Хасанов indd


 Cинтагматикалық қатынастар



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
1.8 Cинтагматикалық қатынастар
Енді  тілдегі  элементтердің  басты  қатынасы  болатын 
синтагматикалық қатынастар мәніне тоқталайық. «Синтагма» термині 
көне грек тіліндегі «қосылу» мәнін беретін зат есімнен шыққан, сонда-
ақ, бұл сөз «біртұтас құралған, біріктірілген» деген мәнді де береді. 
Синтагма екі мәнде қолданылады, яғни синтаксис пен семантикадағы 
синтагма  және  фонетикадағы  сөйлеу  тактысын  синтагма  деп  атау 
қабылданған.  в.в.виноградов  синтагмалар  үш  жақты  болады: 
«семантикалық,  синтаксистік,  интонациялық»  дей  келе,  синтагмалар 
туралы  академик  Л.в.Щерба  салған  теориямен  лингвистке  келісуге 
тура келеді дегені белгілі. Лексикалық құрамдағы парадигматикалық 
қатынастар – мағыналардың жүйесі болса, синтагматикалық қатынастар 
– осы жүйенің жүзеге асуы, жұмыс істеуі. Синтагматикалық қатынастар 
негізінде  тілдегі  сөз  мағыналары  өзара  мәндік  байланысқа  түсіп,  ірі 
мағыналық құрылымдарға бірігеді. Синтагмалық байланыс екі не одан 
да көп мағынаның екі жақты ықпалдасуынан жүйе ішінде көлбеу, яғни 
линиялы бағыттағы құбылудың, құралуының нәтижесінде пайда бола-
ды. Ф.де Соссюр өз еңбегінің «синтагматикалық қатынастар» тарауын-
да синтагмалық қатынастарға мынадай мысалдар, яғни «қақпа алды-
на», «кіру алдына» т.т. келтіре келіп, ал «күйеуге шығу», «қарауылға 
алу», «оған қарамастан», «соның арқасында» т.б.  тізбектер бірден ой-
дан суырып айтылмайды, олар дәстүр бойынша әзір қалпында беріледі 
деген пікір білдіреді. Тілдің линиялы сипаты шексіз түрде болады, мы-
салы, тілдегі дыбыстар көлбеу жүйеде, бір линия бойымен орналаса-
ды.  Сондықтан  Ф.де  Соссюр  оны  басты,  шексіз  және  оған  тілдің 
барлық механизмі қатысты болады деп есептейді. в.М.Солнцев: «тілдің 
қызмет  әрекетіндегі  элементтердің  линейлі  түрде  орналасуы  тілдің 
шын  мәніндегі  синтагматикасы  болады,  сондықтан  линейлік 
қасиеттерін  сипаттау  синтагматиканы  сипаттаумен  қиылысып  жата-
ды»,  –  деп  көрсетеді  [41,  59].  Тіл  механизмінде  Ф.де  Соссюрді  таң 
қалдыратын  құрылым  –  синтагматикалық  тұтастықтар  («solidarites» 
Соссюр  термині)  (соңынан  бұл  термин  Э.Косериу  көзқарастарында 
жалғасын табады). оның ойынша, «тілдегі барлық бірліктер не оларды 
қоршаған  сөйлеу  тізбегінен,  не  оларды  құраушы  бөліктерден 
бағынышты  болады»  [3,  124].  Ф.де  Соссюр,  тіл  механизмін  ұстап 
тұрған негізгі тілдік қатынастарға, алдымен, синтагматикалық қатынас, 
содан  соң,  ассоциативті,  яғни  парадигматикалық  қатынастарды 
жатқызады. Синтагматикалық тұтастықтар тілдің даму кезеңдерінде, 
кезінде,  Ф.де  Соссюр  көрсеткендей,  фразаларға  немесе  ірі  кейіптегі 
басқа  да  тілдік  құрылымдарға  айналуы  мүмкін.  в.М.Солнцев: 
«парадигмалардың  пайда  болуы  мен  дамуы  синтагматикалық 
қатынастардың  баюына  алып  келеді.  Бұл  сол  бір  синтагматикалық 
қатынастар аясында әртүрлі мән білдірудің барынша көп санын беруге 
мүмкіндік  береді»,  –  дей  келе,  мынадай  мысалдармен  нақтылайды: 
Мен газет сатып аламын; Мен кітап оқимын; Мен брошюра аламын 
және  т.т.  [41,  68].  Бұнда  семантикалық  мәндері  әртүрлі,  бірақ 
грамматикалық  жағынан  бірдей  сөздердің  бір  конструкция  ішіне 
қойылуын  байқаймыз.  Сонда  синтагматикалық  қатынастар  үшін 
мағыналық байланыспен қатар, кейбір грамматикалық ұқсастықтар не-
месе жақындықтардың да ықпалдары болуы мүмкін екенін аңғарамыз. 
Тілдің лексикалық жүйесін, тіпті, жалпы тіл құбылысын дихотомиялық 
құрылыс деген анықтауға сүйенсек, сөйлеу әрекетіндегі ой мен тілдің 
байланысында, тілдік ойлауда тұрған қалыпты тіл түрленіп, сөздер бір-
бірін мағынасы бойынша таба бастайды. Міне, сөздердің бір жүйелік 
күш  бойынша  біріне  бірі  тартылуы  осы  кезде,  яғни  сөйлеу  әрекетін 
реттейтін тілдік ойлаудың ситуациясында жүзеге аса бастайды. Тілдік 
ойлауда болатын кідірістердің артында синтагмалық қатынастарда жиі 
кездесетін  позициялық  өзгерістер  жатады  деп  ойлаймыз.  Себебі, 
жүйелі қалыпта жүзеге асып келе жатқан сөз бірліктері қатынастарының 
құбылып не іркілуіне ықпал етуші фактор – тілдік ойлауға тікелей әсер 
ететін  сол  бірліктің  өз  мағыналық  құрылымы.  Сонымен  бірге, 
мағыналық  құрылымның  құрамындағы  семалардың  өз  қызметтері 
арқылы бір-бірімен тікелей немесе қиылысқан қалыпта бір мәндік бай-
ланыс  орнатуы.  Тілдегі  қалыптасқан  не  жаңа  ғана  қалыптасып  келе 
жатқан  және  енді  қалыптаспақшы  мәндік  байланыстың  айқын  не 
күңгірт  байланысын  аңғару  оңай  шаруа  емес.  Сөз  бірліктерінің 
мағыналық жақтан ұштаса байланысуын немесе «бұрыс» байланысу-
ын  тек  позициялық  орындардың  ықпалдары  арқылы  анықтаймыз. 
Кейбір  позициялық  өзгерістердің  сөздердің  грамматикалық 


92
93
жақындығына  тигізер  әсерінен  сөздердің  араларында  туатын  мән  не 
мағыналық байланысты синтаксистік мағына деп атау кездеседі. Бұл 
аталымның  тіл  біліміне  ену  себебінде  сөз-атаушының  лексикалық 
және грамматикалық мағыналар түріне жіктелуі жатыр деп есептейміз. 
Тілдік бірліктердің семантикалық қатынастар құрауына сөз-атаушының 
қарапайым  мағыналық  құрылымы,  мәтіндік  жағдай  ықпалы,  сөз 
бірлігінің  қатынастар  түрлері,  әртүрлі  позициялық  өзгерістер,  тілдің 
лексикалық  жүйесіндегі  ұлттық  мәдени  фактор  және  қалыптасқан 
тілдік нормалар, тағы басқа бірқатар ішкі және сыртқы тілдік фактор-
лар  өз  әсерін  тигізеді.  Сол себептен  Л.А.Новиков  тілдің  лексикалық 
құрамындағы  синтагматикалық  қатынастардың  ерекшеліктерін  ашу 
және талдау үшін «мәтін – жүйе» бағыты керек деп көрсетеді [21, 148]. 
«Жүйе  –  мәтін»  бағыты  мен  «мәтін  –  жүйе»  бағыты  бойынша  сөз 
мағыналарын талдау – тілдің семантикалық қабатын толық сипаттауға, 
атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен байланысу мүмкіндігін айқындауға 
өз  әсерін  тигізеді.  Л.Ельмслев  сөздің  мәтіндік  жағдайы  туралы: 
«абсолюттік  жалғыздықта  ешбір  сөздік  таңба  қандай  да  болсын 
мағынаға толық ие бола алмайды; кез келген таңбалық мағына контек-
сте  ғана  пайда  болады,  ал  контекст  деп  біз  ситуациялық  немесе 
эксплициттік  контекстілерді  ұғынамыз»,  –  деп  жазған  болатын  [75, 
303].  Мәнмәтіннен  (контекст)  тыс,  яғни  мәтіндік  жағдайға  сөздер 
түспей  тұрғанда,  өздерінің  узуалды  мағыналары  бойынша  олар  бір-
бірімен ілеспелі қалыпта қатынасу мүмкіндігін жоққа шығаруға бол-
майды. дегенмен де сөздердің бұндай бір-бірімен мағыналары бойын-
ша  ілесуі  мәтіндік  синтагматика  негіздері  болады.  Жеке  сөздің  тіл 
жүйесінің бірлігі ретінде синтагматикалық қатар құрауы тілдік жүйеде 
үнемі жүріп жататын құбылыс екенін есте ұстау қажет. Алайда басты 
синтагматикалық байланыстың айқындалатын орны контекстік аядағы 
мағыналардың  түрленген  сипатта  тізбектелуі,  яғни  шексіз 
синтагматикалық қатарлар құрауы. Синтагматикалық қатынастардың 
мәнмәтіннен тыс немесе Ф. де Соссюрше айтқанда, қолданыссыз, яғни 
қалыпты тіл жүйесінде орын алу негіздерінің бастауы, біздіңше, әр сөз 
бірлігінің  өзіндік  мазмұнына,  оның  ішінде  жекелік  мағыналық 
құрылымындағы  басқа  сөз  бірлігімен  байланысқа  түсу  үшін  керекті 
семалардың орналасу сипатына байланысты болады. Сонымен қатар, 
бұл байланыс құраушы семалар сөздің тіл жүйесіндегі орнына, оның 
мәнмәтіндік жағдайына, позициялық өзгерістердің әсеріне және тілдегі 
басқа да күштерге тәуелді түрде болады. Міне, осы себептердің үстіне, 
олардың мәнмәтін мен позициялық орындарда өзектеніп отыратынын 
қоссаңыз, жалпы тілдің лексикалық жүйесінің тоқтаусыз дамып оты-
ратын  себебін  анықтауға  және  даму  жолдарының  күрделі  бейнесін 
аңғаруға болады. Мән-мәтін әсерінің сөз мағынасының семантикалық 
қатынас құрауына тигізер күшін жоғары деп есептемейміз, тек біздің 
ойымызша,  сөз  мағынасы  осы  мәнмәтіндік  жағдайда  ғана,  бейнелей 
айтсақ, «жаны еніп», бір-бірімен әртүрлі мағыналық бояуда құбылады. 
Бұл туралы Б.Момынова: «Синтагма мүшелерінің мағынасы өзінің ал-
дынан  немесе  соңынан  келетін  синтагма  мүшесіне  барлық  жағынан 
қарсы қою арқылы айқындалады. Синтагма ұғымы аясына сөздер ғана 
емес, сөз тірестері, созылыңқы күрделі бірліктер (күрделі сөздер, ту-
ынды сөздер, сөйлем мүшелері, тұтас сөйлемдер) енеді», – деп жазады, 
сонымен қатар, фонетикадағы синтагма ұғымын түсіндіріп өтеді [52, 
20]. Қазақ тіл білімінде синтагматикалық қатынастарды алғашқылардың 
бірі  болып  зерттеген  М.оразов  лексика  элементтері  арасындағы 
синтагмалық  қатынастар  мен  синтагмалық  мағынаны  екіге  бөліп, 
олардың  мәнін  түсіндіреді.  Сонымен  бірге,  оның  синтагматиканың 
синтаксистік  және  семантикалық  түрлерін  бөліп,  зерттеуі  қазақ 
семантикасының қолы жеткен ірі табысы деп бағалаймыз. Б. Сағындық-
ұлы «Сөйлеу не жазу кезінде сөздердің бірінен кейін екіншісінің келіп 
байланысуынан синтагмалық қатынастар пайда болады. Парадигмалық 
қатынас бір деңгейдегі тіл элементтерінің арасында болса, синтагмалық 
қатынас  әр  текті  тіл  элементтері  арасында  ұшырасады»,  –  деп, 
синтагмалық қатынастың тек сөйлеу емес, жазу кезінде де туындайты-
нын көрсетеді [35, 13]. Ал лингвистикалық түсіндірме сөздік авторла-
ры:  «Синтагматика  синтагма  туралы  ілім;  Синтагматиканың 
фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық, лексикалық т.б. түрлері 
болады.  Синтагматикалық  талдаудың  екі  тәсілі  болады:  валенттілік 
талдау (көрші тұрған сөздердің қатынасы) және дистрибутивті талдау 
(сөздің өзін зерттеу). ...Қазіргі тіл білімінде лексикалық синтагматика-
ны (сөз синтагматикасын) зерттеу сөздің лексикалық мағынасын білу 
үшін маңызды болады», – деп түсіндіреді [ЛСТ., 192]. Фонетикадағы 
саласындағы еңбектерге орыс, ағылшын, қазақ тіліндегі синтагмалар-
ды салыстыра зерттеген А. Сальменованың еңбегін айтуға болады [76]. 
Лексикографиялық  тұрғыдан  М.  Малбақов:  «Синтагматика  –  сөздік 
бірліктің қандай грамматикалық тұлғалармен байланысқа түсетіндігі, 
қандай  көмекші  сөздермен  тіркесетіндігі,  қандай  грамматикалық 
құрылымдарға кіре алатындығы болып саналады», – деп анықтайды 
[34,  209].  Тарихи  сөзжасам  мәселесін  зерттеген  А.Б.Салқынбай: 
«Синтагматикалық  байланыс  –  жүйелі  құбылыс.  Тілдік  құрылымды 
жүйелеп,  сөздердің,  морфемалардың  бір-бірімен  семантикалық, 
синтаксистік, стилистикалық байланысын, құрылымдық не тұлғалық 
заңдылықтар негізінде реттеп отыратын осы синтагматикалық байла-
ныс.  Синтагматикалық  байланыс  заңына  бағынбайтын  жалғанатын 


94
95
тілде бірде-бір мүше болмайды. Яғни тілдік бірліктер бір-бірімен бай-
ланысуы  үшін,  ең  алдымен,  олардың  ішкі  семантикалық  құрылымы 
мәндес,  ыңғайлас  болуы  шарт.  Екіншіден,  олардың  тұлғалық  жағы 
сингармонизм заңына лайықталып, позициялық бағыныштылықта бо-
луы  шарт.  Үшіншіден,  стилистикалық  жағынан  жатық,  «сылдырлап 
өңкей келісім, тас бұлақтың суындай» болып, келісті келуі шарт. Бұл 
негізгі  үш  шартылық  фонетикаға,  лексикологияға,  семантикаға,  син-
таксиске, сөзжасамға да қатысты», – деп жазады [77, 226]. Н.Г.Комлев 
сөздің мазмұнды жағының көлбеулі мәнін көрсетіп, оның элементтеріне: 
«таңба,  лексикалық  ұғым,  денотат,  шындық  болмыстың  элементі 
көлбеулі байланыстың бөлігі болады», – деп, синтагмалық қатынасты 
көлбеулі  түрден  таниды  [78,  95].  д.Н.Шмелев  сөздердің  лексикалық 
жүйедегі синтагмалық қатынасына мәнмәтіннің әсер ету дәрежесі ту-
ралы мынадай пікір білдіреді: «Сөздерді тіл бірліктері ретінде сипат-
тайтын және синтагматикалық тәуелділікті көрсететін дәрежесіндегідей 
болатын контекст, сөздердің «жекеменшік» лексикалық мағыналарына 
қарсы  келетін  «контекстік  мағыналар»  тудырмайды.  «Жекеменшік» 
мағыналарға  қарсы  қоюға  болатын  «контекстік»  деп  атауға  келетін 
мағыналар,  басқаша  айтуға  келмейтін  сөздердің  мағыналарының 
тіркесімдер құрағанында пайда болады» [56, 158].  Б.Қ.Момынова да 
мәнмәтіндік жағдай мен сөйлеу процесін есепке алып, «бір қарағанда 
сөз бен синтагманың айырмасы жоқтай көрінуі мүмкін. Өйткені син-
тагма құрамына қарамастан сөз секілді белгілі бір ұғымды білдіреді, 
оқиғаның көрінісі бола алады. Бірақ сөз бұрыннан тілде бар ұғым атау-
ын білдірсе, синтагма тек сөйлеу процесі кезінде пайда болған ұғым 
атауын білдіреді де, тек контекст көлемінде ғана мазмұнға, мәнге ие 
болады. Бұдан шығатын басты қорытынды: синтагматикалық қатынас 
нәтижесі  туынды  сөз  екендігі»,  –  деп  жазады  [52,  13].  Ал  Г.С.Щур: 
«бірліктердің 
синтагмалық 
тіркестері 
экстралингвистикалық 
факторларға қатысты болады және оларды бейнелейді», – десе [50, 90], 
в.Г.Гак  синтагматикалық  байланыстар  ұштаса  шектескен  сөз 
тіркестерінен көрінеді, мысалы; «ауылдан, қалаға, тез, жай, бару», – 
деп қорытады [79, 150].
Синтагматикалық  қатынастардың,  оның  ішінде,  синтаксистік 
құрылымдардың, тіпті, парадигмалық қатынастардың мәтін категория-
сында ғана басты табиғаты ашылатынын, оның тіл дихотомиясындағы 
сөйлеу  тілі  түріне  жататындығымен  байланыстырамыз.  Тілдің 
дихотомиялық  сипаты  адам  танымының  нәтижесінен  пайда  болады, 
яғни тіл мен сөйлеу процесі ми мен тіл сияқты егіз қалпында таным 
мен  өмірлік  тәжірибеге  қатысты  күйде  адамзатпен  бірге  күн  кешері 
сөзсіз. А.А.Уфимцева тілдің дихотомиялық құрылысындағы алғашқы 
элементарлы пропозициялық құрылымның негізін құраушы қарапайым 
егіз  элементтердің  қатарында  мыналарды  атайды:  «бастау  нүктесі 
–  субьект;  ол  туралы  хабар  –  предикат;  тема  және  рема;  атау  және 
түсіндіру;  тұрақты  және  айнымалы  элементтер;  түсіндірілетін  және 
түсіндіруші; белгілі және жаңа; және т.т.» [80, 137]. Сөздің «өмір сүруі» 
оның сөйлеуге араласып отыруында жатыр, сондықтан тіл мен сөйлеу 
дихотомиясындағы  сөздердің  комбинаторлық  өзгерісінің  тамырында 
таным  мен  тәжірибенің  дихотомиясы  жатыр  деп  кәміл  айта  аламыз. 
Тілдің  дихотомиялық  сипатта  келуінен  неміс  тілшісі  в.Порциг  1934 
жылы сөздердің мәндік синтагматикалық қатынастар құрау мүмкіндігін 
байқап,  оларды  Й.Трирдің  енгізген  парадигматикалық  семантикалық 
өрісіне қарсы қояды. Мысалға ол мынадай сөздердің жұптарын атай-
ды: ит – үреді, қайшы – қияды, қол – ұстайды, тамақ – ішу, киім – кию 
т.т.  Бұл  мәселелер  соңынан  дж.Фирттің  еңбегінде  қарастырылады, 
яғни  ол  сөздердің  тіркесімділігінің  негізінде  тек  логикалық  байла-
ныс  емес,  идиомалық  байланыс  жататынын  жаза  келіп,  бірінші  рет 
сөздердің синтагматикалық қатынасын семантикалық мәселе ретінде 
көтеріп,  лексикалық  мағынадан  мәселесінен  синтагматика  мәселесін 
бөледі [81, 44]. ол синтагматикалық қатынастарға, көбіне, идиомалық 
сипаттағы  сөз  бірліктерінің  байланыстарын  жатқызды.  Мысалы: 
ағылшын тіліндегі «есек» сөзі ауыспалы мәнде «ақымақ», «қыңыр», 
«ұсқынсыз» сөздерімен және «жас» сөзімен тіркесім құрайды да «қарт» 
сөзімен мағыналық байланыс құрамайды. Ағылшын тіліндегі «уақыт» 
сөзі мынадай сөздермен байланысқа түседі: saved (тікелей аудармасы 
«құтқарылған»)  аударғанда  беретін  мағынасы  «үнемделген»;  spent 
(тікелей  аудармасы  «жойылған»)  аударғанда  беретін  мағынасы  «кет-
кен»; presses (тікелей аудармасы «басу») аударғанда беретін мағынасы 
«жоқ»; flies (тікелей аудармасы «ұшу») аударғанда беретін мағынасы 
«заулап  жатыр»  т.т.  Синтагматикалық  қатынастарды  салыстырма-
лы тіл білімі аясында зерттеу – бірқатар сұрақтардың мәнін ашатын 
сөзсіз,  сондықтан  да  бұл  мәселе  көп  күттірмейтін  істердің  бірі  деп 
білеміз. Егер, жалпы лексикалық жүйедегі қатынастарды бірлестікте 
қарастырса, олардың өзара байланысы анықталатын болар деп ойлай-
мыз. Парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар үнемі тығыз 
байланыста  болады,  яғни  «бір  парадигматикалық  кластың  ішіндегі 
таңдауды  синтагматикалық  қатынастар  жасайды»  [79,  373].  Сондай-
ақ, өз зерттеуінде И.М. Кобозева айтқандай, «сөздің синтагматикалық 
семантикалық сипаты оның сөздікте түсіндіруінен бөлінбейді. Ал сөзді 
түсіндіру лексикалық бірліктердің парадигматикалық сипатталуының 
негізінде құрылады. Синтагматика мен парадигматика ажырамас бай-
ланыста болады» [18, 148].


96
97
Көлемді  мәтіндік  жағдайда  сөз  бірліктері  тіл  жүйесінің  жалпы 
бәріне ортақ болып келетін синтагматикалық қатынастарына бағынып, 
парадигмалық  қатынастарға  негізделген  лексико-семантикалық 
бірлестіктердің аясында өзектеніп, шартты түрде «контекстік» деп ата-
лып  жүрген  синтагмалық  қатынастардың  сипатын  көрсететін  бір 
мәндерді  беруі  мүмкін.  Лексикалық  қабаттардағы  әртүрлі  сөз 
бірліктерінің  парадигмалық  және  синтагмалық  қатынастары  мәтін 
ішінде әртүрлі жүйе құрап, өзара тығыз араласқан күйде келеді, тіпті, 
олар бір-бірімен кезектескен сипатта болуы мүмкін. д.Н.Шмелев бұл 
қатынастардың  осы  ерекшелігін  сөздің  парадигматикалық  және 
синтагматикалық бекітілген заңдылығы деп біледі. ол бұл заңдылықты 
былай  анықтайды:  «лексико-семантикалық  бірлік  ретінде  сөздің 
парадигматикалық бекітілу дәрежесі керісінше оның синтагматикалық 
бекітілу  дәрежесіне  қатысты  болады.  Басқаша  айтқанда,  лексико-
семантикалық парадигмада берілген мағынадағы сөздің орны нақтырақ 
болса,  оның  соғұрлым  синтагматикалық  байланысы  азырақ  болады. 
Және керісінше» [56, 190].  М.А.Кронгауз сөздердің кезектесіп байла-
нысуы бұл қатынастардың комбинациялық өзгерістерінде болады деп 
есептейді.  ол  былай  деп  жазады:  «Синтагматикалық  қатынастар 
парадигматикалық  қатынастардан  өзгешелігі  сөздердің,  яғни  тілдік 
таңбалардың  ұқсастығын  не  ерекшелігін  қажет  етпейді.  Тек  бұл 
қатынасқа  енген  тілдік  таңбалар  қарым-қатынас  кезінде  бірге 
қолданыла алады және өзара ықпалдасады» [8, 152]. Сөздер тіркесуге 
түскенде, әр сөздің өзінің мағынасы басқасымен қатынасады да өзара 
біріне  бірі  әсер  етеді.  осы  өзара  қатынасудың  негізінде  сөздердің 
мәндік  құрылымы  өзгеріп,  синтагмалық  мағына  туатын  жағдай 
қалыптасады. Бұл қатынаста сөздер ең басты макросемалары арқылы 
тікелей семантикалық қатынастар құрай береді. осы кезде қатынастың 
бұл түрі орнау үшін қажетті болатын семантикалық үйлесу жағдайының 
тууы.  Мәтіндегі  байланыстылықтың  көзі,  бастауы  –  сөздердің 
синтагматикалық  қатынасқа  бағынып,  кіші  және  ірі  семантикалық 
құрылымдарға  (сөз  тіркестері,  сөйлемдер,  күрделі  синтаксистік 
тұтастық  т.т.)  енуі.  Ф.де  Соссюрден  кейін  синтагматикалық 
қатынастарды 1928 жылы жарық көрген «Грамматика философиясы» 
еңбегінде жүйелі түрде сипаттаған дат ғалымы о. Есперсен болатын. 
ол синтагматикалық қатынастарды кемінде үш сөздің құрылымы бой-
ынша зерттей келе, сөздердің бұл қатынасы өте күрделі сипатта бола-
тынын және олардың басты заңы біріне бірі бағынуы екенін ашты. Со-
нымен  қатар,  сөздер  мағыналарының  қатынас  құрағандағы  үйлесу 
заңдылығының  екі  түрде,  яғни  шектеулі  және  шектеусіз  болатын 
көрсетті. ол синтагмалар болуы үшін екі не үш сөз бірлігінің өзара 
бағынышты күйдегі қатынас құрылуы керектігін дәлелдеді. о.Еспер-
сен  синтагматикалық  қатынастардың  мынадай  түрлерін,  яғни 
бағынышты,  жартылай  бағынышты,  бірінші  сөз,  екінші  сөз,  үшінші 
сөз, шектеулі, шектеусіз т.б. түрлері болатынын жазды. Бүгінгі зерттеу 
тұрғысынан алғанда, бұл жіктеулердің бәрі дұрыс деп есептеуге толық 
негіз  бар,  өйткені  лексикалық  синтагматикаға  көптеген  аталымдар 
синтаксистік зерттеулерден ауысқан. Алайда о.Есперсен өз зерттеуінде 
лексикалық синтагматиканы басты орынға қойғандықтан, ол енгізген 
терминдер  сол  күйінде  жалпы  синтагматикада  қолданылуда,  яғни 
лексикалық және синтаксистік синтагматикада қатар жүруде. ол тілдік 
деңгейдегі  синтагматикалық  қатынастардың  басты  жүгі  етістіктерге 
түсетінін  ескерте  келіп,  былай  деп  жазады:  «Етістік  тіркеске  ойдың 
біту  немесе  аяқталудың  ерекше  бір  сипатын  береді  және  аяқталған 
сөйленісті (высказывание) тудырады» [82, 95]. Бұл зерттеулер амери-
кан ғалымы Н. Хомскийдің генеративті грамматикасына сүйенген аме-
рикан тілшісі У.вейнрейхтің еңбектерінде өз жалғасын тапқан бола-
тын.  У.вейнрейх  (кей  еңбектерде  вайнрайх)  сөз  мағыналарының 
тәртіпке түспеген белгілерінің жинағын және тәртіпке түскен белгілер 
жинағын бөліп шығарады. Тәртіптелмеген не жүйеленбеген белгілерді 
кластерлер, ал тәртіптелген не жүйеленген белгілерді конфигурация-
лар деген терминдермен атайды. осы ұғымдардың көмегі арқылы жеке 
сөздердің  семантикасын  және  конструкциялардың  (синтагмалар)  се-
мантикасын зерттеуге болады деп есептейді. У.вейнрейхтің еңбегінде 
басты  жаңашылдық  –  сөздердің  логикалық  қатынасы  және 
семантикалық үйлесудің нәтижесінде сөздерді екі түрлі синтагмалық 
қатынасқа жіктеуі. Бірінші түрін ол «қосылу» (ағылшынша варианты 
linking, ал орысша «соединение, сцепление» терминдері кең тараған) 
терминімен белгілесе, екінші түрін «ену» (ағылшынша варинты nesting, 
орысша  «вставление,  включение»)  сөзімен  береді.  У.вейнрейх 
«қосылу»  ұғымына  мынадай  анықтама  береді:  «қосылу  бұл  бір 
семантикалық  операция  ретінде  көрінеді,  бұл  операция  нәтижесінде 
тәртіпке  түспеген  семантикалық  белгілер  пайда  болады»  [83,  91]. 
Мысалға ақ қабырға  white wall тіркесін алады да ондағы семалардың 
тәртіптелгені әсерінен ақ сөзі шын мәнінде ақ мағынасын, ал қабырға 
сөзі шын мәнінде қабырға мағынасын береді, сол себепті семантикалық 
белгілер ірі конфигурация құрайды деп көрсетеді (Бұл жерде ескертетін 
жайт, қазақ тілінде қабырға сөзі омоним болуына орай парадигмалық 
қатар құрауы мүмкіндігіне ие және екі узуалды мағынасы бар). ол ақ 
қабырға тіркесі синтаксистік қосылу емес, лексикалық қосылу болып, 
лексикалық синтагматиканы құрайды деп есептейді. ол ену (қойылу) 
операциясына  етістіктердің  бағынуын  және  басқа  бірліктермен 


98
99
семантикалық  үйлесуін  жатқызады,  мысалы,  тістерін  емдеу,  сағат 
жөндеу, тамақ ішу, киноға бару т.т. Сондай-ақ, ол толық емес қосылу 
ұғымын енгізеді, мысалға ол қыдырды, ағылшынша «He walks», бұл 
сөздердің семалық құрамы мынадай болуы керек: «He + goes + on foot», 
қазақшаға аударғанда ол аяғымен жүр. оның айтуынша, «He + goes», 
яғни ол жүр дегенде мағыналық белгілері үйлеседі, ал «He + on foot», 
яғни ол және аяқ сөздері семантикалық тіркесімділік құрамайды. Міне, 
белгілердің  осылай  үйлесуі,  семантикалық  қатынас  құрауы 
кластерлердің (орысша «пучок)» конструкциясын құрайды. У. вейнрейхтің 
«қосылу»  операциясындағы  семантикалық  белгілердің  тәртіпке 
түспеген кластерлер немесе «шоғыр» (орысша «пучок») ұғымындағы 
тәртіпке түспеген деген пікірімен белгілі кеңес ғалымы С.д.Кацнельсон 
келіспей, оның көзқарасын сынға алады. ол: «семантикалық белгілер 
үнемі белгілі бір тәртіпке бағынып отырады, егер логикалық байланыс 
бұларды өз жүйесі бойынша тәртібіне түсірмесе, тілдегі семантикалық 
белгілердің қосылуын және оларды қатаң түрде тәртіпке салып отыра-
тын тілдің өзіндік тәртіпке бағындыратын жүйесі бар. Мысалы: сары 
гүл және гүлдің сарылығы», – деп жазады [84, 149]. Тілдегі әртүрлі 
қатынастар мен өзгерістерді реттеу белгілі бір сол тілге ғана тән жүйелі 
тәртіп  бойынша  жүретініні  белгілі.  Сондықтан  С.д.Кацнельсонның 
пікірін дұрыс деп есептеуге толық негіз бар деп білеміз. У. вейнрейхтың 
«тәртіпке  түспеген  семантикалық  белгілер»  деген  пікірімен  келісу 
қиын, өйткені семалар семантикалық жүйеден ауытқып, оған бағынбаса, 
мәндік үйлесу әлсізденіп, сөздер арасындағы синтагматикалық қатынас 
жойылып  кетуі  мүмкін.  Бұл  жерде  У.вейнрейхтің  бір  ескертетіні, 
бұндай жағдай, көбіне, етістіктің предикациясына тән нәрсе және бұл 
байланыс  «толық  емес  қосылу»  болады.  ол  синтагматикалық 
қатынастарға  ие  көптеген  сөздер  жұптарын  көрсеткен  болатын, 
мәселен,  кәдімгі  атрибуттық  сипат  (лимон  –  қышқыл),  қызмет  және 
қызмет істеуші (ит – үреді), қызмет және оның объектісі (еден – сыпы-
ру ), қызмет және оның құралы (қияды – қайшы), іс-әрекет және оның 
орны (отыру – орындық, жату – кереует), іс-әрекет және әрекет кауза-
циясы  (болу  –  беру,  көру  –  көрсету)  және  т.т.  ол  жеке  сөздердің 
мағыналары тіркесім құрағанда өздерінің семантикалық белгілерін бір 
бірлестікте,  бір  құрылымда  линиялы  сипатта  көрсетеді,  сол  себепті 
семантикалық  қатынаста  сөздердің  семалық  құрамы  жинақталған 
құрылым күйінде мәндік байланыс орнатады деп есептейді. У. вейн-
рейх бұдан басқа, сөздердің синтагматикалық қатынасқа түсуінде шек-
телу, не қысқару және модалдану операциялары жүретінін жазған бо-
латын.  Бұндай  сипаттағы  сөздердің  мәндік  байланысқа  енуін  ол 
предикаттық  қызметтің  жоғары  дәрежеде  басымдық  қызмет 
атқаратындығымен  байланыстырады.  Жалпы  предикат  ұғымы  тіл 
біліміне логика мен философиядан келген себепті, екі ұғымда енген 
болатын.  Бірінші,  өзінің  тар  мәнінде  субьектіге  қарсы  қойылатын 
пайымдаудың екі мүшесінің бірі болады, яғни предикат – субьект тура-
лы сөйленген не айтылған нәрселер тобы. Екінші, кең мәніндегі пре-
дикат  –  бір  немесе  одан  да  көп,  не  жеке  объектінің  қасиеті  болады. 
М.А.Кронгауз семантикадағы предикацияға мынадай анықтама береді: 
«Предикация  дегеніміз  предикаттың  нақты  қасиеттерін  нақты 
объектілерге таңу актісі (немесе операциясы). Предикацияға қатысушы 
нақты объектілер актанттар деп аталады. Предикат пен оның актанта-
ры  арасындағы  предикация  нәтижесінде  актантты-предикаттық 
қатынастар пайда болады» [8, 157]. Тіл білімінде бұлай жіктеу бірінші 
синтаксистік  нысандарға  (объекті)  қолданылды.  Бұнда  мағыналар 
емес, формалар сипаты қарастырылды, сол себепті етістікті предикат 
ретінде алып, оны сөйлемнің басты орталығы, басқарушысы ретінде 
сипаттады. Міне, осындай зерттеулердің нәтижесінде алғаш етістіктің 
валенттілігі синтаксис аясында сөз болды. Француз тілшісі Л.Теньер 
осы  мәселені  зерттей  келе,  етістіктің  валенттілік  қасиеті  сөйлемнің 
құрылысын хабар мен бір мән ретінде көрсететінін жазған болатын. 
Л.Теньер  етістіктің  валенттілік  қасиеттерін  көрсетіп  тұратын  және 
оның семантикалық белгілерімен тығыз қатынасатын, сонымен бірге, 
етістіктің  валенттілігін  толтырушы  құрал  ретінде  сөз  актанттарын 
атайды [85, 250]. Предикация арқылы тіл жүйесіндегі синтагматикалық 
қатынастар  табиғатын  ашу,  етістіктердің  басымдығынан  бастап,  өз 
зерттеулерін жүргізу деген сөз. осы тұрғыдан келгенде, бұндай зерт-
теулер  синтаксистік  синтагматика  мәселелерінің  мәнін  ашуға 
бағышталады. Синтагматика мәселесінде предикаттықты, етістіктерді 
қарастыру – синтаксистік синтагматиканы ғана есепке алу деген сөз 
емес. Лексикалық синтагматикада етістіктердің мағыналық құрылымы 
кеңінен қарастырылуы тиіс екені даусыз, алайда, бірқатар тілшілер бұл 
мәселені  синтаксистің  еншісіне  бұрып  жібереді.  Синтаксис  емес, 
семантикалық тұрғыдан етістіктерді қарастырған М.оразов бұл мәселе 
туралы былай деп жазады: «Егер түркі тілдеріндегі қай сөз табының 
баяндауыш  болатындығы  есепке  алынса,  онда  ешқандай  сөз  табы 
етістіктің  алдына  түсе  алмаған  болар  еді.  Сондықтан  да  сөйлемді 
ұйымдастыруда, оған түрлі модальдік мән беруде етістік жетекші роль 
атқарады.  Синтаксистік  синтагманы  зерттеген  көпшілік  тілшілердің 
етістікпен байланысты сөз қозғауы да осыдан» [7, 191]. Етістіктердің 
лексикалық  семантиканың  бірлігі,  оның  ішінде  семантикалық 
синтагматиканың  бірлігі  болатындығы  туралы  А.А.Уфимцева  былай 
дейді:  «Семантикада  талдауға  түсетін  тек  етістіктердің  атауыштық 


100
101
мәні ғана емес, сонымен бірге олардың синтагматикалық мәні зерттеу 
тақырыбы  болуы  тиіс,  өйткені  синтагматикалық  мән  олардың 
логикалық  формулаларын  ғана  емес,  синтагматикалық  қатардағы 
заттық және белгілік атаулардың мәндік байланыстарының формалары 
мен  олардың  жүзеге  асуының  сырын  ашады»  [80,165].  в.Г.Гак 
семантикадағы синтагматикалық қатынастарды алғаш зерттеп, талдау 
әрекеттерін жасаған тілшілердің қатарына дж. Катц, Й. Фодор, П.По-
сталды жатқызады [79, 368]. олар, сондай-ақ, Г. Скрэгг, дж. МакКоли 
өз  зерттеулерін  семантикалық  тұрғыдан  жүргізе  келе,  сөйлеу  бірлігі 
болатын  сөйленістің  синтагматикалық  қатынастарға  тәуелді  екенін 
алғаш  құрылымдық  семантика  аясында  жүйеледі  [86,  87].  олардың 
бұл мәселеге қосқан үлесі семантикалық қатынастарды реттейтін «Жо-
балау  ережелерін»  синтагматикалық  қатынастар  көлеміне  енгізеді. 
в.Г.Гактың 
ойынша, 
олардың 
қателесуі 
синтагматикалық 
қатынастардың контекстпен, тілдегі орын алған әртүрлі ситуациялар-
мен,  тіпті,  тілдік  жүйедегі  лексемалардың  экстралингвистикалық 
әлеммен  қатынасқа  түсуін  жоққа  шығаруында  жатыр.  У.вейнрейх 
олардың  қателері  болатыны  анық,  себебі  оларда  «синтаксис  қайда 
аяқталады, сол жерде семантика басталады», – деп жазған еді. деген-
мен  де  бұл  ғалымдардың  қолдары  жеткен  ірі  нәтижелерінің  бірі  – 
құрылымдық тіл білімі тұрғысынан келіп, сөйленіс пен сөз бірлігінің 
тіл  ішінде  болатын  семантикалық  қатынастары  синтагматикалық 
қатынастарға негізделгенін көрсетуі деп білеміз. Э.Косериу сөздердің 
предикаттық сипатына орай лексика-семантикалық парадигма ішінде 
қасиетттер мен әртүрлі процестерді білдіретін кейбір сөздердің басқа 
сөздің мағынасына енетіндей қалыпқа түсетінін байқайды. Мысалы: 
адымдау «аяқтың көмегі арқылы», тістеу «тістің көмегі арқылы», жүзу 
«су  транпортымен  қозғалу»,  ұшу  «әуе  транспортымен  қозғалу»  т.т. 
осылардың  негізінде  ол  сөздердің  бір  ортақ  ірі  семаға  бірігіп,  бір 
синтагматикалық  қатынас  құрайтынын  жаза  келіп,  оларды  біржақты 
лексикалық  бірлесулердің  құрамы  ішіндегі  синтагматикалық 
қатынастар  деп  атайды.  Ал  жануарлардың  дыбыстарын  беретін 
етістіктердің  мағынасын  талдай  келе,  оларды  екіжақты  лексикалық 
бірлесулер (Э.Косериу термині) (орысша лексические солидарности) 
ішіндегі синтагматикалық қатынастар деп атайды. Мысалы; ит – ырыл-
дайды, үреді; мысық – мияулайды, сиыр – мөңірейді, жылқы – кісінейді 
т.т. Бұл пікір лексикалық құрамның семантикалық қатынастар бойын-
ша шексіз байланысқа түсу мүмкіндігін, яғни барлық жан-жануарларға, 
табиғат  құбылыстарына,  адамға  қатысты  сөздердің  және  дерексіз 
сөздердің мәндік байланысуы негізінде өзара қатынасқа түсуі т.т. то-
лып  жатқан  лексикалық  синтагматиканың  зерттелмеген  мәселелерін 
көрсетеді.  дж.Лайонз  1968  жылы  в.Порциг,  У.вейнрейх  көрсеткен 
парадигматикалық  қатынастарды  одан  әрі  кеңейтіп,  мынадай  сөз 
жұптарын мысалға келтіреді: еркек – әйел, күйеу – қалыңдық, жақсы 
–  жаман,  ұру  –  соғу  т.т.  Ал  синтагматикалық  қатынастарға  жирен  – 
шаш, жүргізу – көлік, тебу – аяқ, жазу – картина т.т. сөз қатарларын 
жатқыза  келіп,  тілдің  лексикалық  жүйесіндегі  синтагматикалық 
қатынастардың  бес  түрлі  қатынастар  құрайтынын  жазады.  олар: 
адьективті, субьектілі, объектілі, құралды, каузативті синтагматикалық 
қатынастар.  дж.Лайонз  өз  зерттеуінде  Ф.де  Соссюр,  в.Порциг,  Й. 
Трир,  о.Есперсен,  У.вейнрейх,  дж.Фирт  сияқты  ғалымдардың 
еңбектеріне  сүйене  отырып,  семантикалық,  синтагматикалық 
қатынастардың  жүзеге  асу,  орналасу  ерекшеліктері  мәселелерін  алға 
дамытты. ол сонымен бірге, о.Есперсен енгізген нексус, юнкция, ад-
некс, адъюнкт т.б. терминдерін синтагматикалық қатынастар аясында 
қарастырып, синтагмалық қатарлардың семантикалық өрісте, көлемді 
мәтіндерде, сөйленістерде жүзеге асуы сипатына тоқталды. 
Кеңес  кезеңіндегі  тіл  білімінде  синтагматика  мәселелері  жүйелі 
сипатта Мәскеу семантика мектебі өкілдерінің еңбектерінде сипаттал-
ды. А.К.Жолковский мен И.А.Мельчук синтагматикалық қатынастарды 
зерттей келе, сөздердің мәндік байланысы лексикалық параметрлер ту-
дыратынын  көрсетеді.  Бұл  мәселе  сонымен  қатар,  А.М.Кузнецовтің 
зерттеуінде  кеңінен  қарастырылған  болатын  [88].  Лексикалық  пара-
метр – дерексіз, көптеген сөздер және олардың варианттары арқылы 
көрінетін  типтік  мағына  беретін  жиынтық.  Параметрлер  құрылысы 
жоғары  дәрежедегі  әсерлерді  тану  үшін  беріледі,  сондықтан  осы 
дәрежелер,  яғни  лексикалық  параметрлерді  мынадай  шартты 
таңбалармен беріледі: Magn – Plus (көп) және Minus (аз), есімдер және 
етістіктерге  қатысты,  ал  етістіктердің  «әсерлері»  Oper,  Func,  Labor, 
Perm, Caus, Liqu т.б. таңбаларымен беріледі. Лексикалық параметрлер-
ге  олар  мынадай  мысалдар  келтіреді:  Magn  (өте,  жоғары  дәреже) 
көптеген  сөздермен  синтагматикалық  қатынасқа  түседі,  яғни  Magn 
(қараңғылық) = тастай, Magn (тәртіп) = темірдей, Magn (жаралану) = 
ауыр,  Magn  (білу)  =  толық,  Magn  (ұйықтау)  =  есінен  танып,  Magn 
(тыныштық)  =  көрдегідей,  Magn  (ақ)  =  көз  шағылысады.  Енді 
етістіктердің  синтагматикалық  қатынасына  мынадай  мысалдар 
келтіреді: Oper (ұсыныс) = түсу, Oper (ұсыныс) = қатысты, Oper (жала) 
= жабу, Oper (қонақ) = қабылдау, Oper (кедергі) = келтіру, Oper (құрмет) 
= көрсету, Oper (билік) = алу, Oper (жазаға) = тарту, Oper (күлкі) = қалу, 
Oper  (күлкі)  =  бату  т.т.  осы  сипатта  септіктер  парадигмаларының 
түрленуіне қатысты синтагмалық қатарларды бөліп көрсетеді. Мыса-
лы: біреуді қабылдау, жұмыстан босану, жұмысқа алу, машинамен келу, 


102
103
үйде қалу т.т. Сонымен қатар, тікелей синтагмалық байланысқа түскен 
тіркестерді көрсетеді: Liqu (ұйықтау) = ояту, LiquOper (лауазым) = бо-
сату (лауазымнан босату), LiquOper (билік) = босату (біреуді биліктен 
босату), LiquFunc (билік) = билікті біреулерден тартып алу, Perm (кіру) 
= (өту), Perm (біреуге) = жол беру, PermOper (емтихан) = біреуді жіберу 
т.т. Бұнда А.К.Жолковский мен И.А.Мельчук ағылшын таңбаларымен 
әртүрлі типтегі синтагматикалық қатынастар конфигурациясын береді 
[81,  45].  Бұл  шартты  таңбалардың  әртүрлі  болуы  сөз  таптарының 
түрлерін  толық  қамту  үшін  жасалған,  сондықтан  жүйедегі  кіші 
синтагмалық  байланыстар  да  бұл  зерттеулерде  жүйеленіп  отырады. 
Тілде сөздердің қаншама байланысы болса, солардың бәрі синтагмалық 
қатынастардың жүйелі формулалары бойынша барынша жинақталған 
[89]. Мысалы: (оқиды) = оқытушы, (оқиды) = оқушы, (емдеу) = дәрігер, 
(емдеу)  =    пациент,  (ойлау)  =  ой,  (жерлеу)  =  қабір,  (жазу)  =  стиль, 
(сөйлеу) = ескерту, (жиналыс) = қорытындылары, (ауру) = зардаптары, 
(қозғалыс) = мекен-жай, орын тебу, (жылыту) = жылу жүйесі, (неке) = 
қию, (қастандық) = жасау, (жеңіс) = жемісі, (құлдық) = қамыты т.т. осы 
бағытта өз зерттеулерін өрбіте келіп, олар етістіктердің және басқа да 
сөз  таптарының  синтагмалық  қатынасқа  түскен  кезінде  өзгеше 
мағыналық мәнге ие болатынын байқайды. олар мысал үшін мынадай 
тіркестерді  алады,  яғни  Петр  нашарлады  (жақсарды)  семантикалық 
тіркесімі  (орысша  Петр  ухудшился  (улучшился)  синтагматикалық 
қатынасты  құраса  және  қалам  нашарлады  (жақсарды)  семантикалық 
тіркесімі (И.А.Мельчук термині) (орысша ручка ухудшился (улучшил-
ся) синтагматикалық қатынас деп айтуға келмейді деп көрсетеді [81, 
49]. Семантикалық мектеп өкілдері семантикадағы синтагматикалық 
қатынастардың басты тілдегі жүйені реттеуші және жүзеге асырушы 
күш екенін көрсетуі – семантикада ірі ғылыми жетістік екені даусыз. 
орыс  тіл  білімінде  бұл  мәселеге  «семантикалық  синтагматика»  деп 
атау  беріп  зерттеген  ғалым  в.Г.Гак,  Мәскеу  семантикалық  мектебі 
ізденістерін одан әрі қарай дамытты. Бұнда алғаш рет синтаксистік ая-
дан синтагматика таза лексикологияға, оның ішінде семантикаға жеке 
категория  ретінде  енгізіле  зерттелген  болатын.  Синтагматикалық 
қатынастың бастау алар түпкі негізі тілдің дихотомиялық бөлінуінің 
бір  түрі  болатын  сөйлеу  тіліндегі  қабаттар  мен  деңгейлер.  осы 
сөйлеуден қалыпты тілдің деңгейлеріне көшірілгенде синтагматикалық 
қатынастар  негізінде  тілдік  ситуация  және  оның  элементі,  тілдік 
аспектілер,  семалардың  көріну  жағдайы,  семалардың  жиылуы  т.б. 
ерекшеліктер  жатады.  в.Г.Гак  мынадай  үш  сөйлемді  салыстырады: 
бала мектептен үйге келді; Бұнда архисема «қозғалыс», ал айырушы 
сема «жаяу қозғалыс» болады; бала мектептен үйге өзі келді дегенде 
архисема «қозғалыс», ал айырушы сема «жеке, ешкімге тәуелсіз болу» 
болады;  бала мектептен жаяу келмеді дегенде архисема өзгермейді, 
тек  айырушы  сема  «қимылдың  болғанын,  бірақ  басқа  түрде  жүзеге 
асқанын (көлікпен келгенін)» көрсетеді. оның ойынша, синтаксистегі 
мағынаны  нақтылаушы  семалар  жекелеген  сөздерде  болмайды,  олар 
сигматикалық қатынастарда болып, хабар беру мазмұнын нақтылайды 
не өзгертеді. Синтагматикалық қатынастар тууы үшін семалардың бір-
бірімен  мағыналық  үйлесуі  сөздер  аралығында  сақталса  ғана 
сөйленістің  мағыналық  құрылымы  дұрыс  болады.  А.Н.Калинин  бұл 
туралы  мынадай  пікір  білдіреді:  «Синтаксистік  тұрғыдан  сөйленісті 
талдау  үшін,  алдымен,  кіші  тіл  бірліктерінің  лексика-семантикалық 
арақатынасын,  мағыналық  құрылымын,  олардың  дерексіздену  сипа-
тын ұғыну керек. Сөйлеудің, сөйленістің, фразаның синтагматикалық 
құрылысын,  мазмұн-мақсатын  түсінбей  тұрып,  синтаксистік  талдау 
жүргізуге тырысу тек формалды жұмыс істеу деген сөз» [90, 75]. Ал 
в.Г.Гактың  бұл  түйінді  мәселеге  деген  көзқарасы  мынадай: 
«Синтагматикалық  қатынастар  парадигматикалық  класс  ішіндегі  сөз 
таңдауды  айқындайды.  Сөйлеудегі  сөздердің,  сөйленістің  дұрыс 
ұйымдасуы, сөздердің тіркесімділік заңдарын сақтауды көрсетеді» [79, 
373]. ол синтагматикалық қатынастардың ұқсас не жақын семалардың 
екі сөзде үйлесуі арқылы тұрақталатынын және лексико-семантикалық 
топ ішінде кішігірім синтагмалық қатынастардың болатынын жазады. 
Сөздерде  семалардың  қайталанып  келуін  синтагмалық  байланысқа 
жатқызып,  мынадай  мысалдар  келтіреді:  ұшатын  +  әуе  арқылы 
қозғалатын тіршілік иесі; жорғалайтын + жермен аяқсыз қозғалатын 
тіршілік иесі, мысалы: «жылан өзінің ініне жақындады» немесе «құс 
өзінің ұясына жақындады» дегенде «жорғалап» және «ұшып» сөздері 
айтылмайды, сондықтан бұл семалар синтагматикалық қатынастарда 
жасырын  сипатта  қайталанып  келеді  [79,  376].  Бұған  сүйеніп, 
синтагматикалық қатынастардың мынадай ерекшеліктерін байқадық. 
Мысалы:  жылан  жылжиды  (жартылай  синтагмалық  үйлесу  орын 
алған),  жылан  жорғалайды  (толық  синтагматикалық  қатынас  орын 
алған), жылан інге жорғалап келді (күрделі синтагматикалық қатынас 
орын  алған).  Сондай-ақ,  құс  ұшады  (архисемалар  «әуе  арқылы 
қозғалу»),  синтагмалық  үйлесу  қалыпты,  құс  жорғалайды  (архисема 
«жер бетімен аяқсыз қозғалу») бұнда синтагмалық үйлесу сөз-атаушы 
мағынасына сүйенсек, болмау керек, алайда қазақ тілінің қалыптасқан 
нормасы бойынша дұрыс және қалыпты синтагмалық қатынас пайда 
болады (қырғауылдай жорғалап, қыдыр келсін қасыңа. Фольклордан). 
(Синтагмалық қатынастың пайда болу себебі, қырғауылдың аяқтары 
кішкене, сондықтан ол құстар түрлері «жорғалайды» сөзімен беріледі, 


104
105
яғни бейне тудырады). Құс ұясына ұшып келді (күрделі синтагматикалық 
қатынас орын алған). Егер жылан ініне келді, құс ұясына келді десек, 
синтагмалық қатынас бұзылмайды, тек нақтылаушы семалардың бол-
мауынан толық синтагмалық байланыс болмайды. в.Г.Гак  жылан ініне 
келді,  құс  ұясына  келді  дегендегі  қажетті  сөздердің  берілмеуін 
семантикалық үнемдеу құбылысы деп атайды. Лексикалық синтагма-
тика терминін айқын қолданбағанымен, бұл мәселені алғаш орыс тіл 
білімінде сөз еткен в.Г.Гак «семантикалық тіркесімділік», «итеративті 
қатынас», «синтагмема», «семантема» терминдерін енгізеді [79, 376]. 
Мұнда  лексикалық  қатынас  ірі  семалардың  бір-біріне  тікелей 
байланысқа  шығуымен  туатынын  алғаш  сөз  еткен  в.Г.Гак  бұл 
қатынастың  ойды  беруде  көрінетін  синтаксистік  қатынастан  мүлде 
бөлек екенін айтып өтеді. Итеративті байланыс сөздер мағыналарының 
бір-біріне  үйлесуінен  туатынын  дәлелдейді  және  оған  негіз  сөздің 
лексикалық  мағынасының  құрылымындағы  ерекшеліктер  екенін 
ескертеді. Сөздер синтагматикалық байланысты құраған сәтте, заттық 
және  логикалық  қатынастарды  бейнелейді.  Сөз  тұрақты  заттық 
қатынасты  бейнелегенде  өзінің  мағынасының  бүтіндігін  сақтайды, 
бірақ артықтық сипатта болады. Ал тұрақсыз заттық қатынасты бейне-
легенде мағынасының бүтіндігін сақтайды және қажетті сипатта бола-
ды. Ал нейтралды заттық қатынасты бейнелегенде сөз жаңа мәнге ие 
болады  және  қажетті  сипатта  болады.  Бұл  синтагматикалық 
қатынастарды в.Г.Гак  үйлесу,  үйлеспеу,  келіспеу  деп  үшке  жіктейді. 
Енді оған мысалдар келтірелік:
а) үйлесу: ит үреді, қыс аязды, мектепте оқиды, гүлді сыйлайды, 
мерейтой атап өтіледі, тіршілік етеді, қабырға жанында шкаф тұр т.т.
б)  үйлеспеу:  құс  ұясына  жақындады,  жылан  ініне  жақындады, 
басы айналды, жаз түсті, сүрініп жүгірді, қабырға жанында шкаф жа-
тыр т.т. 
в) келіспеу: үлкен кісі жырқ-жырқ күлді, қыз домаланып келеді, 
кемпір жыламсырап  сұрай берді, пойыз гүрс-гүрс етіп қатты келеді, 
тұман  аяздатып  кетті,  түнде  түскі  астарын  ішті  т.т.  Сонымен  қатар, 
в.Г.Гак бұған «үйден соң балаға интернатқа үйрену қиын» деген мы-
сал алып, «өз өскен үйінен соң» деп айтылмаған соң, семантикалық 
мағыналар  келіспейді»,  –  деп  жазады  [79,  376].  оның  бұл  мәселеге 
тағы бір қосқан үлесі лексикалық жүйенің әмбебап заңдарын тұрақты 
қалыпта  ұстап  тұрған  синтагматикалық  қатынастардың  лексикалық 
түрі екенін дәлелдеуі. Бұл заңдар тек семантикалық процестер арқылы, 
оның ішінде семалардың қатынас құрау кезеңдерінде құбылып, әртүрлі 
позициялық өзгерістерге өту сипатынан байқалады. в.Г.Гактың қолы 
жеткен бұл жетістіктерінен басқа синтагматиканың нақтылануы, бей-
тараптануы,  ауысуы,  екі  сөзден  ары  қарай  жалғаспалы  сипатта  бо-
луы  т.т.  ұғымдарын  семантикалық  синтагматика  аясына  енгізіп,  бұл 
мәселенің  семантикалық  сипат  алуына  біраз  тер  төккенін  жоғары 
бағалауымыз керек. Жалпы синтагматикалық қатынастар синтаксистік 
синтагматикада  тұрақты  сипатта  болса,  лексикалық  синтагматика-
да  құбылмалы  сипатта  болады.  оның  үстіне,  семантикалық  син-
тагматикада  осы  байланысқа  ұшыраған  сөздер  тізбектеліп  келетін 
ерекшелікке ие болады, яғни ортақ синтагматикалық бірлестікке жина-
латын қасиет пайда болады. Мысалы: тырналар тыраулайды, тізіледі, 
қанат қағады, үшбұрыш болып барады, сына қағады (М.Мақатаев сөз 
қолданысы), қалықтайды. Алайда олар зу ете түспейді (шүрегейлер мен 
нәрегейлерге тән қимыл), зырылдамайды (үйректерге тән қимыл), шу-
ылдамайды (шабыр үйректерге тән қимыл), сыбырламайды (сыбырлақ 
аққуларға  тән  қимыл),  бір  орында  қалықтамайды  (бүркіттерге  тән 
қимыл),  сұңқылдамайды  (сұңқылдақ  аққуларға  тән  қимыл)  жыбыр-
ламайды  (тасбақаларға  тән  қимыл),  жорғаламайды  (жыландарға  тән 
қимыл)  т.т.  Сөз  арасында  айта  кету  керек,  бүгіндегі  студенттердің 
арасындағы  КТК  (көңілді  тапқыштар  клубы)  ойындарында  осындай 
денотаттық жағдайға сәйкес келмейтін іс-әрекеттерді әзіл ретінде ай-
туда.  Мәселен,  тасбақа  сальто  жасады,  жылан  шпагатқа  отырды  т.т. 
Жалпы синтагматикалық қатынас табиғаттағы денотаттық жағдайдан 
басталып,  соған  сүйенеді.  Белгілі  натуралист-жазушы  М.Зверев 
тайгадағы аңшылардың  атылған қояндарды ағашқа іліп сақтайтынын, 
себебі барлық аң, құстардың қояндардың ағашта жүрмейтінін жақсы 
білгендіктен, оларды қанша уақыт болса да қозғамайтынын жазған еді 
[91, 96]. Сондай-ақ, 2002 жылы шыққан 2-сыныпқа арналған «Қазақ 
тілі» оқулығында 25-ші бетте 66-шы жаттығуда жерде тұрған аққудың 
суреті беріліп, ребусқа жасырылған [92, 25]. Алғаш көрген адам оны 
қаз деп ойлап қалуы кәдік, себебі аққудың жерді басып, жүруі түгіл, 
судан жерге шыға алмайтыны арнайы маман емес, табиғатқа жақын не 
ауылдағы адамдарға айдан анық екені белгілі.
Белгілі  семасиолог  д.Н.Шмелев  лексикадағы  синтагматикалық 
қатынастарды  жеке  қарастырып,  олардың,  яғни  синтаксистік  және 
лексикалық синтагматиканың контекст пен сөйлеу тіліндегі позицияға 
тәуелділігін  көрсетеді.  ол  былай  деп  жазады:  «контекстің,  яғни 
сөздердің әртүрлі синтагматикалық байланыстарын жүзеге асыратын 
және  сөздердің  бірлестігі  ретінде  сөз  мағынасына  салынған 
мүмкіндіктерді  жеке  дамытатын  ерекшелігін  есепке  алу  керек»  [56, 
158]. ол д.Н.Ушаковтың «орыс тілі түсіндірмелі сөздігіндегі» жұлып 
алу (сорвать) етістігінің синтагмалық қатынастарының ерекшеліктерін 
талдау арқылы ол қатынастардың толық синтагматиканы құрамайтынын 


106
107
байқайды. Мысалы: 1. гүлді жұлып алу, бұтақты жұлып алу, шатырды 
жұлып  алу,  маскасын  жұлып  алу.  Міне,  осындағы  кейбір  сөздердің 
мағыналық  үйлесулері  нашар  екенін  көрсетеді:  мысалы,  бұтақты 
жұлып алу, шатырды жұлып алу. Енді бұл мысалдардың қазақ тіліндегі 
үйлесу сипатын талдап көрелік: бұтақты жұлып алу (біраз күшті қажет 
етеді),  шатырды  жұлып  алу  (үлкен  табиғи  күшті  қажет  етеді); 
мағыналық  үйлесу  болуы  үшін  бұтақты  сындырып  алу  (өсіп  тұрған 
ағаштың бұтағы болса, сынуы қиын), шатырды ұшырып кету (күшті 
жел әсері, в.Г.Гак көрсеткендей, семантикалық үнемдеуден жасырын 
тұр) болу керек. д.Н.Шмелев «галстукты жұлып алды, есікті топсасы-
нан жұлып алды, құлыпты жұлып алды» деген мысалдарда «тездік» 
семасының жоқтығынан синтагмалық қатынас тумайтынын көрсетеді. 
Шынтуайтына келгенде, галстуктың түйінін шешу, топсадан есікті алу 
үшін  күшпен  жоғары  көтеру,  бекітілген  құлыпты  жұлу  үшін  бір 
құралдың  керектігі  –  бұның  бәрі  біраз  уақыт  алатын  болғандықтан, 
толық  синтагматикалық  қатынас  орнамайтыны  айқын.  Сондықтан 
мағыналардың  «қосылуы»  мәнмәтін  мен  ондағы  сөздердің  орналасу 
позицияларына қатысты болатыны сөзсіз. оның үстіне, синтагматикалық 
қатынастар  кез  келген  уақытта  және  кез  келген  сөздер  бірлестігінде 
бола  бермейтінін  байқадық.  Жалпы,  лексикалық  синтагматиканың 
пайда болуы тілдің синтаксистік құрылысына тәуелді емес, керісінше, 
мағыналық астардың және сөйлеушінің мақсаты мен сол кездегі орын 
алған сөздердің құралу позицияларына байланысты. Синтагматикалық 
қатынастарға кеңінен тоқталған Н.З.Котелова синтагматика терминін 
синтаксистік аяда қолданып, лексикологияға лексикалық тіркесімділік 
терминін  енгізеді.  Бұл  мәселені  зерттеу  барысында  лексикалық 
тіркесімділіктің жасалуы ұғымдардың күрделі сипатына орай жүреді 
деген пікірге келеді. оның болжауы бойынша, лексикалық тіркесімділік 
қалыптасу  үшін  әртүрлі  факторлар  қажет  болады,  яғни  ұғымдардың 
бір-біріне  бағынуы,  үнемдеу  заңының  әсері,  сөз  мәдениетінің 
аспектілері,  нормаға  сай  аударма  т.т.  факторлар.  ол:  «Сөздің 
синтагматикалық  қасиеттері  дегеніміз  –  сол  тілде  қалыптасқан 
нормаларға сай, сөздің сөйлеу мен тілде басқа сөздер және формалар-
мен  тіркесу  қабілетіне  ие  болуы»,  –  деп  жазады  [93,  47].  Сөздің 
лексикалық тіркесімділігін табу үшін оның айналасындағы сөздердің 
мағыналық  құрылымындағы  байланысты  аңғара  білу  керек.  Тіркесу 
қабілеті  бар  сөз  мәтін  ішінде  мағыналық  үйлесуіне  орай,  өз 
айналасындағы  сөздермен  жиілік  байланыс  түріне  енуі  мүмкін. 
Синтагмалық  қатынасқа  түскен  сөздердің  әртүрлі  мәтінде,  әртүрлі 
сөйлеу  жағдайларында,  яғни  полилог,  монолог,  диалог  т.б.  тілдік 
қарым-қатынас түрлерінде бір мәндік үйлесулер құрауы жиі кездеседі. 
Синтагматикалық  қатынастың  қалыпты  түрге  енген  бұндай  үлгілері 
аударма жасау аясында жиі кездесуі ғажап емес. осыған байланысты, 
д.Н.Шмелев  «сөз  қатынастарының  ерекше  мәндегі  үйлесу  түрлері 
белгілі  бір  тілдік  жағдайлардың  заңдылығы  ретінде  үнемі  сөйлеу 
әрекетінде  пайда  болады»,  –  деп  жазады  [56,  165].  Н.З.Котелова 
лексикалық  тіркесімділікті  байқап,  сипаттаудың  қиындығы  сөйлеу 
кезіндегі  сөз  мағыналарының  ауыспалы  мағыналарға  көшіп, 
құбылуында жатыр деп есептейді. Біздіңше, басты қиындық сөйлеуші 
мақсатының  өзгеруінен  туған  қалыпты  қатынастың  тұрақсыздық  та-
нытуында болса керек. Сонымен қатар, тілдік нормалардың да әртүрлі 
ситуациялық өзгерістерге түсіп, синтагмалық қатынастың орнығуына 
кері  әсерін  беруін  жатқызуға  болады.  Қиындықтардың  бір  тобын 
ұлттық  діл,  лингвомәдени  ықпал,  диалектілік  әсер  мен  тілдің 
стилистикалық  нормалары  құрайды.  осы  тұрғыдан  келгенде, 
синтагмалық  қатынастарды  зерттеу  «мән  –  мәтін»  әдісі  бойынша 
жүргізіледі. 
Тілдегі 
қатынастардың 
сөздерді 
бір-бірімен 
байланыстырғандағы  берер  нәтижесі,  бірлесу  мәнін  туғызу. 
Л.М.васильев  тілдегі  мәнді,  сөйлеушілердің  санасындағы  таңбаның 
белгілі  бір  парадигмалармен  және  кез  келген  деңгейдегі  белгілі  бір 
синтагмалармен  қатынасы  туралы  ақпарат  деп  анықтайды  [66,  19]. 
Таңбаның  бір  деңгейде  белгілі  бір  парадигмалармен  байланысы 
парадигматикалық мән болса, сол деңгейдегі таңбаның белгілі бір син-
тагмалармен байланысы синтагматикалық мән не валенттілік болады. 
Синтагматикалық мәнді синтаксистік синтагматиканың конструкция-
лары  туғызатын  мәнмен  шатастыруға  болмайды.  Екеуінің 
айырмашылығы синтаксистік синтагматика сыртқы түрдегі үйлесу, ал 
семантикалық  синтагматика  ішкі  мағыналық  үйлесуді  көрсетеді. 
Тілдегі  синтагматикалық  қатынастарды  синтаксистің  аясынан  бөліп, 
лексикадағы  түрін  алғаш  бөлген  тілшілердің  бірі  Э.в.Кузнецова 
лексикалық  синтагматика  ұғымын  қолданады.  ол  синтагматикалық 
қатынастардың  құрамдас  мәселелеріне  сөз-синтагма,  олардың 
қатынасын  талдау,  синтагмалық  қатынастар  мен  контекстің  және 
позицияның  өзара  әсері,  тіркесімділіктің  түрлері  т.б.  мәселелерді 
жатқызады [49, 86]. Өз еңбегінде ғалым сөз-синтагмаларды актуалда-
ну арқылы өзгеше қатынаста сөз-атаушылардың мәнін жүзеге асыру-
шы категориялар деп есептейді. Сонымен бірге, өз зерттеулері арқылы 
сөз-синтагмалардың  семалық  құрылымы  болатынын  дәлелдейді. 
Лексиканың  қыр-сырын  бұрыннан  қарастырып  жүрген  З.д.Попова, 
И.А.Стернин  синтагмалық  қатынастар,  семантикалық  өрістерде  де 
үйлестіруші  басты  байланыс  қызметін  атқарады  деп  көрсетеді. 
Семантикалық өріс адам санасындағы сөздердің мәндік байланысынан 


108
109
тұрады,  сондықтан  сөз-стимул  синтагмалық  қатынастар  құрайды. 
Мыс: шөл сөз-стимулы – ыстық, құм, түйе, су, шөлдеу, бархандар, сары 
түс  т.т.  сөздерін  қатарына  жинайды.  олар  «парадигматикалық 
қатынасқа жүру – жүгіру, ал синтагматикалық қатынасқа жүру – жаяу 
сөздерінің  қатынасын»  жатқызады  [24,  259].  Семантикалық  өрістегі 
сөздердің  стимул  туғызу  қасиеті  бұрын  сөз  болмаған  мәселе 
болғанымен, байқалатын нәрсе өріс парадигмалық қатынастың бірлігі 
болғандықтан,  синтагмалық  және  парадигмалық  қатынастар  аралас 
күйде келетіні. Бұл қатынастар тезаурустық сөздіктерде де орын ала-
тыны туралы С.Е.Никитина өзінің ғылым тіліне семантикалық талдау 
жасаған  еңбегінде  сөздіктердегі  семантикалық  қатынастардың  екі 
түрде  келетінін  жазады.  ол  бұл  қатынастар  туралы  «Тезаурустық 
қызметке  енетін  парадигматикалық  қатынастар  немесе/немесе 
принципі  бойынша  құрылса,  ал  синтагматикалық  қатынастар  және/
және принципі бойынша құрылған. Біріншісіне синонимдер, коррелят-
тар,  тек–түр,  инварианттар–варианттар  қатынасы  жатса,  екіншісіне 
«операция-бастапқы  объект»,  операция-нәтиже»,  «операция-құрал» 
т.т.  типіндегі  ситуативті  қатынастар  жатады»,  –  деп,  екіге  жіктеп, 
жазған  еді  [94,  68].  Түркітану  аясында  сөз  семантикасын  зерттеген 
Е.З.Қажыбеков әртүрлі логикалық схемалар арқылы ұғымдардың өзара 
қатынастарын,  лексиканың  жүйелілігін  сипаттайды  да  келешекте 
түркітануда  сөздердің  семантикалық  қатынастарын  зерттеудің 
қажеттілігін айтады [2, 58]. Алайда бұған дейінгі және бұл еңбектердің 
бәрінде синтагматика жеке бөлім ретінде қарастырылмаған еді. Алғаш 
лексикалық синтагматика деген атпен орыс тіл білімінде жеке ғылым 
саласын тұңғыш бөліп, жіктеген А.А.Уфимцева болса, оны семантика 
аясында жүйелеп, бұл күрделі мәселеге арнайы тоқталған И.М.Кобозева 
болатын. ол тілдік семантиканың лексикалық семантика деген еншілес 
ғылымының ішінде лексикалық және синтаксистік синтагматика деген 
салаларын  бөліп  шығарады  [18,  135].  Сонда,  бұл  ғалымға  сүйенсек, 
тілдегі жалпы синтагматика екі үлкен салаға ажырайды да, өз алдына 
бұрын даулы болып, бірге қарастырылып келген мәселелерді зерттейді. 
Қорыта келгенде, синтагматикалық қатынастар мағыналық үйлесу мен 
синтаксистік  конструкцияларға  негізделген  тілдегі  қатынастар.  олар 
өз ішінен, синтаксистік синтагматика және лексикалық (семантикалық) 
синтагматика  деп  екіге  жіктеледі.  Тілдің  лексикалық  жүйесіндегі 
қатынастардың  бастау  алатын  көзі  –  тілдегі  сөздер  мағыналары,  ал 
мағына – лингвистикалық семантиканың зерттеу нысаны болады. осы 
тұрғыдан  келгенде,  алдымен  жалпы  семантика  ғылымы  және 
лингвистикалық семантика ғылымының пайда болу, қалыптасу тари-
хы,  даму  кезеңдерінде  бөлініп  шыққан  барлық  түрлері,  лексикалық 
семантиканың басқа ғылымдармен байланысы қарастырылды. Жалпы 
тұжырымдасақ,  зерттеуде  жалпы  семантиканың  түрлері,  яғни 
лингвистикалық семантика, логикалық семантика, философиялық се-
мантика,  психологиялық  семантика,  теологиялық  семантика, 
грамматикалық  семантика  т.т.  түрлері  және  лингвистикалық 
семантиканың  түрлері,  яғни  лексикалық  семантика,  грамматикалық 
семантика,  сөйлем  мен  сөйленіс  семантикасы,  мәтін  семантикасы, 
когнитивті  семантика,  стилистикалық  семантика  т.б.  жіктелді. 
Лексикалық семантика, ең алдымен, таңбалар туралы ілім, яғни семио-
тикамен тығыз байланысқа түседі. Сол себепті, жұмыста таңба және 
тілдік таңбалар мәселесі, тілдік таңбаның мағынасы мен байланысы 
кеңінен ғылыми талдау нысаны болды. Семиотика мен семантиканың 
өзара ықпалдасуынан тіл біліміне мән, таңба, сигнал, белгі, қатынас, 
таңбалық жағдай, парадигматика, синтагматика, символ, нышан, праг-
матика,  мазмұн,  түр,  екінші  моделдік  жүйе,  құрылым  т.т.  терминдер 
ауысты.
Жалпы  семантика  философия  ғылымынан  бөлініп  шыққан 
себепті,  философиямен  үнемі  тығыз  байланыста  болады,  сондықтан 
семантиканың әртүрлі философиялық мектептер және ағымдармен бай-
ланысы қарастырылды. Ал семантиканың логикамен байланысындағы 
ұғым  мен  оның  түрлері,  терм  табиғаты  сөздердің  синтагматикалық 
қатынасының  шығу  негіздері  ретінде  зерттелді.  Термге  мынадай 
анықтама берілді: терм – белгілі бір жағдайда белгілі бір заттар мен 
құбылыстарды  бөлетін  ойлау  формасы.  Логика  мен  семантиканың 
байланысынан  семантикаға  логикаға  ауысқан  терминдер,  мәселен, 
«тіл-нысан»,  «метатіл»,  «қасиет»,  «функция»,  «айнымалы»,  «преди-
кат»,  «конъюнкция»,  «дизъюнкция»,  «импликация»,  «экстенсионал», 
«интенсионал», «эквивалентілік», «метатіл», «терм», «ойдың универ-
салды тілі» т.т. көптеп саналады. Лексикалық синтагматиканың шығу 
негізі – тіл философиясы мен логикада жатыр деп ойлаймыз.
Тілдік  ойлау  негізі  философия,  логика  және  лексикалық  се-
мантика  тұрғысынан  сипатталды  және  тіл  мен  ойлаудың  өзара 
қатынасы  психофизиология,  нейролингвистика  ғылымдарымен 
байланыста  қарастырған  жөн  деп  білеміз.  ойлау  қызметінің  тілдік 
қызметке  қатынасы  тілдік  таңба  не  тілдік  таңбалар  шоғырын,  осы 
тілдік бірліктер сақтаулы тұрған мидағы «қоймадан» қопарыстырып, 
іздеуінен көрінетіні анықталды. Тілдік ойлау қызметі мынадай жүйе 
құрайды: таным – қабылдау (сигналдар жүйесі) – кілттеу, қайта кілттеу 
– таңбалау (атау), сөз, дыбыс қабығына енгізу – таңба не таңбалардың  
бірнешеуін  ыңғайластыру  (синтагмалау)  –  «ми  қоймасына»  өткізу  – 
«қоймадан» іздеу, табу – жүйелеу (лексикалық синтагматика), – күрделі 


110
111
түрде хабарлау, яғни сөйлем, мәтін семантикасы. ойлау қызметі мен 
тілдік қызмет арасындағы байланыстан лексикалық синтагматика ту-
ындайды.
Қазақ  тілінің  лексикалық  жүйесі  төрт  типті  жүйелік 
қатынастардан тұратыны нақтыланып, оларға, яғни парадигматикалық, 
синтагматикалық,  иерархиялық  және  эпидигматикалық  қатынастар 
түрлеріне  жалпы  сипаттама  берілді.  Жалпы  жүйеге  әртүрлі 
қатынастармен бірге семантикалық өрістер де енгізілді, өйткені тілдің 
лексикалық  жүйесіндегі  парадигматикалық,  синтагматикалық  бай-
ланыс семантикалық өріс моделінің өн бойынан көрінеді, себебі өріс 
ішінде сөз мағыналарының құрылымдық бөліктері тығыз байланысқа 
түседі.  Бұл  жүйелерді  зерттеу  мына  мәселелерді  шешуге  өз  әсерін 
тигізеді деп ойлаймыз:
а) лексикадағы логикалық пен синтагматикалық үйлесімділіктің 
бір-біріне  деген  өзара  ықпалы.  олардың  сөз  мағыналарының 
құрылымындағы  макробөліктерден  көрінуі,  бейнесі  және  екі  сөз 
арасындағы үйлесімділік;
б)  лексикадағы  жүйелілік  пен  сөздер  парадигматикасының 
айырмашылығы;
в) коммуникативтілікте, сөйлеу актісіндегі лексика элементтерінің 
өзара байланысу жүйесінің ерекшелігі;
г)  иерархиялық  қатынастың  лексикадағы  орны  мен  қызметінің 
қасиеті; 
д) мағыналық құрылым және жүйенің өзара ықпалдаса қиюласу 
ерекшелігі. 
Ассоциативті  қатынас  терминінің  орнына  парадигматикалық 
қатынас  термині  кеңінен  қолданысқа  түскені  байқалды.  Тілдің 
лексикалық  жүйесіндегі  парадигмалық  қатынастар  лексика-
семантикалық  бірлесулердің  және  семантикалық  өрісті  құраушы 
қатынастар  болады,  себебі,  бұл  қатынастар  барлық  лексемаларды 
бойына жинақтап тұрады. Сонымен, парадигмалық қатынастарға сөз 
бірлігінің айырушы немесе ерекше мәнге (Соссюрша valeur, орысша ау-
дармасы значимость) ие болып, бір-бірімен біртектес қалпында ұштаса 
және  қарама-қарсы  келіп  байланысуы  жатады.  Парадигматикалық 
қатынастардың бейтараптану (нейтралдану) құбылысы болатындығы 
нақты мысалдармен сипатталды. Бейтараптану тепе-теңдік дәрежеде 
жүрмейді,  сондықтан  парадигмалық  қатынастағы  қарама-қарсы 
компоненттердің  бір  сыңарлары  күшті  позициясын  сақтап  қалып 
отыруы  ықтимал.  Бұның  себебі  бір  парадигмалық  қатардағы 
бірқатар  мүшелердің  бірдей  семантикалық  құрылымда  болмауы  жа-
тыр.  Парадигматикалық  қатынастарға  синонимия,  антонимия,  ги-
понимия,  меронимия,  эквонимия,  конверсивтерді,  үйлеспеушілік 
құбылыстарын,  сонымен  қатар,  деривациялық  және  ассоциативті 
қатынастардың  кейбір  құрамдас  бөліктерін  жатқызамыз.  Сонымен, 
парадигматикалық  қатынас  қоршаған  ортадағы  басты  белгілері  бар 
мағыналардың ауыса қолданыла алуын жалпы байланыстыратын ка-
тегория. Ал семемалардың ауыса қолданылуын ішкі мәндік парадиг-
ма немесе семантикалық парадигма деп атауға болады деп ойлаймыз. 
Зерттеу жұмысында синтагматикалық қатынастардың шығу, қалыптасу 
негіздері, зерттелуі, өзіндік табиғаты сипатталды. Парадигматикалық 
қатынастар – мағыналардың жүйесі болса, синтагматикалық қатынастар 
– осы жүйенің жүзеге асуы, жұмыс істеуі. Синтагматикалық қатынастар 
негізінде  тілдегі  сөз  мағыналары  өзара  мәндік  байланысқа  түсіп,  ірі 
мағыналық құрылымдарға бірігеді. Синтагмалық байланыс екі не одан 
да  көп  мағынаның  екі  жақты  ықпалдасуынан  жүйе  ішінде  көлбеу, 
яғни линиялы бағыттағы құбылудың, құралуының  нәтижесінде пайда 
болады. Тілдік бірліктердің семантикалық қатынастар құрауына сөз-
атаушының қарапайым мағыналық құрылымы, мәтіндік жағдай ықпалы, 
сөз бірлігінің қатынастар түрлері, әртүрлі позициялық өзгерістер, тілдің 
лексикалық  жүйесіндегі  ұлттық  мәдени  фактор  және  қалыптасқан 
тілдік  нормалар,  тағы  басқа  бірқатар  ішкі  және  сыртқы  тілдік  фак-
торлар өз әсерін тигізетіні сөз болды. Сондай-ақ, бұл қатынастың екі 
түрін  алғаш  шет  тіл  білімі  өкілдері  «қосылу»,  «ену»  терминдерімен 
белгілеп, зерттегені қарастырылды. Синтагматиканы сөздердің мәндік 
байланысы – лексикалық параметрлер тудыратынын зерттеген Мәскеу 
семантикалық мектебі өкілдерінің мысалдары келтіріліп, ойлары мен 
пікірлері сараланды. Лексикалық параметр – дерексіз, көптеген сөздер 
және олардың варианттары арқылы көрінетін типтік мағына беретін 
жиынтық болғандықтан синтагмалық қатарлардан тұрады.
Сөздер синтагматикалық байланысты құраған сәтте, заттық және 
логикалық қатынастарды бейнелейді, яғни оның негізінде денотаттық 
жағдай, іс-әрекет жатады, сондықтан олар үйлесу, үйлеспеу, келіспеуден 
тұрады.  Синтагматиканың  нақтылануы,  бейтараптануы,  ауысуы,  екі 
сөзден ары қарай жалғаспалы сипатта болуы т.т. ұғымдары семантикалық 
синтагматика  аясына  енгізіліп,  сөз-стимулдың  синтагмалық 
қатынастар  құрауы  сөз  болды.  Синтагматикалық  қатынастардың  сөз 
позициялары мен мәнмәтінге, сөйлеуге қатыстылығы қарастырылды. 
Синтагматикалық қатынастар – мағыналық үйлесу мен синтаксистік 
конструкцияларға негізделген тілдегі қатынастар. Сол себепті, тілдегі 
синтагматикалық  қатынастар  өз  ішінен  синтаксистік  синтагматика 
және лексикалық синтагматика деп екіге жіктеледі.


112
113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет