Литература:
1.http: //www.rustrana.ru/article.php/nid…
2.Казахско-русские отношения в XVIII-XIX вв. Cборник документов и материалов.
– А-А.,1964. - С.87.
3.Валиханов Ч.Ч. Абылай. Собр. соч. в пяти томах. Т.4. –А-А: Главная ред.
казахской Советской энциклопедии, 1985. - С.116.
4.Левшин А.И. Указ. книга. - С.254.
5.Абуев К.К. Хан Абылай и государственная независимость Казахстана.
//Материалы Республиканской научно-практической конференции «20 лет независимости
Казахстана: Успехи, проблемы и перспективы». Костанай, 2011.
XVIII ҒАСЫРДЫҢ II-ШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ САЯСИ АХУАЛ
Оразбекова М., А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ
1 курс студенті, Қостанай қаласы
Ғылыми жетекші: т.ғ.к. Ж.А. Шаукенов
Хан Абылайдың елдің елдігі үшін қытай-жонғар арасындағы сыртқы саясатқа
тікелей араласып атқарған мәмлегерлік саясатының тарихына тоқталсақ. XVIII ғасырдың
қырқыншы жылдары Қалдан Церен хұнтайшы қаза тапқаннан кейін жоңғар
нояндарының арасында туылған таққа таласу мен алауыздық Жоңғарияны аса ауыр
жағдайға тап қылғаны тарихта мәлім. Осы жоңғарлар қырқысы жөнінде Н.Мыңжан
«Абылай хан осы орайды пайдаланып, Жоңғардың ішкі ісіне килігіп, үкімет билігіне
таласқан жоңғар феодалдарының біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас
тартысты ушықтырып, оларды әлсірете түсті. Сол арқылы бұрын жоңғарлар тартып алған
қазақ жерлерін қайтарып алып отырды», - деген пікірін білдірді [1]. Ал, Қалдан Цереннің
59
қалған екі ұлы Дауашы мен Әмірсана Лама Доржимен соғысты. Бұл соғыста Лама
Доржидан жеңіліп қалған Дауашы мен Әмірсана қазақ хандығына қашып қеліп,
Абылайды паналады.
Абылайдың көктен сұрағанын жерден беріп, бұл екеуін кұшар жая қарсы алды.
Кезінде қазақ халқын талай қанды зұламаттарға ұшыратқан жоңғар қаскөйлерін хан
Абылайдың кұшақ жая қарсы алуының себептеріне келсек: біріншіден, отқа май құйып,
шиеленісті одан әрі ушықтыра түсу; екіншіден, қазақ халқының жоңғарларда кеткен кегін
қанды жорықтармен емес, қалмақтардың өз қолдарымен қайтару еді; үшіншіден, кезінде
жоңғарлардың қолтығына су бүркіп қазақ даласына айдап салып, осы қалмақ қолдары
арқылы қазақ жеріне өз билігін жүргізуді көксеген қытай билеушілеріне қазақ халқының
оңай шағылар жаңғақ емес екенін көрсету болатын. Абылайдың да бар назары сол
екеуінде. Ол қазір өзінің көптен дайындаған саясатынын жемісін көріп тұрғандай.
Абылайдын бұл жоңғар нояндарымен жақын таныстығына тоқталар болсақ, кейбір
деректерде «Абылай үшін жоңғар тұтқынында болған уақыт із-түссіз кеткен жоқ.
Ол ойрат тілін, жазуын үйренумен қатар, ол елдің ішкі жағдайларымен мұқият
танысып, сонда жүріп жоңғар ханзадалармен кедескен. Хандықтың мықты және осал
тұстарын байқап, өзімен пікірлес адамдар тауып, Дауашы, Әмірсана деген нояндармен
жақсы қарым-қатынас қалыптастырған. Мұнын бәрін кейін өз саясатына мейлінше
пайдалана білгендігі» айтылады [2]. Мұндай мүмкіндіктерді мүлт жібермейтін Абылай
үшін хұнтайшы тағына өзге емес, өз қанатының астындағы нояндардың отыруының
тиімділігі айтпаса да түсінікті. Абылайдың ендігі ойы Лама Доржиды тақтан тайдырып,
осы екеуінің қайсыбірін хұнтайшы тағына отырғызу еді. Мұндағысы Жоңғарияға өз
ықпалын жүргізуді көздеу.
Екіншіден, қазақтардың байырғы атамекені Алтай,Тарбағатай аймақтарын
қайтарып алу еді. Осындай мақсаттармен Дауашы мен Әмірсананың төңірегіне топтасқан
қалмақтың жасағына қазақтың сайдың тасындай іріктелген қолды қосты да «1753 ж.
басында Абылай Лама Доржидың әскери жорығын күтіп отырмай өзі қалың қолды бастап
қалмақ жеріне енді» [3]. Бұл жорықты Абылайдан басқа қазақтың батырлары ғана білген.
Оған себеп, біріншіден, көп қырғын соғыстан қажыған, өзі келіп тиіспесе. Өзге елді
шаппайтын қазақ халқы үшін жат қылық болса, екіншіден, Лама Доржиға хабар жетіп
қоюдан сескенген еді. Осындай шағын құпия жорықтың нәтижесінде «1753 жылы 13-ші
қаңтарда Дауашы хұнтайшы тағына отырды» [4]. Бұл жорық нәтижелі болғанмен,
Абылайдың Жоңғарияға өз ықпалын жүргізуді көздеген мақсаты іске аспады.
Оған себеп-жоңғарлар арасында қайта басталған алауыздық пен таққа таласу. Енді
хұнтайшы тағына отыра алмаған Әмірсана өзінің бұрынғы одақтасы Дауашыға қарсы
шықты. Ойрат тайпалары тағы да аласапыран жағдайға тап болды. Бұл соғыста
Дауашыдан жеңіліп қалған Әмірсана Еженханға (қытай императоры Цянь Лунь) қашып
барып паналады. Әмірсананың бұл әрекетінен өзін емес Еженханды паналауынан)
сескенген Абылай ендігі қауіптің алыстан келетініне ешқандай күмән келтірмеген еді.
Жоңғар еліне төнетін негізгіқауіп қазақ хандығынан емесолардың түбіне жететін ең үлкен
апатшығыстан екенін Әмірсана жақсы түсінбеген. Ол азулы айдаһар Жоңғария мен
Қашқарияны ғана жұтып тоят тапса жақсы, оларды қанағат тұтпай қазақ даласына қол
созатыны тек Абылайға ғана емес, барша қазақ халқына мәлім еді. Сондықтан, әлі де
болса шығысқа қарай ілгерілеп, қазақтың байырғы ата-қоныстарын қайтарып, алда
болатын үлкен саяси дауға сақадай сай тұру қазақ халқы үшін өте қажет болатын. Бұл
арада қазақ хандығы үшін Жоңғарияның өз мемлекетін сақтап тұруы да тиімді еді.
Біріншіден, Шығыстан төнетін қауіп қатерге тосқауыл болса, екіншіден, өзінің
ішіндегі саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыпты етіп, түзетіп алу үшін қажет
еді. Сондықтан да Абылай жоңғар нояндырына алма-кезек қолдау көрсетіп отырған.
Сөйтіп, қазақ хандығының шекаралы аймақтарын кеңейту қамымен Абылай Алтайды
жаудан тазартпақ. Кейбір деректе «X-XII ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон
өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемін алып жатқан. Керейлер туралы
алғашқы мәліметтер XI ғасырдың ширегіне жатады. Олар Тола өзенінің аңғарын Орхон
өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан Шыңғыс хан
60
шапқыншылығы қарсаңында, керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында
үстемдік еткен, монғолдар да олардың қол астында болғаны» жөнінде пікірлер бар [5].
Осындай деректерге қарап, Абылайдың Алтайды азат етуді көздеуінің бекер емес
екенін байқауға болады. Әрине, жоңғарлар қазақ халқы үшін оңай жау болған жоқ. XVIII
ғасырдың басынан орта шеніне дейін жоңғар әскері Орта Азияны тітіркенткен, күші
басым жау болғаны тарихтан белгілі. Мұндай жауды қазақ даласынан ығыстырып шығару
үшін қазақ халқына үлкен ептілік пен шеберлік қажет болмақ. Осы Абылайдың Алтайды
азат етуін. Қ.Жұмаділов шығармасында көрсеткен. «Маусым айының аяқ шенінде Аякөз
өзенінің бойында тоғыз таңбалы найманнан бір түмен қолды бастаған Қаракерей, шілде
айының басын ала Арғынның алты мыңдай қолын бастап Бөгенбай, Малайсары батырлар
келіп жетті. Бұлардың соңын ала бес мың қол мен Керейдің батыры Ер Жәнібек пен батыр
Баян келіп жетті. Дәл осы тұста Қарқарылыдан, қасында бір мың төлеңгіті бар Абылай да
келіп қалып еді» деп көрсетеді [6]. Академик М.Қозыбаев: «Абылайдан болған дәуірдегі
әскер басы болып келген адамдар – Қаракерей Қабанбай, Еспенбет батыр, Керей Жәнібек
батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр және басқалар» [7] - деп, Қ.Жұмаділовтың көрсеткен
батырларын анықтай түседі. Осылайша, шығысқа Алтайды азат етуге аттанған Абылай
қалмақтардан Алтайды азат етіп қана тоқтаған жоқ, жоңғар қақпасы арқылы Бұратолаға
асып түсіп, Дауашының ордасын шапты.
1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып,
бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың
қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскерімен
Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келді. 1756 ж. Абылайдың
бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып,
оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді.
1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң,
қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде
Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп,
Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. 1754-1755 ж. және 1764 ж. қырғыздар
Жетісуда біраз ауылдарды шабады. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз
ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен
қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күн бүгінге дейін сақталып отырған
шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 20-жылында Орта Азия хандықтарына қарсы
тынымсыз күрес жүргізеді. 1765-1767 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен
соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар
иелігіне өтті. Ташкент алым-салық төлеп тұратын болды.
Абылайдың Қытай мен Ресей патшалығына бас имей, дербес, тәуелсіз хан
болғандығы айқын. Ел мүддесі жолында астарлы да айлалы саясат ұстанған сақ саясатшы,
көреген көсем белгілі бір тығырықтан шығу жолында ғана келісімге барып отырған.
Мұны А.И.Левшин бүкпесіз шындық ретінде дәлелдеп береді: «Уверенный в своих
достоинствах, он искусно привлекая к себе приверженцев важностью своею и признавал
себя, смотря по нужде, по подданым русским, то китайским; а на самом деле был
властитель совершенно независимый» [8]. Орыс бодандығынан бойын тартып,
патшаәкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1778 жылы 22
қазанайында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Бұлжағдай Абылай өзінің
алдыңғыата-бабаларындай ешкімге тәуелді болмай, дербес ел болуды мақсат еткенін
аңғартады.
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегей өнер екені баршаға аян.
Оның үстіне ел ұстаған екінің бірі есте қала бермейтін де белгілі ғой. Демек, ақыл
парасатына қажыр-қайраты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғаз,
жүрегі мейірбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Екі ғасырдан астам атақ-
даңқы аңыз-әңгімелер арқылы-ақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, үдеп бара жатқан Абылай
хан осындай мемлекеттік қайраткер болған.
61
Әдебиеттер:
1.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: «Жалын», 1994.
2.Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен. – Алматы, 1994.
3.Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен. – Алматы, 1994.
4.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: «Жалын», 1994.
5.Қазақстан тарихы. 1 т. – Алматы, 1996.
6.Жұмаділов Қ. Дарабоз. 1 т. – Алматы, 1998.
7.Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: «Қазақстан», 1994.
8.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. –
Алматы: «Санат», 1996 г. 254 с.
ҰЛТ ҰСТАЗЫ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ БІР ЖҰМБАҒЫ
Сайфуддинова Г.А. ҚМПИ 3-курс студенті, Қостанай қаласы
Ғылыми жетекші: Қанапина С.Ғ.
Біз Ахмет Байтұрсынұлын лингвист ғалым, әдебиет зерттеушісі, тілші, аудармашы
ретінде білеміз, шығармаларын оқимыз. Бірақ жауабы шешілместей жұмбақ болып тұрған
қыры оның асыл жары Бадрисафа апамыз туралы нақты бір деректің жоқтығы кімде-кімді
ойландыратыны анық.
2009 жылы Қостанай қаласында құрылған «Бадрисафа» экспедициясы аясында
біршама зерттеу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен де қазақ тарихындағы Бадрисафа
апамыздай өмірі өнегелі жандардың өмірдеректері келешек ұрпаққа анық жеткізілгені
дұрыс. Аяулы апамыз жайында әртүрлі жаңсақ пікірлердің болмағаны жөн.
XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес
кезеңі болды. Еліміздің тәуелсіздігінің бізге қалайша нәсіп еткендігі ұрпақтан ұрпаққа
жалғасқан күрестің арқасында екені айдай анық. Осы арада 1988 жылы «қылмысы жоқ»
деп ақталған алты алаштың арысы, ағартушы ғалым, қоғам қайраткері, қазақтың рухани
көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтпау мүмкін емес. Себебі, еліміздің тәуелсіздігін
аңсап, сол үшін күрес жолында құрбандыққа барған үркердей алаш азаматтарының
арасында Ахмет Байтұрсынұлының есімі аса құрметпен тілге алынады. Қазақ
зиялыларының басына дес бермес қара дауылдың келіп, тамырымен қопарған емендей
алдымен Ахметті ұшырып әкеткені бізге белгілі жәйт. «Халық жауы» деген айып
тағылған азаматтардың қай-қайсысының да отбасы да, бала-шағасы да қорлықты
көресідей көрді. Соның ішінде Ахметтің отбасы мен туыстары шеккен зәбірдің жөні
бөлек. Бірақ Ахмет ақталған жылдары оның аяулы жарын тани қойған ешкім жоқ. Ахмет
тартқан азаптан оның асыл жары Бадрисафа да тыс қалмады. Көзінің тірісінде де,
өлгеннен кейін де жолы болмаған Бадрисафа апамыз Ахмет өмірінің ажырамас бөлігі-
оның асыл жары, ниеттес серігі, ол үшін құрбан болған ардақты жан өзінің сүйген жарына
адал болды. Ахметпен қатар олда Томға айдалды, аштық пен суық, жүректі елжіреткен
қорқыныш бәрі қосылып ақырында талма ауруына ұшырады.
Адам жүрегін сыздатар жәйттардың бірі - Ахметке адал жар, мұңдасы мен
сырласы болған Бадрисафаның осы күнге дейін қайда туғаны да, оның өмірдерегі туралы
да нақты деректер аз. Бүгінгі ұрпаққа аяулы Бадрисафа апамыздың өмір деректері де анық
жетпеген. Соңғы жылдарға дейін Бадрисафа өмірінің ақырғы мезеттері қайда өтіп, оның
сүйегінің қай сайда қалғандығы да белгісіз болып келеді. Ахметтің әлі бізге беймәлімдеу
жұмбағы бұл – Бадрисафа. Оның туған жері, болашақ жарына кездесуі, жалпы адамдық
келбет-кескіні, қадір-қасиеті туралы бірнеше нұсқа жазылып жүр, бірақ нақтылық аз.
Өзінің ақыл-ойын да, күрескер қайсар рухын да елінің ертеңіне бағыштаған Ахмет
атамыз өмірі барысында бес рет түрмеге қамалған және екі рет жер аударылып кеткен.
Сондай қиын күндерде Ахметтің жанына жалау болып, ізінен тамақ тасып қамқоршы
болған Бадрисафа апамыз өмірінің соңына дейін өз жарына адал болған.
62
Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалімдік қызметте жүргенде Александра
есімді орыс қызымен танысады. Жас мұғалім Ахмет пен Александра Әулиекөлдің жеті
көлінің бірі Мұғалімкөлдің (Учительское озеро) жағасында кездеседі. Болашақ жас
жұбайлардың бір-біріне деген ыстық махаббаты да осы көлдің жағасынан басталған
көрінеді. Әулиекөл елдімекені-бозбала Ахметтiң балалықпен қоштасып, жігіт болып,
қосағы Александрамен кездескен жерi [1, 32].
Мұғалімдік қызметте жүрген Ахметті нақақтан нақақ «ұлтшыл» деген жаламен
түрмеге отырғызады. Сонда орманшының қызы Александра оны Семейге іздеп барып,
темір тордың артынан табады. Ахметке ізінен тамақ тасып, қамқор болып жүреді. Бұл
жайында академикРабиға Сыздық: «-Ахмет түрмеде жатқанда, тамақ тасып, кiр-қоңын
жуып оған қызмет көрсетедi. Ар-ұяты, адамгершiлiгi зор азамат мұндай
қайырымдылықты, адал көңiлдi аттап кетудi ар санап, түрмеден шыққан соң, сол жетiм
қызға үйленедi. Ол кезде өзге дiндегi әйелмен мұсылманның некесiн киғызу қиын iс
болғандықтан, Александраға Бадрисафа деген мұсылманша ат берiп, татар қызы едi деп
некеге отырады»-деп жазған [2]. Арабшада «бадрун» сөзінің «толық ай», ал «сафа»
сөзінің«кіршіксіз таза»дегенмағынаберетінінбілетінАхметатамызболашақжарына тек
осысұлуесімдіылайықдепсанағанекен.
Ал, Ахмет пен Бадрисафаның тәрбиесінде болған Шолпан Байсалова өз сөзінде
Бадрисафа туралы:«-Көйлегiнiң етегiне бiр белдеу бүрме салатын. Басына ылғи шет-шетiн
суыртпақтап кесте жүргiзген мережкелi ақ бәтес орамал салатын. Орамалы мен көйлегiнiң
омырауына жiбек жiптен өрнек жүргiзiп қоятын iсмер кiсi едi. Бiзге кесте тiгудi, мережке
салуды үйрететiн. Гүлнар екеумiзге (Мiржақыптың қызы) ине-жiптi қалай ұстауды сол
Бадрисафа апам үйреттi»-деген. Сонымен қатар: «-Бал қосып пiсiрген шакшагiн әкем ылғи
мақтап: «Бiздiң Сафа сұлу пiсiрген»,–деп ауызына шымшып салып, шайды сораптап
отыратын. Апам әкемдi қатты сыйлап «Төре» деп отыратын... Төре демалып жатыр... Төре
жазу жазып отыр деп аяғымыздың ұшымен жүргiзiп, үстiне кiргiзе бермейтiн. Өзi де
алдынан кесе-көлденең өтпеушi едi»-деп көңілге қонымды сөздер айтқан [2].
Шолпан апай бір сөзінде:«Әкемдi 1937 жылғы 8 тамызда iшкi iстер наркомының
қызметкерлерi келiп ұстап алып кеттi. Үш күннен кейiн, яғни 11-шi тамызда Бадрисафа
шешемдi ұстады. Шешемдi қамауға алып кеткен кезде мен перзентханада едiм, Болат
есiмдi ұлымды босанып жатқанмын. Әкем мен шешемнiң ең соңғы сапарларын көре
алмадым. Кейiн әкемнiң «атылды» деген қағазын алдым. Шешем туралы ешқандай дерек
жоқ, әлде атып тастады ма, әлде көз көрмес, құлақ естiмес жаққа айдап жiбердi ме,
ешқандай дерегiн бiлмеймiн»-дейді [2].
Қостанайлық жазушы Байтұрсын Ілияс 1998-жі жылы ғұламаның 125 жылдық
мерейтойына орай жарық көрген «Алтын бесік» кітабында Ахметтің жұбайы жөнінде
мынадай деректі оқиғаны баяндайды: «...Нұртаза ақынның баласы, атақты Әбіқай
ақынның туған бауыры Нәуен молда Орынбордан келе жатқан Ахаңды үйіне құрметпен
қарсы алып енгізеді. Бұрыннан Ахаңа іші бұратын, қадір тұтатын, әзіл-қалжыңы жарасқан
достығы
болыпты.
Нәуекең
Ахаңа
әзілін
қыстырып
жібереді:
«-Аха,
мынақасыңыздағытымсымбаттыасылперизатыңыз, өзініңкөзі де әдемікелісті, есімі кім
боларекен?» -дейді. СондаАхаңмүдірместен:
Есімі – Александра Ивановна,
Құдайдың ризамын қиғанына,
Бір кәпірді мұсылман қып сауаптасам,
Тұрмай ма он молданың иманына»-деп жауап қайырған екен [1, 34-б.].
Қорыта келгенде, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының асыл жары, аяулы апамыз
Бадрисафадай жанның өмірдеректері туралы нақты мәліметтердің жоқтығы адам жанына
батады. Бірақ, қазіргі таңда «Бадрисафа» экспедициясының зерттеу жұмыстары
нәтижесінде біршама зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, «Бадрисафа» би
ансамблі құрылды. «Ақ келіннің махаббаты және ажалы» атты қойылым қойылды. Аяулы
апамызға арнап Қостанай облысы Меңдіғара ауданы Қасқат ауылында ескерткіш белгі
орнатылды. Ескерткіш белгінің екі жағына ғалымның жарына арнаған әлгі өлеңінің соңғы
63
екі жолы және «Рух-халықтың жаны. Рухты жан - азамат адам, рухсыз жан - надан,
есалаң» - деген сөздер жазылған.
Еліміздің мұрағаттарынан табылмаған деректерді үш тұғырлы тіл аясында шет
мемлекеттерден іздеп табу-ұрпақ парызы. Біз жастар тарихымыздағы өмірі өнегелі
тұлғалардың өмірін зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізуіміз керек. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев әр сөзінде «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жас
ұрпаққа мол сенім артуда.
Әдебиеттер:
1.
Р.С.Имаханбетова «Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық
ғұмырбаяны», Астана, 2010. 301 бет
2.
«Бадрисафа» экспедициясының мүшелері: Ибрагим Ағытайұлы мен Нәзира
Жәрімбетова ауызынан жазылып алынған мәліметтер.
ХІХ ҒАСЫР АҚЫНДАРЫ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТАРИХИ
ОҚИҒАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Бекмаханбет И.С. 3-курс студенті ҚМПИ, Қостанай қаласы
Ғылыми жетекші: Қанапина С.Ғ.
Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры
терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды білу үшін
көп нәрсе жасаудамыз.
Н.Назарбаев
Қазақ даласына XIX ғасырда келе бастаған жаңа әлеуметтік, экономикалық
кұбылыстарға байланысты көптеген соны сөздердің пайда болуы сияқты процестер жүріп
жатты. Дегенмен бұл процесс әлі де күрт түрде емес, баяу, бірте-бірте өзгеру сипатында
болды. Бұған, біздіңше, екі фактор себеп болды. Бірі — бұрынғы ұғым, зат,
құбылыстардың коғам өмірінен әлі де үзілді-кесілді кетпегендігі. Мысалы, кәдеден қалып
бара жатқан қару-жарақ атаулары мен қазақ коғамының ішкі саяси-әкімшілік құрылысына
қатысты сөздердің көпшілігі XIX ғасырдың I жартысында әлі де актив элементтер түрінде
сақталды. Исатай — Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі ілгергі дәуірлердегі
жауынгерлік мотивтегі әдебиет үлгілерінің тілін әрі карай жалғастыруға мүмкіндік
туғызды. Демек, жаугершілікке қатысты бұрынғы образдар, оларды жасайтын тілдік
құрал-тәсілдер молынан пайдаланылды. Бұл әсіресе жауынгер ақын Махамбетте күшті
сезіледі. Оның тілінде "бұрынғы найза, садақ, сүңгі, жебе, қорамсақ, адырна, сауыт, оқ,
кіреуке, дулыға деген қару-жарақ, сауыт- сайман атаулары да, қол шерік (әскер), ер,
жолдас, азамат («дружинник») аламан сияқты «қару ұстайтындардың» атаулары да өз
мағыналарында еркін жұмсалады. Олар бұрынғыша тұрақты эпитеттермен келіп, образ
жасауға да актив қатысады: алты құлаш ақ найза, толғамалы найза, қималы найза,
қоңыраулы найза; садақ толған сай кез оқ, қызыл сырлы жебе, қозы жауырын оқ, сұр
жебелі оқ т. б.
Бұл кезеңде тек Махамбет емес, жалпы батырлық, жауынгершілік такырыпты да
сөз еткен өзге ақындар да бұрынғы әскери арсеналға жүгінеді. Мысалы, «Еспембет»
поэмасында Дулат та кіреуке, жеңсіз берен, адырна, бадана көз тоғыз тор сауыт, сары
ырғай садақ, найза, семсер, оқ, білтелі сөздерін қолданады. Сонымен қатар, бұларда әскер
сөзі жандана бастайды, ол бұрынгы шерік, қол сөздерінің тепе-тең эквиваленті ретіне жиі
жұмсалады. Бірақ осы атаулар әдебиет үлгілерінде азая береді. Тіпті «мен едім Исатайдық
Шерниязы» деп өткен Шернияз ақында соғысқа, ұрысқа қатысты сөздер әлдеқайда кем
ұшырасады, XIX ғасырдың І жартысындағы аты аталғандардан өзгелерде олар тіпті жоққа
тән.
64
Екінші фактор — әдеби тілдің дамуындағы іліктестік. Мысалы, орда, хандық,
«жұрт» мағынасындағы байтақ, «қазақ халқы» ұғымын білдіретін алаш, «рулас, ағайын»
мәніндегі қарындас, «алыс, шет аймақ» мағынасындағы қырым, «тұтқын» мағынасындағы
жетім, «заңды, заңсыз» семантикасын беретін теңдікті, теңдіксіз, «ұл, бала»
мағынасындағы көбеген, көбек, ұлан, «ойрандалу, жаудан жеңілу» ұғымындағы бүлу,
«қол астындағы халық» мәніндегі астана жұрт, аса жұрт сөздерінің XIX ғасырдың 60—70
жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілінде орын алып келуі — әдеби тіл дәстүрінің жемісі.
Бұл сөздердің барлығы бұрынғы эпитеттерімен, тіркесу модельдермен сақталып, әрдайым
дерлік образ үшін қолданылады Махамбет: Алты сан алаш ат бөліп, Тізгінін берсе
қолыма—десе, алты сан алаш «көпшілік, ел» дегенді білдіріп, тұтас сейлем «қолға ерік
тисе, еркім болса» дегеннің образын жасайды. Шортанбай: Текті құс қарар қырымға—
дегенінде бұрынғы мәтелді қолданып отыр. Дулат: «Ту ұстап, тұлпар мініп, елді аузына
каратпаған адам жігіт пе» деген идеяны білдіру үшін бұрынғы ұлан сөзін қолданады, осы
көне тұлға аркылы экспрессияны күшейтеді, образ жасайды.
Махамбет шығармаларында қазіргі мағыналары күңгірт немесе өзгеше болып
келетін көп қолданылады. Мысалы, қалықпан-құстың атауы, ереуіл-тың ат, толағай-тақыр
бас, қырқарлану-тізбектелу, алаулау-соғысу, ұрысу, маңғыстау-ілгері басу, жүру,
адымдау, қары-туысқан,астана жұрт-бағынышты ел, қарашы-советник,т.б.[1, 143-145б].
Егер XIX ғасырдың І жартысындағы әдеби тілде бір алуан көнерген сөздер
сақталған деген пікір айтсақ, ол осы фактілерге қарап айтылады. Сонымен қатар бұл
кезеңде қоғам өмірін, оның әлеуметтік, экономикалық жай-күйін, өзгеріс-жаңалықтарын
суреттеу
көркем
әдебиеттің
басты
тақырыбы
болғандыктан,
ел
басқару,әкімшілік,әлеуметтік құрылысқа қатысты ұғымдарды атайтын сөздердің
бұрынғылары (мысалы, хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, бек, би, ақ сүйек, қазы,
бай, кедей, төлеңгіт, жатақ, қарашы, қара, қара қазақ, қара жұрт т. б.) сөздерінің
номинатив мағыналарында актив қолданылып, лексика қорына қосыла бастайды.
Айталық, патша сөзі екі түрлі мағынада жұмсалады: бірі — жалпы билеушіні атайды, ол
образ үшін айтылады. Екіншісі — нақты бір әмірші — Россия империясының монархын
атайды.
Біздіңше, қазақ тілінде сайлау, атқамінер, ел пысығы деген сөздер де өткен
ғасырдың орта тұсында пайда болғандар. Сайлау — әкімшілік системасындағы жаңа
тәртіпке сай актінін атауы.Қазақ қоғамының жаңа кезеңіндегі әлеуметтік топтардың
атауларының ішінде 50—70-жылдардағы әдеби айналымда өте активтенген сөздердің бірі
— ұлық. Бұл да қазақ жеріндегі орыс империясының жаңа әкімшілік саясаты мен
құрылысына қатысты терминделе бастаған атау. Бұл сөзбен қазақтардың өз ішінен
шыққан әкімдерін де, Россия әкімшілігінің билеушілерін де атайды: Орыстың көрсе
ұлығын... Жаксы болса ұлығы, Өз елін жаудай таламас (Барақ сұлтан жайында — Дулат)
немесе: Қазіргі казақ ұлығы (Дулат). Оның есесіне кейбір әкімшілік атаулары ығыса
бастайды. Хандыктың жойылуымен байланысты 50—60-жылдардағы әдеби тілде хан сөзі
көбінесе образ үшін ғана жұмсалады. Әкімшілік системасындағы адамдардың пара алуы,
ірі байлардын ұрлықты, мал ұрлығын кәсіпке, дағдылы әрекетке айналдыруы қазақ әдеби
тілінде парақор, ұры, ұры-қары сөздері де әлеуметтік терминология саласына шығарған.
Бұл кездегі әдеби тілде колданылған ұры сөзі жай ұрыны емес, қоғамдық мәні бар актіге
өз бетімен немесе және көбінесе арнайы жұмсаумен араласатын адамды білдіреді.
Сондықтан да Дулат: Ақтайлақ пен Аққожа, Қырық берді ұрыға — дейді[2, 43-48б].
Көркем әдебиет тіліне еркін және актив ене бастаған сөздердің келесі тобы — оқу-
ағарту, мәдениетке қатыстылар. Біріншіден, бір табан ілгері жылжыған қазақ қоғамында
оқу, білім, рухани дүние сөз бола бастауы — заңды құбылыс, екіншіден, Махамбет, Дулат,
Шортанбайлар мұсылманша сауатты ақындар болғандықтан, оку-білімді, өнерді сөз етпей,
немесе осы салаларға қатысты сөздерді не тура мағынасында, не образ ушін пайдаланбай
отыра алмағандары және түсінікті. Сондықтан өткен ғасырдың I жартысында-ақ, әсіресе
50—70-жылдарынан бастап, қазактың төл әдеби тілінде молда,молла, сабақ, сабақ алу,
сабақ оқу, хат («жазба дүние» мағынасында), сызу («жазу» мағынасында), сызған хат,
кітап, кітап сөзі, оқымалды («білімді») ұстаз, өнер, ғалым («сауатты адам»), ақын, шайыр,
65
ділмар, иіешен, жыршы, жыр, жаршы (сірә, жыршы болуы тиіс), медресе, өнерпаз, әріп
(29 әріптің жайын білмек керек-дүр), ғылым, мәселе, кітап, бәйіт («өлең»), сөз («өлең,
туынды»), насихат («ақыл»), қалам, сия сөздері колданылады. Бұлардың ішінде хат,
насихат, ғылым, сызу сөздері ол кезде осы күнгі мағынасынан өзгеше жұмсалған,
қалғандарының мағынасы казіргі кездегідей түрде қалыптасып, бізге жеткен, әсіресе өнер,
өнерпаз, ақын, кітап, «оқуға» байланысты мәндегі сабақ, сабақ оқу, «мұғалім» мәніндегі
ұстаз сөздерінің осы күнгі мағыналары өткен ғасырдың орта шендерінде пайда болып,
калыптасқан деп табамыз[3, 11-13б].
Достарыңызбен бөлісу: |