Ханымдар мен арулар



Pdf көрінісі
бет1/30
Дата11.01.2017
өлшемі3,21 Mb.
#1667
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ 
ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ 
ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
 ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨКІЛДІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ 
ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Астана
2015

2
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ЭОЖ 94(5Ж)(063)
КБЖ 63.3(5Қаз)
Қ 17
Баспаға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кеңесі ұсынған.
Редакция алқасы: 
Г.Н.  Әбдіқалықова,  Е.Б.  Сыдықов,  М.  Алтангерел,  Д.  Қамзабекұлы 
(жауапты  редактор),  С.А.  Қасқабасов,  Б.Е.  Көмеков,  Х.М.  Әбжанов, 
С.А. Ақтаев, Ш.Қ. Бейсенова, Б.Б. Кəрібаев, К.Ә. Әлпейісова
Жалпы редакциясын басқарған – Г.Н.ƏБДІҚАЛЫҚОВА
Қ  17          «Қазақ  хандығы  тұсындағы  ханымдар  мен  арулар»: 
халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  конференция  материалдары  /  
(даярлаған Д.Қамзабекұлы). Астана: «Форма Плюс» баспасы, 2015. – 304 б.
ISBN 978-601-7313-87-6
Жинаққа  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 
Әйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық 
комиссия,  БҰҰ  Қазақстандағы  даму  бағдарламасы  өкілдігі,  Л.Н.Гумилев 
атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп өткізген «Қазақ хандығы 
тұсындағы ханымдар мен арулар» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік 
конференцияның таңдаулы баяндамалары мен сөздері енді. 
Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған бұл ғылыми шара 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың 
ұйытқы болуымен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2015 жылы 12 маусымда 
өтті.  Конференция  жұмысына  көрнекті  ғалымдар  мен  қаламгерлер, 
тəжірибелі ұстаздар мен жас зерттеушілер қатысты.
Еңбек  тарихқа  қызығатын  отаншыл  рухтағы  қалың  оқырман  қауымға 
арналған.
Мұқаба  сыртына  ҚР  еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері,  суретші 
Ағымсалы Дүзелхановтың туындысы пайдаланылды.
 
 
 
 
© Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2015 
 
 
 
 
© БҰҰ Қазақстандағы 
 
 
 
 
    Даму бағдарламасы өкілдігі, 2015
ISBN 978-601-7313-87-6   
© «Форма Плюс» баспасы, 2015
ЭОЖ 94(5Ж)(063)
КБЖ 63.3(5Қаз)

3
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
МАЗМҰНЫ
Е.Сыдықов
Кіріспе ....................................................................................................6
Г.Əбдіқалықова
Құттықтау сөз .....................................................................................7
М.Алтангерел
Құттықтау сөз ...................................................................................11
Қ.Уалиев
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтудің 
өзекті мəселелері .................................................................................14
ЕЛ МҮДДЕСІ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ТҰЛҒАСЫ
С.Қасқабасов
Қарашаш жəне қазақ хандығы ..........................................................19
Б.Көмеков, С.Өтениязов
Əбілқайырдың Бопай сұлуы ................................................................25
Р.Сыздық
Батырлар мен ғашықтар жыры – əдеби тіл үлгісі ...................29
Л.Сүлеймен
Құндылықтарға – құрмет ..................................................................46
Б.Кəрібаев
Қазақ хандығы дəуіріндегі ханымдар ................................................51
С.Ақтаев 
Ел анасы Айғаным ...............................................................................57
Б.Омарұлы
Қаһармандық жəне əйел даналығы ...................................................67
Д.Қамзабекұлы
«23 жоқтау» – ханымдар мен əйелдердің азаттықты 
жоқтауы ..............................................................................................72
Х.Əбжанов
Ұлттық тарих жəне қазақ əйелі .......................................................84
С.Негимов
Ұлт тағдыры мен руханиятындағы Бопай ханым............................91 
Ш.Бейсенова
Сүйінбике – Ұлы дала аруы .................................................................95
Ж.Артықбаев
Ханымдардың əлеуметтік жəне саяси өмірдегі орны ...................110

4
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Б.Еженханұлы
Көне түркі көшпелілері саяси өміріндегі əйелдер ..........................117
Ж.Манкеева
«Қазақ əйелі» концептісінің жырлардағы тілдік таңбасы ..........124
ЗАМАНА СЫНЫ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ПАРАСАТЫ
М.Алпысбес
Ұлт шежіресіндегі айтулы ел аналары мен ханымдар ..................132
Ж.Кундакбаева
Тойкара ханум – яркая звезда правящего дома казахов 
периода заката ханской власти .......................................................146
С.Ақтаев
Құмда қала салғызған Фатима ханым ............................................154
Т.Қайыркен
Аймалжын кемпір жəне Монғол империясы алқалаған қазақ 
қыздары ..............................................................................................167
З.Кабульдинов
Мудрые женщины Великой степи: 
на страже государственности .......................................................172
З.Қодар
Түркі-қазақ дүниетанымындағы əйел мəселесі ...............................181
А.Кемелбаева
Ұлпан – ел анасы .................................................................................189
Ж.Мұқанов
Бопай ханым: өмірінен – қабіріне дейін ...........................................203
Ж.Артықбаев
Байана бейнесі: шығу тегі, семантикасы жəне қызметі .............213
Б.Ердембеков
Ұлжан ана – Абайды даналыққа ұмтылдырған тұлға ..................223
Р.Бейсетаев
Қазақ аруы Сүзге ...............................................................................230 

5
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ҰЛТ ҰЛАҒАТЫ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ДАНАЛЫҒЫ
Г.Мусабалина
Женщина в традиционной казахской семье
исторический аспект ........................................................................240
Ж.Нұрсұлтанқызы, А.Жұмабекова
«Қазақ əйелі» концептісінің ұлттық-мəдени ерекшелігі ..............245
Б.Сарбасов, И.Сарбасова
Қазақ тағылымындағы əйел тұғыры ..............................................251
Ұ.Ибайдуллаева
Фатима  – ізденіс жолындағы ханша .............................................256
Г.Адаева
Шығармашылық жəне əйел түйсігі ................................................259
М.Сүлеймен
Аты аңыз, заты қаһарман арулар ...................................................265
Қ.Серікқызы
Қазақ əйелі: өткен мен бүгіннің таным көзі ..................................270
Г.Хайруллина 
Ұлт діни дүниетанымындағы əйелдер орны ..................................276
Ұ.Қамзабек
Тарихи фильмдердегі əйелдер бейнесі ..............................................280
Л.Омарқұлова
Ұлт ұлағатын ұлықтаған ................................................................286
С.Қажыкен
Айтулы аналардың əжелік өнегесі ...................................................292
ҚАРАР ................................................................................................297
АННОТАЦИЯ ...................................................................................299

6
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Ерлан СЫДЫҚОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университетінің 
ректоры, ҚР ҰҒА академигі
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Қадірлі Алтангерел Мунхтуя ханым!
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Елімізде кең көлемде аталынып өтіп жатқан Қазақ хандығының 
550 жылдығы – Отанымыздың мерейлі белесі. Ұлт көшбасшымыз 
Н.Ә.Назарбаев:  «2015  жыл  –  ұлттық  тарихымыздың  ұлықталатын 
жылы» деп айтқанын жақсы білесіздер.   
Қазақ  хандығы  тарихы  мен  тағдырын  жан-жақты  зерттеп, 
насихаттау  –  маңызды  мəселе.  Соның  ішінде  хандық  тұсындағы 
ханымдар мен ел аналарының рөлін байыптау елдігіміз үшін қажет. 
Өйткені, əйел қауымы – қай қоғамда болсын жақсылықтың бастауы, 
дəстүрдің мəйегі, өркендеу мен үйлесімнің ұйытқысы.
Тарихтың  осындай  көкейкесті  мəселесін  қозғауға  мұрындық 
болып отырған ҚР Мемлекетік хатшысы Гүлшара Наушақызына 
жəне  де  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Қазақстандағы  Даму 
бағдарламасы өкілдігіне ризашылығымызды білдіреміз!
Қазақ хандығы өз заманында озық ел билеу тəртібіне негізделген, 
заң шығару, құқық жүйесін ұйымдастыруды орайымен жүргізген, ата 
дəстүр мен салт-сананы үзіліссіз жалғастырған мемлекеттік бірлік 
бола  білді.  Қазақ  мемлекеті  ата-бабаларымыздың  ескі  жұртында, 
қазақ халқының ежелгі жеріндегі түрлі этникалық-саяси бірлестіктер  
негізінде құрылды. 
Қазақ  хандығының  550  жылдығын  атап  өту  –  сол  дəстүр 
жалғастығының  құндылықтары,  ұрпағына  даму  мен  азаттық 
сыйлаған бабаларға деген құрмет. 
Ел  тарихы  мен  бүгінгі  тəуелсіздік  мүддесін  үйлестіре  қараған 
Елбасымыз  игі  дəстүрді  жалпыұлттық  идея  –  «Мəңгілік  ел» 
мұратымен  тұтастыра  білді.  Олай  болса,  «Мəңгілік  ел»  идеясы 
аясында  Қазақ  хандығын  жəне  мемлекеттілікті  қалыптастырып, 
дамытқан  ханымдар  мен  арулардың  ұлт  алдындағы  еңбегін, 
тағылымын, мұрасын байыптау – ғылым, білім, мəдениет үшін аса 
маңызды мəселе.

7
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Таяуда Елбасымыз ұсынған 5 бағдарлы реформа мен оған жетудің 
100 нақты қадамы – бізге тарихқа да, бүгінгі күнге де парасатпен 
қарауды, бейбіт те серпінді ел ретінде дамуды нұсқайды.
Дəстүрді жалғастыру мен жаңғырту жолында тарихи негіздерді 
байыптап  отыру  –  Тəуелсіздігіміздің  асыл  мұраты,  елеулі  міндеті 
деп білеміз.
Гүлшара ƏБДІҚАЛЫҚОВА, 
ҚР Мемлекеттік хатшысы, 
ҚР Президенті жанындағы 
Әйелдер істері жəне отбасылық-
демографиялық саясат жөніндегі 
ұлттық комиссияның төрайымы
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Қадірлі қауым!
Қазақ  хандығының  550  жылдығы  аясында  ұйымдастырылып 
отырған бүгінгі ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен 
баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
2015  жылы  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  терең 
саяси шешімінің арқасында бүкіл ел болып атап өтіліп жатқан бұл 
айтулы дата –  халықтың ұлттық тарихи санасын тереңдетуге жəне 
қазақстандық патриотизмді күшейтуге кең жол ашып беруде.
Ұлт  тарихындағы  ұлы  белестердің  бірі  саналатын  осы  мерейлі 
жыл  ішінде  елімізде  рухани-мəдени  маңызы  зор  көптеген 
елеулі  іс-шаралар  ұйымдастырылуда.  Солардың  ішінде,  бүгінгі 
конференцияның тақырыбы тың, мазмұны ерекше деп білемін. 
Өйткені,  өрелі  тарихымызда  батырлар  мен  ақындарды  дүниеге 
əкелген, ақылымен ел билеген жəне айбатымен жау қашырған аналар 
– қай кезде де қоғамның бағы мен бақыты, тірегі мен жүрегі, арманы 
мен жауапкершілігі бола білген.
Қазақ  –  қызын  қадірлеген,  анасын  ардақтаған  халық.  Елбасы 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Əйел – ошақтың ұйытқысы, 
алтын  бесіктің  иесі.  Ел  болашағының  барлығы  əйел 
азаматтардың  қолынан  өтеді»  деген  сөзі  əрқашанда  баршамыз 
үшін үлкен тағылым. 

8
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Бұл – біз межелеп отырған «Мəңгілік Ел» мұраттарының айрықша 
бастауларының бірі болып саналады. 
Қазақ елінің Азия мен Еуропаның тоғысқан тұсында орын тебуі 
халқымыздың  салт-санасы  мен  дəстүріне  шығыс  пен  батыстың 
озық үлгілерінің қатар енуіне септігін тигізгені мəлім. Көшпенділер 
ұғымында тіршіліктің бастауын, өмірдің жалғасын  сабақтастырушы 
ретінде əйелдер қауымы ерекше құрмет тұтылған.
  Біз  ұлт  танымына,  ұлт  парасатына,  ұлт  пəлсапасына  өзгенің 
емес,  өз  көзімізбен  қарайтын  кезеңге  көтерілдік.  Сондықтан, 
жаугершілік  замандарда  кірмені  өзекке  теппеген,  кеңестік  кезеңде 
қуғын-сүргінге  ұшырап,  қазақ  жеріне  айдалып  келген  ұлттар  мен 
ұлыстарды бауырына басқан, сол арқылы өзінің ерекше өмір сүру 
салтымен, ұлттық дəстүрімен толеранттылықтың үлгісін көрсеткен, 
«мың өліп, мың тірілген» халқымыздың тамаша қасиеттерін танып, 
ұлт тарихындағы ұлы аналардың ұлағатын жас ұрпақтың санасына 
сіңіру – біз үшін көкейкесті мəселе. Осы «ұлт дəстүрі» деп аталатын 
генетикалық кодымыздың бастауы да, жалғастырушысы да – əйел-
аналар екені ақиқат. 
Халқымыздың арғы-бергі тарихында өмір сүрген белгілі əйелдер 
ғалымдардың  назарынан  тыс  қалмаған.  Мысалы,  белгілі  орыс 
зерттеуші Левшин Бопай ханым туралы: «Ол – ханның əйелі жəне 
тақ  мұрагерлерінің  анасы  ғана  емес  еді.  Бопай  –  Әбілқайырдың 
айнымас серігі, ақылшысы,  сенімді тірегі бола білді» деп таңдана 
жазды.  Азия  тарихын  терең  зерттеген  саяхатшы  Семенов-Тянь-
Шаньский дала ханшасы Айғанымның білімі мен талғамына Ресей 
патшасы І Александрдың таң-тамаша қалғанын жазады. 
Ал,  ұлтымыздың  аса  көрнекті  академигі,  археолог  Әлкей 
Марғұлан Айғаным жазған хаттардың, құжаттардың саны бірнеше 
жүзге жеткенін жəне олардың көпшілігі жеке адамдардың қолында 
сақталуы мүмкін деген болжамын айтып кеткен.  
Сан  ғасырлық  тарихымызда  ел  бірлігі  үшін  басын  бəйгеге 
тігіп, жерін қорғау үшін атқа қонған, бір ауыз сөзбен билік айтқан 
дана, батыр, шешен əйелдер туралы осындай деректер баршылық. 
Дегенмен,  жазба  деректер,  нақты  фактілер  қамтылған  құжаттар 
бүгінгі  заманға  толық  күйінде  жетпегені  белгілі.  Алдағы  уақытта 
мұндай құнды деректерді əлем елдерінің архивтерінен, өз еліміздегі 
дерек көздерінен  жинастырып, ұрпақ игілігіне ұсынатын кез келді 
деп білемін.

9
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Биыл ел болып атап өтіп жатқан қазақ хандығының 550 жылдығы 
аясында  отандық  тарихшы-ғалымдар  алдағы  уақытта  зерделейтін 
бірқатар  лакуналар  бар  деп  ойлаймын.  Соның  ішінде,    «қазақ 
хандығы» ұғымын мемлекетшілдік жəне дəстүр категорияларымен 
жүйелеп,  байыта  түсу  керек  деген  пікірдемін.  Хандықтың  тарихи 
орнын  тек  билік  лауазымы  ғана  анықтамайтыны,  оны  анықтау 
барысында елдік мəртебесі мен парасаты, экономикасы, жер аумағы 
мен  халқы,  тіпті  саяси  истеблишменттегі  əйелдердің  үлесі  де 
қамтылуы қажет деп есептеймін. 
Яғни, хандық туралы толыққанды ұғым қалыптастыру үшін хан 
ордасында  елдік  деңгейдегі  кеңесімен  тарихта  қалған  –  ханымдар 
мен  ханшалар,  би  мен  батырлардың  аналары  мен  асыл  жарлары 
туралы тарихи мағлұматтарды терең зерделеген жөн.
Бұлардың  ішінде  ханға  əділдігін  айтқан  Қарашаштан  бастап, 
ел  тұтқасы  болған  Айғаным  мен  Фатима  ханшалар,  жауға  қарсы 
шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай сияқты батыр жарлар, есімдері 
тұтас  жұрттың  тəрбие  бесігіне  айналған  Нүрила,  Қызай,  Қойсана, 
Қарқабат, Дəулетбике сынды аналардың рухани тұғыры уақыт өткен 
сайын асқақтай бермек. Өйткені олар – ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, 
тəлім-тəрбиенің ұраны мен қағидатына айналған асыл тұлғалар.
Бұл ретте, бүгінге дейін ұлт тарихындағы осындай тұлғалы əйел-
аналар  тақырыбына  арналған  бірде-бір  ғылыми  басқосулардың 
өтпегенін,  арнайы  жинақ  пен  энциклопедияның  жарыққа 
шықпағанын да айта кетуіміз керек.
Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан қоғамы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев  ұсынған  «Мəңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  жүзеге 
асыруға жұмылуда. «Мəңгілік Ел» идеясы – елдегі тұрақтылық пен 
тұтастықтың, рухани өрлеудің, бірлік пен келісімнің басты тұғыры. 
Бұл асқақ мұратқа қол жеткізуде бізге ең əуелі мемлекеттіліктің терең 
тарихын зерделеу аса қажет.  Мыңжылдықтарға тамыр тартып, сақ, 
ғұн дəуірлерінен бастау алатын мемлекеттілік тарихында Орталық 
Азия  аумағында  тұңғыш  рет  ұлттық  мемлекет  ретінде  құрылған 
Қазақ  хандығы  кезеңінің  тарихи  маңызы  ерекше  деп  есептеймін. 
Соның  ішінде,  хандық  дəуірдегі  мемлекет  өмірінде  елеулі  рөл 
атқарған белгілі əйелдер туралы зерттеулер жүргізудің мəні зор.
Менің ойымша,  Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қазақ 
мемлекеттілігін  қалыптастырып,  дамытуға  үлес  қосқан  ханымдар 
мен  арулардың  ұлт  алдындағы  еңбегін  байыптап,  тағылымды 

10
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
өмірлерін  жұртшылық  назарына  ұсыну  үшін    кешенді  ғылыми 
жобаларды қарастыру қажет. 
Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын мұндай жобаларды «Қазақ 
ханымдары  мен  арулары»  жəне  «Қазақ  əйелдері:  тарих  жəне 
қазіргі  заман»  деп  атауға  болады.  Бұл  орайда,  жоғары  оқу 
орындары  гуманитарлық  бағыттағы  магистрлік  жəне  PhD 
диссертацияларының  тақырыбына  бұрын  қарастырылмаған 
Қазақ  хандығы  тұсындағы  əйел  тұлғаларының  қайраткерлігін, 
мұрасын  зерттеу  нысанасы  етіп  енгізген  жөн  болар  еді  деген 
ойдамын. 
Сонымен бірге, халықтың тарихи танымын арттыру мақсатында 
«Қазақ  ханымдары»,  «Қазақ  əйелдері»  деген  тақырыптарда 
энциклопедиялық жинақтар əзірлеп, жарыққа шығарсақ игілікті 
істі ілгері бастыратынымыз анық. 
Бұған қоса, халқымыздың тарихындағы тағылымдық кезеңдерді, 
жалпыұлттық  құндылықтарды  жастар  санасына  сіңіру  үшін 
еліміздегі жоғары оқу орындарында «Ұлт дəстүрі» атты элективті 
курстар енгізуді жоспарлағанымыз жөн. 
Бұл  мəселелерді  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  Мəдениет 
жəне  спорт  министрлігімен  бірлесіп  сараптап,  алдағы  уақытта 
лайықты жүзеге асырады деген сенімдемін.
Тұтастай  алғанда,  ел  дамуының  ұзақ  мерзімді  бағдарламасы 
«Қазақстан-2050»  стратегиясында  жəне  «Ұлт  жоспары:100  нақты 
қадамда» белгіленген əлемдегі ең озық отыз елдің қатарына кіруде 
халықтың  рухани-мəдени  əлеуеті  мен  биік  деңгейі  ерекше  рөл 
атқаратынын  естен  шығармауымыз  керек.    Яғни,  ұлтымыздың 
ұлағатты тарихын, оның ішінде Қазақ хандығы кезеңінің мəні мен 
маңызын  жадына сіңірген біздің халықтың осындай жасампаз істерді 
жасауға əлеуеті де, мүмкіндігі де жететініне ешқандай шүбəміз жоқ.
Конференция  барысында  айтылған  идеялар,  тұжырымдар, 
ұсыныстар  мен  ой-пікірлер  игілікті  істердің  бастауы  болуына 
тілектеспін.

11
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Мунхтуя АЛТАНГЕРЕЛ,
Заместитель Постоянного 
Представителя Программы 
развития ООН в Республике 
Казахстан 
Құрметті достар! Дорогие друзья!
Я  рада  приветствовать  Вас  на  конференции  по  случаю 
знаменательного праздника в истории Казахстана. Особенно приятно 
выступать мне сегодня от имени женской половины.
Хочу  поблагодарить  со-организаторов  данного  мероприятия: 
Национальную  комиссию  по  делам  женщин  и  семейно-
демографической политике при Президенте Республики Казахстан, 
и особенно Гульшару Наушаевну Абдыкаликову за ее внимание к 
вопросам человеческого развития и роли женщин в этом процессе. 
Также  хочу  поблагодарить  Ерлана  Батташевича  Сыдыкова,  и 
весь коллектив Евразийского Национального Университета за столь 
теплый прием сегодня.
Не  случайно,  что  мероприятие  проходит  в  стенах  ЕНУ  имени 
выдающегося  ученого  Льва  Гумилева,  который  продвигал  идею 
объективной  оценки  роли  кочевых  цивилизаций  в  развитии 
человечества.
Как нам всем известно, Государство – Казахское ханство, уже в 
15-ном веке смогло объединить крупные кочевые племена Средней 
Азии  и  в  сравнительно  короткое  время  истории  превратиться  в 
сильное  государство  в  нашем  регионе.  И  я  убеждена,  что  роль 
женщин, а точнее женщин-лидеров в разных областях развития в 
этом процессе была важной.
Кочевой  быт  не  делит  людей  на  мужчин  и  женщин,  он 
предъявляет  к  ним  одинаковые  требования,  и  они  стараются  им 
соответствовать.  История  казахского  ханства  богата  примерами, 
когда  женщины  брали  на  себя  ответственность  за  судьбу 
государства и народа, и с успехом решали самые сложные задачи 
исторического масштаба.
Если позволите я коротко хотела бы рассказать о роли Мандухай-
хатун,  которая  стала  образом  мудрости  и  храбрости  в  истории 
моего  народа.  Примечательно,  что  монгольская  императрица 
Мандухай-хатун  жила  примерно  около  550  лет  назад  (1449-1510), 

12
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
как  раз  в  годы  становления  казахского  ханства.  Монголия,  можно 
сказать тоже переживала большие изменения в этот период. Будучи 
мудрым  политиком,  Мандухай-хатун  смогла  вновь  воссоединить 
монгольские тумены под общим знаменем, разрозненные в период 
правления  ее  предшественников,  что  сыграло  значительную 
роль  в  истории  страны.  Ей  удалось  также  сохранить  влияние 
потомства Чингисхана в Монголии. Сегодня образ Мандухай-хатун 
ассоциируется  с  дальновидностью,  стратегическим  мышлением  в 
государственном управлении.
Но к сожалению, в современном мире заслуги женщин-лидеров 
в истории относительно мало изучены, а порой даже не оценены 
полностью.  Возможно  из-за  нехватки  источников  и  сведений,  а 
возможно из-за «невнимания» к гендерным аспектам исторического 
развития.
В  этой  связи,  данное  мероприятие  приобретает  особую 
актуальность в свете празднования 550-летия Казахского Ханства. 
Мне особенно приятно, что личности Карашаш, Ханши Айганым, 
Суюнбике, Сузге, Бопай ханым, Тойкара-ханым получат импульс 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет