Халықаралық студенттік ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата03.01.2017
өлшемі2,19 Mb.
#1100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Әдебиет
 
1.
 
Бәкір  Ә.Қ. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары. 
Астана, 2008. – 154 б. 
2.
 
Шоқай М. Таңдамалы шығармалар жинағы. І том. Алматы, 2007. –512 б. 
3.
 
Шоқай М. Таңдамалы шығармалар жинағы. ІІ том. Алматы, 2007. –520 б. 
 
 
МҰСТАФА ШОҚАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАДА ЖАСАҒАН ҚЫЗМЕТІ 
 
Сейдазым Д., ҚазГЗУ 1 курс студенті, Астана қ. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., аға оқытушы Нұрбаев Ж.Е. 
 
Елбасы  Н.Назарбаев:  “Ұлы  тұлғаларын  білмейінше,  бірде-бір  дәуірді  дұрыстап 
тану  мүмкін  емес.  Адам  тарихының  айнасынан  біз  тарих  көшінің  жүрісін  ғана  аңдап 
қоймаймыз,  оның  рухын,  тынысын  сезінеміз.  Сондықтан  халқы  мен  елінің  алдындағы 
өздерінің  перзенттік  парызын  айқын  да  анық  түсінген,  қандай  да  қиын-қыстау  жағдайда 
оны  адал  орындаудан  жалтармаған  адамдар  қай  дәуірде  өмір  сүрсе  де,  дәйім  жұртының 
азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар 
мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш 

 
16 
қозғалысының  төл  перзенті,  Алаш  идеялары  мен  мұраттары  аясында  қанаттанған,  қазақ, 
өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы 
мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға 
түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-
мұсылмандық  қозғалыстың,  екінші  жағынан  “батысшылдар”  демократиялық-либералдық 
қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді. 
Ақпан  төнкерісіне  дейін  Алаш  қошбасшысы  А.Бөкейханмен  бірге  Ресей 
Мемлекеттік  Думасының  мұсылман  фракциясында  хатшы  қызметін  атқарады.  1916 
жылгы  дүрбелен  кезінде  Туркістан  жане  жалпы  қазақ  жеріндегі  бассыздыктарды 
әшкерелеп,  Мемлекеттік  Думага  арнайы  құжатты  мәліметтер  ұсынады.  Сөйтіп,  осыған 
байланысты  комиссия  құруга  себепші  болады.  1917  жылы  төңкерістер  түсында  мықты 
Туркістан мемлекетін көру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. ХХ 
ғасырдың басында Ресейде жаңа кезең басталды. Әсіресе, саяси өмірде. Қоғамды баурай 
бастаған  революциялық  қозғалысты,  наразылықты  тежеу,  елді,  жалпы,  қамтыған 
энтузиазмды  басқа  арнаға  бұру  арқылы  патшалық  билік  жаңа  әдіс-айлаға  көше  бастады. 
Мысалы,  1905  жылғы  қанды  жексенбіден  кейін  патшалық  билік  елде  демократиялық 
еркіндікті  кеңейту,  бұқараның  пікірін  білу,  халыққа  еркін  пікір  білдіру  құқын  беруге 
әрекет  ете  бастады.  Солайша,  патша  Ресейде  мемлекеттік  Думаны,  яғни  Ресей 
парламентінің  шақырылатындығын  хабарлады.    Империя  өміріндегі  осындай  үрдіс 
қазақтың  да  құлағына  жетті.  Осы  кезде  Әлихан  Бөкейханов  бастаған  зиялылар  саяси 
өмірге  белсене  араласа  бастады.  Әрине,  қазақ  зиялыларының  әрекеті  бұдан  бұрын-ақ 
басталып  кеткен  болатын.  Бұл,  әсіресе,  олардың  кітап  шығару,  ағартушылық  іспен 
айналысқан  кезеңінен  басталды.  Бірақ  1905  жыл  жалпы  Ресей  империясы,  оның  ішінде 
қазақ  халқының  өміріндегі  жаңа  кезең  болғанын  атап  өту  керек.  Бұл  жөнінен  Әлихан 
Бөкейханов  өзінің  депутаттар  сайлауға  байланысты  жазған  естеліктерінде  «Қазақ 
зиялылары үшін, қазақ саяси тобы үшін осы 1905 жыл жаңа кезең болғандығы ақиқат» деп 
жазды. Солайша 1905 жылы ел жайлауға шыққан кейін Қазақстанның түрлі аймақтарында 
патшаға арыз-тілек айту процесі басталып кетті. Ол туралы Ә. Бөкейханов 1905 жылдың 
жазын  «арыз-тілек  айту,  петиция  жасау  жазы»  деп  атады.  Жетісу  аймағында,  Солтүстік, 
Орталық,  Шығыс  және  Батыс  Қазақстан  аймағының  түкпір-түкпірінде,  жайлаудағы 
жәрмеңкелерде  қазақ  зиялылары  орыс  үкіметіне  өздерінің  арыз-тілектерін  білдіріп, 
құжаттар  жолдап  отырды    Арыз-тілек,  петицияда  қазақ  қоғамына  ортақ  проблемалар 
көтерілді    Әрине,  ең  алдымен,  ауызға  алынғаны  жер  мәселесі.  Арыз-тілек  иелері  ХІХ 
ғасырдың  соңына  қарай  сипат  алған  қоныс  аударуға  қарсылық  көрсетті.  Әсіресе,  қазақ 
жеріне  дендей  еніп  келе  жатқан  орыс  переселендерінің  толқынын  тоқтатуды  талап  етті.   
Өйткені,  бұл  кезде,  ХХ  ғасырдың  1905-06  жылдары  Қазақстанның  әрбір  өңірінде 
облыстық, уездік переселен мекемелері ашыла бастады. Олар қазақтың жарамды жерлерін 
алып, ішкі Ресейден келген қоныс аударушыларға беру ісімен айналысты. Яғни бұл кезде 
қазақтың жарамды жерлерден біржола айырылып қалу қаупі туды. «Сондықтан патшалық 
билікке жер мәселесін оң шешуді алға тарту табиғи нәрсе еді» деп бағлады тарихшы.200 
жылдан  бері  отаршылдық  қамыты  мойнын  әбден  тоздырған  қазақтың  саяси  мәселелерге 
араласу  құбылысы  қарқын  алды.  Мәселен,  1891  жылы  қабылданған  «Қазақ  даласын 
басқару»  ережесінің  17-бабы  саясатпен  айналысқан  қазақ  зиялыларына  өте  ауыр  тиді. 
Жергілікті жерлердегі басшылық уысында болған генерал-губернаторлар Ресей үкіметінің 
басқару жүйесіне қарсылық танытқан қазақ зиялыларын ешқандай сотсыз, сұраусыз басқа 
жерлерге  5  жылға  жер  аудару  құқын  иемденді.  Жалпы  қазақ  қоғамында  патшалық 
биліктің мүддесіне озбырлыққа, жөнсіздікке кең жол ашып берді. Қазақ зиияллары «Қазақ 
даласын  басқарудағы»17-бапты  өзгертуді  талап  етті.  Көтерілген  арыз-тілектердің 
қатарында  ең  өзектісі  ағарту  мәселесі  еді.  Патшалық  режимнің  қатал,  тар  болғандығы 
соншалық,  қазақтар  мектеп  ашу  үшін,  мешіт  салуға  міндетті  түрде  жергілікті  орыс 
билігінен  рұқсат  алуға  тиіс  болды.  Әрі  орыс  билігі  дін  мәселесіне  шектеу  қойды.  Тіпті 
қазақтарды топ-тобымен христиан дініне өтуге мәжбүрледі. Соған жағдай туғызды. Түрлі 
экономикалық-саяси  тетіктерді  пайдаланды.  Қазақ  балаларына  еркін,  жүйелі  түрде  білім 
алуға  кедергі  жасап  бақты.  Қазақ  тілінде  білім  беретін  мектептер  ашылмады. 

 
17 
Ашылғандары  –  орыс-түзем  мектебі  деп  аталды.  Оларда  сабақ  негізінен,  орыс  тілінде 
жүріп,  қазақ  балалары  өз  ана  тілінде  замана  талабына  сай  білім  ала  алмады.  Білім 
жүйесінің қалыптаспауы мен түрлі шектеулерге байланысты қазақ балаларының көпшілігі 
сауатсыз  болды,  яғни  жазу-сызу  білмеді.  Қазақ  қоғамындағы  саяси  билік  түгелдей  орыс 
әкімшілігінің ықпалында болды. Ал қазақ қоғамындағы ең төменгі буын – болыстық билік 
орыс  әкімшілігінің  қолындағы  қолжаулығы  болды.  Орыс  әкімішілігінің  еркін  білдіруші, 
айтқанын орындаушы басқару тетігі болды. Міне елде осындай ахуал орын алып тұрғанда 
арыз-тілектерде  осындай  бағдарламалық  мәселелер  қойылды.  Басқаша  айтқанда,  1905 
жылы  Қазақстанның  түкпір-түкіпірінде  дүнеиеге  келген  арыз-тілектер  болашақ  «Алаш» 
қозғалысының  бағдарламалық  негізі  болатын.  Кейін  1917  жылы  «Алаш»  партиясы 
құрылған  кезде  бұл  партия  өз  бағдарламасында  1905  жылғы  арыз-тілектерде  айтылған 
талаптар  бағдарламаға  негіз  болып  енді.  1906  жылы  бүкіл  Қазақстанда  Мемлекеттік 
Думаға  сайлау  процесі  жүрді.  Алғашқы  мемлекеттік  депутаттардың  қатарында  Әлихан 
Бөкейханов,  Ахмет  Бірімжанов,  Алпысбай  Қалменов  сияқты  депутаттар  болды.  Әрине, 
алғашқы Думаға депутат сайлауда әділетсіздік орын алды. 
Мустафа Шоқайдың Ресей Мемлекеттік Думасындағы жұмысын әр  уақытта сабақ 
алып  отыруымыз  керек.  Соның  бір  нышаны  оқулықтар  мен  оқу  құралдарына  қазақ 
зиялыларының  Мемлекетік  Думасындағы  жұмысын  тиісті  дәрежеде  жазып  қалдыру.  Рас 
ол оқу құралдарында бар. Бірақ оларды жан-жақты танып, бағалау, бағамдау болашақтың 
үлесінде.  Біртіндеп  айтылады.  Тарихта  елеу,  екшеу  деген  болады.  Тарихи  кезеңдерді, 
тарихи  құбылыстарды,  тарихи  тұлғаларды  ашып  көрсету  бірден  бола  қалатын  құбылыс 
емес,  ол  біртіндеп  баяндалатын  болады  Сондықтан,  бұл  жерде  патшалық  билік 
Мемлекеттік Дума арқылы қазақ қоғамында жаңа саяси күштің өмірге келгендігін танып, 
ішін тартқаны анық байқалды. Ол саяси күш қазақ зиялылары болатын. Қазақтың жаңадан 
саяси  сауатты  қалыптасып  келе  жатқан  саяси  элитасының  өсіп  келе  жатқандығын 
танытты. Тіпті бағдарламалық негізде күресе алатын саяси күштің өмірге келгендігін анық 
байқады. 
 
Әдебиет: 
1. Бәкір Ә. Қ. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары. 
1 том. Астана: Сарыарқа, 2008 – 155 б. 
 
 
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫ:ТАРИХ ШЫНДЫҒЫ 
 
Бекенова А.,  Жүніс Жадра  3 және 2 курс студенттері КазГЮУ, Астана қ. 
Ғылыми жетекші:  аға оқытушы  Карсыбаева Қ.А. 
 
Халқына  қалтқысыз  қызмет  еткен  «алыптар  тобының»  көрнекті  өкілі,  ірі  саяси 
қайраткер,  қазақ,  тұтас  түрік  елінің  тәуелсіздігі  жолында  күрес  майданына  шыққан 
М.Шоқайдың  (1886-1941)  өмірінің  соңғы  кезеңі  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде 
Германияның  жазалау  лагерлерінде  тұтқындық  өмір  кешкен  Кеңес  Одағының  соғыс 
тұтқындарының,  оның  ішінде  түркістандық  тұтқындардың  тағдырымен  тығыз 
байланысты.  Түркістан  легионының  құрылу  тарихы  -  бүгінгі  тарих  ғылымындағы  тың 
мәселелердің    бірі.  Бұл  тақырыптың  болашақта  терең  зерттелуі  Мұстафа  Шоқайдың 
фашистер  құрған  Түркістан  легионымен  байланысы  туралы  кеңестік  дәуірде  айтылған 
күмәнді  пікірлерді,  айыптауларды  жоққа  шығарып,  қайраткердің  шетелде  эмиграцияда 
жүрген  кезеңдегі  қоғамдық-саяси  қызметінің  ақиқат  тұстарын  ашып  беріп,  дұрыс 
қорытынды шығаруға мүмкіндік беретіні хақ. 
 
Кеңестік  дәуірде  кеңестік  тұтқындардан  құрылған  Түркістан  легиондарын  құруға 
Мұстафа  Шоқай  қатысты  деп,  оны  елін  сатқан  опасыз  ретінде  қарау  орын  алды.  Бұл 
біржағынан  қарасақ,  қазақ  халқына  өзінің  ұлттық  тәуелсіздігі  үшін  күрескен  белгілі 
қайраткері  туралы  айтуға,  ойлауға  тыйым  салудың  жолы  болғандай.  Осы  мәселеге 
қатысты  біз  М.Шоқайдың  Түркістан  легионын  құрып,  фашистерге  қызмет  етті  деген 

 
18 
пікірді  жоққа  шығаруға,  жалпы  осы  кезеңдегі  қайраткердің  қызметі  туралы  өз 
ойларымызды ортаға салуды жөн көрдік. 
 1941  жылы    М.  Шоқайды  неміс  үкіметі  тұтқындап,  Компиен  лагеріне  қамайды. 
Өзінің үш апталық (22 маусымнан 13 шілдеге дейін) Компьен қамалында болуын Мұстафа 
былай  деп  айтты.  «Бір  сағат  бұрын  маған  радиодан    сөйлеу  туралы  ұсыныс  айтылды, 
әрине,  мен  бас  тарттым,  тұтқындағы  отандастарымды  көрмей  үгіт-насихат 
жүргізбейтінімді айттым. Ол үшін бір күн уақыт берді. Түрлі ұлт өкілдерімен таныстым. 
Мен онда өзімді жасарғандай сезіндім, дәрістерді, Петербордағы студенттік күндерді еске 
алдым.  Бізде  Компьенде  ашық  ауа  астында    тамаша  дәрістер,  саяси  пікірталастар  өтті.  
Мен  де  Түркістан  туралы  баяндама  оқыдым.  Тыңдаушылар  көп  болды,  баяндамаға  риза 
болды,  тағы  оқуымда  өтінді,    мен  күнді  тағайындар  едім,  кенеттен  мені  комендатураға 
шақырып  жатқанын  мәлімдеді,  онда  маған  боссың  деп  айтты.  Мен  алда  тұрған 
түркістандық тұтқындармен кездесуге қатты толқып жүрмін. Біз ортақ тіл табыса аламыз 
ба?» [3, 55]. 
Немістер    оған  кеңестерге  қарсы  бірге  күрес  жүргізуге  ұсыныс  жасайды.  Ол 
ұсыныс  -  кеңес  армиясынан  тұтқынға  түскен  түркістандық  әскерлерден  жасақталған 
«Түркістан  легионына»  жетекшілік  ету  болды.  Сонымен  қатар  М.Шоқай  лагерьде 
жүргенінде  Түркістан  туралы  бір  баяндама  жасайды,  оны  лагердің  неміс  басшылары 
жоғары  бағалап,  оған  кеңестерге  қарсы  мұндай  баяндаманы  радио  арқылы 
түркістандықтарға арнап оқуын сұрайды. Бірақ бұл ұсынысқа М.Шоқай бірден  келіспей, 
олардан неміс концлагерлеріндегі мұсылман тұтқындармен кездесуге рұқсат сұрайды.  
1941  жылы  күзде    кеңестік  тұтқындар  шоғырланған  лагерлерді  аралап, 
тұтқындардың  жағдайын,  көңіл-күйін  байқау  үшін  құрылған  Гайбель  басқарған 
комиссияға  Мұстафа  Шоқаймен  бірге  татар,  өзбек  тағы  басқа  халықтардың 
эмиграциядағы  өкілдері  кіргізіледі.  Бұл  туралы  Мұстафа  Шоқайдың  жары  Мария 
Шоқайдың  «Я пишу  Вам из Ножана»  атты  естелік кітабында былай деп жазылған:  «Бұл 
хатында  Мұстафа  соғыс  тұтқындарының  шегіп  жатқан  азабы  мен  жантөзгісіз  халдерін 
жіктеп, суреттеп жазған болатын. 35 мұсылман тұтқынын сүндеттелгендігі үшін еврейлер 
екен  деп  өлтіргелі  жатқан  жерінен  құтқарып  қалғанын,  аштықтан  тұтқындардың  өз 
жолдастарының жүрегі мен өкпесін жегенін, сақылдаған сары аязда жалаңаш қалпы терең 
құдықтарды паналағандарын, құдықтың қабырғаларын жаңбыр мен қардан қорғану үшін 
қолдарымен  қазғандарын  көріп  шыдай  алмайтынын,  оларға  көмектесе  алмайтын 
болғандықтан одан да өлімді артық санайтынын жазды [3, 58]. Тұтқындардың бұл үрейлі 
жағдайлары  туралы  әкімшілік  орындарына  жазған  хатында  Мұстафа:  «Сіздер  немістер, 
өздеріңізді  Европадағы  ең  мәдениетті  адамдармыз  деп  санайсыздар.  Егер  сіздердің 
мәдениеттеріңіз  менің  көріп  жүргендерім  болса,  онда  мен  сендерге  де  тұтқындардың 
шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер ХХ ғасырда өмір сүре отырып, ХІІІ ғасырда 
Шыңғыс  ханның  жасаған  зұлымдығынан  асырып  жібердіңіздер.  Мәдениетті  халық 
екендіктеріңізді  айтуға  хақыларыңыз  жоқ»-,  депті  және  бұл  хатты  СС  офицерлерінің 
біреуіне  табыс  етіпті»  [4,108.].  Ол  осыдан  кейін  немістерге  қызмет  етуден  бас  тартып, 
рухани  күйзеліске  ұшырайды.  Мұстафа  Шоқай    1941  жылы  27  желтоқсанда  Берлиндегі 
«Виктория»  ауруханасында  құпияға  толы  жағдайда  қайтыс  болады.  Бұл  туралы  Мария 
Шоқай  аталған  естелігінде  Мұстафа  Шоқайдың  сүзектен  емес,  кісі  қолынан 
өлтірілгендігіне сенімділігін білдіреді. 
Мұстафа  Шоқайдың  Түркістан  легионын  құруға  қатыспағандығының  тағы  бір 
дәлелі,  И.  А.  Дугастың  айтуынша  ұлттық  легиондар  құру  туралы  құпия  бұйрық  1941 
жылы  30  желтоқсанда  берілген  (бұл  кезде  Шоқай  қайтыс  болған  еді).  Осы  бұйрық 
бойынша  тұтқындардан  үш  легион-грузин,  армян  және  Кавказ  мұсылмандарының 
легиондары  құрылуға  тиісті  болған.  Содан  үшеу  емес,  алты  бөлім-грузин,  армян, 
әзірбайжан,  Солтүстік  Кавказ,  Еділ  татарлары  және  Түркістан  легиондары  құрылған  [4, 
54].  Зерттеуші  Бақыт  Садыкованың  «История  Туркестанского  легиона  в  документах» 
деген құнды еңбегінде  Шығыс легиондар әскери қимылдарға қатысқан. Кем дегенде алты 
түркістандық, үш солтүстік кавказдық, бес әзірбайжандық, төрт грузиндік және екі армян 
батальоны  1942-1943  жж.  неміс  армиясының  Кавказға  шабуылына  қатысқандығы 

 
19 
жазылған. Кей кезде түркістандық легиондардың Францияда ғана емес, Европаның басқа 
да елдерінде партизандық қозғалыстар жағына шыққан кездер де болған. Соғыс аяқталған 
соң  бұрынғы  легионерлер  отанына  қайтарылғанда,  Кеңес  Одағында  олардың  қатаң 
қуғынға  ұшырағандығы  айтылады.  [4,81-86].
  Мұстафа  Шоқай  қайтыс  болар  алдында 
тұтқын  лагерьлерін  аралаған  кезде,  нацистік  Алмания  басшылығына  түркістандық 
жастарды  соғыс  шептеріне  жіберудің  орнына,  оқуға  жіберілуі  көбірек  тиімді  болатынын 
айтып,  оны  жазбаша  жолдаған  болатын.  Мұстафаның  өзі  соғысқа  жаны  қарсы  еді.  Ол 
сонымен  қатар  Гитлерге  де,  оның  нацистік  партиясы  мен  фашистік  идеологиясына  да 
қарсы болған тұлға. Оны Мұстафаның соғыс қарсаңында «Прометей» журналында жарық 
көрген  мақалаларынан  айқын  аңдауға  болады.  Ол  тұтқын  лагерьлерін  аралап  жүрген 
кездің өзінде, егер нацистер Кеңес Одағын жеңіп, Орталық Азияны қолға түсіретін болса, 
оны  большевиктерден  де  әрмен  талан-таражға  салатынын  біліп  жүргені  байқалады.  Ол 
Түркістан  легионы  жобасынан  бас  тартып,  Парижге  қайтар  алдында,  Берлинде  дүние 
салды.  Қорыта  айтқанда,  Мұстафа  Шоқай  Түркістан  легионы  жобасымен  келіспей, 
нацистерге көмек беруден бас тартқаны үшін құрбан болды. Алайда ең өкініштісі, осының 
бәріне  қарамастан,  кеңестік  үгіт-насихат  құралдары,  оның  фашистермен  бірге  істескен 
сатқын ретінде көрсетуге тырысып, жала жабумен болды. 
 М.Шоқайдың  Түркістан  легионының  құрылуына  қатысы  жоқтығына  тағы  бір 
пікірді  белгілі  отандық  шоқайтанушы  ғалым  Дархан  Қыдырәлінің  көрсетуі  бойынша, 
Мұстафа  Шоқайдың  және  большевиктерден  теперіш  көріп  шет  ел  асқан  эмиграциядағы 
түрлі  ұлт  жетекшілерінің  ұйытқы  болуымен  құрылган  «Прометей»  қозғалысы  фашизмге 
әу  бастан  күмәнмен  қарап,  дүниежүзілік  соғыс  өртінің  тұтанып  кетуіне  әрдайым 
алаңдаушылық  білдіретін  еді.  Расында,  1939  жылы  қыркүйек  айында  фашистік 
Алманияның  Польшаға  басып  кіруімен  бірге,  осы  «Прометей»  қозғалысы  ең  маңызды 
қолдаушысынан  айрылды.  Өйткені,  Кеңестік  жүйеге  қарсы  күресіп  жүрген  ұлт  өкілдері 
маршал  Пильсудский  кезеңінен  бастап  Польша  үкіметіне  арқа  сүйейтін  еді.  Ал,  1940 
жылы  неміс  әскерлерінің  Парижге  басып  кіруімен  бірге  қозғалыс  мүшелері  мүлде 
қорғансыз  қалып,  ресми  басылымдары  да  жабылып  қалды.  Польшаның  басып  алынуы 
және  оның  Алмания  мен  Кеңестер  Одағы  тарапынан  бөліске  түсуі,  оның  үстіне,  Алман-
Кеңес  басқыншылық  келісімі  «Прометейшілдердің»  арманын  көкке  ұшырды.  Осы 
кезеңде:  «Гитлер  де,  Сталин  де  залым.  Бірі  –әсіре  ұлтшыл,  ал  екіншісі  — 
интернационалист болып көрінгеніне қарамастан, екеуінің де саясаты мен залымдығы тең 
дәрежеде»-, деп жазған Мұстафа Шоқай өзінің пікірлес достары украиндық А. Шульгин, 
кавказдық  Мир  Якуб  Мехтиев  және  грузиндердің  көсемі  Ное  Жорданиямен  бірге  шет 
елдердегі  барлық  отандастарын  Алман-Кеңес  коалициясына  қарсы  бірігіп,  қарсы  тұруға 
шақырды.  Сонымен  қатар,  Мұстафа  Шоқай  белсенді  автор  болған  «Прометей» 
журналының 1940 жылы сәуір айында шыққан соңғы саны финдердің кеңес әскерлеріне 
қарсы  қаһарманша  табандылық  танытуынан  қанаттанып,  оқырмандарын  «оба  мен 
тырысқақ»  арасында  таңдау  жасамауға  үндеді  [5,  75].  Мұндағы  адамзатқа  апат  әкелетін 
індет аурулардың аттары екі империяға қаратылып айтылып тұрғаны белгілі болса керек. 
Осылайша,  Мұстафа  Шоқай  ұлт  шындығын  жоққа  шығарғысы  келетін  большевиктік 
билікке  қаншалықты  қарсы  болса,  әлемде  тек  бір  ғана  ұлттың  үстемдігін  қалайтын 
фашизмге  де  соншалықты  қарсы  екенін  қаймықпай,  ресми  түрде  мәлімдеді.  Өйткені, 
жұбайының жазбаларына сенсек, нашар ұлттар емес, жаман адамдар болатынын айтатын 
ол,  барлық  ұлттардың  терезесі  тең  дәрежеде  өмір  сүруін  қалайтын  еді.  Сонымен  қатар, 
ұлы  тұлғаға  лайықты  жар  бола  білген  Мария  Шоқайдың  естеліктерінде  Мұстафаның 
мейлінше  мейірімді  және  соғыс  атаулыға  қарсы  екені  сипатталып  жазылған.  Фашистер 
жаулап  алғанда  Парижде  болған  Мұстафа  Шоқайға  сол  кездері  Берлинде  тұратын  және 
гестапоға  жұмыс  жасайтын  Уәли  Қаюм  келіп,  әңгімелеседі.  Алайда,  шақырылмаған 
қонақты  жақтырмай,  әңгімеден  мейлінше  тартыншақтаған  Шоқай,  Қаюмды,  тіпті,  шайға 
да  шақырмастан  шығарып  салады.  Бұл-Шоқай  мен  Қаюмның  алғашқы  кездесуі  еді. 
Өйткені, бір хат жазғаны болмаса, Уәли Қаюм Берлинде тұрғанына қарамастан осы қалада 
шығатын  «Яш  Түркістан»  журналымен,  оның  бас  редакторы  Шоқаймен  және  басқа  да 
түркістандық шәкірттермен араласпайтын еді. Осы оқиғадан екі аптадан кейін, яғни 1940 

 
20 
жылы сәуір айында тағы келген Уәли Қаюм бұл жолы Шоқайды Берлинге шақырады. Бұл 
жолы  да  қонағына  ыңғай  бермеген  Шоқай,  тек  ықтият  үшін  әйгілі  түрколог,  профессор 
Герхард  фон  Мендемен  хат  алысқаннан  кейін  ғана  ықтиярсыз  болғандықтан,  Берлинге 
баруға  бел  байлайды.  Берлинде  Кеңестер  Одағы,  оның  әскери  қуаты  сияқты  сұрақтар 
сұраған қызметкерлерге өзінің тек Түркістан аймағының жай-күйімен ғана таныс екенін, 
өзге  жайттардан  хабары  жоқ  екенін  айтып,  жауап  береді.  Осылайша,  ол  бір  аптаның 
ішінде  Парижге  қайтып  кетеді.  Қағаз  бетіне  түскен  бұл  деректерден  М.  Шоқайдың 
фашистік  билікке  бүйрегі  бұрмайтынын,  онымен  байланысқысы  келмейтінін  және  арада 
жүрген Уәли Қаюмды жақтырмайтынын айқын аңғаруға болады. 
Қорыта  келе,  алаштың  ардақтысы,  көреген  саясаткер-Мұстафа  Шоқай  қазақ  елінің, 
түркі тектес халықтардың бостандығы жолында күрес жүргізген қайраткер ғана емес, өте 
сауатты,  әлемдегі  саяси  жағдайларға  биік  деңгейде    сараптама  жасап,  халықаралық 
жағдайдың қилы бетбұрыстарын көрегендікпен болжай алатын сарабдал саясатшы болған. 
Мұстафа Шоқайдың Түркістан легионының құрылу тарихына қатысты көзқарастарын, сол 
кезеңдегі  атқарған қызметін тереңнен зерттеп, ақ-қарасын ажырату  болашақта қайраткер 
тұлғасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берері анық. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Көкебаева  Г.  Мұстафа  Шоқай  және  Түркістандық  соғыс  тұтқындары.//Қазақ 
тарихы.- 1997.-№2. -  27-б. 
2.
 
Алдабек  Н.  Мұстафа  Шоқай-халықаралық  саясат  сарапшысы.//ҚазҰУ 
хабаршысы  -  Халықаралық  қатынастар  және  халықаралық  құқық  сериясы.  2005.  -  №1.  -  
54-б. 
3.
 
Чокай М. Я пишу Вам из Ножана.- Алматы: «Қайнар».-2001.-С. 181 
4.
 
Садыкова Б. История Туркестанского легиона в документах.-Алма-Ата: Қайнар. 
- 2002. - С.81-86. 
5.
 
Қыдырәлі Д. Мұстафа көтерілген шың. //Жалын. - №8. - 2004. -  74-85 б. 
 
 
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК 
 
Алшынбеков Е., КазГЮУ 2 курс студенті, Астана қ. 
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.м., аға оқытушы Тлебалдиева М.Д. 
 
Қазақтың  тұңғыш  ұлы  ғалымы  Шоқан  Уалиханов  өзінің  әйгілі  шығармаларының 
бірі-“Сот  реформасы  жайындағы  жазбасында”“қандай  даму  сатысында  тұрса  да, 
халықтың  қалыпты  өсуі  қажет  нәрселер:  өздігінен  даму,  өздігінен  қорғану,  өзін-өзі 
басқару….” деген еді  [1,103].  Алайда ол кезде мұны “тәуелсіздік” ұғымы деп түсінетін, 
оны асқақ идея деп көтерген де ешкім болған жоқ. Заманы туғанда оны әуелі  патшалық 
отаршылдықтан  құтылудың  идеясы  ретінде,  сонан  соң  кеңестік  қыспақтан  құтылудың, 
азаттықтың  бірден-бір  жолы  деа  Алаш  жетекшілері  асқақ  ту  етіп  көтерді.  Бірақ  олар 
армандарына  жете  алмады.  Дегенмен  олардың  әркез  халқым  деп  соққан  жүректерінде 
тәуелсіздікке деген сенім оты өшпей қалды. Күндердің күнінде елі азаттық алып, әлемдегі 
қауымдастықтан өз орнына ие болатынына олар әсте күмәнданған емес. 
           Көреген  саясаткер  Мұстафа  Шоқай  1930  жылғы  “Түркістан  ақындарынан”  атты 
мақаласында “Біз құл болып тұра алмаймыз. Біз ұлт азаттығымызды аламыз” деген асыл 
арманы  араға  алпыс  жыл  салып  жүзеге  асты.  1991  жылғы  16  желтоқсанда  жарияланған 
“Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі  туралы”  Конституциялық  заңда  “Қазақстан 
Республикасы-тәуелсіз, демократиялық және халықтық мемлекет. Ол өз территориясында 
өкімет  билігін  толық  иеленеді,  өзінің  ішкі  және  сыртқы  саясатын  дербес  белгілеп, 
жүргізеді”  деген  қағидалар  тайға  таңба  басқандай  айқын  жазылды.Сөйтіп,  тағдыр 
Тәуелсіздікті  патшалық  Ресей  кезіндегі  отаршылдықтың  ойраны  мен  кешегі  кеңестік 

 
21 
қыспақтың бар қиыншылығы иығына түскен,соңғы үш жүз жылдай аңсаған арманы, қол 
созған қиялы болып келген халқымызға тарту етті [2,218]. 
Болашақ  саясаткердің  өмірінде  оның  Петербургте  оқыған,  қызмет  атқарған 
жылдары  ерекше  рөл  атқарды.  Ең  алдымен  ол  терең  білім  алды,  сонан  соң  орыс 
қауымындағы  демократиялық  үрдістерді  бойына  сіңірді.  Оның  әлеуметтік-саяси 
санасының  өсе  түсуіне  және  қоғамдық  күрес  сахнасына  шығуына  Ресейдің  орталық 
аудандарында  бірінші  орыс  революциясынан  кейін  құрылған  саяси  партиялар  мен 
қозғалыстардың 
бағдарламалары, 
орыстың 
революциялық-демократиялық 
және 
либералистiк зиялы қауымы игі әсер етеді. 
Мұстафа  Шоқай  1933  жылғы  “Есімдегілерден...  (Ресейдегі  түрік  студенттер 
өмірінен)  атты  мақаласында  “Мен  Ресейді  реакция  жайлаған,  жоғары  оқу  орындары, 
әсіресе,  университеттер  тікелей  полицияның  бақылауына  алынған  1910-1914  жылдары 
Петербург  университетінде  оқып  жүрген  болатынмын.  Жағдайдың  сондайлығына 
қарамастан,  біз,  студенттер,  саяси  бой  көрсетулерге  шығатынбыз.  Үкіметке  қарсы 
шешімдер  қабылдап,  көшелерде  демонстрациялар  жасайтынбыз”  деп  жазуы  өзінің 
студенттер  арасындағы  саяси  қозғалыстар  ортасында  болғандығын  айғақтайды.  Өзіндік 
ой-пікірдің  көріністерін  құрамында  өзі  де  бар  бір  топ  студенттердің  1913  жылдан  шыға 
бастаған  «Қазақ»  газетіне  жолдаған  құттықтау  хаттарынан  да  аңғаруға  болады.  Олар 
Орынборда  шықпақшы  болып  жатқан  "Қазақ"  газетінің  «қадамы  қайырлы,  бауы  берік, 
өмір жасы ұзақ болып, мақсұтқа жетпегіне тілектестіктерін» білдіре отырып, қазақ жұрты 
үшін  аса  маңызды  екі  мәселені  көтереді.  Оның  бірі  –  "Қазақ"газетін  «бір  жағадан  бас 
шығарып,  бір  ауыздан  сөз  шығарып»,  «мұңды  жұртымыздың  мұңдасып,  бірінің  хал-
жайын  бірі  біліп  тұруына  да  жәрдемдесу».  Екіншісі  -  «бір  нәрсе  жазғанда  басқа  әріп, 
фарсы,  ноғай  қарындастарымыздың  (қандас,  туыс  деген  мағынада  –  Ә.Б.)  сөздерін; 
орысша  оқығандарымыз  орыс,  яки  басқа  Еуропа  жұртының  тілдерін  орынсыз  көп 
кірістірмей,  өзіміздің  қазақтың  нағыз  қара  тілімен  жазу».  Осыларды  оқи  отырып, 
мемлекеттік  мәртебеге  ие  болғанына  ширек  ғасырдан  асса  да,  ана  тіліміздің  тәуелсіз 
еліміздің  төріне  шыға  алмай  отырғаны  еріксіз  ойландырады.  Сондай-ақ  Петерборда 
оқитын түркі халықтарының бір топ жастарының (ішінде Мұстафа Шоқай да бар  – Ә.Б.) 
екінші бір топтың патшаға жағымды діни ұйым құрғандарына қарсы шығып, “«Сиратель-
Мустаким» 
және 
Петроградтың 
оқушы 
жастары. 
«Сиратель-Мустаким» 
жақтаушыларының  жаңа  әрекеттері  туралы»  үндеу  қабылдаулары,  діннің  тазалығын 
мәселе етіп көтереді. Бұл хаттардың мазмұны болашаққа бағдарлар болатын. 
Петербургтегі кезеңнің Мұстафа Шоқай үшін тағы бір тағылымды жағы өз халқын 
азат ету басқа да түркі тектес езілген халықтарды патша өкіметінің отаршылық саясатына 
қарсы ұйыстырудың нәтижесінде ғана мүмкін екендігін түсіне бастауы болды. Осы таным 
оның  бойында  Әлихан  Бөкейханның  көмегімен  Мемлекеттік  Думаның  Мұсылман 
Фракциясы хатшылығына орналасқаннан кейін күшейе түседі. Кейін азаттық үшін айқын 
күрес жолына түскенде ол Ресейдің езгісіндегі Түркістан өңірінен тыс түркі халықтарын – 
Еділ,  Қырым  татарларын,  Кавказ  халықтарын,  Орал  башқұрттарын  біріктіру  қажет  деп 
есептеп,  ал  шетелде  жүргенде  оның  өзге  аймақтардағы  халықтардың  отарлық  езгіден 
құтылуын да армандауы жайдан-жай емес еді. 
Мұстафа Шоқайдың тәуелсіздік санасын Петербургте оқып, қызмет жасап, осында 
келіп-кетіп  жүрген  отандастары  да  жетілдіре  түсті.  Әсіресе,  1905  жылдан  бастап  қазақ 
халқының ұлт-азаттық қозғалысын басқарған, Мемлекеттік Думаның мүшесі болған, қазақ 
ұлттық «Алаш» партиясының негізін қалаған, оның бағдарламасының авторларының бірі, 
кейін  Алашорда  Үкіметінің  басшысы  болған  Әлихан  Бөкейханның  ерекше  ықпалын 
айтпай  кетуге  болмайды.  1939  жылдары  Мұстафа  Шоқайдың  «Ұлтқа  пайдалы  адам 
болғыңыз  келсе,  бәрінен  бұрын  орыс  өкіметінің  атамекеніміздегі  жер  саясатын  мұқият 
зерттеп  үйренуге  тырысыңыз.  Сізге  не  істеу  керектігін  осы  саясаттың  өзі-ақ  көрсетіп 
береді»  -  деген  ғибратты  ұстаз  сөзін  еске  алуы  тегіннен-тегін  болмаса  керек.  Мұстафа 
Шоқайдың айтуынша, осы кеңестен кейін «мұғажыр мәселесін» бар ынтасымен зерттеген 
ұлттың болашақ зиялылары күндердің күнінде ұлтқа ең үрейлі қауіптің қайдан төнетінін 
ұғынған көрінеді. 

 
22 
Алаш 
жетекшілері 
1917 
жылғы 
Ақпан 
буржуазиялық-демократиялық 
революцияның  нәтижесінде  патшалық  монархияның  тақтан  түсуін  қызу  қолдады. 
Ә.Бөкейхан,  М.Дулатұлы  және  М.Шоқайлар  қол  қойған  «Алаш  ұлына»  атты  сүйінші 
хатта:  «Азаттық  таңы  атты.  Тілекке  құдай  жеткізді.  Күні  кеше  құл  едік,  енді  бұ  күн 
теңелдік.  Қам  көңілде  қаяу  арман  қалған  жоқ.  ...  Россия  қол  астындағы  халықтардың 
бәріне: дін, ұлт, тіл айырмасына қарамай, азаттық әперді» деп жазған болатын. Алайда көп 
ұзамай-ақ  Уақытша  үкіметтің  саяси  әрекетіне  баға  бере  отырып,  Мұстафа  Шоқай  өзінің 
«1917  жыл  естеліктерінен  үзінділер»  деген  туындысында:  «Біз  бұл  тұста  1917  жылғы 
революция ұлттық мемлекет құруымызға мүмкіндік береді деп үміттеніп, сеніп едік. Бұл 
үмітіміз бен сеніміміз ақталмай, алданып қалдық» деп жазған тұғын. 
Сондықтан  Ресейде  қалыптасқан  саяси  жағдайды  ескере  отырып,  Алаш 
жетекшілері бүкіл қазақ халқын біріктіру, оның мұқтаждарын анықтап, шешу үшін жалпы 
қазақ  құрылтайын  ұйымдастыру  жұмыстарына  кірісіп  кетеді.  Содан  1917  жылдың  21-26 
шілде  күндері  Орынбор  қаласында  өткен  Бірінші  Бүкілқазақ  съезі  өтеді.  Белгілі 
себептермен  университетті  мерзімінен  кештеу  болса  да,  ойдағыдай  бітіріп,  елге  оралған 
Мұстафа Шоқай съезге қатысып, қазақтың тұңғыш «Алаш» ұлттық-демократиялық саяси 
партияcының  құру  туралы  шешіміне  дауыс  береді.  Содан  Ташкентке  келгенде  саяси 
қозғалыстың қайнаған қазанына түседі де кетеді. 
1917  жылы  22  қарашада  Ташкентте  өткен  Түркістан  кеңестерінің  өлкелік  съезі 
Қазақстанның  оңтүстік  облыстарындағы  кеңес  өкіметінің  отаршылдық  сипатын  бірден 
танытты.  Съезде  Түркістан  Халық  Комиссарлар  кеңесінің  (өлке  өкіметінің)  құрамына 
жергілікті  халықтардың  бірде-бір  өкілі  сайланбады.  Большевиктердің  өкімет  басына 
келердегі “халықтардың өзін-өзі басқару туралы” уәдесі саналы түрде ұмыт қалдырылды. 
Бұл туралы аймақтық «Бірлік туы» газеті былай деп жазды: «Түркістан аймағында 100-ге 
екеуден  келетін  5  орыс,  оның  бәрі  емес,  оннан  бірі-ақ  келетін  солдат  пен  жұмыскерлер 
мұсылманның бір адамын да ішіне алмай, үкіметті өздерінен ғана сайлап, мұсылмандарды 
адам  санына  алмай,  азар-безер  бастағаны  өзгеріс,  бостандық  дегендерді  естен  шығарып, 
ескі заманнан да таршылық күндер тудырды». 
Бұрыннан  Түркістан  автономиясын  ойластырып  жүрген  Мұстафа  Шоқай  бастаған 
топ  осы  оқиғадан  кейін,  1917  жылы  28  қарашада  Қоқан  қаласында  өткен  аймақ 
мұсылмандарының  IV  Төтенше  съезінде  Түркістан  өлкесіндегі  жергілікті  халықтардың 
саяси  тәуелсіздігін  қамтамасыз  етуді  мұрат  тұтқан,  Түркістан  аймағын  Ресей 
демократиялық  республикасымен  бірлікте,  жұрт  өзін-өзі  басқаруға,  бөлек  жасауға  ерікті 
территориялық  автономия  етіп  жариялайды.  Бұл,  шын  мәнісінде,  Түркістан 
халықтарының саяси, экономикалық және рухани дербестікке ұмтылысының көрінісі еді. 
Бірақ  Мұстафа  Шоқай  автономияны  жүзеге  асырудың  аса  қиын  екендігін,  кадрдың 
жоқтығын,  жалпы  мүмкіндіктің  жетімсіздігін,  әскердің  құрылмағанын  және  тағы  басқа 
толып жатқан жетіспеушіліктердің барлығын съезде сөйлеген сөзінде жан-жақты айтады. 
Дегенмен сол кездегі баспасөз 
материалдарына  қарағанда,  съездің  жұрттың  шын  көңілін,  нақ  тілегін  тап  басқаны  анық 
байқалады. 
Автономия 
жарияланғаннан 
кейін 
іле-шала 
басылған 
Түркістан 
мұсылмандарының  жалпы  съезінің  шешімдері  туралы  «Түркістан  автономиясы»  атты 
редакциялық  мақалада:  «Автономия  иғлан  (жарияланған  –  автор)  болғаны  Түркістан 
барша  шаһарларын  шаһар  халқы  һәм  дала  ұлы  болып  қуаныш  қылып,  манифестация 
жасап,  Түркістан  автономиясына  һәм  сиез  сайлаған  Уақытша  үкіметіне  ант  ішіп,  мойын 
ұсынып жатыр» деп жазылды. 
Алайда  1918  жылғы  18–23  қаңтарда  Ташкентте  өткен  Түркістан  кеңестерінің  IV 
съезі  “Қоқан  автономиясы  үкіметін  заңнан  тыс  деп  жариялап,  оның  басшыларын 
тұтқындау және автономияны тарату” жөнінде қаулы қабылдады. Осыны жүзеге асыруды 
қолға  алған  большевиктер  барлығы  екі  ай  ғана  өмір  сүрген  Қоқан  автономиясын  қанды 
қырғынға ұшыратты. Сөйтіп Мұстафа Шоқайдың өз отанында қалуы қауіпті болды. Кеңес 
өкіметінің  саясатын  бар  жан-тәнімен  жек  көретін,  ондай  бітіспес  жаумен  келісе 
алмайтынына көзі әбден жеткеннен кейін ол эмиграцияға кетуге мәжбүр болады. 

 
23 
Мұстафа  Шоқайға  жат  жердегі  мұғажырлық  (эмиграциялық-автор)  өмірдің 
тауқыметін  тарта  отырып,  ұлтының  азаттығы  үшін  күресін  бір  сәт  толастатқан  емес. 
Айырмасы енді күресті негізінен қалам ұшымен жалғастырды. Сөйтіп қазақ тарихындағы 
азаттық  үшін  күрестің  жаңа  түрі  мен  кезеңі  басталады.  Ол  өзі  тәуелсідік  үшін  күрестің 
стратегиясын  1929  жылы  жазған  «Біздің  жол»  атты  мақаласында  былай  деп  айқындаған 
еді:  «Біз,  Түркістан  тәуелсіздігін  жақтаушылар,  еліміздің  еркі  үшін  және  жұртымыз 
Түркістанның  бодандықтан  құтылуы  үшін  күресеміз.  Түрістандықтарға  бұдан  басқа  жол 
болмаған.  Қазір  де  жоқ  және  бұдан  соң  да  болмайды».  Бұдан  кейінгі  мұрат  Түркістанда 
түрі  жағынан  да,  мазмұны  жағынан  да  ұлттық  болатын  мемлекеттік  құрылымға  қол 
жеткізу  болмақ,  сонда  ғана  халқымыз  өз  жерінің  нағыз  қожасы  бола  алады  деп  атап 
көрсеткен болатын. Осыдан сегіз жыл кейін жазылған «Жауларымыз біздің қызметтеріміз 
туралы  не  айтады?»  атты  мақаласында  «Бұл  -  біздің  ұлттық  мұратымыз,  ұлттық  арман-
мүддеміз.  Біз  тек  осы  идея  ғана  үшін  қызмет  етеміз.  Атамекеніміздің  ішіндегі  және 
сыртындағы  барлық  ұлттық  күштерімізді  осы  идея  төңірегінде  топтастыруға  барынша 
тырысамыз» деп жазды [3]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет