Хақназар хан бұрындық хан



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата14.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67791
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

 
 

8


10 
11 
12 


ТҼУКЕ 
Қазақ хандығының аса кҿрнектi қайраткерлерiнiң бiрi – Тҽуке хан. 
Тҽуке (1626 – 1718 жж.) – Салқам Жҽңгiр ханның ұлы. Ол ХVII 
ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басы аралығында билiк 
жүргiзген. Тҽуке хан мемлекетiнiң астанасы Ташкент пен Түркiстан 
қалалары болды. Тҽукенiң тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан 
нығайған, бір орталыққа бағынған бiртұтас мемлекетке айналды. 
Халық зердесінде Тҽуке заманы Қазақ хандығының ең бір ҿркендеген 
дҽуірі, ≪алтын ғасыры≫ саналады. Ол 1690 жыл шамасында ≪Қасым 
ханның қасқа жолы≫ мен ≪Есім ханның ескі жолы≫ ережелерін 
жаңғыртып, ≪Жеті жарғы≫ деп аталатын жаңа заңдар жүйесін енгізді.
Бұл заңдар мемлекеттi нығайтуға бағытталды. Тҽуке хандықты 
билеуде, негізінен, ҽр жүздің билеріне арқа сүйеді. Ұлы жүзде – Тҿле 
биге, Орта жүзде – Қазыбек биге, Кіші жүзде – Ҽйтеке биге басқару 
тұтқасын берген. Оның тұсында хан кеңесі, билер ке ңе сі жұмыс істеп, 
жыл сайын үш жүздің шонжарларының жиынын ҿткізу қалыптасты. 
Қазақ хандығында Тҽуке тұсында сыртқы жағдайлар біршама 
тұрақтанып, нығая түсті. Ҿзi билiк құрған кезде Тҽуке хан жоңғарларға 
қарсы табандылықпен күрестi.
Ол Орта Азияда ҽмір құрған Аштархан 
ҽулетімен жҽне Ресей, Моғолстанмен сауда-саттық байланыстарын жүргізді, 
дипломатиялық қатынастар орнатты. Бұхар хандығымен сауданы дамыту 
мақсатында елшілікті жолға, қойды. Бiрақ Бұхар хандығымен Сырдария 
бойындағы қалалар үшін кiшiгiрiм қақтығыстар болып тұрды. Халық Тҽуке 
ханның еңбегін бағалап, оны 
≪Ҽз-Тҽуке≫ деп ардақтаған. Тҽуке хан – билiгi 
қазақтың үш жүзiне тараған қазақтың ең соңғы ханы. Ол қайтыс болғаннан кейiн 
олардың ҽрбiреуiнде ҿз хандары сайланып, тұтас мемлекет жүздерге қарай 
ыдырап кеттi. Тҽуке хан 1715 жылы қартайған шағында дүниеден ҿтті. Ол да 
барлық ата-бабалары сияқты Түркiстанда жерленген. 
Абылай хан 
 
Абылай хан (1711 – 1781 жж.) – қазақ халқының ҽйгілі ханы, 
Қазақстан тарихындағы аса белгiлi мемлекет қайраткерлерiнiң бiрi. 
Қазақ мемлекетiнiң пайда болуы мен ҿркендеуi жҽне сыртқы 
саясаттағы жеңiстер Оның есiмi мен байланысты. Абылайдың шын аты 
– Ҽбiлмансұр. Бір ұрыста үлкен ҽкесінің аруағын шақырып, жауға 
«Абылайлап» шабады. Осыдан бастап ол Абылай атанып кетеді. 
Абылай 1711 жылы арғы тегі Шыңғыс ханның ұлы Жошыдан тарайтын 
белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келген. Абылай ҽкесі 
Уҽлиден айырылып, жетімдіктің зардабын ерте тартады. Балалық шағы 
мен жасҿспiрiм кезi қуғында ҿтедi. Ол атақты Тҿле бидiң бақташысы 
болған деп те айтады. Абылайдың аты жоңғарлармен болған шайқаста 
ҽйгілі болады. 
Ұрыстардың бiрiнде жекпе-жекте жоңғардың батыры Шарышты 
ҿлтiрiп, «Абылай» деген ұранмен жауға қарсы шығады. Қазақ жауынгерлеріне 
жігер беріп, рухтандырып, шайқаста жеңiске жетедi. Осы жеңістен соң ол Орта 
жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді ҽміршілердің біріне 
айналады. 1771 жылы Түркiстанда Абылайды ақ киiзге кҿтерiп, қазақтардың үш 
жүзiнiң ханы етiп тағайындайды. Абылай Қазақ мемлекетiнің саяси бірлігін 
қалпына келтіріп, ірі мемлекетке айналдырды. Ресей мен Қытай арасында жүріп, 
Қазақ хандығының тҽуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. Екі мемлекетпен 
арақатынасты бірдей ұстап, халқының ҿз туған жерінің қожасы, ҿз тағдырының 
иесі болуын кҿкседі. Оның данышпандығы мен кҿрегендігі арқасында кең байтақ 
Ұлы Далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады. Абылай хан он жыл билік 
жүргізді. Осы мерзім ішінде ешкімнің қолынан келе бермейтін істерді атқарды. 
Ол билік жүргізген он жылдың Дала тарихына Абылай дҽуірі боп кіруі тегін 
емес. Сол уақытты қазақ халқы зор құрметпен еске алады. Абылай хан 1781 
жылы 70 
жасында ҿмірден қайтты. Тарихи ұлы тұлғаның денесі 
Түркiстандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесiне қойылған. Халық жадында ол 
тҽуелсіз Қазақ мемлекетінің символы іспеттес. 
ҼБIЛҚАЙЫР 
Ҽбiлқайыр хан (1693 – 1748 жж.) – iрi мемлекет қайраткерi
қолбасшы, мҽмілегер, Кіші жүз ханы. Шыңғыс хан ҽулетінің кіші буыны 
– Ҿсекенің (Үсек) ұрпағы. Тҽуке хан қайтыс болғаннан кейін Ҽбiлқайыр 
қазақ елінің бас хандығына таласады. Бірақ мұрагерлік жолмен таққа 
Тҽукенің ұлы Болат отырады. Ол кейін ҿзінің күшімен, айласымен, 
шабуылды 
ұйымдастыра 
білетін 
ҽскери 
қолбасшылығымен, 
батырлығымен, ақылдылығы жҽне саясаткерлігімен танылып, Кіші жүзге 
хан болып сайланады. Ҽбiлқайыр хан сайланбай тұрған кезінде қалмақ 
билеушiсi Аюханның қол астында қызмет етiп, орыс князьдігіне қарсы 
башқұрттар кҿтерiлiсiне қатысады. Кейiн ол Аюханмен де, 
башқұрттармен де шайқасқа түседi. Кҿтерiлiс кезiнде кҿрсеткен ерлiгi 
оны ҽйгiлi етеді. 1723 жылы Едiл қалмақтарына соққы берiп, олардың 
жоңғарлармен бiрiгуiне кедергi жасайды. Одан соң жоңғарларды басып 
тастап, қазақтарға Түркiстанды қайтарып алып бередi. Оның мұндай 
батырлығы мен соғысты ұйымдастыру қабілетіне кҿзі жеткен халықтың 
оған сенімі артады. 1726 жылы болған Құрылтайда қазақтың үш жүзi 
бiрiгiп, Ҽбiлқайырды жоңғарларға қарсы бастайтын бүкiл қазақ ҽскерiнiң 
бас қолбасшысы етiп тағайындайды. Ол халықтың сенiмiн ақтай бiлдi. 
Ҽбілқайырдың басшылығымен қазақтар ҿз жерлерiнен жоңғарларды 
қуып шықты. Қазақстандағы кҿптеген тарихи жағдайлар Ҽбiлқайыр 
ханның есiмiмен байланысты. 
1729 жылы Аңырақайдағы ойраттарды 
талқандаған соғыста ҽскерді үйлестіру Ҽбілқайырдың қолында болады. Бұл 
қазақтардың жоңғарларды бас кҿтере алмастай етіп күйреткен, Қазақ хандығының 
қуатты ел екенін кҿрші елдерге паш еткен ірі жеңісі еді. 1731 жылы Ҽбiлқайыр хан 
Кiшi жүздің Ресей империясының қол астына кiргендігi жҿнінде ант береді. Осылай 
Қазақстанның Ресейге бiрiгуiнің ұзақ та, қиын жолы басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет