Сапалық талдаудың негізгі мақсаты тәуекел факторларын болжау немесе анықтау, тәуекелдің пайда болу кезеңдерін, яғни тәуекелдің әлеуетті аймақтарын белгілеу болып табылады
Сапалық талдаудың негізгі мақсаты тәуекел факторларын болжау немесе анықтау, тәуекелдің пайда болу кезеңдерін, яғни тәуекелдің әлеуетті аймақтарын белгілеу болып табылады.
Тәуекелдің пайда болуы және себептері
Тәуекелдің пайда болу себептері мен факторлары оның негізгі сипаттамаларымен анықталады. Тәуекелдің пайда болу факторлары сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы факторларына саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ғылыми-технологиялық түрлерін жатқызуға болады.
Тәуекелдің пайда болу себебі – нақты күтілмеген жағдайлардың орын алуы, яғни соңғы нәтиженің өзгеруіне алып келетін жағдайлар.Жалпы алғанда, тәуекелдің орын алу себебіне күтілмеген жағдайда туындаған табиғи үдерістер, апаттар мен зілзалалар, көзқарастардың, мүдделердің қарама-қайшылығы, қажетті ақпараттардың анықсыздығы жатады.
Тәуекелдің пайда болу себептері: жабдықтаушылардың материалды уақтылы жеткізбеуі, жабдықтаушылар санының шектеулігі, жеткізуді әртараптандырмау, жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы және т.б.Өндірістік жоспарлар мен инновациялық жобалардың жүзеге аспай қалу тәуекелі.Тәуекелдің себептері: қаржы ресурстарының жетіспеушілігі, қолайсыз ауа райы, технологияны дұрыс пайдаланбау, техникалық ақаулар, көтеріліс, аштық жариялау, біліктілігі жоғары кадрлардың өзге өндіріс орындарына ауысулары және т.б.
Денсаулыққа қауіп қатерді бағалау – өмір сүру ортасындағы факторлардың әсерінен туындайтын, адам денсаулығына қолайсыз әсерлердің ауыртпалық дәрежесі мен даму мүмкіншілігін анықтайтын үрдіс.Тұрғындар арасында өлімшілдік пен сырқаттанушылықтың қосымша жағдайын шақыратын қоршаған ортадағы басты қауіп-қатер факторларын анықтауды айтамыз. Осы уақытта Қазақстан Республикасында шуыл, діріл және электромагниттік сәулелендіру сияқты зиянды физикалық факторлардың халық денсаулығына теріс әсер етудің өсу үрдісі байқалады. Қоршаған табиғи және өндірістік орта факторларының кешенді әсері барлық науқастану жағдайының 75% дейінін, өлім жағдайларының 50% астамын, дененің кенжелеп даму жағдайларының 60% жуығын қалыптастырады.
Халық денсаулығына қоршаған ортаның физикалық әсер.