4. Бұқаралық-спорттық іс-шараларға келушілер
мен көрермендерге қойылатын талаптар
19. Рұқсат етілмейді:
1) спорт ғимараттарының аумағына кіруге құқық беретін билетсіз немесе құжатсыз кіруге;
2) бұқаралық-спорттық іс-шараларға кешкі уақытта ата-анасыз балалардың және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің баруына;
3) қоғамдық тәртіп пен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзуға;
4) өрт қауіпсіздігін бұзуға;
5) жарысты өткізуге кедергі жасайтын немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттарды алып кіруге;
6) спирттік ішімдіктерді алып кіруге және ішуге;
7) көрермендерді тәртіпсіздікке, жарыстың бұзылуына айдап салуға;
8) көрермендердің қалыпты өтуіне және шығуына қауіп тудыруға;
9) техникалық жүйелер, өрт сөндіру құралдарын зақымдауды болдырмауға.
5. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізудің
тәртібін реттейтін негізгі құжаттар
20. Спорттық іс-шараларды өткізуді және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызметтердің функционалдық міндеттерін көрсететін құжаттардың спорт ғимараттарында болуы міндетті деп саналады:
1) спорт ғимаратының техникалық пайдалану ережелерін сақтауды көрсететін құжаттар;
ғимараттың пайдалануға жарамдылығы туралы мемлекеттік комиссияның актісі (құрылыс орындары мен техникалық жүйелердің төзімділігі, сенімділігі, орнатылған көрсеткіштерге сәйкес көрермендерді шығару жолдары, жарысты өткізу үшін жарылыс және өрт қауіпсіздігі спорттық-технологиялық жағдайлармен қамтамасыз ету);
барлық техникалық қызметтерге арналған техника қауіпсіздігінің нұсқаулығы;
жарылғыш және өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулық;
медициналық қызметпен қамтамасыз ету туралы нұсқаулық;
қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;
2) спорттық іс-шаралар өткізуде спорт ғимараттарын пайдаланудың жалпы ережелері көрсетілген құжаттар:
жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерді есепке ала отырып, облыс (қала, аудан) әкімшілігі бекіткен бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу мен ұйымдастыру ережелерін регламенттейтін нұсқаулық;
спорт ғимараттарының аумағында көрермендердің жүріп-тұруын, трибуналарды толтыру мен эвакуациялауды ұйымдастыратын схемалар;
билет кассаларын орналастыру, тамақтану орындарын, гардероб, демалыс орындары, медициналық көмек, өрт сөндіру құралдарын орналастыру;
спорт ғимараттарында көрермендердің жүріп-тұру ережелері.
3) әрбір кезекті бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу ережелерін реттейтін құжаттар (немесе біркелкі сериялар);
жарысты өткізетін ұйым бекіткен спорт түрі бойынша бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу туралы ереже;
спорт ғимаратының басшысы бекіткен спорттық іс-шаралар өткізуге спорт ғимаратының барлық қызметінің дайындығы туралы актісі;
комиссия мүшелері қол қойған нысанның жедел-техникалық байқау хаттамасы;
спорт ғимаратының ақпараттық қызметіне арналған мәтіндер.