Тіршілік қауіпсіздігі" - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін және одан қорғауға болатын әдістер мен шараларды ұсынатын ғылыми білімнің саласы.
“Тіршілік қауіпсіздігі" (ТҚ) курсының мақсаты –
- қауіпсіздік саласында жалпы халықтың біліктілігін көтеру; - өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге адамдардың ойлау қабілетін бағыттау; - қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, зардап шегу мүмкіндігін, зиян келтіру шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б. - болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу; - қауіп-қатер болғанда, төтенше жағдай (ТЖ) кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.
ТҚ курсының терминдері
Апат – нысандарда, нақты территорияларда немесе ғимараттарда пайда болатын қауіпті техногендік жағдайлар, бұл жағдайлар адамдардың өліміне және денсаулығының бұзылуына, сонымен қатар ғимараттар мен үйлердің, құрал-жабдықтар мен көліктердің, өндірістердің бұзылуына әкеліп соқтырады және көптеген шығындардың болуын тудырады.
Тіршілік қауіпсіздігі – бұл адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым — қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипатағы төтенше жағдайларды ескерту мен олардың салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселерін зерттейді.
Төтенше жағдай — бұл адамдардың қаза табуына әкеліп соққан не әкеліп соғуы мүмкін; олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объекттерге нұқсан келтірген не келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Апаттың түрлері
Авария – технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың, ғимараттардың зақымдануы. Зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. Апат – аймақта және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. Қауіптілік - тіршілік ортасындағы жәй-күйдің жағымсыз факторлары. Қауіптілік қасиетіне байланысты 6 топқа бөлінеді: табиғи, техногенді, антропогенді, экологиялық, әулеметтік, биологиялық. Адамға әсер ететін қауіптілік 5 топқа бөлінеді: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық. Локализациялық қауіптілік – литосфера, гидросфера, атмосфера, космоспен байланысты.
Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады. Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады. Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.
Қауіп қатер
Төтенше жағдай – адамдардың қаза болуына әкеліп соқтыратын, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға, шаруашылық нысандарға нұсқан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, тіршілік жағдайын бұзатын авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ.
Төтенше жағдай
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктері мен орман зиянкестерінің зақымдануынан туындаған жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар – өнеркәсіп, көлік авариялары, жарылыс, қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттар, энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.
Қорытынды
Адам мен табиғат бір бірімен тығыз байланысты.Осы кезге дейін табиғат адамзатқа керек азығын,панасынберіп,жалпы айтқанда қажеттіліктерін өтеді.Бірақ,адамзат оның маңыздылығын түсіне алмай оған кері әсерін тигізуде.Оған мысал ретінде:атомдық қарулар,экологиялық құртылулар,табиғаттың ластануын жатқызуға болады.