Сҽмеке хан
Сҽмеке хан, Шахмұхамед (туған жылы белгісіз – шамамен 1738
жылы қайтыс болған) – Орта жүздің ханы, Тҽуке ханның баласы. Сҽмеке
ханның ордасы Түркістанда болды. Ол
наймандар мен қыпшақтардың
кейбір руларына жҽне арғындардың бір бҿлігіне иелік етті. Ішкі саясатта
Орта жүзді біріктіруге күш салды. Ал сыртқы саясатта жоңғарлар мен
Орта Азия хандықтарының басқыншылық ҽрекеттеріне қарулы қарсылық
кҿрсетуімен белгілі болды. Сыртқы жҽне ішкі жаулармен күресте кҿршісі
Ресейге арқа сүйеуге тырысты. 1731 жылы желтоқсанның 15-інде
А.Тевкелевпен Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа байланысты келіссҿз
жүргізді. Сҽмеке Ҽбілқайыр ханмен күш біріктіріп, қазақ жерін
қалмақтардан азат ету мақсатында Еділ бойындағы Кіші қалмақ
ордасына 2 дүркін жорық жасады.
Алғашқысында, яғни 1723 жылы
желтоқсанның 12-інде Сҽмеке мен Ҽбілқайырдың 40 мыңдық жасағы
Аюке хан иелігіне басып кірді. Қолға түскен олжа ақтабанға ұшырап,
аштық қысып жатқан елге үлестірілді. Ал екінші жорық 1726 жылдың
жаз айында болды. Оған қазақ сұлтандары Барақ пен Есім де қатысты.
Бұл кезде Кіші қалмақ ордасының ханы Аюкенің ұлы Серен Дондук 30
мың ҽскерімен қазақтарға тегеуірінді қарсылық кҿрсете алмады. 4 күнгі
шайқастан кейін Серен Дондук хан бітімшарт жасауға мҽжбүр болды.
Бұл бітім бойынша сол жылғы бесіктегі бала ат жалын тартып мінгенше
(16-17-ге толғанша) соғыспауға келісіп,
екі жақ қанға қол матырысып,
анттасты. Бұл екі жорық та қазақ жерін қалмақтардан босатуда зор
стратегиялық маңызға ие. Жалпы Сҽмеке хан жоңғар шапқыншылығына
қарсы күресте қазақ халқының рухын кҿтеріп, болашаққа деген сенімін
оятқан, ҽскери біліктілігімен танылған тұлға ретінде тарихта қалды.
Уҽли хан
1781 жылы Абылай хан ҿлгеннен кейін Орта жүздің ханы Уҽли сұлтан
тағайындалады. Уҽлидің билігі бүкіл жүзге жүрген жоқ. Ол тек арғын руы мен
наймандардың бір бҿлігін ғана басқарды. Уҽли ханның ҿкімет билігі басынан-ақ
ҽлсіз болды. Сыртқы саясат саласында Уҽли хан ҽкесі Абылайдың жүргізген
бағытын қолдады. Ол бір жағынан, Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болып, екінші
жағынан, Қытай үкіметімен байланысын үзбеді. Уҽлидің
Цин империясына бейім
болуы қазақтардың наразылығын туғызды. 1795 жылы Петербургке қазақтардың
Уҽлиді тақтан түсіруді сұраған арызы түсті. Патша үкіметі ҿз тарапынан ендігі
жерде оның Қытаймен байланыстарына тыйым салуға бар күшін салды. Уҽли ханға
келе жатқан Боғдыхан елшілерін қазақ отряды хан сарайына жібермей қойды.
Дегенмен, оның Қытай үкіметімен қарым-қатынасы тоқталған жоқ. Ҿзінің ҿкімет
билігінің тұрақсыздығын сезген Уҽли 1805 жылы тіпті Синзян жеріне кҿшіп кетпек
те болды. Бірақ қазақтар оған еріп кҿшпейтін болды. Уҽли хан тұсында патша
үкіметі ҿз ықпалын нығайту мақсатын шекаралық шепті Орта жүз аумағына қарай
жылжыту жолымен жүзеге асыра бастады. Хандық ҿкіметтің шарасыздығы,
қазақ
даласындағы феодалдық бытыраңқылық пен шаруашылықтың күйзелуі бұған
қолайлы жағдай туғызды. Оның үстіне Уҽли ханның ішкі саясатына қарсы
наразылық күшейді. Қазақ қауымдары 1795 жылы Уҽли ханның үстінен патша
үкіметіне наразылық хат жазды. Сол жылы қарамағында 43350 адамы бар,
сұлтандар мен билер Ресейге «мҽңгі» қарайтынын білдіріп, орыс шекарасына жақын
жерлерге орналасты. Уҽли хан ҿзінің ішкі жҽне сыртқы саясатын жүзеге асыруда
патша үкіметі тарапынан қолдау таппады жҽне Жүз ішінде арқа сүйейтін ҽлеуметтік
күшінен айырылды. Сондықтан да ол Қытай үкіметімен,
Бұхар хандығымен
байланысты күшейтуге мҽжбүр болды. 1815 жылы Барақтың тұқымы Бҿкей
сұлтанды Орта жүздің екінші ханы етіп бекітті. Бұдан кейін Орта жүзде хан сайлау
ісі мүлде тоқтатылды. Бірақ тағайындалғаннан кейін 1817 жылы Бҿкей хан ҿлді,
1819 жылы Уҽли де ҿлді. Бұл хан ҿлгеннен кейін патша үкіметі Орта жүзде жаңа
хандар тағайындамай, мұнда ҽкімшілік округтері бойынша басқару жүйесін енгізуді
ұйғарды.
КЕНЕСАРЫ
Кенесары Қасымұлы (1802 – 1847 жж.) – қазақтың iрi
мемлекет қайраткерi, қолбасшы, 1841 жылы бүкіл қазақ
халқының мақұлдауымен хан кҿтерілген
Қазақ хандығының
соңғы ханы. 1837 – 1847 жылдардағы қазақ халқын
басқыншылардан азат ету күресінің басқарушысы. Ұлы Абылай
ханның немересi. Ол хан атасының барлық қасиеттерiн бойына
сiңiрген. Жiгерлi ҽрi батыл Кенесары жас кезiнен-ақ халық
құрметіне бҿленген. 1837 жылы
Кенесары отаршыл Ресейге
қарсы ұзақ та, ауыр шайқасқа түседi. Одан кейiн Орта Азия
билеушiлерiмен де соғысып, Қазақ мемлекетiнiң тҽуелсiздiгiн
қайтаруға ат салысады. 1841 жылы Кенесары ҽскерi шешуші
жеңістерге қол жеткізіп, Созақ,
Жаңақорған, Ақмешiт сияқты
қоқан қамалдарын басып алады. Сол уақытта үш жүздiң ҿкiлдерi
Кенесарыны қазақтардың ханы етiп сайлайды. Кенесарының
қатты серпiлiс ҽрекеттерiнен қорыққан Ресей ҿкiметi 1843 жылы
оларға қарсы ҽскери шаралар қолдана бастайды. Кенесары
ҽскерлері орыс жасақтары мен оларға жақ қазақ сұлтандарына
тойтарыс беріп отырды.
Бірақ жақсы қаруланған орыс ҽскерлерi
кҿтерiлiсшiлердi Жетiсуға қарай жылжытты.
Кенесары қырғыз
манаптарынан ҿзiн хан екенін мойындап, олардың кҿтерiлiске қатысуын
талап етедi. Алайда қырғыздар қарсылық бiлдiредi. 1847 жылы
қырғыздарға қарсы кҿтерiлiсте ол тұтқынға түсiп, ҿлiм жазасына
кесiледi. Кенесарының ерлiгi қазақ халқының жадында
13
14
5
15
16
17
18