Хасанов indd



Pdf көрінісі
бет3/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы

4602000000
00(03)-09
Х


4
5
өзінің жалпытүркілік теориялық зерттеуін күтуде», – деп жазған бола-
тын [2, 58]. Қазақ тілінің лексикалық құрамындағы жүйелік қатынастар, 
атап айтқанда, парадигматикалық, синтагматикалық, эпидигматикалық 
және  иерархиялық  қатынастар  күні  бүгінге  дейін  толыққанды 
қарастырылмай  келгені  мәлім.  оның  ішінде,  тілдің  лексикалық 
жүйесіндегі  синтагматикалық  қатынастар,  синтагмалық  мағына 
мәселесі, лексикалық синтагматика мен синтаксистік синтагматиканың 
айырмашылықтары  мен  ұқсастықтары,  сол  сияқты  семантикалық 
валенттілік  пен  синтаксистік  валенттілік  түрлерінің  айқындалмай 
жатқан мәселесі өз алдына бір төбе. Ал лексикалық синтагматиканы 
көптеген  зерттеушілердің  синтаксистік  синтагматикамен  шатастыра 
бір қарауы бұл мәселенің күні бүгінге дейін семантикада емес, синтак-
систе қарастырылуына алып келді. Ал, негізінен, лексикалық синтаг-
матика семантика ғылымында, оның ішінде, лексикалық семантикада 
қарастырылуы керек те, синтаксистік синтагматика синтаксис аясында 
зерттелуі керек еді, сондықтан бұл мәселе сол өзекті күйінде қалып 
отыр.  осы  себептерге  орай,  лексикалық  синтагматика  мәселесін  се-
мантика ғылымы аясында кешенді түрде жүргізу қажеттілігі туындай-
ды. Зерттеу жұмысының басты негіздемесі тіл мен ойлаудан бастала-
тын, логика, философия, семиотика, синтаксис, стилистика, когнитивті 
лингвистика т.б. ғылымдарға қатысты болып келетін лексикалық син-
тагматика мәселесін тыңғылықты түрде зерттеу деп білеміз.
Қазақ тіл білімінде семантика ғылымы және оның бірқатар келелі 
мәселелері  зерттеушілер  назарынан  тыс  қалып  жатқаны  байқалады. 
Әсіресе,  тілдегі  орасан  көп  сөздердің  лексикалық  құрамдағы 
жүйелер көлемінде өзара қатынасқа түсуі зерттелмей жатқан күрделі 
мәселе.  Лексикалық  құрамдағы  парадигматикалық,  синтагматикалық 
қатынастар  арқылы  ықпалдасатын  сөздер  өздерінің  формалары  мен 
мазмұндары арқылы байланысып жататыны белгілі. Лексикалық син-
тагматика  сөздердің  мағыналық  жақтарынан  өзара  қатынасқа  енуіне 
негізделеді де, ақиқат өмірдегі әрекет, қимыл, жағдайларды бейнелейді, 
сол  себепті  бұл  мәселе  қазақ  тіл  білімінде  маңызды  болып  тұр  деп 
білеміз.
Жалпы синтагматика мәселесінің тіл біліміне енуі Ф. де Соссюрдің 
еңбектерінен басталады, себебі бұған дейінгі еңбектердің бәрінде син-
тагматика  жеке  бөлім  ретінде  қарастырылмаған  еді.  Ф.  де  Соссюр 
өмірден өткеннен кейін оның шәкірттері шығарған «Жалпы лингви-
стика  курсы»  атты  зерттеуінің  «Синхрониялық  лингвистика»  атты 
екінші  бөліміндегі  «синтагматикалық  қатынастар  және  ассоциативті 
қатынастар» атты бесінші тарауда, тілдегі сөздердің мағыналарының 
ерекшеліктерін сөздердің қатынасқа түсу негізінде тілдің өмір сүруіне 
қажетті адамның ойлау қызметінің екі түрлі формасына сәйкес келетін  
қатынас деп көрсетеді. ол былай деп жазады: «Бір жағынан, сөйлеудегі 
сөздер,  тізбек  құрап,  тілдің  көлбеулік  сипатына  негізделген,  екі 
элементті қатар айтуға мүмкіндік бермейтін, өзара қатынасқа түседі. 
Сөйлеу кезіндегі тізбекте бұл элементтер бірінен кейін бірі орналасады. 
осындай көлбеу сипатқа негізделген тіркестер синтагмалар деп аталуы 
мүмкін.  Тілдің  элементі  синтагмада  болып,  өзін  өзінің  алдындағыға 
немесе  кейінгіге,  немесе  оған  да  мынаған  да  қарама-қарсы  қоюы 
арқылы ғана мәнділікке ие болады»  [3, 121]. Ал орыс тіл білімінде 
бұл мәселеге «семантикалық синтагматика» деп атау беріп зерттеген 
ғалым в.Г. Гак болатын. 1972 жылы шыққан бұл еңбекте алғаш рет 
синтагматика синтаксистік аядан семантикаға жеке категория ретінде 
енгізіле  зерттелген  болатын.  в.Г.  Гактың  тұжырымдарын  Мәскеу 
семантикалық  мектебі  өкілдері  Ю.д.  Апресян,  И.А.  Мельчук,  А.К. 
Жолковский т.т. өз ізденістерінде одан әрі қарай дамытып, Н.З. Котело-
ва орыс тіл білімінде лексикографиялық тұрғыдан алғаш рет сөздердің 
лексикалық  тіркесімділігін  зерттеп,  1977  жылы  сөздік  шығарады. 
Семантикадағы лексикалық синтагматиканы зерттеудің қажеттілігі ту-
ралы С.Г. Тер-Минасова кезінде былай деп жазған еді: «Соңғы уақытта 
дейін зерттеушілер де, тілді оқытушылар да жеткілікті көңіл бөлмей 
келген лексикалық тіркесімділік мәселесі қазіргі тіл білімінің маңызды 
міндеттерінің  қатарына  көтеріліп  отыр.  Бұл  мәселенің  маңызының 
жоғары екені анық» [4, 85]. Ал алғаш лексикалық синтагматика деген 
терминді орыс тіл білімінде қолданған А.А. Уфимцева болса, оны се-
мантика аясында жүйелеп, бұл мәселеге арнайы тоқталған И.М. Ко-
бозева болатын. ол тілдік семантиканың лексикалық семантика деген 
еншілес ғылымының ішінде лексикалық және синтаксистік синтагма-
тика деген салаларын бөліп шығарады. 
Ал қазақ тіл білімінде Қ.Қ. Жұбанов «Қазақ тілінің жоғарғы кур-
сы»  еңбегінде  алғаш  рет  синтагматика  мәселесін  жазған  болатын. 
Сөздердің  өзара  бір-бірімен  мағыналы  жағынан  үйлесуін  байқаған 
ол былай деп жазған еді: «Сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар 
болады. Сөздер жеке-жеке жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған 
емес,  басқаға  жанасым  тауып,  үйлесерлік  болып  жасалған.  Өз  басы 
атау  болуға  жаралған  сөзді  бүтін  дейміз.  Бүтін,  әрине,  бөлшек  емес. 
Сөйте тұра, олар құрамды бөлшек болып барып материал болып, тұтас 
ой туғызатындықтан, жеке сөздерді үйлесім табушылар тобының бір 
бөлшегі  дейміз.  Бұл  айтылған  бүтіндік  пен  бөлшектілік        бірінсіз-
бірі өмір сүре алмайды (семасиология мен лексика бір зат, бірақ ілім 
ол екеуін бір-бірінен айырып қарайды; лексика – сөздің денесі болса, 
семасиология – мағынасы). Синтагматика – латынша құрау, құрастыру 


6
7
дегенді білдіреді» [5, 99]. Сонда синтагматика, оның ішінде, лексикалық 
синтагматика сөздердің  Қ.Қ. Жұбановша айтқанда, мағынасы жағынан 
«жанасым тауып, үйлесуі» болады. Қазақ тілінің семантикасы туралы 
іргелі еңбек жазған М.оразов лексикалық мағынаның құрылымы, тілдегі 
жүйелік қатынастар, оның ішінде, парадигматикалық, синтагматикалық 
қатынастар,  парадигмалық  мағына,  синтагмалық  мағына,  валенттілік 
мәселесі  т.т.  көптеген  лексикалық  семантика  мәселелерін  алғаш 
қарастырған  болатын.  ол  өз  зерттеуінде  алғашқылардың  бірі  бо-
лып,  толық  болмағанымен,  лексикалық,  синтаксистік  синтагмати-
ка  айырмашылығына,  синтагмалық  мағына  ерекшелігіне  тоқталып, 
оның  күрделілігін  атап  көрсетеді,  сол  себепті  М.  оразовтың  бұл 
еңбегінің  маңызын  жоғары  бағалау  қажет  деп  есептейміз.  Алайда 
кезінде Қ. Жұбанов бастап жазған лексикадағы синтагматика мәселесі, 
лексикадағы басқа да жүйелік қатынастар қазақ тіл білімінде М. оразов 
қарастырғанымен  күні  бүгінге  дейін  толық  қарастырылмай  сол  жа-
булы  күйінде  жатыр.  2002  жылы  шыққан  «Қазақ  грамматикасының» 
авторлары бұл мәселенің қазақ тіл білімінде әлі зерттелмей жатқанын 
синтаксистік тіркесімділіктің аясында айтып өтеді. олар былай деп жа-
зады: «Синтаксистік тіркесімділік туралы сөз болғанда, тіркесімділіктің 
басқа да түрі бар екенін естен шығаруға болмайды.
Тіркесімділіктің келесі бір үлкен түрі – лексикалық тіркесімділік. 
Лексикалық  тіркесімділік  жайлы  зерттеу  қазақ  тіл  білімінде  ғана 
емес,  түркологиялық  лингвистикада,  тіпті,  әлемдік  тіл  ғылымында 
толыққанды зерттеулер болмай отыр. Аталып тұрғанындай, мұндайда 
сөздің мағынасы басты назарда болуға тиісті. Солай болғандықтан да 
кез келген лексемалар бір-бірімен кездейсоқ тіркесе бермейтінін ескер-
меске болмайды. Әсіресе, қандай жағдайда лексикалық тіркесімділіктің 
болмайтындығын білу қажет» [6, 585].
Лексикалық  синтагматиканы  зерттеудің  өзектілігі  семантика-
да қарастырылуға тиіс күрделі мәселелердің синтаксисте, сондай-ақ, 
стилистикада қарастырылып жүргендіктен туындайды. оның үстіне, 
лексикалық  синтагматиканы  қарастыруды  онымен  тығыз  байла-
нысып  жатқан,  яғни  оның  пайда  болу  көздері  болатын  лексикалық 
семантиканың семиотика, философия, логикамен байланысы, тіл мен 
ойлаудың өзара қатынасынан бастау керек, сонда ғана бұл мәселенің 
түп-тамырына  көз  жеткізуге  болады  деп  ойлаймыз.  Бұған  қоса, 
лексикалық синтагматикаға қатысты мына мәселелер қарастырылмаған: 
яғни,  қазақ  тілінің  лексикалық  жүйесіндегі  парадигматикалық, 
синтагматикалық,  иерархиялық  және  эпидигматикалық  қатынастар; 
лексикалық  синтагматика  мен  синтаксистік  синтагматиканың 
айырмашылығы;  синтагматикалық  қатар  құрамындағы  сөздердің 
лексикалық  мағынаның  денотаттық,  сигнификаттық,  коннотаттық 
бөліктеріне қарай тіркесуі және шеткері семалармен байланысуы; сөз-
синтагмалардың мағыналарының құрылымындағы семалардың өзара 
үйлесу  сипаты;  сөз-синтагмалардың  тұрақталу  арқылы  лексикалық 
синтагматиканың  тіл  жүйесінде  тұрақталуы  және  синтагматикалық 
оппозиция  мүшелерінің  арасындағы  күрделі  сипаты;  синтагмати-
ка  мен  валенттілік  ұғымдарының  айырмашылығы;  метафора,  теңеу, 
полисемиядағы лексикалық синтагматика т.т. Көрнекті тілші Қ.Жұбанов 
сол кезде былай деп жазған екен: «Лексика дегеніміз сөздерді мағына 
жағынан  бір-бірінен  айыру  болып  табылады.  Лексиканың  атау 
ретіндегі,  мағына  айырмашылығындағы  кемшілігін  синтагма  толты-
рады  (жылқышы)  –  бұл  бір;  лексиканың  жарамды-жарамсыздығына 
байланысты  кемшілігін  де  синтагма  толтырады  (жылқының  жары-
мы)  –  бұл  екі.  Синтагма  лексиканы  жеңеді.  Бұл  не  деген  сөз?»  [5, 
100]. осындағы Қ. Жұбановтың «синтагма лексиканы жеңеді» деуінің 
сыры  неде?  Лексикалық  синтагматика  даму  барысында  сөздерді 
тұрақталуға  алып  келеді  деп  айтқаны  ма?  Сол  себепті,  лексикалық 
синтагматиканың  фразеологиядағы  өзіндік  орны  мен  арасалмағы  да 
–  басы  ашылмаған  мәселелердің  бірі.  Когнитивті  лингвистикадағы 
концепт пен лексикалық семантикадағы мағынаның тығыз байланы-
сынан туындайтын синтагматиканың концепті құрылымындағы орны 
да қарастырылмаған. Жалпы когнитивті концептінің көрінісін беретін 
құрылымдық үлгілері лексикалық синтагматика негізделген сөздердің 
өзара мағыналы түрде үйлескен сөз қатарларынан тұратыны белгілі. 
Сонымен  қатар,  ұлттық  менталдық  ерекшеліктердің,  лингвомәдени 
аспектінің  лексикалық  синтагматикаға  құрылу  деңгейі  де  –  күрделі 
сұрақтардың бірі. Мәтін лингвистикасындағы лексикалық синтагматика, 
мәтіннің семантикалық тұтастығы сақталуы үшін мәндердің қосылуын 
қамтамасыз ететін лексемаларды таңдау мен тіркестіру, мәнмәтіндегі 
лексикалық синтагматика – зерттелмей жатқан келелі мәселелер. оның 
үстіне,  лексикалық  синтагматиканы  шектеуші  және  реттеуші  өлшем 
– лексикалық нормалар мен лексикалық синтагматиканың өзара бай-
ланысы  да  маңызды  сұрақтардың  бірі.  осы  мәселелердің  бәрі  зерт-
теу  тақырыбын  қолға  алатын  уақыт  жеткенін  көрсетеді,  сондықтан 
бұл  күрделі  түйіндерді  шешу  ісін  қолға  алғанды  жөн  санадық.  М. 
оразовтың синтагмалық қатынастан туындайтын синтагмалық мағына 
туралы «Синтагмалық мағына полисемантикалық сөздердің, сөздердің 
ауыспалы мағынада қолдануының, метафора мен метонимияның, табу 
мен эвфемизмнің, сөз мағынасының тарылуы мен кеңеюінің, тұрақты 
тіркестер  мен  контекстік  қолданулар  кезінде  сөз  мағынасының 
өзгеруімен байланысы барлығы анық» дегені белгілі [7, 154]. Біз осы 


8
9
пікірді басшылыққа алып, полисемия мен омонимиядағы лексикалық 
синтагматика  ерекшелігін,  метафора  мен  теңеудегі  синтагматикалық 
қатынастардың қолданысын, тұрақты тіркестердің лексикалық синтаг-
матикасын, контекстік қолданулар кезіндегі сөз мағынасының өзгеруін 
қарастырғанды жөн санадық. оның үстіне, мәтін лингвистикасы мен 
когнитивті  лингвистикадағы  лексикалық  синтагматика  жағдайы  да 
–  бүгінгі  күннің  өзекті  сұрақтарының  бірі.  Бұдан  басқа,  жұмыстың 
көлеміне  сыймайтын  бірқатар  мәселелер,  атап  айтқанда,  метонимия 
мен синекдохадағы, табу мен эвфемизмдегі, сөз мағынасының кеңеюі 
мен тарылуындағы, кірме лексикадағы т.т. лексикалық синтагматика, 
синтагмалық  мағына  мәселесі  сияқты  өткір  мәселелер  қалып  отыр. 
Сонымен қатар, бұларға қоса, тарихи лексикология аясындағы тарихи 
лексикалық синтагматика мәселесі, тіл мәдениеті мен лексикалық син-
тагматика, аударматану мен лексикалық синтагматиканың өзара байла-
нысы, контрастивті лингвистика мен  коммуникативті лингвистикадағы 
лексикалық  синтагматика  ерекшелігі,  стилистика  мен  лексикалық 
синтагматиканың бір-бірімен тығыз қатынасы т.т. мәселелерді зерттеу 
– келешектегі істердің бірі деп есептейміз. 
Зерттеуде  лексикалық  синтагматика  және  онымен  байланысты 
мәселелер: яғни, синтагматиканың шығу негіздері, жүйелік қатынастар, 
синтагматика түрлері, валенттілік мәселесі, лексикалық синтагматика 
құрамы,  деривациямен  қатынасы,  полисемия,  омонимия,  метафора, 
теңеу, фразеологизмдегі лексикалық синтагматика, когнитивті семан-
тика және мәтін синтагматикасы қарастырылды.
Зерттеу  жұмысының  барысында  шетелдік,  орыс  тілшілері  және 
отандық тіл білімінің танымал ғалымдары  Ф. де Соссюр, Э. Косериу, 
дж. Катц, дж. Фодор, У. вейнрейх, Ю. Найда, А. вежбицкая, дж. Ла-
кофф, Ч. Филлмор, дж. Лайонз, о. Ахманова, Ю. Апресян, И. Мельчук, 
А. Жолковский Л. Новиков, М. Кронгауз, Н. Алиференко, И. Кобозева, 
в. Гак, д. Шмелев, в. Солнцев, Н. Котелова, Ю. Караулов, А. Уфимце-
ва, Л. васильев, Л. Новиков, З. Попова, И. Стернин, Э. Кузнецова, Ж. 
Соколовская, Н. Архипова, Н. Юдина Е. Кузьмина, А. Байтұрсынұлы, 
Қ. Жұбанұлы, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдари, 
Р.  Сыздық,  Р.  Әмір,  Ғ.  Қалиұлы,  Ә.  Болғанбайұлы,  Б.  Қалиұлы,  Б. 
Хасанұлы, Б. Сағындықұлы, Т. Сайрамбаев, М. оразов, Х. Нұрмұқанов, 
Э. Сүлейменова, Ж. Манкеева, Н. Уәлиұлы, Б. Шалабай, Г. Смағұлова, 
Б.  Момынова,  А.  Салқынбай,  А.  Алдашева,  о.  Бүркіт,  Ж.  Жақыпов, 
Р.  Авакова,  Л.  дүйсембекова,  Г.М.  Әзімжанова,  А.  Жұмабекова  т.б. 
зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды. 
Зерттеу  жұмысының  негізгі  мақсаты  –  шетелдік,  отандық  се-
мантикада  қалыптасқан  негізгі  әдіс-тәсілдерді  пайдалана  отырып, 
лексикалық синтагматика мәселесін лексикалық семантика, когнитивті 
семантика,  мәтін  семантикасымен  тығыз  байланыста  кешенді 
түрде  зерттеу.  Зерттеудің  осы  басты  мақсатына  жету  үшін  мынадай 
міндеттерді шешу қажет:
– лексикалық синтагматика – лексикалық семантика ғылымының 
семиотика, философия, логикамен өзара байланысынан бастау алаты-
нын және тілдік ойлау қызметінің жүйесін, яғни таным – қабылдау – 
таңбалау – жүйелеу – күрделі түрде хабарлаудың ерекшеліктерін ашу;
–  қазақ  тілінің  лексикалық  жүйесіндегі  парадигматикалық, 
синтагматикалық,  иерархиялық,  эпидигматикалық  қатынастар  мәнін 
және лексикалық, синтаксистік синтагматика аражігін ашу;
–  лексикалық  синтагматиканың  тіркесімділігіне  қарай,  көріну 
дәрежесіне қарай, дамуына қарай түрлерін анықтап, сөз-синтагмаларды 
компонентті  талдау  арқылы  мағыналарының  құрылымындағы 
семалардың өзара үйлесу сипатын, өзектену дәрежесін нақтылау;
–  синтагматикалық  қатар  құрамындағы  сөздердің  лексикалық 
мағынаның  денотаттық,  сигнификаттық,  коннотаттық  бөліктеріне 
қарай тіркесуін және шеткері семалармен байланысуын және деректі 
ауани мағына ұғымын айқындау;
– итеративтілік, сөз-синтагма, синтагмема ұғымдарын нақтылап, 
семантемалардағы лексикалық синтагматика түрлерін ашу;
– валенттілік теориясының мәнін ашып, түрлерін айқындау, оның 
лексикалық синтагматикаға қатысын анықтау;
–  комбинаторлы-синтагмалық  қатынас  метафоралы  сөз-
синтагмалар  мен  полисемия  синтагматикасының  жасалуына  басты 
ықпал етуші байланыс екендігін көрсету;
–  фразеологиялық  синтагматиканың  тұрақты  тіркестердің  өз 
ішінде тіркесуін, яғни ішкі лексикалық синтагматиканы және сүйемел 
сөздерге байланысты жүзеге асатын сыртқы лексикалық синтагмати-
каны зерделеу;
–  концепті  құрылымында  лексикалық  синтагматика  орын  алып, 
когнитивті  синтагматикаға  ауысатынын  дәлелдеу  және  когнитивті 
концептінің көрінісін беретін құрылымдық үлгілері – лексикалық син-
тагматика  негізделген  сөздердің  өзара  мағыналы  түрде  үйлесетінін 
көрсету; 
–  теңеулердің  синтагматикасындағы  ұлттық  менталдық 
ерекшеліктер,  ұлттық  мәдени  көріністер  оның  құрылымындағы 
концептілік ой-суреттен көрінетінін дәлелдеу;
– мәнмәтіндегі лексикалық синтагматика сөз таңдауға байланы-
сты жүзеге асуын, стилистикалық мәнмәтіндегі лексикалық синтагма-
тика көрінетін жасырын мәндерді зерделеу;


10
11
–  мәтін  синтагматикасының  негізінде  жалпы  когеренттілік  пен 
лексикалық когезия жататынын, ал лексикалық когезия – семантикалық 
үйлесу  заңдылығына  сәйкес  мәтіннің  семантикалық  тұтастығы  мен 
аяқталуы  жүзеге  асуы  үшін  мәндердің  қосылуын  қамтамасыз  ететін 
лексемаларды таңдау мен тіркестіру екенін көрсету;
–  лексикалық  синтагматиканың  айнымалы  сипатқа  өтіп, 
кеңеюіне  әсер  етуші  басты  сыртқы  факторлардың  әсерінен  сөздер 
синтагматикасының  активтеніп  немесе  пассивтеніп  отыруын 
қарастыру;
–  лексикалық  синтагматиканы  шектеуші  және  реттеуші  өлшем 
–лексикалық нормалар мен лексикалық синтагматиканың жүзеге асу 
негізінің бұзылуын анықтау; 
Зерттеуде лингвистикалық әдіс-тәсілдерінің бірнеше түрлері пай-
даланылды. олардың ішіндегі негізгілері – байқау, салғастыру, сипат-
тамалы  әдіс,  салыстырмалы  әдіс,  компонентті  және  контекстуалды 
талдау әдісі, пікірлерді қорыту әдістері қолданылды.
Зерттеудің  басты  ғылыми  жаңалығы  –  қазақ  тілінің  лексикалық 
синтагматикасы  толық  жүйеленіп,  тұңғыш  рет  кешенді  түрде 
лексикалық семантика, когнитивті семантика, мәтін семантикасымен 
тығыз байланыста зерттелді. Зерттеудегі ғылыми жаңалықтарға мына-
ларды жатқызамыз:
– лексикалық синтагматика лексикалық семантиканың семиоти-
ка, философия, логикамен өзара байланысынан бастау алатыны және 
лексикалық синтагматика тіл мен ойлаудың қызметінен туындайтыны 
анықталды;
–  қазақ  тілінің  лексикалық  жүйесі  парадигматикалық, 
синтагматикалық,  иерархиялық,  эпидигматикалық  қатынастардан 
тұратыны, ал синтагматикалық қатынастар – мағыналық үйлесу мен 
синтаксистік  конструкцияларға  негізделгендіктен  синтаксистік  син-
тагматика және лексикалық синтагматика деп екіге бөлінетіні белгілі 
болды;
– лексикалық синтагматиканың тіркесімділігіне қарай – абсолютті 
және қатысты, көріну дәрежесіне қарай – қарапайым, анық, және еркін, 
байлаулы, дамуына қарай – айнымалы, пассив түрлері болатындығы 
анықталып, лексикалық синтагматиканың бірлігі – сөз-синтагмаларды 
компонентті  талдау  арқылы  мағыналарының  құрылымындағы 
семалардың өзара үйлесу сипаты, өзектену дәрежесі нақтыланды;
–  синтагматикалық  қатар  құрамындағы  сөздердің  лексикалық 
мағынаның  денотаттық,  сигнификаттық,  коннотаттық  бөліктеріне 
қарай  тіркесуі  қалыптасқан  синтагмалар,  ал  шеткері  семалармен 
байланысқан  лексикалық  синтагматиканың  көрінісі  болатын  сөз-
синтагмалар солғын синтагмалар деп аталды. дерексіздікте жамалатын 
денотаттық,  сигнификаттық  компоненттердің  құрылымында  деректі 
ауани мағына деп аталды.
– итеративтілік, сөз-синтагма, синтагмема ұғымдары нақтыланып, 
ал  семантемалардағы  лексикалық  синтагматика  семантикалық 
үйлесу, семантикалық үйлеспеу, семантикалық келіспеуден тұратыны 
айқындалды;
– валенттіліктің логикалық, семантикалық, синтаксистік түрлері 
жіктеліп,  семантикалық  валенттілік  етістік  арқылы  жүзеге  асатыны, 
семантикалық  валенттілік  лексикалық  синтагматиканың  бөлігі  екені 
анықталды;
– комбинаторлы-синтагмалық қатынас метафора жасаудың басты 
тетігі екендігі және полисемия синтагматикасының жасалуына ықпал 
етуші байланыс екендігі айқындалды;
–  фразеологиялық  синтагматика  сүйемел  сөздерге  байланы-
сты  жүзеге  асатыны,  тұрақты  тіркестердің  өз  ішінде  тіркесуі  ішкі 
лексикалық синтагматика және қоршаған мәнмәтінмен, басқа лексема-
лармен, сүйемел сөздермен байланысы сыртқы лексикалық синтагма-
тика болатыны анықталды;
– концептінің құрылымдық үлгілері – лексикалық синтагматика 
негізделген  сөздердің  өзара  мағыналы  түрде  үйлескен  сөз  тізбектері 
екені  және  лексикалық  синтагматика  когнитивті  синтагматикаға 
ұласатыны айқындалды;
–  теңеулердің  синтагматикасындағы  ұлттық  менталдық 
ерекшеліктер,  ұлттық  мәдени  көріністер  оның  құрылымындағы 
концептілік ой-суреттен көрінетіні дәлелденді;
– мәнмәтіндегі лексикалық синтагматика сөз таңдауға байланы-
сты жүзеге асатыны, стилистикалық мәнмәтіндегі лексикалық синтаг-
матика көрінетін жасырын мәндер түрлері талданды;
–  мәтін  синтагматикасының  негізінде  жалпы  когеренттілік  пен 
лексикалық когезия болатыны, ал лексикалық когезия – семантикалық 
үйлесу  заңдылығына  сәйкес  мәтіннің  семантикалық  тұтастығы  мен 
аяқталуы  жүзеге  асуы  үшін  мәндердің  қосылуын  қамтамасыз  ететін 
лексемаларды таңдау мен тіркестіру екендігі айқындалды;
–  сыртқы  факторлардың  әсерінен  лексикалық  синтагматиканың 
активтеніп  немесе  пассивтеніп,  лексикалық  синтагматика  бойынша 
құралған сөздердің лексикалық құрамда көбейіп отыруы – айнымалы 
синтагматика екендігі анықталды;
–  лексикалық  синтагматиканы  шектеуші  өлшем  –  лексикалық, 
стилистикалық нормалар және лексикалық синтагматиканың нормаға 


12
13
сай  келуі  жеке  денотат,  денотаттық  жағдай,  сигнификаттық  жағдай, 
ұлттық салт-дәстүрге қатысты екені мәнмәтінге талдау жүргізу арқылы 
талданды.
Зерттеуде  тілдік  деректер  10  томдық  «Қазақ  тілінің  түсіндірме 
сөздігі»,  «Қазақ  тілі  сөздігі»,  І.Кеңесбаевтің  «Қазақ  тілінің 
фразеологиялық  сөздігі»,  Махамбет  толғаулары,  М.Әуезовтің 
«Көксерек»  әңгімесі,  С.Мұқановтың  «Халық  мұрасы»  зерттеуі  және 
«Өмір  мектебі»  трилогиясы,  Ә.Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер»  трило-
гиясы, Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы, 
С.Адайдың «Таңғы нөсер», С.Нұржановтың «Аруана» өлеңдер жинағы, 
«Жас ақындар жырларының антологиясы» жинағынан алынды.
 Қазақ тілі семантикасы ғылымында соңғы кезде қолға алынып 
жатқан мағынаның құрылымы, жүйелік қатынастар, сөйлем семантика-
сы қатарына лексикалық синтагматика мәселесі зерттелуінің қосылуы 
жалпы семантика теориясының зерттелмей жатқан жақтарын ашатыны 
сөзсіз. Жұмыстың теориялық маңызына лексикалық синтагматиканың 
лексикалық  семантика  аясында  ғана  емес,  когнитивті  лингвисти-
ка,  мәтін  лингвистикасы  көлемінде  қарастырылуын  жатқызуға  бо-
лады.  Лексикалық  синтагматиканың  тілдің  лексикалық  жүйесіндегі 
мағына  құрылымымен  қатар,  концепті,  мәнмәтін  жағдайындағы 
ерекшелігінің  айқындалуы  зерттеудің  теориялық  маңызының  зор 
екендігін  көрсетеді.  Зерттеудің  теориялық  нәтижелері  мен  пайым-
даулары қазақ семантикасының теориясы бойынша жаңадан түйіндер 
жасауға  мүмкіндік  береді.  Зерттеу  жұмысының  нәтижелері  қазақ 
семантикасының  тың  бағытын  қалыптастыруға  жаңа  серпін  береді. 
Зерттеудің  материалдары  семантика,  лексикология,  лексикография 
сұрақтарымен  тілдік  тұрғыдан  айналысқан  жағдайда  кәдеге  асары 
сөзсіз. Зерттеу материалдары, оның басты тұжырымдары жоғары оқу 
орындарында қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, қазақ 
тілінің семасиологиясы, жалпы тіл білімі, тіл мәдениет, психолингви-
стика, когнитивті лингвистика, мәтін лингвистикасы, прагмастилисти-
ка бойынша ғылыми курстардан дәріс оқуда, арнайы курстар мен ар-
найы семинарлар өткізуге, курстық, димлом жұмыстарын дайындауға, 
университеттер мен педагогтік институттардың филология факультеті 
студенттері мен магистранттарына арналған көмекші оқу құралдарын 
жазуға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет