Хасанов indd



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу  мақсатына  сәйкес  басты  міндеттердің  барлығы  дерлік 
жүзеге  асты  деп  бағалауға  болады.  осы  зерттеуде  лексикалық 
синтагматиканың  пайда  болу  көздерінен  бастап,  оның  қазақ 
семантикасындағы барлық ерекшеліктерін және когнитивті семантика, 
мәтін семантикасында алар орнын айқындауды басты мақсат еткенбіз. 
осы  тұрғыдан  келгенде,  лексикалық  синтагматика  құбылысы  толық 
түрде  зерттелді  деуге  болады  деп  есептейміз.  Зерттеуде  алдымызға 
қойған  шешуге  тиісті  міндеттердің  толық  орындалуы  лексикалық 
синтагматиканың  лексикалық  бірліктер,  метафора,  полисемия,  фра-
зеологизм, теңеу, когнитивті, мәтін семантикасындағы ерекшеліктерін 
толық білуге мүмкіндік береді. Лексикалық синтагматика бұрын зерт-
телмеген  мәселе  болғандықтан,  оның  мәндік  табиғаты  мен  тілдік 
қолданыс жағдайындағы ерекшеліктерін айқындау мақсатына зерттеу-
де қол жеткізілді.
•  Лексикалық  синтагматика  лексикалық  семантиканың  се-
миотика,  философия,  логикамен  өзара  байланысынан,  тіл  мен  ойлау 
қызметінен бастау алады. Тілдік ойлау қызметі мынадай жүйе құрайды: 
таным – қабылдау (сигналдар жүйесі) – кілттеу, қайта кілттеу – таңбалау 
(атау), сөз, дыбыс қабығына енгізу – таңба не таңбалардың  бірнешеуін 
ыңғайластыру (синтагмалау) – «ми қоймасына» өткізу – «қоймадан» 
іздеу, табу – жүйелеу (лексикалық синтагматика), – күрделі түрде ха-
барлау, яғни сөйлем, сосын мәтін семантикасы. 
•  Қазақ  тілінің  лексикалық  жүйесі  парадигматикалық, 
синтагматикалық,  иерархиялық  және  эпидигматикалық  қатынастар 
түрлерінен тұрады. Синтагматикалық қатынастар – мағыналық үйлесу 
мен  синтаксистік  конструкцияларға  негізделгендіктен,  синтаксистік 
синтагматика және лексикалық синтагматика болады.
•  Лексикалық синтагматика тіркесімділігіне қарай – абсолютті 
және қатысты, ал көріну дәрежесіне қарай – қарапайым, анық, және 
еркін, байлаулы, дамуына қарай – айнымалы, пассив болады.
•  Синтагматикалық  қатар  құрамындағы  сөздердің  лексикалық 
мағынаның  денотаттық,  сигнификаттық,  коннотаттық  бөліктеріне 
қарай  тіркесуі  қалыптасқан  синтагмалар,  ал  шеткері  семалармен 
байланысқан  лексикалық  синтагматиканың  көрінісі  болатын  сөз-
синтагмалар солғын синтагмалар.
•  Сөз-синтагма  –  сөздің  лексикалық  мағыналарының  бір-
бірімен  үйлесімділікпен  бір  лексикалық  жүйеде  орналасқан  бірлігі, 
ал итеративтілік – сөз-синтагмалардың құрамындағы синтагмеманың 
екі  рет  қайталануы.  Семантемалардың  лексикалық  синтагматика-
сы  семантикалық  үйлесу,  семантикалық  үйлеспеу,  семантикалық 
келіспеуден тұрады.
•  валенттілік басты үш деңгейден тұрады: логикалық валенттілік, 
семантикалық  валенттілік,  синтаксистік  валенттілік.  Семантикалық 
валенттілік  етістік  арқылы  жүзеге  асады,  яғни  семантикалық 
валенттілікте етістік өзінің айналасына мейлінше көп сөздерді қосады, 
олар  актанттар  деп  аталады.  Семантикалық  валенттілік  лексикалық 
синтагматиканың еншілес бөлігі.
•  Комбинаторлы-синтагмалық 
қатынас 
лексикалық 
синтагматиканың  бөлігі  ретінде  метафораның  үш  түрін  тудырып, 
оларда  негізгі  орын  алады  және  бинармдар  мен  метафоралы  сөз-
синтагмалардың және полисемия синтагматикасының жасалуына ба-
сты ықпал етуші байланыс болады.
•  Фразеологиялық  синтагматика  екіге  жіктеледі:  бірінші, 
тұрақты  тіркестердің  өз  ішінде  тіркесу  ерекшеліктері,  яғни  ішкі 
лексикалық  синтагматика;  екінші,  тұрақты  тіркестердің  басқа  лексе-
малармен,  сүйемел  сөздермен  байланысы,  яғни  сыртқы  лексикалық 
синтагматика.
•  Концепті  құрылымында  да  лексикалық  синтагматика  орын 
алып,  когнитивті  синтагматикаға  ауысады.  Лексикалық  мағынаның 
синтагмалық  қасиеті  концептіде  бейне  құрайды,  сондықтан  сөз-
синтагмалар концептінің құрылымдық үлгілерін құрайды. Когнитивті 
концептінің көрінісін беретін құрылымдық үлгілері – лексикалық син-
тагматика  негізделген  сөздердің  өзара  мағыналы  түрде  үйлескен  сөз 
тізбектері.
•  Теңеулерде  өзара  байланыс,  алдымен,  денотаттық  және 
сигнификаттық  жағдайлардан туындайтын денотаттық, сигнификаттық, 
коннотаттық, факультативтік макробөліктердің қатынасуына байланы-
сты орын алады. Теңеулердің синтагматикасындағы ұлттық менталдық 
ерекшеліктер,  ұлттық  мәдени  көріністер,  оның  құрылымындағы 
концептілік ой-суреттен аңғарылады.
•  Мәнмәтіндегі лексикалық синтагматика сөз таңдауға байланы-
сты жүзеге асады, сондықтан сөз таңдауда, бірінші, сөздің мағынасы, 
екінші адамның қоғамдық орны мен суреткерлік дәрежесі басты қызмет 
атқарады. Көркем мәтіндегі лексикалық синтагматика байқалатын жа-
сырын мән – екеу: бірінші, жеке тілдік емес жасырын мәндер, екінші, 
жеке тілдік жасырын мәндер.
•  Мәтін  синтагматикасының  негізінде  жалпы  когеренттілік 
пен  нақты,  терең  сипаттағы  когезия  жатады.  Лексикалық  когезия  – 


360
361
семантикалық  үйлесу  заңдылығына  сәйкес  мәтіннің  семантикалық 
тұтастығы  мен  аяқталуы  жүзеге  асуы  үшін  мәндердің  қосылуын 
қамтамасыз  ететін  лексемаларды  таңдау  мен  тіркестіру.  Лексикалық 
синтагматика мәтінді құраушы басты жүйе, мәтінде лексикалық син-
тагматика мәтін синтагматикасына ұласады.
•  Сыртқы факторлардың әсерінен лексикалық синтагматиканың 
активтеніп немесе пассивтенуі – айнымалы синтагматика болады.
•  Лексикалық синтагматиканы шектеуші және реттеуші өлшем 
–  тілдік  нормалар.  Лексикалық  синтагматиканың  нормаға  сай  келу 
жағдайлары  –  жеке  денотаттық,  денотаттық  жағдай,  сигнификаттық 
жағдай, ұлттық салт-дәстүрге қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет