Харалықтар — Charales қатарьша монотигпі ірі макроскопиялық өсімдіктер жатады. Сыртқы морфологаялық ерекшеліктеріне қарай бір уақытта жоғарғы сатыдағы қырықбуын есімдіктер топтарына жат-қызып келсе, кейін жасыл балдырлардың бір класы ретінде қаралды. Хара балдырын көп зерттеген Мигула (1897) сияқты харологтар бүл балдырды ерекше қүрылымды организм ретінде қарастырып, талломды өсімдіктер мен мүктердің арасындағы байланыстырушы өсімдік деп есептеді. Бірталай альголоктар (1920ж. Гровес пен Бэллок-Вебстер. 1925ж. Мигула, 1944 жыддары Пашер мен Олсен) жалпы ерекшелікгерін ескере келіп, оны жеке бөлім ретінде қарастыруды үсынды. Бүл балдырлар қазіргі уақытга көп тараған өсімдіктер қатарьша жатады. Қазба қалдықтардан оогонийдің құрылысы мен морфологиясы осы уақытта тіршілік ететін түрлеріне ете ұқсас. Оогониді оңнан солға қарай, жоғарыдан темен қарай лента сияқты клеткалар спиралыда қоршап жатады. Мұндай ерекшеліктер басқа балдырларда кездеспейді.
Вегетативтік көбеюлері ризодтарында пайда болатын түйнектері арқылы ғана емес, сонымен бірге сабақ буындарының тұсынан үзілулерінен пайда болатын бөлшектері жене ерекше балапан бүршіктері арқылы болады. Түйіндері бір не көп клеткалы.
Оогоний арқылы жынысты көбюейеді. Сперматазоидтары үзьш, спираль сияқты иілген, арт жағы жуаңцау келеді де, алга қарай жіңішкереді. Екі үзын талшығы болады, сперматазоид үш бөлімнен түрады. Мүндай қүрылымды сперматазоидтар ешбір жасыл баддырларда болмайды.
Хараның — Сhага бізде 40-қа жуық түрі бар, көбінесе тұщы, кейде ащы суларда ну құрайтын, биіктігі 20—30 см, кейде бір метрге дейін жететін қырық буынға ұқсас, күрделі құрылысты, көп жылдық, "жапырағы" жақсы жетілген өсімдік. Бөбешік жапырақшалары жақсы жетілген, кепшілік уақытта жапырақтары мен сабағының жақсы жетілген қабығы болады. Əрбір жапырақ буындарында 4 немесе одан да көп жапырақшалар орналасады. Өсімдік бір не екі үйлі.