылмалы,  созылмалы  (жібек  матаның  әр  тҥрі  )  Қҧран  томдарын  және 
дәптерлерді орайтын қағаз» деп ӛзінің жеке дара пікірін айтқан. Шемседдин Сами Бей  ӛткен ғасырдың 
соңында эбру сӛзі тіл қорына еніп кеткені соншалықты, бҧл ӛнердің Тҥркістандағы Шағатай дәуіріне 
(15 ғ.ғ.)  жататын ӛнер екенін, эбру сӛзінің Шағатайлық бастауын ҧмытуға мәжбірледі» деп нақтылап 
кӛрсеткен.(Дерман,1977,8  б.).  Сонымен  қатар  бҧл  сӛздің  мәні  сурет  су  бетіне  орындалатын 
болғандықтан,  парсының  аб-ру  деген  «су-бет»  деген  сӛзінен  шыққандығына  басымдық    мән  беріп 
қарайтындар да бар (Арытан,2002,329 б.). 
"Тертиб-и Рисале-и Эбри" атты кӛне жазбадан "эбру"сӛзі, "аб-рудан" шықпағандығын тҥсінеміз. 
Сонымен қатар Нежметтин Окай да "аб-ру"сӛзін емес "эбру" сӛзін қолданғандығы туралы мәліметтер 
мен  дәлелдер  бар.Қағаз  бетінің  мәрмарға  ҧқсайтындығына  байланысты  Эбру  қағазына    Еуропа 
ӛнерінде  ―papier  marbre,  marmor  papier,  marbled  paper…‖мәрмәрланған  деген  ат  берілген.  Ал  арабтар 
оны «берік қағаз» varakü‘l-mücezza» деп атаған (Эрсой,1989,с.25). 
Тҥрік немесе Осман сәндік қолданбалы ӛнерінде эбрудың бірінші ҥлгісі қашан шыққандығының 
нақты тарихи мерзімі белгісіз. Шамседдин Сами Бейдің «Камуси Тҥрік" деп аталатын еңбегінде эбруды 
15 ғғ., Тҥркестандағы Шағытай дәуіріне жатады деп кӛрсеткен (Эрсой,1977 25б.). 
Тҥркістаннан  бастау  алған  эбру,  дамып  ҥлгермей  жатып  «Жібек  жолының»  бойымен  эбру 
атымен Анадолыға жеткен. Ол жерде ӛлеңдер мен жазбаларды безендіру, кітап томдарының бетін және 
миниатюраларды  кӛркемдеген  эбрудың  бағалы  ҥлгілері  жарыққа  шыққан.  (Эрсой,1989,25  б.).  Егер 
эбрудың  тарихи  дамуын  қарастыратын  болсақ    оның  8-9  ғасырларда  пайда  болғандығын  кӛрсетуге 
болады. (Чоктан,1992,6 б.). 
Осыған  қарамастан  Осман  империясы  кезеңіне  саятын  кітаптар  бетін  кӛркемдеуге  эбру 
қолданғанымен кейіннен оны кітап реставрациясына қолданғанына байланысты, оны эбру мерзімі деп 
айтуға  бола  бермейді.Эбрудың  нақты  мерзімін  кӛрсету  ҥшін,  оны  дәлелдейтін  дата  эбрудің  дара 
данасының бетінде болуға тиіс. (Эльман,1998,1 б.). 
Ең  алғашқы  датасы  кӛрсетілген  ҥлгілер  Стамбулдағы  Топкап  сарайында  Арифидің    «Гуй-и 
Чавгян» шығармасында 1539 жыл, Стамбуль Университетіндегі Хератлы Мир Али ӛлеңдерінде  1539 
жыл,  Уур  Дерман  коллекцияларындағы  Малик  Дейлемидің  жазбаларында  1554  жыл  мерзімдері 
кӛрсетілген.(Арытан, 2002, 330 б.). 

42 
 
Тағы  бір  ертедегі  экземпляр  Фузулидің  "Хадикат-ус  Суеда"  (Бақ  бақыты)  атты  шығармасында 
кездеседі. Алғашқы ҥш бетінде автор туралы мәлімет кездеспегенмен, шығарманың бірінші бетіндегі 
"Хадикат-ус  Суед"  атауынан  кейін  «Ма  Шебек  Мехмет  Эбриси»  деп  қызыл  сиямен  қол  қойылған. 
Кітаптың беттерінің арасында ҥш эбру орындалған, ал соңғы бетінде «……katib-ül harf Ahmet bin Hasan 
yeniçeri-i korucuyan-ı dergah-ı ali fi beldet (ül) Trablus Şam fi zeman defterdar Mehmet Efendi. Sene 1004» 
деген сӛздер мен 1004 жыл деп жазылған. Басындағы  беттердегі жазбада «эбру шебері Шебек» деген 
Мехмет Эфенди, ал соңғы бетте кітапты жазған уақыт (1595ж.) болып анықталған. (Язан,1986, 42 б.). 
Қағаз  ӛндірісі  саласынан  терең  білімі  бар  Мехмет  Али  Каытчидің  Швейцариядағы  Палетте 
журналында  жарыққа  шыққан  мақаласында    Топкапы  сарайындағы  эбруды  1447  жылы  кӛргендігін 
жазған.  Бірақ  жәдігердің  номерінің  болмауына  байланысты  бҧл  дәлелденбей  қалған. 
(Барутчугиль,1999, 24 б.).  
Альбут  Хаеммарк  1977  жылы  шыққан  "Бундпапир"атты  шығармасында  эбру  туралы, 
европалықтарға  белгісіз  сҧлу  ӛнерді  мәрмар  бетінің  кӛрінісімен  ҧқсас  болғанына  байланысты 
«тҥріктердің мәрмар қағазы» деп атаған. 
Ф.Р.Мартиннің  1912  Лондонда  жарыққа  шыққан    Тҥрік-Иран-Индиялық  миниатюра 
иллюстрацияларының  екінші  бӛлімінде  231  жылқы  және  сиыр  жануарларының  формасындағы 
ӛрнектермен безендірілген эбру бейнесі «ince tarak»  берілген. Тҥсіндірмесінде: (эбру бетіне салынған 
жануарлар мотиві. 1550 жыл. Тҥрік экземпляры) деген сӛздер мен сандар жазылған. Бҧл қҧжат эбрудың 
тӛрт жарым жҥзжылдықтан аса уақыттан бері болғанына кӛз жеткізеді (Бирол,1969,3 б.). 
Ирандықтар  бҧл  ӛнердің  ираннан  шыққандығын  дәлелдеуге  тырысады.  "Гулистани  Хюнер" 
шығармасын  жазған,  16  ғасырда  дҥниеден  ӛткен  Кадир  Мир  Ахмед  Мюнши  және  Куми  бҧл  ӛнерді 
Тасмасб  шах  тҧсында  1524-1576  жылдары  Индиядан  Иранға  саудагер  ирандық  Мир  Мехмет  Тарих 
әкелгеннен  кейін  Мевлан  Яхйа  Казвини  деген  дамытқан  деп  бекітеді.  «Гулистани  Хюнердің» 
шығармасында бекіткен мәліметтеріне қарамастын, тҥрік зерттеушілерінің мәліметтері ӛте ерте датаны 
кӛрсетеді. (Гѐкташ,1984,5 б.). 
Бҧған «тҥрік қағазы», «тҥріктің мәрмәр қағазы» деп аталатынға Европадағы қолданыс қажеттігі 
ҥлкен ықпал етті. Осы кезеңде батысқа кӛптеген дана эбру мен естелік дәптерлер жіберілді. Эбру осы 
жылдары кітапты тҥптеу мен сәндеу ісінде кең кӛлемде белгілі болды. (Сунгур,1994,с.55). 
Осы  кезеңде  еуропалықтар  эбруды  теорияда  қалай  қолданса,  тәжірибеде  сондай  қолданды. 
Еуропада  сол  кезде  жазылған  жазулар  және  олардың  біздің  қазіргі  кҥнге  жеткендерінің  эбру 
техникасын  Шығыстан  алып  келінген  деген  сипаттамасының  біз  ҥшін  мәні  аздық  етпейді.  Георге 
Сандеса мен Сир Тхомаса Херберта  жазбаларында эбру ӛнеріне ерекше орын берілген. 
Мәрмәрланған эбру қағазы Шығыс Еуропада 15 ғасырларда кӛрсетілген. Италияға барған Тҥрік 
кітап  тҥптеушілері,  оларды  қағазды  мәрмәрлауға  ҥйрете  отырып,  сонымен  қатар  эбруды  модаға 
кіргізіп,  ӛздерінің  ӛнердегі  стилін  таратты.  Кейінгі  уақыттардағы  баспа  станогының  ойлап  табылуы 
және баспа кітабының пайда болуы эбру ӛнерінің тӛмендеуіне алып келді (Сунгур,1994,55 б.). 
Республика  кезеңінде  әсемдік  ӛнер  мектептерінің  оқу  жоспарына  эбру  пәнінің  ендірілуі, 
қайтадан  сәндік  қолданбалы  ӛнердің  мәнін  кӛтерді.  (Сунгур,1999,с.55).  16-17  ғасырларда  эбру  ислам 
ӛнерінде  маңызды  орын  алды.  Медреседе  кіші  шеберлердің  оқыту  әдісімен  кӛркемсурет 
шеберханалары пайда болды (Барутчугиль,1999, 27 б.). 
   «Дервештерді  тәрбиелеу»  деп  қол  қойылған  кӛптеген  жетілген  жҧмыстарға  шығармашының 
аты  жӛні  жазылмады.  Осы  себептерге  байланысты  кӛптеген  шығармалардың  кімнің  қолынан 
шыққандығы белгісіз болып қалды. (Язан,1986, 41б.). 
Осман  шеберханалары мен  ательелерінен  шығып, біздің  уақытқа  жеткен  ӛнер туындылары  ӛте 
маңызды. Тҥркиядағы Тәуелсіздік соғыстары кезеңіндегі медресе шеберханалары кәсіп беру мен нәзік 
ӛнер мектептеріне қызмет ету арқылы ҥлкен мәнге ие болды. Осы кезде оларда Нежметтин Окай, Сами 
Эфенди  және Абдулькадир  Эфенде  сияқты  даңықты    шеберлердің  оқуы  арқылы  шеберханалар  ҥлкен 
мәнге ие болды. 
Эбру  ӛнері  әңгіме  бойынша  немесе  кітап  оқу  арқылы  ҥйренуге  келмейді.  Осман  сәндік 
қолданбалы  ӛнерінің  барлық  тҥрі  сияқты,  эбру  ӛнерінің  ең  басты  әдісі  тәжірибе  мен  іс  әрекетке 
негізделген, шебердің қол астындағы шебер әдісі болып табылады. Эбру шебері атағын алу ҥшін ӛнер 
адамдары кӛптеген жылдарын, тіпті кейбірі бҥкіл ӛмірін араған. (Язан,1986,42 б.). 
Мҧндай  эбру  шеберлерінің  қатарынан  Щебек  Мехмет  Эфенди,  Хатип  Мехмет  Эфенди,  Шейх 
Садык Эфенди, Хезарфен Етхем Эфенди, Нежметтин Окяй, Бекир Эфенди, Сами Окяй, Саджид Окяй 
есімдерін атауға болады. 
Қорыта  айтқанда  миниатюра,  тезхип,  хат  (араб  каллиграфиясы)  және  тҥптеу  сияқты  сәндік 
қолданбалы  ӛнерінің  маңызды  саласының    бірі  эбру  ӛнері  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  басқа  ӛнер 
тҥрлері  сияқты  эбру  ӛнері  де  тҥрік  халқының  эстетикалық  талғамын  және  сезімдерін  білдіретін 
мҥмкіндіктердің біріне айналды. 

43 
 
Қоғамдық  дамудың  кейбір  кезеңдерінде  эбру  ӛнерінің  де  басқа  ҧлттық  ӛнер  тҥрлері  сияқты 
ҧмытқа  айнала  бастаған  мезгілдері  болды.  Сонымен  қатар  бір  кезеңдерде  бҧл  ӛнерді  сақтап  қалуға 
талпынатын суретшілер саны ӛте аз болды. Эбру сынды ғажап ӛнерді сақтап және оны біздің кезімізде 
ӛмірге әкеліп қоса  отырып, баға берген кейбір ӛнер адамдары басында Батыста, кейіннен Тҥрік елінде 
кӛбейе тҥсті. 
Тҥрік елінде басқа жылдармен салыстырғанда бҥгінгі кҥндері эбру ӛнеріне деген қызығушылық 
әлдеқайда ҧлғайа тҥсуде, қазірде мемлекеттік мекемелердің ҧйымдарының қолдауымен эбруды  оқыту 
курстары ашылуда. Суретшілер эбру кӛрмесін Тҥркияда және онан тысқары жерлерде ӛткізілуде. 
Эбру  ӛнері  бірнеше  ғасырлар  бойы  каллиграфия  мен  жазбаларды,  кітап  беті  мен 
иллюстрацияларды  қосымша безендіру сапасы ретінде қолданылып келді. Кейде олар мен эбру арасын 
біріктіретіндей  безендіру  паннолары  жасалды.  Бірақ  бҧрын  эбру  безендірудің  бір  бӛлігі  болғанына 
қарамастан, бҥгінгі кҥні ол жеке дара ӛнердің бір тҥрі болып дамуын жалғастыруда. Эбру ӛнері бҥгінгі 
кҥндері Қазақстанда, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ тҥрік университетінде бейнелеу ӛнерінің 
болашақ мҧғалімдеріне эдективтік пән ретінде оқытылуда.  
   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет