Хасанов indd


Лексикалық норма және лексикалық синтагматика



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
4.7 Лексикалық норма және лексикалық синтагматика
Лексикалық  синтагматика  мәтінде  сөздердің  байланысын 
құрағанда шексіз сипатта болады, себебі сөздердің мағыналық үйлесе 
тіркесім құрауы тілдің дамуына орай құбылып, дами беретіні сөзсіз. 


342
343
Мәтінде лексикалық синтагмалардың дамуын, түрленуін, тұрақталуын 
шектейтін өлшем: ол – тілдік норма. Тілдік норма мәселесі қазақ тіл 
білімінде соңғы кезде тілшілердің жиі назарында жүргені байқалады, 
себебі  тіліміздің  мемлекеттік  тіл  дәрежесіне  көтеріліп,  бұрын  кен-
же  қалған  ресми-іс  қағаздар  және  ғылыми  стильдердің  дамуы 
норма  мәселесін  қозғауда,  сондықтан  бұл  аспект  әртүрлі  қырдан 
қарастырылуда, мәселен, Е.Әбдірасыловтың еңбегі [318]. Тілдік норма 
мен лексикалық синтагматика тілдік лексикалық жүйесінде бір-бірімен 
тығыз  байланыста  болады.  Бұл  туралы  Б.Сағындықұлы:  «Сөздің 
бір-бірімен  тіркесе  алу  қабілетін  анықтауда  лексикалық  мағына  мен 
грамматикалық  форма  ғана  қатынасып  қоймайды,  баршаға  ортақ 
тілдік норма да өз үлесін қосады», – деп жазады [35, 14]. Тілдің даму-
ына байланысты тілдік нормаларда дамып, өзгеріп отырады. «Жалпы 
тілдік норма мүлде өзгермейтін құбылыс емес, қоғамдағы түрлі қарым-
қатынастың өзгеруіне байланысты тілдік норманың өзгеретін тұстары 
болады» [310, 133]. Лексиканың нормалануы үнемі тілдің лексикалық 
жүйесінде жүріп жатады, Р.Сыздықтың жазуынша, «лексиканың нор-
малануы дегеніміз белгілі бір ұғымда бір сөздің қалыптасуы; синоним-
дер  қатарын  түзейтін  единицалардың  әрқайсысының  семантикалық 
реңктері  мен  стильдік  аясының  айқындалуы;  сөздердің  тіркесу 
типтерінің тұрақталуы, қоғам, заман өзгерістеріне байланысты «басы 
артық»  болып  қалған  сөздердің  әдебиеттен  (қолданыстан)  ығысуы 
немесе  пассивтенуі;  жаңа  сөздер  мен  кірме  сөздердің  реттелуі,  бір 
жағынан орнығуы т.б. жататыны белгілі» [218, 155]. Ал «әдеби тілдің 
нормалары фонетикалық нормалар мен олардың жүйесінен, лексика-
семантикалық  нормалардан,  морфологиялық  нормалар  мен  олардың 
жүйесінен, синтаксистік нормалар мен олардың жүйесінен, сөздердің 
комбинаторлық, конструктивтік нормалары мен қолданылу, қалыптасу 
жүйелерінен  тұрады»  [319,  16-17].  Лингвоэкология  аясында  норма-
ларды  қарастырған  Н.Уәли:  «сөз  мәдениеті»  ұғымы  тілдік  норма, 
этикалық  норма,  коммуникативті  норма  деп  аталатын  норманың  үш 
типін қамтиды. Тілдік нормалар: орфоэпиялық норма, орфографиялық 
норма, лексика-фразеологиялық норма, грамматикалық (сөзжасамдық, 
морфологиялық,  синтаксистік)  нормалар»,  –  деп  жіктейді  [320,  22]. 
д.Әлкебаева:  «стилистикалық  норма  деп  белгілі  қолданыс  аясында 
функциональдық стильдерде, оның барлық жанрларында стилистикалық 
ресурстардың мәнерлі әсем өрнегімен орынды қолдануын айтамыз», 
–  деп  анықтап,  оны  екіге  жіктейді:  «экспрессивті-стилистикалық, 
функционалды-стилистикалық» [169, 37]. Стилистикалық норма мен 
лексикалық  норма  тығыз  байланысты  болады,  яғни  стилистикалық 
норма стильдік қолданысты реттеуші өлшем болады. Лексикалық нор-
ма жеке сөздің мағынасы мен формасының өзгеруіне қатысты болады, 
яғни жеке сөздің өзі тұлғалық өзгеріске түсіп, соның ықпалынан басқа 
сөздермен лексикалық синтагматика құралғанда норма реттейді не өзі 
де  өзгеріп  дамиды.  С.Г.Тер-Минасова  лексикалық  синтагматиканың 
бұзылуының мынадай жағдайларын келтіреді: 
«а)  Лексикалық  сәйкессіздік:  нервті  психология,  принципиалды 
туыстық құбылыстар т.т.;
б) Стилистикалық сәйкессіздік: ұзын тұра жауынгерлер, 2-ші «а» 
жаушылары т.т.; 
в) Коллокациалы сәйкессіздік: өлімді жаза, уақытша көктем, би-
дайдай бидайлар т.т.; 
г) Плеонастикалық сәйкессіздік: біріккен ынтамақтасу, бастамалы 
бастама,
д)  Тіркесетін  мүшелердің  әртектестігі:  ол  менің  қалыңдығыма 
үйленді,  бұл  авторларды  зерттеу  және  еліктеу  дұрыс  болар  т.т. 
Лексикалық синтагматиканың бұзылуынан оксюморон, плеоназм, па-
рономазия, силлепсистер туындайды» [4, 102-107].  Біз зерттеуімізде 
бұлай  бөлуді  негізге  алмай,  денотат,  денотаттық  жағдай  мен 
сигнификаттық  жағдайлардың  лексикалық  синтагматика  тудырудағы 
ерекшелігін басшылыққа алғанды жөн көрдік. Жалпы алғанда, орыс 
тіл білімінде сөздердің тіркесімділігі арнайы сөздік болып жарық көрді 
(П.Н.денисов, в.в.Морковкин. орыс тілі сөздері тіркесімділігінің оқу 
сөздігі.  М.,  1978).  Сөздіктің  авторлары  лексикалық  тіркесімділікке 
түскен сөздердің нормаланған түрлерін беріп, лексикалық синтагматика-
ны бұзып қолданудан сақтандырады. Қазақ тіл білімінде бұл мәселелер 
енді  ғана  қолға  алынып,  зерттелу  үстінде  екенін  айтпақшымыз. 
Лексикалық  синтагматика  мен  норма  мәселесін  қарастыру  үшін 
контекстологиялық  әдістің  кейбір  нышандары  мен  синтагматикалық 
әдісті  ұстанамыз.  «Контекстология  мен  синтагматикалық  әдістің 
үйлесетін  тұсы  олардың  ізбе-ізді  (горизонталь)  байланыстарды 
қарастыруында» [292, 10]. Мысалға Х.Нұрмұқановтың қауыcу, қабысу 
сөзінің өзгеруін талдағанын алайық: «Мәкен екеуінің қайта қауысып 
күле жайнап отырғаныңды өз көзіммен көріп кету ыстық тілегім еді 
(М.Ә.). Ғ.Мұстафин шығармаларының 1-томынан (261-бет) қабысқан 
құшақты,  Ж.Молдағалиевтің  таңдамалы  өлеңдерінің  бірінен  «Тірі 
Абай қауысқандай» (1, 346) оқимыз. в.в.Радлов сөздігінде бұл сөзге 
«Қауш  (қабыш)  –  қосу,  біріктіру.  Қазан  диалектісі.  Шағатай  кітаби 
тілі» деген түсіндірме беріліп, «Қауштырыр бір алла» (1, 54-55) деген 
мысал келтірілген. Бұл сөз туралы проф. М.Балақаевтың: «Лениншіл 
жас» газетінің 5 сентябрь (1964) күнгі санында «қауышқан» деген сөз 
бірнеше рет жазылыпты: «Тоғысқан тілек, қауышқан жүрек», «жылы 


344
345
жүз,  қауышқан  құшақтар»,  «бір-бірімен  қауышып  жатқан  үйеңкі 
бұтақтарының сыбдыры». «Қауышқан» сөзінің қазақшасы – айқасқан, 
қабысқан. Солардың бірін қолданбай, қазақ тілінде жоқ, татар тілінде 
бар,  «қауыш»  сөзін  бір  қазақтың  аузынан  естіп  едім,  жаңалық  бол-
сын  деп  әдеби  тілге  тықпыштаған  газет  қызметкерлері  жазғандарын 
күлкіге  айналдырып  отырған  жоқ  па?  Қабысқанды  –  «қауышқан», 
сауысқанды  –  «сауышқан»  деп  отырса,  оған  күлмеске  бола  ма? 
(Балақаев,  1965.  –  101).  Сол  қауышу  бүгінгі  көркем  әдебиетіміз  бен 
газет,  журналдарымыз  беттерінде  еркін  қолданылып  жүр»  [219,  91]. 
Айнымалы  синтагматикаға  түскен  соң,  қауышқан  жүрек,  қауышқан 
құшақтар, бір-бірімен қауышып жатқан үйеңкі бұтақтарының сыбды-
ры болып тұр, ал негізінен қабысқан болуы тиіс екені М. Балақаевтың 
сөзінен көрініп тұр емес пе? Р.Сыздық: «лексикалық норманы сөз ет-
кенде, әңгіме жеке сөздердің қолданысқа түскендігі дұрыс-бұрыстығы, 
оңды не сәтсіздігі туралы болмақ. Бұл – қиын шаруа, өйткені сөздердің 
барлығы бір қалыпқа түсіп, бір үлгімен жұмсалмайды», – деп ескертеді 
[63, 114]. Норманың өзгеруіне тоқталсақ, Қ.Өмірәлиев өз зерттеуінде 
Қазтуғандікі деген жырды талдап, күмән келтіріп, былай дейді: «Біз 
бірінші өлеңнің тілі туралы мынадай күдікті сұраулар қояр едік:
а) Балдағы алтын құрыш болат тіркесі 15 ғасырға тән бе? ол дәуір 
жырында үнемі түсі суық шым болат түрінде келеді емес пе?
б)  Азамат  ердің  баласы  деген  тіркес  15  ғасыр  поэзиясына  тән 
бе?  Махамбеттің  өзге  өлеңдерінде  осы  тіркес  өте  жиі  келетіні  на-
зар  аудармай  ма?»  [65,  172].  Бұнда  лексикалық  норманың  өзгеруін 
ғалым анық байқап тұр. Түсі суық шым болат тіркесіндегі шым бо-
лат шам болат дегеннен шыққан, яғни Сирияның астанасы Шам (да-
маск)  қаласының  болаты  дегенді  білдіреді.  Шам  шеберлері  жасаған 
бұл болаттың құпиясы 18 ғасырдың аяғына дейін, тіпті, Еуропаға да 
белгісіз болып келді. Шам болаты (дамаский сталь) қара сұр түсінен 
және адам саусақтарының таңбалары сияқты сызықтарынан бірден та-
нылады, ол арзан және қымбат шам болаты деп екіге бөлінеді. Шам 
болаты  дөңгелек  не  төрт  қырлы  болат  білеулерді  біріктіре  бұрап, 
қыздырып,  қайта  бұрап,  соғу  арқылы  жасалады.  19  ғасырда  Еуро-
пада  неміс  о.Крупп,  француз  Б.Липаждың  бұдан  да  жоғары  сапалы 
болаттары шыққан соң, өндірудің тиімсіздігі мен сапасы төмендігіне 
орай өндірістен шыққан болатын. дегенмен де әйгілі шам болатынан 
жасалған аңшы пышақтары күні бүгінде қаламыздың саят, аңшылық 
дүкендерінің сөрелерінде тұр. Ауызша поэзиямыздағы  балдағы алтын 
ақ болат тіркесімен Ресейдің Златоуст қаласынан шыққан түсі ақ, өте 
жоғары сапалы қынды қылыштары сипатталады. Ал азамат ердің ба-
ласы тіркесіндегі азамат тірек сөзі соңғы ғасырларда айналымға енгені 
белгілі. Сонда лексикалық синтагманың нормалануы негізінде алды-
мен ондағы денотаттың өзі және денотаттық, сигнификаттық жағдай, 
ұлттық салт-дәстүр ерекшелігі жатады.
а)  Жеке  денотат  және  лексикалық  синтагмалардағы  лексикалық 
нормалардың арақатынасы. Мәселен, жеке денотаттың өзіне жылқының 
жүрісін беретін сөздердің лексикалық синтагмалар құрауын алып, оны                           
Х.  Нұрмұқановтың  түсіндіруін  берелік:  «Аяң  –  жылқының  ең  жай 
жүрісі. Желіс – аяңнан гөрі өнімдірек жүріс. Бұл бүлкіл, бөкен желіс, 
сар желіс болып бөлінеді. Бүлкіл – желістің ең жай түрі» (4-т., 538) деген 
анықтамаларын аса дәл берілген деу қиын. Себебі «ең жай жүріс» деп 
отырғанымыз – Абайдың «Аяңы тымақты алшы кигізгендей, Кісіні бол-
бол қағып жүргізгендей» деп аңсаған аяңы ғой. Ең жай жүріс ілбу шығар. 
Аяң мен желістің орасында жортақ бар, ол жай жортақ, көтере жортақ 
деп бөлінеді. Шоқақтау мен шоқырақтау ше? [219, 201]. Жылқының 
аяңдауы, желуі, сар желісі, бөкен желісі, бүлкілдеуі, ілбуі, шоқақтауы, 
шоқырақтауы көзбен көріп, тілде нормаланған бейнелі денотаттар. Бұл 
жерде лексикалық норманың бөлігі окказионалды норма ұғымы жақын 
келеді, себебі ол Н.д.Арутюнованың сөзімен айтқанда, «бағалауышты 
және  параметрлік  сын  есімдер  семантикасына  елеулі  ықпал  етеді» 
[124, 242]. Сөз лексикалық синтагма құрағанда қате таңдалса, мәтіндегі 
лексикалық норма бұзылады, мысал үшін, бедеу сөзінің қате таңдалуын 
өз  зерттеуінде  Х.Нұрмұқанов  талдаған  болатын:  «Ж.Молдағалиев 
«Жүйткітіп  мініп  жүрген  бедеу  байтал,  дөнен  шығарлар»  (Т.,  3-4). 
Байтал «екі, үш жас аралығындағы әлі құлындамаған ұрғашы жылқы» 
(ҚСЭ, 2-том., 96). Халқымыз байталды «бедеу» деп айтпайды, себебі 
ұрғашы жылқының айғырдан шығар шағының өзі – осы байтал кезі» 
[219, 220]. Бедеу семемасының лексикалық синтагматика құрауының 
лексикалық  нормасы  көркем  мәтінде,  көбіне,  жағымсыз  бағалаудан 
көрінеді, бірақ мәнмәтінде қарай жағымсыз баға нейтралдануы мүмкін. 
Мәселен, мединица тілінде әйел бедеулігі сөз-синтагмасы осындай си-
патта, яғни терминдік мәнде келеді. Жеке денотаттың ұлттық пішіні 
бүгінде пайдаланбағандықтан ескерусіз қалып, сөздерді мәнін түсінбей 
қолдану орын алуда. Х.Нұрмұқанов өз зерттеуінде А.Сейдімбековтің 
«Түндіктің бауы төртеу» мақаласын келтіреді. Мұнда А.Сейдімбеков 
С.Жүнісовтің  «Ақан  сері»  романындағы  лексикалық  нормалардың 
бұзылуын сынайды, яғни автор: «жаужұмырды өсімдіктің атауы емес, 
жалбыршақ  қарын  мен  көк  бауырдың  жалпы  атауы  деп  түсініпті, 
шын  бүркіттің  қарақұспен  жанаспайтынын  білмепті,  піштірілген 
күйдегі Құлагерді бір жеті баптап бәйгеге қосыпты, түндіктің бауын 
үшеу болады депті», – деп жазады [219,225]. Бұнда сөздің денотаттық 
компонентінің узуалды семасы мен сигнификаттық компоненттің айы-


346
347
рушы  семасын  түсінбеуден,  лексикалық  синтагматиканың  бұзылуын 
байқаймыз.  Сондай-ақ,  «әлемде  2500  жасар  Самарқан  тәрізді  қала 
кемде-кем  (ҚӘ,12,1968).  Сексен  жасар  Э.Е.Земмеринг  жүзеге  асыр-
ды  (СҚ,13.05.1982,№112)»  [219,232].  Бұнда  жасы  кішкентай  балаға 
қатысты  жасар  сөзінің  жасы  үлкенге  қатысты  қолданылып,  нормаға 
сәйкес келмеуі дұрыс көрсетілген. Кейбір сөздер кейбір түркі тілдерінде 
лексикалық  синтагматикаға  түспеуге  тиіс  болса  да  байланысады, 
мәселен, тува тілінде дуктуг боостаа (түкті тамақ) дегенді білдіретін 
лексикалық  синтагма  бар,  мағынасы  «асықпай  тамақ  ішетін  адам» 
дегенді  білдіреді.  Сондай-ақ,  ыяш  чувурлуг    (ағаш  шалбар)  дегенді 
білдіретін,  яғни  «біреуге  не  бір  жерге  келгенде  отырмайтын  адам» 
дегенді білдіреді [135, 98]. Сонымен қатар, кейбір диалект сөздердің 
лексикалық нормаларға сай осындай ерекшеліктерге ие болуы ара-тұра 
кездеседі  [321].  Лексикалық  синтагматиканың  лексикалық  нормаға 
сай келуі деген сөз, зат пен белгісінің және оған тән қызметінің өзара 
үйлесіп тұруы, яғни жақсы адам, сары ат, қызыл таң, күн айналады, 
бұлт  көшеді,  ит  арпылдайды,  түйе  түкіреді,  бақа  бақылдайды,  бала 
өседі, гүл атады,  т.т. Лексикалық синтагматика мен сөздің мағынасы 
бір-біріне  тәуелді  күйде  болады,  сөздің  мағынасы  дамыса  не  ауыс-
са  лексикалық  синтагматикаға  да  өзгеріс  кіреді.  Мәселен,  бүгіндегі 
мұзайдын  варианты  бірден  тұрақталмады,  алдымен  «сөздіктің  1990 
жылғы  алғашқы  кітабында  айнамұз  («каток»)  түріндегі  жаңа  тұлға 
көрсетілген болса, келесілерінде оның мұзойнақ варианты қалыптаса 
түсті» [63, 118].
б)  денотаттық  жағдай  мен  лексикалық  синтагмалардағы 
лексикалық нормалардың арақатынасы. Мәселен:
Мен құстан туған құмаймын
Бір тұлпарға жұбаймын
Сауырыма қамшы тиген соң
Шаппай нағып шыдаймын [М., 46]. Сонда аттың үстіндегі адам 
емес,  басқа  адамның  қимылын  көрсететін  сауырға  қамшы  көму 
лексикалық  синтагмасындағы  денотаттық  жағдайды  Х.  Нұрмұқанов 
былай түсіндіреді. «Бір кезде астындағы аты әлденеге елең еткендей 
тұрып қалды. Жігіт ауыр қамшыны ысқырта әкеп, аттың жалпақ са-
уырына көміп жіберді (С.С., Е., 180). Бұл шындыққа кереғар. Себебі 
«Сауыр – малдың белінен құйрық түбіне шейінгі жері» (ТС, 1961. – 
251). Жорғаны сауырынан су төгілмейді деп сипаттайды. Сондықтан 
сауырға  тек  арба,  шанада  отырып,  я  жерде  тұрып  қана  соғуға  бола-
ды.  Қамшының  ат  үстінен  жиі  соғылатын  жерлері  –  сан  мен  бауыр. 
«Қобыланды  батырда»  «Тобылғы  сапты  қамшыны  толғап  бір  ұрды 
санына»  деуі  сондықтан»  [219,  220].  Сонда  ақын  өзін  біреу  ұрған 
соң,  шапқан  тұлпарға  теңейді.  Стилистикалық  мәнмәтінде  (кон-
текст)  денотаттық  жағдайды  ескермеген  жазушылардың  лексикалық 
нормаларды  бұзып,  лексикалық  синтагматиканы  дұрыс  құрамауын 
Х.Нұрмұқанов  көптеген  мысалдармен  талдайды.  «Тұтанған  жалын...
(С.С. 27) Тұтанатын – жанатын зат. Жалын сол тұтанған заттан пай-
да болатын қызулы леп, алау, «жанған заттың лапылы, ыстық қызуы» 
(Тс, 595). демек, жалын тұтанбайды, жанатын зат тұтанады». Сондай-
ақ,  кейбір  денотаттық  жағдайды  дұрыс  білмеуіне:  «Ж.Молдағалиев 
«Торғай  толғауындағы»  эпизодта  Саржан  қорада  тұрған  мылтыққа 
сүрінеді,  ол  атылады  «бір  топ  бытыра  жаяның  жон  арқасына  қарай 
барып,  сіңіп  кетеді.  Алақандай  қылып  терісін  жұлып  әкетеді  (15). 
Жаяның  жон  арқасы»  дегенді  естімедік.  Әдетте,  оқтың  тиген  жері 
білінер-білінбес болып тұрады да, керісінше, шыққан орны дал-дұл бо-
лып қалады», – деп жазады [219, 220]. Атылған оқтың дарыған кездегі 
жағдайы ғалымның сөзінде дұрыс нақтыланып, бұнда өмірдегі айқын 
денотаттық  жағдай  нақты  сипатталып  тұр,  сондай-ақ,  «жаяның  жон 
арқасы» дегенде анық лексикалық норманың бұзылу бар. Сондай-ақ, 
«Құлынды бие жеккен шал өтіп барады екен, ту сыртынан кимешек-
шылауышының  шалғайы  жалпылдайды,  бөктеріп  алған  кемпірі  бол-
са керек   (Қ.Ысқақов. Бұқтырма сарыны.). «Қандай затты да арбаға 
«бөктерілді» деп айтпаймыз. Ал адам арба түгіл атқа да «бөктерілмейді, 
өңгеріледі»  («Өздеріңдей  хандарды  Ат  к...  өңгердік».  Махамбет) 
[219,  220].  Лексикалық  нормаға  сай  емес  сөз-синтагмаларды  «Қара 
ормандағы»  «өлі  жүні  қырқылмаған  көк  қошқардың  ыстықта  тіл 
салақтатуы, тезектің тепкіленуі, соғылған ағаш (тек темір соғылады); 
опыр-топыр. Тәсібек ат үстінен опыр-топыр құлай берді (С.С.Е., 259)» 
[219, 221], немесе «атымды артқы аяғын тұсап отқа жіберіп...қойлар 
үлпек  қарды  атандай  теуіп...(А.  Кіребаев)  тілдік  қолданыстарынан 
байқалатынын  айта  келе,  Х.Нұрмұқанов:  «жылқының  артқы  аяқ 
тұсалмайды,  дене  бітімі  мол  пішілгенмен,  түйе  жарықтық  тек  жыл-
дан  ғана  емес,  қар  тебу  өнерінен  де  құр  қалған  түлік  екені  жұртқа 
мәлім», – деп сынайды [219, 223]. Тұрақты лексикалық синтагматика 
жан-жануарлар мен құстардың дыбыстауларын, қимылдарын беретін 
лексикаға  тән  болады.  Мәселен,  Көксерек  те  ашумен  тұмсығы  ыр-
жиып,  тістерін  сақ-сақ  еткізді  [М.Ә.,  19].  Жануарлар,  аң-құстарға 
тән  қимыл,  іс-әрекет,  дыбыстауларға  құрылған  сөз-синтагмалардың 
дұрыс  тіркесім  құрамай,  лексикалық  нормаларды  бұзуы  тілімізде 
кездесіп  отырады.  Х.Нұрмұқанов  оған  мынадай  мысалдар  келтіреді: 
«Т.Ахтановтың «Боранында «Жұмаштың торысы» бәйгі аты... құйрық-
жалы  тарам-тарам  боп  ұйысып,  әлсіз  мойны  салбырап,  самарқау 


348
349
күйсеп тұратын. «Арғымақ аттың белгісі аз оттар да көп жусар»деп 
толғауларда  айтылғандай,  Біржан  салдың  «Жамбас  сипарындағы» 
«Шетіне орамалдың түйдім сусар, Көп жылқы көк алалы көлде жусар» 
демекші, яғни жылқы күйіс қайырмайтын жануар екені белгілі» [219, 
224].                           
Қ.  Тоқмырзинның  «Балзия»  повесіндегі  «...борасын  Қоңырдың 
үстін  түгел  сипап,  шаңырақтай  екі  мүйізі  мен  құлағын  жауып  ке-
туге  жақындапты.  Қарт  иесін  көргенде  жануар  оқыранып  қоя  берді 
(7).  Қардың  құлақты  жауып  кетуге  жақындағаны,  әрине,  көзді  түгел 
жапқаны.  Сонда  қоңыр  өгіз  иесін  қалай  көре  қойған?  оқыранатын 
тек  жылқы  малы  емес  пе?»  деп  зерттеуші  лексикалық  синтагмати-
ка  құраудағы  денотат  жағдайдың  ескерілмеуін  дәл  аңғарады.  «Кей 
шығармаларда  тауық,  байғыз,  жүк  машинасына  дейін  қаңқылдап 
(Бұқтырма сарыны, 9, 77) бұларға еліктеп қарға бишара да қаңқылдап 
(41-ші  жылғы  келіншек,  125),  енді  біреулерінде  байғыз  әупілдеп 
(Ақжелең,  49),  сауысқан  сақылдап,  көкек  шықылықтап,  ат  күрсініп, 
өксіп,  сөйтіп,  әрқайсысы  өздері  шығаратын  инстинктік  үндерінен 
жаңылысып, у да шу болып мазаңызды алып жатады» [219, 225]. Соны-
мен қатар, тектік (ер, әйел) тұрғыдан тіліміздегі жіктелетін етістіктердің 
семантикалық валенттілігі бөлек сипаттағы лексикалық синтагматика-
ны құрап отырады. Мәселен, бие қашады, інген бошалайды, ақпандағы 
бурадай, қошқар қосылады, айғыр үйірге түседі, сиыр күйлейді, бұғы 
өкіреді, ұрғашы мал іш тастайды, қой қоздайды, сиыр бұзаулайды, бие 
құлындайды,  ешкі  лақтайды  т.т.  Бүгінде,  тіпті,  мал  баққан  қазақтың 
тілінде лексикалық синтагматика бұрыннан қалыптасқан нормаға сай 
қолданбай жүргені жиі кездеседі. Мәселен, сиырым туды, қойым ту-
мады,  бір  бием  туып  тұр  т.т.  Х.Нұрмұқанов  көркем  мәтінде  бұндай 
лексикалық нормаға қайшы қолданыстарды көрнекті жазушылардың 
қолданғанын көрсетеді:  «Айғырға байланысты қолданылатын үйірге 
түсуді-ді о.Бөкеев биенің билігіне беріпті: Лақса бие... үйірге түсіп...
[219,  231].  Басқа  тілдің  басқыншылығынсыз  лингвоэкологияның 
бұзылуы  лексикалық  синтагматиканы  бұрыс  қолданудан  басталады 
деп айта аламыз. «Лингвоэкология тілдің дамуының объективті бет-
бейнесін көрсете білуге тиіс. оған төніп тұрған қауіп жөнінде қоғамға 
дабыл  қағып,  әдеби  тілдің  тағдырына  адамдар,  қоғам  тіршілік  етіп 
отырған орта қамқорлыққа алынып, қорғалуға тиіс», – дейді Н.Уәли 
[320,  20].  Бүгінде  бұрыс  қолданулар  әртүрлі  стильдерде  лексикалық 
нормаларға сай дұрысталуда. оның ішінде тектік тұрғыдан етістіктің 
синтагматикалануы  ресми  стильде  өзіне  сай  ерекшелігіне  қарай 
жүйеленуде  екенін  көреміз.  «Қазақ  ресми-іс  қағаздар  тілінде  (анке-
тада)  әйел  адам  болса,  тұрмыстамын,  ер  болса,  үйленгенмін  норма 
болады»  [310,  184].  Тіл  мен  мәдениет  мәселесі  лингвомәдениеттану 
тұрғысынан А.Б.Салқынбай еңбегінде қарастырылған [322].
Лексикалық синтагмалардың мәтінде дұрыс қолданылмауы поэзи-
яда да жиі кездеседі, алайда арнайы әдіс ретінде олардың қолданылып, 
лексикалық  норманы  бұзатын  жағдайлары  болатынын  айта  кеткен 
жөн. Мысалы: 
«Қымызға кілкіп кәрлен,
Жеңгелер іркіт берген
Сыйлы орын ұсынады
Інілер  іркіп  төрден  (А.Асылбеков.  Көкорай  көктем.).  Бұл 
жұмбақты: ағайын-туысты аңсап алыстан келген қайнысына жеңгелері 
кәрлен кеседегі қымызды емес, ит ішпейтін іркітті беріпті! Мұны қалай 
түсінеміз? ойын ба, шыны ма?» [219, 245]. Сондай-ақ, ол былай деп 
жазады: «К.Мырзабеков «Аңсау» өлеңінде 
Сарғайған дала сортаңдау құмы бұрқылдап,
Саржайлауда анау сері өзен ақса сылқылдап.
Құр-құрлап қырдан қайырып қайтсам құлын-тай,
Әр көде басы дуадақ ұшса пыр-пырлап дейді. Ұшарында кемі он 
метр  жүгіретін,  семірген  күз  кезінде  21  кг  болатын  құс  пыр-пырлап 
ұшпас, оны құрықпен ұрып, жүйрік атпен көтерілгенше соғып алуға 
болады» [219, 210]. Кішкене құстарға, яғни бөдене, торғай, шіл т.б. тән 
пыр-пырлап ұшу етістігінің ірі құсқа телінуі лексикалық синтагмати-
каны құрамайтыны белгілі.
в)  Сигнификаттық  жағдай  мен  лексикалық  синтагмалардағы 
лексикалық  нормалардың  арақатынасы.  Ұғымдық  жағдайдың  сана-
да  орын  тебуінен  сигнификаттық  тұрғыдан  сөздер  өзара  мағыналық 
байланысқа түседі. Ұғымдық үйлесу заттық үйлесуге қарағанда ауы-
спалы  сипатта  болып,  сөздердің  үйлесуіне  басты  тірек  болады. осы 
негізден сөздердің тұрақталуы жиі болып, тұрақты тіркестерге ұласуы 
әбден  мүмкін.  Сигнификаттық  жағдайдың  пайда  болу  негізінде 
денотаттық  жағдай  тұрады,  яғни  денотаттық  қатынастың  ұғымдық 
жақтан  қате  қабылдануынан  сигнификаттық  жағдайдың  бұрыс  бо-
луы шығады. Н.Уәли бұны когнитивтік ерекшеліктен туындайтынын 
да  көрсетеді:  «Когнитивтік  тұрғыдан  қарасақ,  жаңбырдан  кейінгі 
саңырауқұлақтай  тәрізді  фразеологизмнің  сөз  мәдениеті  тұрғысынан 
қазақ  тіліне  жат  екені  байқалып  тұрады.  Өйткені  жаңбыр  шелектеп 
жауса да, қазақ даласында саңырауқұлақ қаптап кетпейді, яғни ақиқат 
өмірде  ондай  стереотипті  ситуация  жоқ,  денотаты  болмағандықтан, 
ұлттық санада фреймдік құрылымы да жоқ» [320, 14]. Сигнификаттық 
жағдай денотаттық жағдайдан туындаған түсінік, мәселен, сұйықтық 


350
351
бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыспайды, төгілмейді, ағылмайды, сыйы-
спайды, қойылмайды, аударылмайды, ол, негізінен, қотарылады, жиі 
қолданылмаса  да  кездеседі;  құйылады.  Үлкен  төртбұрышты  не  сол 
түріндегі заттар аударылады, төңкеріледі. Сонымен қатар, денотаттық 
жағдайдың  сыртқы  белгілері  сигнификаттық  жағдайда  ұғынылады, 
яғни  осы  кезде  дұрыс  ұғынбаудан  нормаға  сай  келмейтін  тіркестер 
жасалады. Мәселен, «Асияға қайта қарадым, Қойшыбайдың көзін ала 
бере  маған  қарап  үнсіз  сақылдап  күліп,  тілін  шығарды  (М.М.,  К.м., 
117). Темір татыған дауыс (М.М. к. м. 110). Әдемі иіс (С.Б, 5) Ауада аяз 
исі бар. Қардың исі келеді. Ақ құба әйелдің мамықтай мәрмәрлі ұзын 
мойны...(І.Е. 1 т.,12). Көңіліңді аяныштың аязы буып, ботадай боздап 
жылап тұрып безінесің (о.Б.,Қ.қ.,21-22)» [219, 221]. Бұл тіркестердің 
лексикалық синтагматика құрамауы сөздердің  ұғымдық семаларының 
сәйкес келмеуінде жатыр. Мәселен, үнсіз сақылдап күлу мүмкін емес, 
ал қарлыққан дауыс не кәрі дауыс, сонымен бірге, судың не өзеннің 
иісі, жаңбырдың иісі десе бұл туралы ұғымдық түсінік бар, сондықтан 
лексикалық синтагматика лексикалық нормаға сай келеді. Ал мамық 
пен мәрмәр бірі жұмсақ, бірі қатты болып үйлеспесе, аяныштың аязы 
дегенде лексикалық үйлесім не метафоралық көшу жоқ та, дыбыстық 
үйлесім  орын  алған.  Сигнификаттық  аспектіде  индивидтің  саналық 
дәрежесі басты рөл атқарады, мәселен, «суға бақыр не асық тастасаң, 
сиырдың таңдайындай иректелген судың түбінде, өз көлемінен әлденеше 
рет зорайып барып жатады» [С.Мұқ., 35-36]. осындағы судың ішіндегі 
заттардың үлкейіп көрінуін жазушының білуі оның ұғымдық деңгейінің 
тереңдігін көрсетеді. Ал мына мысалда бұндай тереңдік мүлдем жоқ де-
уге болатындай, яғни «сыңсыған өліктердің үні. Мылтықтар дамылсыз 
төрт-бес рет атылды. Тасшоқы бөктері сыңсыған өліктердің үніне бөгіп 
қалды (С.Бақбергенов. Тозаң. 77). Практика бойынша да, теория бой-
ынша да өлік, сыңсу былай тұрсын, жалпы, ешқандай да үн шығаруға 
тиіс емес» [219, 222]. Сигнификаттық жағдай зат не құбылыстан туын-
дайтын ұғымдар, сондықтан олар дұрыс үйлесімде болады. Мәселен, 
су  аязда  қатады,  ыссыда  жылиды,  бірақ  қайнамайды,  қайнау  үшін 
жоғары  температура,  яғни  от  жағылуы  керек.  дегенмен  қайнау  сөзі 
мәнмәтінге ауысқанда әртүрлі айырушы ұғымдық семаларға ие бола-
ды; мәселен; күн қайнап тұр, күн түстен кейін қайнағанда көрерсің де-
генде дұрыс лексикалық синтагматика құралған да, күн қатып тұр, күн 
түстен кейін қатқанда көрерсің десек, лексикалық синтагматика жүзеге 
аспайды. Сигнификаттық жағдайды ескермеуден туатын бұндай қате 
қолданыстардың болуын Ю.А.Бельчиков адамның тілдің елтану сипа-
тын білмеуден болатынын айтады [119, 130]. Көбіне, көркем мәтіндегі 
лексикалық норманы бұзылуы осындай ұғымдық ерекшелікті ескерме-
уден болады. Мысалы, «Нұр еседі. Нұр – төгілер, құйылар, шашылар, 
күлімдер, жайнар, есе қоймас [219, 222]. Мәнмәтіндік жағдай кезінде 
лексикалық синтагматиканың сигнификаттық семасы өзектеніп, ауы-
спалы мәнде келеді. «Жазылып керегі не? Бәрі бір мен бақытты бола 
алмаймын.  Әкем  аяса,  менің  дертім  жаныма  батқан  соң  аяп  отыр. 
Ертең  сауықсам  қайта  күйсеуден  тайынбайды  (Б.Майлин).  Күйсеу 
сөзінің өзінде мән жатыр. Күйсеу етістігінің бейтарап лексикаға жа-
татыны мәлім» [219, 146]. Малға қатысты бейтарап етістіктін адамға 
қатысты қолданылғанда жағымсыз мәнде келетіні тек күйсеу етістігі 
ғана  емес,  оттау,  түкіру,  өкіру,  маңырау  т.т.  етістіктері.  осы  типтес 
сөздердің  мәтіндегі  түрленуін  Р.Сыздық,  М.Балақаев,  Е.Жанпейісов, 
Р.Әмір,  М.Серғалиев,  Х.Кәрімов,  Н.Уәли,  д.Әлкебаева,  Б.Шалабай, 
Г.Смағұлова,  Г.Әзімжанова  т.б.  зерттеушілер  қарастырған.  Ал 
Н.С.Молчанова  монологиялық  айтылымдардағы  осындай  сөздердің 
мағыналық түрленуін және ішкі мәтіндік семантикалық байланыстар-
ды Б.Пастернактың «дәрігер Живаго» романы бойынша қарастырады 
[323, 44]. Ауыспалы мәнге ие болғандықтан сигнификаттық жағдайдан 
туған  сөз  өзінің  узуалды  мәнінен  мәнмәтіндік  жағдайда  алыстайды. 
Мұның  эпидигматикаға  ұласқандағы  уәждемелігін    Н.д.Голев  те  өз 
зерттеуінде қарастырып еді [324, 118].
г)  Ұлттық  салт-дәстүрге  қатысты  лексикалық  синтагмалардағы 
лексикалық  нормалардың  арақатынасы.  Лексикалық  семантикадағы 
бұл  мәселе  лингвомәдениеттанымдық  ерекшелігі  бар  болған  соң, 
лексикалық синтагматиканың пайда болу негізінде ұлттық дәстүр мен 
ұлттық мінез жатады. Мәселен, «Солқылдатып әкесін жоқтап отыра-
тын кезі емес пе, оның?» [С.Мұқ., 45]. осындағы солқылдатып әкесін 
жоқтау дегендегі сөздердің тіркесім құрауы ұлттық дәстүрге қатысты 
лексикалық норманы көрсетеді. Ұлттық аспектіні ескермей лексикалық 
синтагматиканы бұзылған күйде қолданулар стилистикалық мәнмәтінде 
кездеседі. ол туралы Х.Нұрмұқанов былай деп жазады: «Ескі мешіт 
әлі күнге дейін клубтың міндетін атқарып келеді. Әрине, басындағы 
айшықты күмбезі тоқал ешкінің мүйізінше қағылып тасталған (М.Х.Н. 
Т., 56). Тайраңдаған тірсек. Лақтың тайраңдаған тірсегі де анық көріне 
бастады  (М.  Сүндетов.  Ескексіз  қайық.  287)  Тоқал  ешкіде  мүйіз 
жоқ  болса  оның  несін  қағады,  ал  тайраңдау  түйе  малының  жылдам 
жүрістерінің бір өзіне тән қимыл ерекшелігі бар түрі» [219, 233]. 
Тұрақты лексикалық синтагматиканың көрінуі алғыс және қарғыс 
мәнді  фразеологизмдерде  болады.  Мәселен,  тілімізде  төрт  түліктің 
әрқайсысына тән қарғыстар бар, оларды шатастырып пайдалану норма-
ны бұзу деген сөз. Мәселен, түйе ақ шелек келгір болса, жылқы жайрағыр, 
қой  айналма  болғыр,  ешкі  топалаң  тигір  т.т.  Мәселен,  «Түйең  арам 


352
353
қатсын! Борша болсын! Қара өкпе тисін түйеңе!» [Ә.Н., 297]. Жыл мау-
сымдарына қатысты сөздердің мағыналық үйлесуі бүгінде лексикалық 
нормаға  сай  қолданылмай  жүргенін  байқаймыз.  Мәселен,  көктем 
шықты, күз келді, қыс басталды, жаз туды т.т. Бұндағы ерекшелік туралы 
А.Сейдімбеков: «Көктем туады, жаз шығады, күз түседі, қыс келеді. Әр 
маусымның қасиеті тілде орныққан тұрақты сөз ғана емес, сол тұрақты 
сөздің  өзі  танымдық  функция  атқарып  тұр.  Көктем  туады,  мұнысы 
дүниенің жаңғыруын, қайта түлеуін, біреудің екеу болуын әйгілеп тұр. 
Жаз шығады – жер астында қалған тамыр жоқ, дүние толысады деген 
сөз. Күз түседі – яғни, көктемде туып, жазда толысқан табиғат көркінен 
айрыла бастайды, өсімдік атаулы жапырағын түсіреді. Ал қыс келеді – 
қарлы-борандатып, жаяу сырмалатып жететінін елестетіп тұр», – деп жа-
зады [325, 122]. Бүгінгі қолданыстағы келді етістігі өзінің семантикалық 
валенттілігіне орай тіркесе береді; көктем келді, жаз келді, күз келді, 
яғни «белгілі бір терминдік мағынада қызмет еткен сөздердің өзі уақыт 
өте келе, әдеби тіл үшін норма ретінде танылмауы, мағынасы тарылуы, я 
өзгеруі, қолданыс аясы да уақытқа, қоғамдағы өзгерістерге байланысты 
тарылып я кеңейіп, тіпті, мүлдем қолданылмайтындай дәрежеге жетуі 
мүмкін» [310, 134]. Ұлттық дәстүрдің тілдегі бейнесін бұзу әрекеттері 
ара-тұра кездесіп қалып тұрады. «Лениншіл жас» газеті «Жұмылғанға 
жүк  жеңіл»,  «Соңғы  түйенің  жүгі  ауыр»  деген  мақалдарымызды  бу-
дандастырып,  бір  мақаласына  «Жұмылғанға  алғашқы  түйенің  де 
жүгі  жеңіл»  деген,  үлкен  әріптермен  терілген  тақырып  қойыпты 
(28.06.1983) [219, 224]. Бір тарихи кезең не оқиғаның да, яғни тарихи 
фактордың лексикалық синтагматикаға әсер етер жағдайлары болады. 
Мәселен, Махамбет ақынның «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» барлық 
толғауларынан көлемді толғауы былай басталады:
Алайма сұлтан, алайма!
Астыма мінген арғымақ
Аяңдай  түсіп  марай  ма!  [М.,  52].  осындағы  алайма  етістігі 
денотаттық  жағдайды,  яғни  сұлтан  көзінің  алайып,  жақтырмауын 
береді.  Бұнда  лексикалық  синтагматика  қалыпты  құрылған  және 
нормаға  сай  келіп  тұр,  бірақ  тарихи  фактор  есепке  алынбай  тұр. 
Қазақтың Батыс аймағында бұрыннан келе жатқан ауыз әдебиетінде 
барлық ұзақ толғаулар Арайна немесе Әрайна деген сөзден басталады, 
оның үстіне толғау хан, сұлтан, билер не ел ағаларының алдында ай-
тылса Әрайна сөзімен басталады. Бұл сөз эпостардағы әлқисса сөзінің 
мәнінде қолданылмайды, тек толғауларды бастау үшін қолданылады.  
Махамбеттің «Әрайна, билер, Әрайна» деп басталатын толғауында бұл 
сөздің қолданылуын академик Қ.Жұмалиев былай түсіндіреді: «Әрайна 
– бұрынғы кездегі бір батырдың аты. Ескі ақындардың көп өлеңі соның 
атымен  басталады.  Бір  жорық  соғыста  ерлік  көрсеткен  батыр  өліп, 
соның ескерткіші ретінде, кейінгі ақындар өлеңін соның атынан баста-
сын деген екен дейді, ел аңызы» [М., 28]. «Аңыз түбі – ақиқат» дейді 
халық мақалы, сондықтан «Алайма» сөзі «Арайна» сөзінің орына қате 
беріліп кеткен, оның үстіне, толғаудағы келесі жолдардың ұйқастары 
«й»  дыбысы  емес,  «р»  дыбысымен  келіп  тұр:  марай  ма!,  қарай  ма?, 
таяр ма?, аяр ма? Сондай-ақ, Әрайна сөзімен басталатын Махамбетте 
тағы бір толғау бар:
Әрайна, билер, Әрайна,
Арғымағым  жарай  ма?  деп  басталады  [М.,  28].  Бұл  толғауда  да 
ұйқасатын сөздер борай ма? сұрай ма? деп келеді. Тіліміздегі жалқы 
есімдердің  лингвоконцептологиялық  ерекшеліктерін  зерттеген 
Б.Тілеубердиев:  «Антропонимдер,  антропонимдер  жиынтығы  мифо-
нимдер сияқты тілдік семиотикалық таңбалар ретінде қазақ танымын-
да, тілдік санасында өз әлемін құрып, сол әлемнің тілдік көрінісін бере 
алады»,  –  деп  жазған  болатын  [326,  220].  Сондай-ақ,  бүгіндегі  «Бір 
бала» деп аталатын әндегі бір бала сөзі бір ғана сөзінің орнына ауы-
сып кеткендіктен бүгінде әнді әншілер осылай қате орындап жүр. Ән 
жолдары мынадай:
Талдан таяқ жас бала-ай таянбайды,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
Қайырмасы;
Угай-ай
Ән салшы-ай
Бір бала-ай.
Қос етек,  бұраң бел
Қуалай соғар қоңыр жел
Елдің көркі, ақ тоты-ай, бір баласың
Көзі  қиып  қай  дұшпан  жамандайды  [327,  43].  осындағы  бала 
сөзі  басқа  сөздермен  ешқандай  лексикалық  синтагматикаға  түсіп 
тұрған  жоқ.  Ал  әндегі  басты  синтагмема  қос  етек  киген,  бұраң  бел, 
елдің көркі, ақ тоты, дұшпанның өзі жамандауға көзі қимайтын сөз-
синтагмаларымен  берілетін  «қыз»  семасы  болып  тұр.  оның  үстіне, 
әннің тақырыбы да «қыз», ал бала деп шатасуға әсер еткен бастапқы 
жолдардағы бала сөзі болуы керек, сонда ән былай болуы керек:
      Угай-ай
      Ән салшы-ай
      Бір ғана-ай.
      Қос етек, бұраң бел,
      Қуалай соғар қоңыр жел.
Елдің көркі, ақ тоты-ай, бір ғанасың


354
355
Көзі  қиып  қай  дұшпан  жамандайды.  Мұндағы  бір  өзің  ғанасың 
дегенде  өзің  сөзі  түсіріліп  тұр,  бұндай  жағдай  халық  әндерінде  жиі 
кездеседі, сондай-ақ, қызды бала сөзімен беру қазақ тілінің нормасын-
да жоқ, бүгінде қолданылып жүрген қыз бала атауы соңғы жылдарда 
ғана тұрақталған. Баладан бір ән салшы деп қиылу мәтіндегі сөздердің 
мағыналық үйлесіміне мүлде жат екені көрініп тұр, тілімізде тек қыздан 
ғана қиылу, өтіну норма болады. Фольклор білгірі М.Тілеужанов: «Бір 
ғана»  әні  –  жұбайы  өлген  келіншек  өлеңі.  Жақын  ауылдың  қойшы 
баласы  қолында  таяғы,  өлең  айтып  жатқан  үйге  кіріп  келеді.  Жесір 
келіншектің кезегі келгенде, қойшы балада көңілі барлығын бернелеп 
береді.  Рас,  жас  жігіт  талдан  таяқ  таянбайды,  қыран  сияқты  қызыл 
түлкіден аянбайды. Қандай тұспал, қандай символ, қандай ишарат тұр 
бұл өлең мағынасында! Тек жөн білетін, мәніске түсінетін бозбалалар 
ғана ұға алады келіншек ойын», – деп өз болжамын ұсынады [328, 256-
257].
Тіліміздегі  кейбір  мақалдардың  да  мағыналық  үйлесімділігі 
түсініксіз болып келеді. Мәселен, елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – 
қазан деген мақалдағы қазан сөзінің мәні түсініксіз, мүмкін диалектілік 
сипаттағы  қолданыс  та  болуы  мүмкін  екенін  жоққа  шығармаймыз. 
Мәселен,  «Елу  жылда  ел  жаңа  –  жаңарып  жатқан  шағы  болар.  Жүз 
жылда қазан – қара боран алда болар» [М.М., 74]. дегенмен мұндағы 
қазан сөзі кәдімгі қазан мағынасында, тек ауысып қолданылып кеткен, 
ал негізінде бұл мақал: Елу жылда – ел жаңа, қырық жылда – қазан 
жаңа деген мақал. Сондай-ақ, мынадай мәтелі алайық, сұмырай келсе 
– су құриды, яғни суы таусылған үйге келген адам мен сұмырай бол-
дым деп қателесіп жатады. Ал, негізінде, сұмырай; шілде айы, яғни ең 
ыстық ай, сондықтан қазақ «сұмырай келсе, су құриды; сүмбіле туса, 
су суыйды» дейді. Сүмбіле (тамыз) айы жұлдыздың аты, сондықтан да 
сұмырай да көнеріп кеткен жұлдыздың атауы болса керек деп жорамал-
даймыз. А.Б.Салқынбай: «қазақ Сириусты – Сүмбіле дейді», – деп жаза 
келе, «Сүмбіле туған соң, жаз аяқталып, шыбын-шіркей азая бастайды. 
«Сүмбіле туса – су суыр» дей отырып, қазақ баласы қыс қамын ойлай 
бастайды»,  –  деп  ойын  сабақтайды  [77,  107].  Ал  Р.Сыздық  сұмырай, 
сұмпайы  сөздерінің  ертеректе  өзгеше  мағынада  жұмсалғанын  айта-
ды,  яғни  «Алпамыс»  жырындағы  жеті  жасар  Жәдігерді  Ұлтан  құл: 
Өлтіремін алып кел Жәдігер сұм баланы – дейді. Баян сұлу әрдайым өзін 
«Баян сұм» деп, ал Қозыға: «Атадан жастай қалған сен сұмырай» – деп 
отырады. осылардың барлығында да сұм сөзінің мағынасы «бақытсыз, 
талайсыз, сормаңдай» дегенге саяды. Шынында да шум деген сөз пар-
сы  тілінде  «бақытсыз,  сорлы,  сормаңдай»  дегенді  білдіреді.  Бұл  сөз 
қазақ тілінде дыбысталуы сәл өзгеріп (шум дегеннен сұм болып), сол өз 
мағынасына және бір реңк қосып, өте ертеде енген деп топшылаймыз» 
деп  жазады  [189,  141].  А.Б.Салқынбай  тіліміздегі  эмосемалы  қарға 
сөзінің құс атауы қарға сөзіне қатысы жоқ, ол түркі тілдеріндегі «көз», 
яғни «қарағ» сөзі екенін байқап, былай дейді: «Танымал этнолог-ғалым 
А.Сейдімбеков  «қарғам-ау,  сен  қалайсың,  мен  дегенде»  деген  халық 
әніндегі  «қарғам-ау»  сөзін  «қарға»  мағынасында  түсінген.  Біздіңше, 
бұл  екі  атаудың  арасында  ешқандай  мағыналық  байланыс  жоқ. 
«Қарғам, қарғатайым, қарғашым» деген сөздерді қолданғанда, кәдімгі 
қарғаға ұқсату, соның «сұлулығына» балау емес, көздің қарашығындай 
сақтауды, мәпелеуді, сүюді меңзейді», – деп жазады [77, 113]. Тілімізде 
балаларды  «қарақтарым» деп айтқанда, «көздерім» деп айтқаны деп 
түсіну  керек.  Сөз-синтагмалардың  мәтіндегі  лексикалық  нормаларға 
сай қолданылмауы әртүрлі стильдерде мен жанрларда кездесе береді. 
А.Алдашева  аудармадағы  лексикалық  синтагматика  сөз  таңдаудағы 
жаңсақтықтан  аударма  нормасына  сай  келмей,  мәтіндік  мағынаны 
әлсірететіні  туралы  мынадай  мысал  келтіреді:  «Лизин  кавалер  стоял 
неподвижно  (К.Федин).  Лизаның  бозбаласы  тапжылмастан  сілейіп 
қапты (ауд. М.Нұртазин); Пойдемте, я представлю вас своей благовер-
ной (А.Чехов) Жүріңіз, мен сізді өзімнің үрпек басыма таныстырайын 
(ауд. Х.Сыздықов)» [270, 195]. Тіліміздегі неме жағымсыз эмосемалы 
сөз мағыналық байланысқа түскенде түсініксіздіктен түсінікті сипатқа 
өтеді. Мәселен, Абай тілі сөздігінде «неме сөзі «басқа сөздердің шы-
лауында жүріп, кеміту, қомсыну мағынасында қолданылады. Кербездің 
екі  түрлі  қылығы  болады.  Мұның  бәрі  –  масқаралық,  ақымақтық. 
Кербез  дегенді  осындай  кер,  кердең  немеден  безіңдер  деген  сөзге 
ұқсатамын (II, 174)» деп түсіндірілген [Аб.т.с., 460]. Мұнда лексикалық 
тіркесуді «басқа сөздердің шылауында жүріп» деген атаумен атайды. 
Кейбір сөздердің тілдік тұлға тілінің әсері арқылы лексикалық нормаға 
сай  келуі  жүзеге  асады,  мәселен,  Ә.Кекілбаевтың  қолданған  кейбір 
сөздері  түсініксіз  болса  да,  мағыналық  үйлесімі  лексикалық  нормаға 
сай келетіндері жиі кездеседі: сойыл дос, қамшы дос, кісәпірлік қылу, 
сімсік көз, құрағыта қарау, қолтиді болу, бықып жату, можап қоя беру, 
атанақтап жүгіру, түс қыңа, құлта сақтамау, жаукем қол [218, 302-310]. 
Лексикалық синтагматика табу, эвфемизм сөздердің лексикалық нормаға 
сай үйлесуінен көрінеді. Ә.Ахметов былай дейді: «Әйел адамдарға тән 
табиғи  физиологиялық  процестердің  бірі  –  бала  көтеру.  Солай  бола 
тұра, о баста құрсақ көтерген әйел адам болсын, ішінде төлі бар ұрғашы 
мал  болсын,  екеуіне  де  тең  қолданыла  беретін  әрі  түркі  тілдерінің 
көбіне ортақ «буаз» деген сөз қазіргі кезде жартылай табуға айналып 
тек малға байланысты ғана қолданылады. Ал әйел адамдардың ондай 
жағдайдағыларын қазақтар екіқабат, аяғы ауыр немесе жүкті дейді», – 


356
357
деп нақтылайды [329, 119]. Ұлттық мәдениетке қатысты сөздердің бай-
ланысуына  құралған  лексикалық  синтагматиканы  лингвомәдени  син-
тагматика деп атауға болады. Лексикалық синтагматика әртүрлі ракур-
старда, өзгерістерде келіп, қолданысқа түскенде, бірқатар факторлардың 
әсерінен  туындайды,  сондықтан  нормаға  сай  құралмауы  мүмкін. 
Қорыта келгенде, лексикалық синтагматика бұзылса, лексикалық нор-
ма реттеп, жалпы қолданысқа түсірмей, тежеп отырады, яғни Р.Сыздық 
жазғандай «қыпша жіп, қыпша саусақ деп айтпаймыз... саңлақ само-
лет, саңлақ машина дегенге ауыз бармайды» [219, 231]. Бұл өзгерістер 
лексикалық құрамның толығуы мен ондағы кейбір сөз қабаттарының 
пассивтенуіне байланысты болады. «Лексикалық құрамның толығуына 
себепкер факторлар да әр алуан: 1) тілдің өзіне тән ішкі даму заңдары: 
сөз  мағынасының  кеңеюі,  әр  затты,  әр  құбылысты,  әр  ұғымды  дара-
лап  жеке-жеке  атау  қажеті;  2)  экстралингвистикалық  факторлар:  тер-
мин  жасау  процесі,  аударма  әдебиеттің  дамуы,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының жаңа түрлерінің дамуы, қоғам өміріндегі саяси-мәдени 
өзгерістер, ғылыми-техникалық революция. Міне, осылардың баршасы 
лексикалық нормалану процесіне тікелей әсер етеді» [63, 117]. Қазақ 
грамматикасы авторлары лексикалық тіркесімділікте екі түрлі шектеу 
– лексикалық және семантикалық шектеулер болады дей келе, былай 
дейді:  «Лексикалық  тұрғыдан  келгенде,  мағыналас  сөздердің  нәзік 
реңктерінің  айырмашылығына  байланысты  бірінің  орнына  екіншісін 
қолдану жаңсақ көрінеді. Мәселен, жабу – бекіту – құлыптау сөздерін 
ауыстырып  жұмсау  мағыналық  қателікке  ұрындырады.  оның  себебі 
мынада: жабу кезінде (тіпті есікті жабу мағынасында делік) есікті тақап 
итеруді  ұғамыз;  бекіту  болса,  оны  темірмен  не  ағашпен  итеріп  қою 
жеткілікті; ал құлыптауда құралдың аты аталып тұрғанындай, кілт са-
лынуы ұғынылады: Тарс жауып есігін, Бекең қайтып келеді (Мұқышев); 
Ысқақ  есікті  сыртынан  бекітті  де,  әлдеқайда  кетіп  қалды  (Баязитов); 
Ұрыдай аңдап басқан вагондарға Құлыптап лық толтырып қойды екен 
не ? (Тұрсын-Заде) [6, 585]. Ал жақында жарық көрген еңбегінде бұл 
мәселені А.Б. Салқынбай дұрыс нақтылайды: «Тілде де, лебізде де сөз 
негізгі бірлік болғандықтан, оның синтагматикалық байланысуын терең 
әрі кешенді зерделеу қажет. Тілде және лебізде лексемалардың бірінен 
кейін  бірі  келіп,  байланысқа  түсіп,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  мәтіннің  бір 
бөлшегі ретінде қызмет атқаруы үшін, белгілі бір шарттар орындалуы 
керек. Лексемалар бір-бірімен синтагмалық байланысқа түсуі үшін:
1)  фонетикалық  және  фонологиялық  заңдылықтар  толығымен 
орындалуы қажет; яғни сөздер тіркесуі үшін олар сингармонизм заңы 
мен үндестік заңына бағынуы керек...;
2) 
морфологиялық 
құрылымға 
қатысты 
тіркесімділік 
заңдылықтарының игерілуі керек;
3) синтаксистік байланысу формасымен келуі міндетті;
4)  синтаксистік  қатынаста  (субъективтік,  предикативтік, 
анықтауыштық, пысықтауыштық) тұруы қажет;
5)  сөздер  өзара  байланысу  үшін,  арасында  ортақ  мағынаға 
негізделген мазмұн бірлігі, жақындығы, мәндестігі болуы міндетті;
6)  тұлғалық  және  мағыналық  жағынан  тілде  және  лебізде 
қалыптасқан нормаға сәйкес болуы керек;
7)  ұлттық  дүниетаным  арқылы  қалыптасқан  ұғымдардың 
таңбалануында  ішкі  үйлесімділік  болады»  [330,  65-66].  Қорыта 
айтқанда,  лексикалық  синтагматика  мен  лексикалық  норма  тілдің 
лексикалық жүйесінің дамуына байланысты өзгеріп, түрленіп, дамып 
отыратын құбылыстар. Лексикалық мағынаның синтагмалық қасиеті 
концептіде  бейне  құрайды,  сондықтан  сөз-синтагмалар  концептінің 
құрылымдық  үлгілері  болып,  концептіде  көрініс  табады.  Теңеулерде 
немесе  басқа  лексикалық  бірліктерде  өзара  байланыс  денотаттық 
және  сигнификаттық  жағдайлардан  туындайтын  денотаттық, 
сигнификаттық,  коннотаттық  бөліктердің  қатынасуына  байланысты 
орын  алады.  Мәнмәтіндік  мағынаны  мәтіндегі  тұтасқан  лексикалық 
бірілктердің  мағыналары  түзеді,  әсіресе,  көркем  мәтіндегі  контексте 
бір сөйлем ішіндегі сөз-синтагмалар бірқатар сөздермен байланысқа 
түсіп,  басқа  сөйлемдердің  мәнін  ашып  тұрады.  Мәнмәтіндегі 
лексикалық  синтагматика  сөз  таңдауға  байланысты  болады,  яғни 
сөз    таңдауда,  бірінші,  сөздің  мағынасы,  екінші  адамның  қоғамдық 
орны  мен  суреткерлік  дәрежесі  басты  қызмет  атқарады.  Мәтіннің 
синтагматикасының  негізінде  жалпы  когеренттілік  пен  нақты,  терең 
сипаттағы  когезия  жатады.  Лексикалық  когезияны  мәтіндегі  мәнді 
сөздердің  байланысы  құрайды,  яғни  когезия  мәтіндегі  бірліктердің 
мағыналық үйлесуі болады, көбіне, қайталау лексикалық когезияның 
негізі  болады,  ал  олардың  жинақталуы  мәтіндегі  ұғымдық  жүйенің 
фреймді  конфигурациясы  болады.  Лексикалық  синтагматиканың 
айнымалы  сипатқа  өтіп,  кеңеюінің  салдарынан  тілдің  лексикалық 
жүйесінде жаңа қолданыстағы сөз-синтагмалар пайда болып, бұрынғы 
тіркестер  пассивтенуін  қарастырдық.  Лексикалық  синтагматиканы 
жеке денотаттың, денотаттық жағдай, сигнификаттық жағдай, ұлттық 
салт-дәстүр қатысты бөліп қарастырдық. 


358
359


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет