Хара балдырлардың маңызы. Хара балдырлары қаптап өскен уақытта суда түрақты биоценозын құрайды. Хараны көптеген эпифитті микроорганизмдер - балдырлар, қарапайымдар, бактериялар мекендейді. Олар көптеген қарапайым организмдерге қоректік заттың қоры болып есептеледі, Олармен балықтар қоректенеді. Балықтардың уылдырығын шашатын және шабақтары паналайтын орын болып есептеледі. Хара балдырлары бір уақытта улы заттар бөліп шығарады, сондықтан харалар өсетінжерде маса болмайды.