Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Список использованных источников



Pdf көрінісі
бет12/81
Дата27.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#10571
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81

Список использованных источников: 

1.Дадабаева  Д.М.  Повышение  конкурентоспособности  промышленных  предприя-тий 

Республики Казахстан: автореф. дис. ... канд.экон.наук. – Алматы, 2009. – С. 8–9.  

2.Секторальный  анализ  промышленности  Казахстана  на  предмет  конкуренто-способности. 

АО «Казахстанское контрактное агентство». – Астана, 2011.  

3. www.stat.kz  

4.Пищевая промышленность Казахстана: от плана к рынку. Институт политических решений. 

22.06.2012.  

5.Саханова  Г.Б.  Развитие  конкурентоспособности  экономики  Республики  Казахстан: 

проблемы и перспективы: автореф. дис. ... канд.экон.наук. – Алматы, 2012. – 15 с.  

 

Әбенов Е.М. 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 

«Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, 

Ногайбаева Г.Б. 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 

Карьера және бизнес әріптестік бөлімінің маманы

 

ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ЕЛДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ 



ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ 

 

Дағдарыс  кезінде  елдің  экономикасын  тұрақтандыру  үшін  инновацияға  негізделген  және 

бәсекелестікті дамыту саясатының маңызы зор. Елбасының бес институционалды реформасы, жүз 

нақты қадамы елдің бәсекеге қабілеттілігін, халықтың тұрмысын жақсартуға негізделген. 

Бәсекеге  қабілеттілік  түсінігінің  заманауи  көрінісін  американдық  ғалым  М.  Портер  өз 

зерттеулерінде айқындады. Ол елдің бәсекеге қабілеттілігі түсінігін өндіріспен байланыстырады. 

Осы  іспеттес  ойды  әйгілі  американдық  ғалымдар  Д.  Доллар  және  Э.  Вульф  ұстанады,  олардың 

тұжырымы бойынша бәсекеге қабілетті ел болып жоғары технологиялар базасында халықаралық 

саудада  табыстылықты  және  еңбекақылары  мен  табыстары  жоғары  өндірісті  үйлестіретін  ел 

саналады. 

Елдің әл-ауқат деңгейін жоғарылатуға ең бірінші мемлекеттің өзі мүдделі. Мемлекет бәсеке 

қабілеттілікті  арттыру,  дамыту  үшін  адам  капиталын,  еңбек  ресурсын,  шағын  және  орта 

кәсіпкерлікті,  инновацияға  негізделген  өндірісті,  білім  мен  ғылымды,  жаңа  техника  мен 

технологияға негізделген экономика құру қажет. 

Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  инфрақұрылымының  негізгі  міндеті  кәсіпкерлік  тіршілік 

субъектілеріне  бастапқы  кезеңде  инновациялық  кәсіпорынды  немесе  ғылыми-техникалық 

жобасын  дамытуда  көмек  беру  арқылы  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  мүмкіндік  береді. 

Бәсекеге қабілеттілік ─ өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, 



 

78 


сондай-ақ  кәсіпорын  қызметіндегі  инвестиция  мен  инновациялық  басқаруға,  менеджмент 

деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым. 

Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігі  ─  тауарлардың  тұтынушы  қажеттілігін  жоғары  деңгейде 

қанағаттандыруын және осының арқасында нарықта өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл 

тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері. 

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі құрауыштарын атап 

өтейік: 

1.

 



Негізгі  құрауышы  өнімнің  өзімен  тікелей  байланысты  және  оның  сапасына  көп  көңіл 

аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім    (30-

35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді. 

2.

 



Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбінесе өнімнің 

сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын 

тауарды таңдайды [3]. 

Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігі  өндіруші  кәсіпорынның  бәсеке  қабілеттілігімен  тікелей 

байланысты. өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен жүзеге асады: 

1.

 



нарықты  талдау  ─  потенциалды  сатып  алушылар  мен  бәсекелестердің  қажеттіліктерін 

зерттеу; 

2.

 

тауарға  деген  нарықтық  талаптарды  қалыптастыру  және  оны  бағалық  көрсеткіштер 



құрылымында көрсету; 

3.

 



салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау; 

4.

 



бағалық класс моделінің түрін таңдау; 

5.

 



тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау; 

6.

 



 бәсеке  қабілеттілік  туралы  қорытынды  жасау  және  оның  өндіріс  пен  сатып  алу 

мақсаттылығы туралы шешім қабылдау [1]. 

Кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігі  –  бәсекелік  нарық  жағдайында  меншікті  және  қарыз 

ресурстарын  тиімді  басқару  мүмкіндігі.  Кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  нарықтық 

бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.  

Кәсіпорынның  бәсеке  қабілеттілігін  анықтайтын  көрсеткіш  ретінде  өнімнің  бәсеке 

қабілеттілігін атауға болады.  

М. Портердің пайымдауынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін анықтайтын бес бәсекелік 

күш бар:  

 



Бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс; 

 



Ауыстырмалы тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке; 

 



Салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі

 



Тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері; 

 



Тұтынушылардың саудаласу мүмкіндіктері. 

Кәсіпорынның нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана 

емес,  сонымен  қатар  әсер  ететін  нақты  факторларын  анықтау  керек.  Кәсіпорынның  бәсеке 

қабілеттілігіне мынадай бірқатар факторлар әсер етеді: кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және  ішкі 

нарықтардағы  бәсекеге  қабілеттілігі;  өндірілетін  өнімдердің  түрлері;  нарықтың  сиымдылығы; 

нарыққа  кіру  жеңілдігі;  осы  нарықта  жұмыс  істеп  жатқан  кәсіпорындардың  бәсекелік 

ұстанымдары; саланың бәсекеге қабілеттілігі; аймақтың және елдің бәсекеге қабілеттілігі. 

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін оның критерийлері 

(өлшемдері) мен көрсеткіштеріне баға беру керек. Келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 

Бірінші критерий - кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі. Осы критерий бойынша 

кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау мынадай көрсеткіштер тобын біріктіреді: өндірістік 

үрдістерді  басқару  тиімділігі;  өндірістік  шығындардың  үнемділігі;  негізгі еңбекті  ұйымдастыру; 

өнімді өндіру; технологияның жетілгендігі. 

Кәсіпорынның  бәсекеге  қабелеттілігінің  екінші  критерийі  -  кәсіпорынның  қаржылық 

жағдайы,  яғни:  мүліктік  жағдайды  бағалау;  кәсіпорынның  өтімділік  және  қабілеттілік 

көрсеткіштері; қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері; іскерлік-белсенділік көрсеткіштері; кәсіпорын 

қызметінің қаржылық нәтиже көрсеткіштері. 

Үшінші критерийіне тауар қозғалысы мен өткізуді ұйымдастырудың тиімділігі жатады. Бұл 

критерий келесі көрсеткіштермен сипатталады: дайын өнімнің жиналып қалу коэффициенті; сату 

рентабельділігі; өндірістік қуаттарды жіктеу коэффициенті; жарамдылықтың тиімділігі. 



 

79 


Кәсіпорынның  өндірістік  қызметінің  тиімділігі  келесідей  көрсеткіштермен  сипатталады: 

қор  қайтарымдылығы  мен  қор  сыйымдылығы;  материал  қайтарымдылығы  және  материал 

сыйымдылығы; еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығы.  

Кәсіпорының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  үшін  келесі  факторларды  жоғарылату 

жолдары қарастырылуы тиіс. Бұл факторлар өнімді зерттеуде өзіндік сипаттары бойынша 4 топқа 

бөліп қарастырылады: 

Бірінші  топ  -  өнімнің  сапасын  арттыру  шаралары  немесе  кәсіпорынның  сапа  жүйесін 

жетілдіру. 

Екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе баға саясатын реттеу. 

Үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін 

жетілдіру. 

Төртінші  топ  -  өнімнің  бәсекелік  қабілетін  қамтамасыз  ету  немесе  өндірісті  мемлекеттік 

тұрғыдан қолдау [2].  

Бәсекеге  қабілеттілікті  анықтайтын  барлық  факторларды  мына  топтарға  бөліп  көрсетуге 

болады: 

 



Өнім және қызмет сапасы; 

 



Өнім және қызмет бағасы; 

 



Персоналдың біліктілік деңгейі; 

 



Өндірістің технологиялық деңгейі

 



Қаржыландыру көздерінің қол жетімділігі; 

Енді бұл факторларды ашып талдайық. 

Өнім  сапасы.  Сапа  -  өнімнің  ең  маңызды  сипаттамасы.  өнім  белгілі                    бір  сапаға  ие 

болғаннан кейін ғана өзіне ұқсас өнімдер қатарында лайықты                       орын  алуы мүмкін. 

Сапаның    түсінігіне  мыналар  кіреді:  ұзақ  уақыт                        бойы  қолдану,  сенімділік,  нақтылық, 

қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның                   

аталған   қасиеттері сай  келе  бермеуі  мүмкін. Мысалы, бір рет қолданатын стақаннан ұзақ уақыт 

қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келуі деген маңызды 

көрсеткіші  бар.  Бұдан  басқа  өнім    тұтынушылардың    мына    қажеттіліктерін    қанағаттандыруы           

тиіс: 


 

Физикалық; 



 

Техникалық; 



 

Сенімділік; 



 

Эксплуатациялық; 



 

Эстетикалық; 



 

Қауіпсіздік; 



 

Экологиялық; 



 

Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б. [3]. 



Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігінің  бұл  факторларының  маңыздылығын  түсініп,  біз  оны 

кейінірек толығырақ қарастырамыз. 

Өнімнің  бағасы.  Баға  ─  өнімнің  құндық  ақшалай  сипаттамасы  болып  табылатын 

экономикалық  категория.  Ол  өнім  өндірісіне  кеткен  жұмыс  уақытының  жанама  өлшемі.  Өнім 

бағасын анықтайтын факторлар: 

1.

 



өндірістің жалпы шығыны; 

2.

 



қоғамдық еңбек шығыны; 

3.

 



өнім саны; 

4.

 



өнім қызметі мен қасиеті

5.

 



персоналдың біліктілігі; 

6.

 



өндірістің технологиялық деңгейі; 

7.

 



Мемлекеттің салық туралы заңы; 

8.

 



Өнімді тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындар; 

9.

 



Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар; 

10.


 

Өнімнің орамы; 

11.

 

Фирманың танымалдылығы; 



12.

 

Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі



13.

 

Фирманың маркетингтік қызметі; 



14.

 

Өнімге деген сұраныс пен ұсыныс деңгейі; 



 

80 


15.

 

Фирманың саудалық баға стратегиясы. 



Баға    қалыптасу    стратегиясын    таңдағанда    белгілі    бір    өнім  үшін  қандай  мақсат 

қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады: 

 

Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде; 



 

Ағымдағы пайданы барынша ұлғайту; 



 

Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу; 



 

Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін 



қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады. 

Бағаның өзгеруі факторлар әсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді: 

 

Баға  қозғалысының  ұзақ  мерзімдік  тенденциясы  ғылыми-техникалық  жетістіктердің, 



мемлекеттік және монополиялық саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың 

және ақша құнының өзгеруін көрсетеді; 

 

Орта  мерзімдік  циклдік  бағаның  ауытқуы  сұраныс  пен  ұсыныстың  салыстырмалы 



қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады

 



Қысқа  мерзімдік  бағаның  өзгеруі  әр  түрлі  маусымдық  және  кездейсоқ  факторлардың 

әсерінен туындайды. 

Ішкі  нарықтағы  бағаларға  ақшаның  сатып  алу  қабілетінің  өзгеруі,  ал  сыртқы  сауда 

бағаларына ұлттық ақшаның валюталық бағамының өзгеруі  әсер етеді. 

Бағаның түрлері: 

1.

 



Көтерме  баға  –  кәсіпорын  үлкен  мөлшерде  басқа  кәсіпорындарға,  сауда  ұйымдарына 

өткізеді; 

2.

 

Келісім-шарттық  баға  -  сатушылар  мен  сатып  алушылар  арасында  келіссөздер 



барысында тағайындалатын баға; 

3.

 



Дайындау бағасы – ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы; 

4.

 



Бөлшек сауда бағасы – тұрғындарға сату бағасы; 

5.

 



Өзгермелі      баға    -  дайындалатын    бұйымдарға    сауда          мәмілесінде  ұзақ  уақыт 

белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті  уақыт  ішінде  өндіріс  шығынының 

өзгеруін есепке алуға  мүмкіндік  беретін  өзгермелі  принципке  негізделген. 

Практикада қолданылатын баға стратегиялары: 

1.

 

Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары  болады,  одан  кейін  



ол    төмендейді.  Бұған  жаңа  тауарлар  жатады.  Сапасы  жоғары  тауарлардың  бағасы  да  жоғары 

болады. 

2.

 

Төменгі  баға  стратегиясы    немесе  нарыққа  өту  стратегиясы.  Бұл  сұранысты 



ынталандыру мақсатында жүзеге асады. 

3.

 



Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген 

қызығушылық ынтасын арттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады. 

4.

 

Икемді  баға  стратегиясы.  Бағалар  сатып  алушылардың      мүмкіндіктеріне  қарай 



белгіленеді. 

5.

 



Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы. 

6.

 



Дөңгелектенбеген баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге 

сатып алады.  

7.

 

Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға. 



Баға бәсекесінің пайда болуы және оның әрекет етуі мынадан байқалады: 

1.

 



Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да тауар сатушыларды 

нарықтан ығыстырып шығаруға және соның есебінен өзіне бұл салада ыңғайлы жағдай туғызуға 

бағытталған бәсеке. 

2.

 



Тауар  алушының  ұсынылған  тауарға  деген  қажетін  қанағаттандырмау  салдарынан 

тартатын шығынын салыстыру арқылы тауар бағасын көтеру бәсекесі. 

3.

 

Тауар  алушы  мен  сатушының,  бірінің  арзан  алуға,  екіншісінің  қымбат  сатуға 



ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының жеңіп шығатынына байланысты 

болады. 


4.

 

Тауар  алушылардың  бірыңғай  қажеттерін  қанағаттандыратын  субститут  –  тауар 



өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын салааралық бәсеке. 

Персоналдың  біліктілік  деңгейі.  Білікті  жұмысшылардың  бар  болуы  барынша  аз 

шығындармен  жоғарғы  сапалы  өнімді  шығаруға  мүмкіндік  береді.  Өнімнің  ұлғаймалы  қатары 

жоғары білікті персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары  білікті  менеджмент 

те  соңғы  рольді  атқармайды.  Өйткені,  жақсы  білікті  жұмысшылар  бар  болғанымен  жоғары 


 

81 


даярланған  технологтар  мен  инженерлерсіз  бәсекеге  қабілетті  өнім  қалыптастыру  өте  қиын, 

сонымен  қатар,  тәжірибелі  маркетологтардың  алдын-ала  есебінсіз  өнімнің    өткізілуі    қиынға  

соғады. 

Өндірістің  технологиялық  деңгейі.  Білікті  персоналдың  деңгейімен  бірге  өндірістің 

технологиялық  деңгей  төмен  шығынды  және  қысқа    уақытта  жоғары  сапалы  өнім  өндіруіне 

мүмкіндік береді.  Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады. 

Технологиялық    өндірісті      үнемі  алдыңғы  қатарлы  технологиямен    қайта  қаруландыру  

жағдайында  көп  өнім  шығару  мүмкін  емес,  бұл  жағдайда  қаржыландырудың    қол    жетерлігі  

маңызды  болып  келеді [4]. 

Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі. Негізінде қаржыландырудың 2 түрі бар: 

 

Несиелік; 



 

Құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және котировкалау).  



Кәсіпорынның  акционерлік  капиталы  арқылы  қаржыландыруды  қамтамасыз  ету  ең  дұрыс 

жолы  болып  келеді.  Бірақ,  кәсіпорын  басшылары  тарапынан  акцияларды  шығару  мен 

орналастыруына  шешім  қабылдауына  бірнеше  мәселелер  қиындық  туғызады.  Біріншіден, 

кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында  үлкен  үлеске  ие болып, акционерлік меншікпен 

қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда  

менеджмент  пен  инвестордың  қызығушылықтары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бұл әдістен 

бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дұрыс атқармауы жағдайында жаңа 

акционер  басқарушылардың    ауыстырылуын    талап    ете    алады.  Үшіншіден,  акцияларды  

орналастыру  шешімін  қабылдаудағы  кедергі  инвестор  қаржылық  есебінің  толық  мөлдірлілігін 

талап  етеді.  Мұндағы  қиыншылық  басшылар  табысты  салық  салудан  жасырып,  шынайы  есепті 

инвесторға көрсете  алмайтындығы. 

Қазіргі  кезде  еліміздің  экономикасы,  әлемдік  экономиканың  ғаламдану  жағдайында 

бірқатар проблемаларға тап болуда. Олар: 

-

 



өндірістердің әлі де болса шикізатқа бағыттылуының басым болуы; 

-

 



ұлттық экономиканың әлемдік экономикадағы бірлесуіндегі позицияларының әлсіздігі; 

-

 



мемлекет ішіндегі салааралық және өңіраралық экономиканың бірлесуінің босаңдығы; 

-

 



ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; 

-

 



өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы

-

 



кәсіпорындардың  жалпы  техникалық  және  технологиялық  тұрғыдан  артта 

қалушылығы; 

-

 

ғылым мен өндірістің арасындағы өзара тығыз байланыстың болмауы; 



-

 

ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстарға  (ҒЗТКЖ)  бизнес 



құрылымдары тарапынан қаржының аз бөлінуі; 

-

 



ғаламдану процесіне, менеджмент және сервистік-технологиялық экономиканың өтуге 

бейімделмеуі, міндеттерінің сәйкес келмеуі. 

Қорыта  айтқанда  жоғарыдағы  мәселелерді  шешу  үшін,  Қазақстанның  Даму  банкі, 

мемлекеттің инвестициялық қоры және басқа стратегиялық жоспарлауға қатысатын институттар 

ғылымды  және  инновациялық  қызметтерді  және  өнімнің,  кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігін 

ынталандыратын  бағыттарды  және  инновациялық  саясатты  жүргізулері  керек.  Осы  қойылған 

мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  қаржы  нарығын  одан  әрі  дамыту  және  білім  беру,  монополияға 

қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру мәселелері алда тұр.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: оқу құралы / Е. Әмірбекұлы. – Алматы: Экономика, 2009 – 

120б. 

2. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру:ы оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2009 – 218 б. 



3. Халықтың іргесін бірге қалаймыз - Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан 

халқына жолдауы // 2010 – қаңтар. 

4.  Жилқайдарова  Г.Б.  «Кәсіпорынның  нәтижелі  жетістігі  –  бәсеке  қабілеттілігі»  //  ҚазЭУ 

хабаршысы – 2009 №5 б 117-121 

5.  Көпешева  А.  «Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  стратегиялық  жоспарлаудың 

маңыздылығы» // ҚазЭУ хабаршысы – 2009 №5 б 131-138 

6.  Габдулина  А.С.  Қазақстан  экономикасының  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылату  // 

Евразийское сообщество – 2010 №1 с 48-53 



 

82 


Айдарова А.Б. 

к.э.н., доцент 

Изенова А.Б. 

МЭФ-15-1к магистранты 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ 

Қазақстан, Шымкент қ. 

 

ОҚО СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 

 

Қазақстанның  табиғи  байлықтары  зор:  қорғасын,  вольфрам,  уран  және  барит  қорлары 



бойынша Қазақстан әлемде бірінші орында, күміс, мырыш және хром қорлары бойынша – екінші, 

марганец  қоры  бойынша  -  үшінші,  мұнайдың  табиғи  қорлары  және  газ  бойынша  әлемнің 

көшбасшылары арасында (алғашқы бестікте) Қазақстан төртінші орында тұр.   

Ішкі  нарықтың  оның  ауқымдық  табиғи  қорларының  тарлығы  жағдайында  Қазақстанның 

экономикалық әлеуеті, әлемдік тауарлық нарыққа белсенді шығу шарттарында ғана жүзеге асуы 

мүмкін.    Бірақ  та,  әлемдік  нарыққа  шығу,  оған  бөгет  болатын  көптеген  әртүрлі  факторлардың 

болуы  есебінен  оңай  емес.  Ең  алдымен,  әлемдік  нарық  тауар  өндірушілермен  әлдеқашан 

бөлістірілген және онда өте қатты шиеленіскен бәсеке орын алған.  

90 жылдардың басында Қазақстан әртүрлі тауарлардың 290 түрін ұсынатын және байырғы 

Совет Одағының 95% хром кенін, 90% сары фосфор, 75% қорғасын, 50% мырыш, 60% феррохром 

және  натрий  хромын,  экспортталатын  мыстың,  титанның,  магнийдың,  сирек  кездесетін 

металдардың айтарлықтай бөлігінің негізгі жабдықтаушылардың бірі болып табылды.  

Қазіргі  таңда  Қазақстанның  экспорттық  әлеуеті,  отын,  металлургиялық,  химиялық  кешен 

есебінен қалыптасып, анық байқалатын шикізаттық бағыттылығы көрінеді.  

Қазақстандық  экспорттық  құрылымында  негізгі  үлесті  мұнай  және  мұнай  өнімдері  (35%) 

алады,  ал  басқа,  маңызды  тауарлар  тобына  түсті  металдар  (17%),  қара  металдар  (16%),  кен 

орындары (12%), сондай ақ, экспорттың айтарлықтай бөлігі дәнді дақылдарға (9%) келеді. 

Негізгі  импортталатын  өнім  ретінде,  машина  және  жабдықтар,  көлік  құралдары,  құралдар 

және автоматтар, химиялық өнімдер, минералды отын, азық-түлік тауарлары, дайын өнімдер және 

халықтық тұтыну тауарлары есептеледі. 

Қазақстанның негізгі сауда серіктесі және қазақстандық өнімнің негізгі тұтынушысы Ресей 

Федерациясы  болып  табылады.  Қазақстандық  фирмалар  және  компаниялар  арасында,  қазіргі 

таңда  нақты  халықаралық  бәсекеге  қабілеттілікке  тек  қана,  атом  энергиясы  және  технологиясы 

өндірісімен  шикізаттық  сектордың  экспортына  бағытталуға  бейімделген  фирмалар  және 

компаниялар  ие  болады,  бірақ  та,  әлемдік  нарықта  олардың  жайғасымдары  айтарлықтай  мықты 

емес. 


Мұнайдың  өсуші  көлемінің  тасымалдануын  қамтамасыз  ету  үшін,  Батыс  аймағын  дамыту 

Бағдарламасы  жүзеге  асырылды.  Мұның  нәтижесі  ретінде,  Құлсары-Аксарай  желілерінің 

рұқсатнамалық  мүмкіндіктерінің  10  млн.тоннаға  және  Ақтау  порты  жүктерінің  жылына  5 

млн.тоннаға  дейін  артуын  айтуға  болады.  «Батыс  Даму»  бағдарламасына  сәйкес,  2014  жылдың 

аяғына  дейін  Батыс  Қазақстанның  экспорттық  бағыт  желілерінің  рұқсатнамалық  мүмкіндігі  екі 

есеге артатын болады.  

Көптеген  компаниялар,  экспорттық  жүктерге  көп  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  етуге 

ұмтылады,  ол  кезде  темір  жол  магистралдарының  рұқсатнамалық  мүмкіндіктерін,  қозғалыстың 

қауіпсіздігіне,  жүктерді  жеткізу  жылдамдығы  және  қызмет  сапасының  қалыптасуын  арттыруға 

аса мән беріледі.  

 Қазақстан  темір  жолдары  үшін,  Ақтоғай-Достық  учаскесімен  іргелес  және  Достық 

бекетінің  Қытай  шекарасымен  дамуы  басымдылықты  мәні  бар.  Орындалған  іс-шаралар,  2013 

жылы  Достық  бекетіне  22  млн.тоннадан  жоғары  жүктердің  рұқсатнамалық  мүмкіндігін 

қамтамасыз етті.  

Жетіген  –  Қорғас  және  Өзен  –  Қызылкия  –  Берекет-Өтрек-  Горган  магистралдарының 

қазақстандық  аумағының  жаңа  темір  жолының  құрылысы  есебінен  контингенттің  динамикалық 

тұтынушылық  нарықтарына  жүктердің  ең  қысқа  шығарылымы  қамтамасыз  етіледі.  Сондай-ақ, 

Қазақстанның экспорт құрылымында бидай экспортын айқындауға болады. 

Қазақстаннан  темір  жол  бойынша  тасымалданған  өнімнің  жалпы  көлемі,  жазбалардың 

барлық түрлерінде 2013 жылы салыстырмалы 2012 жылға қарағанда 18,1 млн.тоннаға немесе 13,6 



 

83 


% - ға артып, 150,39 млн. тоннаны құрады. Тасымалдаулардың экспорттық көлемдері жалпы 55,85 

млн. тоннадан үштен бір бөлігін құрады.  

Қазіргі  таңда  ҚР  Ұлттық  экономика  Министрлігімен  шетелдік  нарықтарда  қазақстандық 

экспорттаушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған, жұмыс қарқынды жүргізілуде.  

Берілген комитет, импорттан өзінің ішкі өндірушілерін қолдау мақсатымен, импорттаушы-

елдермен  қазақстандық  өнімдерді  қорғаулық,  демпингке  қарсы,  өтемақылық  және  басқа  да 

шараларды  қолданумен  байланысты,  сыртқы  кедергілерді  жою  мәселелері  бойынша  уәкілетті 

орган болып табылады.  

Әлемде  демпингке  қарсы  шаралар  кеңінен  қолданылған,  себебі,  қорғаулық  және 

өтемақылық  шараларға  қарағанда,  экспорттаушы  елінде  мұндай  сұрақтарды  реттеу  үшін  екінші 

деңгейлі  орын  берілетін  болғандықтан,  демпингтің  орын  алуын  дәлелдеу  оңай  болатынын  атап 

өту қажет.  

Қазіргі  таңда,  қазақстандық  экспортқа  қатысты  Украина,  Ресей,  Еуропалық  Қоғамдастық, 

Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерімен ендірілген саудалық шектеулер, химиялық өнімнің 

кейбір түрлеріне, металдар секілді бұйымдарға таратылады.  

Ресей  Федерациясының  отандық  экспорттаушыларының  мүдделерін  қорғау  үшін,  ҚР  –  да 

сауда  өкілдігі  ашылды,  ал  2012  жылы  дәл  осындай  өкілдіктер  Түркия,  Қытай,  Өзбекстан, 

Қырғыстан, ГФР және Египетте қалыптаса бастады.  

Біздің  ойымызша,  Қазақстанның  көптеген  салаларында,  бәсекеге  қабілетті  болуға  және 

әлемдік  нарыққа  шығуға  барлық  мүмкіндіктері  бар,  бірақ  ол  үшін  әлемдік  стандарттарға  сай 

келмейтін және қазіргі таңда бәсекеге қабілетсіз, секторларды дамыту бойынша бағдарламаларды 

мұқият әзірлеп, талай жігер-күшті және құралдарға бар күшін салу қажет.  

Кез-келген  аймақтың  сыртқы  экономикалық  жағдайын,  экпорттық  әлеуетін  бағалауды  сол 

аймақтағы сыртқы сауда айналымын талдаудан бастайды.  

Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  сыртқы  сауда  айналымының  негізгі  көрсеткіштерін  1 

кестеден көруге болады. 

 

1 кесте. Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ долл.  



 

2009 


2010 

2011 


2012 

2013 


Тауар айналымы - барлығы 

3368,6 


2493,9 

2891,3 


3937,0 

4539,8 


Экспорт 

2214,3 


1537,7 

1826,8 


2533,6 

3011,5 


Импорт 

1154,3 


956,2 

1064,5 


1403,4 

1528,3 


ТМД елдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет