Лекцияның мақсаты



бет1/3
Дата05.04.2022
өлшемі20,47 Kb.
#29897
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
педагогика ғылым ретінде


Педагогика ғылым ретінде

07.02.2018



Лекцияның мақсаты:Педагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру; педагогиканың басты ерекшелігін және міндеттерін ашып көрсету; методологиялық негізін анықтау арқылы педагогиканың ғылымдармен байланысын дәлелдеу; мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Педагогика пәні жайлы ұғым.

  2. Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері.

Негізгі тірек ұғымдар: Педагогика, жеке тұлғаның даму, қалыптасуы, педагогика пәні, педагогиканың ұғымдары (категориялары), педагогиканың әдіснамасы, ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері.

Пәнаралық байланыс: Философия, әлеуметтану, психология, саясаттану, мәдениеттану.

  1. Педагогика пәні жайлы ұғым.

Педагогика пәні , адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдардың бірінен саналады.

Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным-білімнің белгілі бір саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше міндетті қызмет (функциясы)- тәрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындағы ілім, олай болса, ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.

Педагогика гректің “paidagogas” –баланы жетектеуші, ертіп жүруші сөзінен алынған. Ең алғашқыда бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбиенің негізгі мақсаты – жинақталған білім мен қоғамдық- тарихи тәжірибиені жеткіншек ұрпақтарға беру.

Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі; педагогика пәні-тәрбиелік іс-әрекет; педагогика пәні-арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала . Ең негізгісі педагогика – тәрбие туралы ғылым .

Педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекшк заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке тұлғаның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу .(Т.А. Ильина . Педагогика М. 1984).

Тәрбиелеу үрдісінде (процесінде) жаңа ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге, қоғамдағы мінез – құлық нормаларын ұғып, өмірге деген көзқарастардың белгілі жүйесін қалыптастыруға тиіс .

Педагогиканың тәрбиелеудегі ролі қандай? Ғылым ретіндегі педагогика мен қоғам функциясы ретіндегі тәрбиенің арасындағы байланыс не ден көрінеді?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиенің қоғамдық әнін ашып , адамзат қоғамы дамуының түрлі кезеңдерінде оны жүзеге асырудың ерекшеліктерін талдап қарау, сондай-ақ педагогика ғылымы қалай дамып, қалыптасқанымен танысу қажет.

Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірбиесін мегеру деген сөз. Адамзат есейген сайын , мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі .

Адамзат қоғамы үнемі дами келе адамдарды тәрбиелеумен білім беру ісіне жаңа талаптар қойды, тәрбиенің арнасы кеңейді, ересек адамдарға білім беріп, оларды бір мақсатқа тәрбиелеу үшін арнаулы оқу орындарына деген қажеттілік келіп шықты.

Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білім дерді жүйеге келтіреді.

Педагогика ғылымы ең көне ғылымдардың бірінен саналады . Қоғамдық өмірден бөліп альп қарауға болмайтын ғылым болып табылады .Педагогикалық білім жастарды өмірге әзірлеу, тәрбиелеуге байланысты пайда болған адамның өзіндік ерекше әрекетіне жатады .

Көне дәуірдің өзінде – ақ көптеген қоғам қайраткерлері , ойшылдар оқыту мен тәрбиенің рөлінің зор екенін, оның адам үшін қажет екенін білген .

Педагогика – жас ұрпақ пен ересектерге жан – жақты тәрбие , білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым.

Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар .

Мысалы: философияда – мұндай ұғымдарды болмыс , материя , қозғалыс , экономикада – қоғамның өндіргіш күштері, өндірістік қатынастары, ол педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту жатады.

Ұғымдар (категориялар) дегеніміз- объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды ,олардың өзара байланысын танимыз.

Тәрбие

Тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп , жаңа ұрпаққа қоғамдық- тарихи тәжірбиені беру процесі болып табылады.

Тәрбие –аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірбиені беру процесі.

Тәрбие ұғымы кең мағынада табиғат және әлеуметтікортаның, мектеп пен ата- ананың , бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсінуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет