Бұқар, Шортанбай, Дулат сияқты ақындар жөнінде талай еңбектер мен мақалалар жазылды. Бұлармен салыстырғанда қазаұ совет әдебиеті мен исскуствосының көрнекті қайраткерлері туралы, айталы, С.Сейфуллин, І.Жасүгіров, А.В.Затаевич, А.Қашаубаев, И.Байзақовжәне басқалары туралы анағұрлым аз зерттелген және аз жазылған.
Орыс қоғамының бір қатардағы марксист болуы былай тұрсын, онша алдыңғы көзқарастағы да емес бір өкілі Шортанбайдың «Зар заманы»мен танысқанда, оның кертартпалығын, жалпы алғанда, прогреске қарсы екенін 1891 ж ашып айтқан екен.
Шортанбайдың идеялық көзқарасының кертартпалығын, жаңалықты, қоғамдық дамудың болашағын көре алмағандығын, өз қоғамын ілгері, прогресс жолымен дамуға шақыра алмағанын, қазақ халқының шы досы кім екенін білмегенін, сондықтан қоғам тарихында елулі із қалдыра алмағанын және басқа осал жақтарын әбден ашып, кесіп айтсақ, тарихқа да, ғылымға да қиянат болмайды. Бұлай әділ баға беру қазақ халқының тарихына да, арына да ешбір кір келтірмейді, мұны жұрт еңбегіне қарай берілген әділ баға деп біледі.
Қазақ әдебиетінің басқа да ескі өкілдері жөнінде тек осылай істеуіміз қажет: жақсысын жақсы, жаманын жаман деуіміз керек; жақсыларынан үлгі ал, қажетіңе жұмса, жаманынан аулақ бол деп айтуымыз керек.
Қазақ совет әдебиетінің белгілі дарынды өкілдері Сейфуллин мен Майлиннің, Жамбыл мен Жансүгіровтың, Әуезов пен Мұқановтың, Мүсірепов пен Мұстафиннің, Асқар мен Әбділдәнің, Тайыр мен Ғалидыңжәне басқаларының ылғи ерлік пен еңбекке, прогресс пен бейбітшілікке, ақыл мен адамгершілікке шақырып отыратын шығармаларын зерттеп, өздеріне лайық бағасын беру – осылардың негізінде қазақ совет әдебиетінің өсу мен өркендеу жолын көрсету, қоғам өміріндегі, коммунистік құрылыстағы мәні мен маңызын ашу – бүгінгі таңдағы ең маңызды, ең қажетті міндет.
Лондонда шығып тұратын «Обозрение Центральной Азии» деген журналда, соңғы екі-үш жылдың ішінде Америкада, Англияда, Францияда, Түркияда басылған бірнеше еңбексымақтарда Орта Азия мен Қазақстандағы социализм жеңістеріне шабуыл жасалған Орта Азия мен Қазақстан бұл өңіріндегі жергілікті халықтар – қазақтар мен қырғыздар, өзбек пен қарақалпақтар, тәжік пен түрікпендер мәдениет атаулыдан жұрдай, нағыз тағы, нағызз надан халықтар деп сипатталған, әдеби тілі мен әдебиеті жоқ халықтар деп суреттелген.
Қайдағы бір қаңғыбас, империализм ит аяғынан тамақтанып күн көріп жүрген Баймырза Хайит деген біреу «Түркістан XX ғасырда» деген кітап басып шығарыпты. Ол кітап неміс тілінде Батыс Германияда басылған. Кітаптың кіріспе сөзіндегі мәліметтерге қарағанда, Баймырза Хайит – түркістандық, Ферғанада туған, Отан соғысына дейін мәдениет саласында жауапты қызметте болған көрінеді. Ол бұл кітабында біздің бақытты, азат өмірімізге бастан-аяқ жала жабады, Түркістан халықтары – өзбек, түрікпен, тәжік, қырғыз, қазақ ұлт болып құралу дәрежесіне әлі жеткен жоқ, олар ұлт болып құралу үшін сырттан көмек күтеді, коммунизм идеялары оларға енген жоқ, коммунизм орнату үшін бұларда ешбірнегіз жоқ, сондықтан оларды бірыңғай түрік мемлекетіне ұйымдастыру керек деп сандырақтайды.
Осындай жағдайда осы сияқты жалақорлардың арамдық әрекеттерін әшкерелемей біздің қарап отыруымызға бола ма? Жоқ, қарап отыруға, ешбір әрекетсіз отыруға болмайды. Бұл біздің озат ғылыми салтымызға жатпайды, Буржуазиялық теорияларды, жалақорлық атаулының бәрін әшкерелеп отыруымыз керек.
Осындай қолайсыз жағдайларды ескерте келіп, біздің әдебиетші ғалымдарымыз да өте сақ болсын, айналадағы іске, капитализм тарапынан бізге деген болуы мүмкін идеологиялық шабуылға қатты тойтарыс беріп отырсын, социалистік идеологияның принциптерін көздің қарашығындай сақтап отырсын дегім келеді.
Жолдастар, қазақ совет әдебиетінің проблемалық мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыруда өте ескеретін істердің, шешетін міндеттердің кейбіреулері міне осындай сияқты.
Бұл конференцияға, өздеріңіз көріп отырғандай, көп әдебиетшілер, қоғамдық ғылымдардың басқа да тарауларының өкілдері қатысып отыр. Бұл жолдастардың бәрі де белсене қатысып, өз пікірлерін айтар деп сенеміз, сөйтіп, әдебиет туралы ғылымның бұдан былай да өркендей түсуіне көмектеседі деп ойлаймыз.