Хақназар хан (1509-1580) Хақназар ханның өмірі



Дата05.11.2022
өлшемі246,66 Kb.
#47694
Байланысты:
хақназар хан


Хақназар хан (1509-1580)
Хақназар ханның өмірі:

Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар, Ақназар (шамамен 1510/20-1580 жж.) - қазақ халқын біріктіруге, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірген мемлекет қайраткері, қолбасшы, Қасым ханның кіші ұлы.
Қасым хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына көптеген сұлтандар таласады. Осыны пайдаланып, көрші елдер қазақтардың жерлерін басып ала бастайды. Жиырма жылдай Қазақ хандығы жауға тойтарыс бере алмайды. Осы кезде хан тағына Хақназар отырады.
Хақназар - қазақ тарихында әділ хан болып атағы шыққан хан. Ол қырық жылдай билік жүргізеді.
Хақназар Қасым ханның ісін ілгері жалғастырып, Ноғай ордасының бір бөлігін Қазақ хандығына қосады. Мемлекет шекарасын Еділ мен Жайыққа жеткізеді. Ойраттарға күшті соққы береді. Моғолстан ханын жеңіп, Ұлы жүз руларының көпшілігін қосып алады. Моғолдар шебін Тәңіртаудан әрі ысырады. Жау қолында қалған қазақ жерлерін азат етеді, Түркістан, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Тараз қалаларын қайтарып алады. Көрші елдермен тату-тәтті қарым-қатынастар орнатады.
Хақназар хан тұсында халық қайтадан бейбіт өмір сүре бастайды. Орыс патшасы, Орта Азия хандары Хақназар ханға елшіліктер жіберіп, одақтасуға шақырады. Өз халқы үшін тер төгіп, аянбай еңбек еткен Хакназар хан қапыда жау қолынан қаза табады.
Хақназар ханның билігі:
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет