Халқына адал қызмет еткен кемеңгер тұЛҒА Қ. Камаловтың 2021 жылы Нөкіс қаласындағы «Билим» баспасынан шыққан «ел хызметинде»



бет1/2
Дата25.01.2022
өлшемі39,68 Kb.
#24302
  1   2
Байланысты:
Камалов кітапқа пікір Меди


ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН - КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒА

(Қ.Камаловтың 2021 жылы Нөкіс қаласындағы «Билим» баспасынан шыққан «ЕЛ ХЫЗМЕТИНДЕ» атты кітабына пікір)

Өзбекстан Республикасына белгілі абыз ақсақал, Қарақалпақ халқының Ел Атасы, «Социалистік Еңбек Ері», «Эл-юрт хурмати» орденінің иегері, мемлекет және қоғам қайраткері Қаллыбек Камалов өткен ғасырдың 60-80 жылдарында республиканың бірінші басшысы болған кездегі еңбек жолын қамтитын «ЕЛ ХЫЗМЕТИНДЕ» атты кітабы үлкен тарихи шежіре.

Өмірде болған оқиғаларды арқау еткен бұл еңбектің тек шындыққа ғана негізделіп, Қарақалпақстан Республикасының даму кезеңдері, өзінің өмір белесімен өрілген асқан шеберлікпен жазылғаны соншалық, алғашқы парағынан бастап-ақ өзіне терең тартып, зор қызығушылығымды туғызды.

Кітаптың 500 бетке жуық тұратын көлеміне қарамастан мағыналы мәнді мақал-мәтелдермен, шынайы оқиғалар дәлелдемелерімен көркемделген бұл шығарманы жылдам оқып шықтым.

Мені автордың әрбір оқиғаны, оның болған күні мен барысын, жүздеген адамдардың аты-жөнін, олармен құрған сұхбаттардың қызықты сәттерін, қуаныштары мен реніштерін, түйген тұжырымдарын егжей-тегжейлі баяндап, оқырманға сол кейіпкерлер арасында, сол оқиғалар ішінде жүргендей әсер қалдыратыны таң қалдырды.

Қаллыбек ағаның өз кітабын «Өз перзенттері қатарында бізді де кемелге келтіріп, бақытты өмірге жолдама берген дана халқыма бағыштаймын» – деген арнау-сөзбен бастағанының өзі оның өмір бойы, соның ішінде 25 жыл республиканы басқарған кезде бар мақсат-мұратын, істеген істерін, талап-талпынысын, тілек-ниетін халқына қалтқысыз қызмет етуге арнағанын айқын көрсетеді.

Қаллыбек Камалұлының «Кітап оқушыларға» арналған алғысөзді «Мен Абайды жатқа білген халықпын» деген өлеңнің авторы, қарақалпақ халқының сөз шебері, Өзбекстан Қахарманы, халық ақыны Ибрайым Юсуповті тілге алумен бастағаны да оның рухани қасиеті бар, ішкі мәдениеті өте жоғары, көп оқыған, шығармашыл, білімді тұлға екенін анық аңғартып тұр. Осы жерде Ибрайым ағамыздың қазақ және қарақалпақ халықтарының түбі бір, туысқан екенін айғақтайтын бір-екі шумақ өлеңін келтіре кетейін:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет