3. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындық
пен оны өткізуге тікелей қатысатын ұйымдарға
қойылатын талаптар 14. Іс-шараларды өткізетін ұйымдар:
1) облыстық (қалалық, аудандық) жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізудің орындары мен мерзімдерін келісу:
кешенді бұқаралық-спорттық іс-шараларды - 1 жылға;
халықаралық жарыстарды - 6 ай ішінде;
республикалық жарыстарды - 3 ай ішінде;
облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын келісуді;
2) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізілетін спорт ғимараттарында бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу туралы қоғамдық тәртіпті іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі шаралар көрсетілген спорттық-техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламентті, басқа да арнайы талаптарды кешенді бұқаралық-спорттық іс-шараларды - 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады;
3) іс-шараларға қатысушыларды, төрешілерді, көмекші қызметкерлерді (олардың ғимаратта техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін білуі және сақтауы) дайындауды;
4) спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды өткізу Ережесін орындауды, төрешілер алқасы мен көмекші қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін атқаруын;
5) жарысқа қатысушылардың уақытылы келуін, олардың жарыстардың өткізілу ережесін, қоғамдық тәртіп нормаларын, спорттық киімде эстетикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
15. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізілетін спорттық ғимараттардың ұйымдары:
1) объектілердегі инженерлік жүйелер мен хабарлау жүйелерінің, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенімділігін, іс-шараны өткізу кезінде ілінбелі құлыпты қолданбауды, жеңіл ашылып шығу-кіруді (есіктерді, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетуші адамдардың болуын, олардың қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес сатылған билет, соның ішінде автокөлікке берілген рұқсат қағаз туралы ақпараттарды және іс-қимылын бақылауды;
2) іс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшін орындарды, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін, қызметшілерді, көпшілік қолданатын орындарды, үй-жайларды арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртібін, өрт сөндіру құралдарының дайындығын;
3) спорттық іс-шараларды өткізуден екі күн бұрын ішкі істер және өрт қауіпсіздігі мемлекеттік органдарына алда өтетін іс-шараға келетін көрермендердің болжамды саны туралы ақпарат беруді;
4) көрермендермен, әсіресе, жастар және жасөспірімдермен тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын, тәртіп және өрт қауіпсіздігі үгіттерін жүргізу, осы ретте көрнекі үгіт-насихатты, жергілікті радиотарату желісін пайдаланады;
5) өрт қауіпсіздігі мемлекеттік органдарының міндетті келісімімен су құбырына орналастырылған өрт техникасын орналастыруды;
6) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркін кіруді және жақындауды;
7) спорт ғимараттарында (көрнекі жерлерде) қауіпсіздік белгілерін, көрсеткіштерді, көрермендер тәртібі ережелері мен плакаттар, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын ілуді;
8) спорттық-техникалық құрал-жабдықтардың жарысты өткізу ережелеріне сәйкес келуін, олардың функционалдық және табельдік белгісінің жарамдылығын;
9) көрермендер мен қатысушыларды іс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртібін функционалдық және табельдік белгісімен;
10) бұқаралық-спорттық іс-шараларға билеттер таратуды;
11) бақылау-өткізілім тәртібімен қатысушылар және көрермендерді ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;
12) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бірлесе отырып, сондай-ақ көлік қозғалысы мен тұрақты, киім шешу, сақтау бөлмелерімен қамтамасыз етеді.
16. Орны, трибуналары және секторлары көрсетілмеген кіру билеттерін сатуға және өту қағаздарын беруге, сонымен бірге көрсетілген нормадан асып кеткен билеттерді таратуға рұқсат етілмейді.
17. Мемлекеттік ішкі істер органдары:
1) бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен қажетті күштердің болуын, спорт шараларын өткізу күні көрермендердің болжамалы саны мен нақты жағдайы туралы ақпараттан кейін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды қабылдауды;
2) билеттерді сату кезінде касса маңында және спорттық ғимараттар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды;
3) ойындар өтетін орындарға, трибуналарға көрермендер мен қатысушылардың белгіленген тәртіпке сай (ойындар ұйымдастырушысы мен спорт құрылымы әкімшілігімен келісе отырып) қауіпсіз өтуін;
4) спорт орындарына мас адамдарды жібермеу, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді, шыны ыдыстардағы сусындарды, жарылғыш заттар мен қаруды салуға мүмкін болатын қапшықтарды, портфельдер мен басқа да заттарды спорт ғимараттарында өткізбеуге әкімшіліктің ықпал етуін;
5) көрермендердің ұйымдасқан түрде ішке енуін және трибуналар мен басқа да жайғасатын жерлерге орналасуын іске асыруда спорт ғимараттарының бақылау-тәртіп қызметі мен әкімшілігіне жәрдем көрсетуді;
6) спорт ғимараттарының трибуналарында және оған жақын жерлерде қоғамдық тәртіптің, көрермендердің тәртіп ережелерін сақтауын;
7) көрермендерді трибуналардан және соның аумағынан шығару, сонымен бірге қоғамдық көліктерге отырғызу процестерін басқаруды спорттық ғимараттың тиісті қызметімен бірге жүргізуді;
8) эвакуациялау жолдарының және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді.
18. Мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары:
1) бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде өрт бөлімдеріне (есеппен) өрт техникасымен кезекшілік атқаруды;
2) бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде қажетті күш пен техниканың болуы, спорттық іс-шараны өткізетін күні көрермендердің болжамды саны мен нақты жағдай туралы ақпаратты ескере отырып, өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша басқа да қосымша шаралар қабылдауды;
3) өртке қарсы ішкі және сыртқы сумен қамтамасыз ету жағдайын бақылауды, эвакуациялау жолдарын, байланыс және хабарлау құралдарын, спорт ғимараттарына кіру мен жақындауды, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуын, көрнекі үгіт пен насихатты;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі жағдайындағы және адам өліміне қауіп төндіретін, жеке бөлмелер мен учаскелерді эвакуациялауға тыйым салуды, тоқтатуды;
5) спорттық ғимараттардың қызметтерімен сәйкес спорттық ғимараттан, сондай-ақ оған қатысты аумақтан қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау процесін бірге басқаруды қамтамасыз етеді.