Хаттама «07» маусым



бет3/5
Дата25.01.2023
өлшемі105,5 Kb.
#62823
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
2. «Зоология» пәні бойынша


Зоологияның даму тарихы, негізгі даму кезеңдері және бағыттары. Пәннің маңызы мен міндеттері. Зоологияның биология ғылымдарының арасындағы алатын орны мен олармен байланысы. Зоология тараулары және зерттеу әдістемелері Омыртқасыз жануарлардың систематикасы, практикалық маңызы. Клеткалық деңгейдегі жәндіктердің систематикасы мен жалпы сипаттамасы. Екі ұрық жапырақшасының пайда болу жолдары. Тақтатәрізді жануарлар. Типтің сипаттамасы, систематикасы, трихоплакстың құрылысы, дамуы. Губкалар мен Ішекқуыстылар типі. Паренхиматозды және алғашқы қуысты құрттар. Жалпақ құрттар мен Немертиндер типі. Үш ұрық жапырақшасының пайда болу жолдары. Жалпақ құрттардың кластарына сипаттама. Жұмыр құрттар типінің системасы мен сипаттамасы. Негізгі өкілдері, тepi-ет қапшығының құрылысы, паренхиматозды кұрттарға қарағанда прогрессивті бeлгiлepi. Буылтық құрттар типі.Типтің құрылысының ерекшеліктері, метамерия. Көп және аз қылтанды құрттар мен сүліктер класы. Кластардың құрылысындағы ерекшеліктері, экологиясы, биологиясы, таралуы, маңызы.Буынаяқтылар типі. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәріздіер класы. Кластың жалпы сипаттамасы. Хелицералылар тип тармағы. Жалпы сипаттамасы, системасы. Тип тармағының негізгі кластары. Моллюскалар типі. Моллюскалар типін сипаттайтын құрылысының ерекшеліктері. Тікентерілер типі. Типтің жалпы салыстырмалы сипаттамалары, радиальды бес сәулелі симметрия.Хордалылар типінің шығу тегі, сипаттамасы, филогениясы мен систематикасы. Төменгі сатыдағы хордалылардың сипаттамасы. Омыртқалылар тип тармағының жалпы ұйымдасуы. Омыртқалыларды Анамния және Амниота тобына бөлудің морфофизиологиялық негіздері.Омыртқалы жануарлардың дамуы. Эмбриональды дамудың сатылары: бөлшектену, бластула, гаструла, нейруляция, құйрық бүйрек, органогенез. Жүйке тарақшасының омыртқалы жануарлардың дамуында алатын ролі.Омыртқалы жануарлардың жабындысының морфологиялық эволюциясы. Анамниялар мен Амниоталардың эпидермисі мен дермасының және оның туындыларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Лепидомория теориясы. Деламинация теориясы.Омыртқалылардың бассүйек қаңқасының шығу тегі мен эволюциясы. Анамниялар мен Амниоталардың нейрокраниумы мен спланхнокраниумының эмбриональды дамуы мен құрылысы. Жақтарының дамуы.Дөңгелек ауыздылар мен шеміршекті балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы.Анамниялар мен Амниоталардың посткраниальды қаңқасының шығу тегі мен эволюциясы. Құрлық омыртқалыларының бессаусақты аяқтарының шығу тегі.Сүйекті (қалаққанаттылар мен сәулеқанаттылар) балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы.Омыртқалылардың қантасымалдау және тыныс алу жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Тыныс алудың қосымша мүшелері. Тыныс алу типтері жүйелерінің морфологиялық эволюциясы. “Желбезектік жүректің” “өкпелік жүрекке” айналуы.Құрлық омыртқалыларының шығу тегі. Қосмекенділердің жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы.Омыртқалылардың асқорыту жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Асқорыту жолдары бөлімдерінің қызмет атқару сипаттамасы.Омыртқалылардың зәр - жыныс жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Су және құрлық омыртқалыларының су-тұз алмасу ерекшеліктері.Тасбақалар, Крокодилдер мен Қабыршақты рептилиялардың жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Омыртқалылардың орталық және шеткі нерв жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Су және құрлық омыртқалыларының механикалық және химиялық әсерлерді сезу мүшелерінің құрылысы. Жүзгіш, Жүгіргіш және Ұшқыш құстардың жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы.Жұмыртқасалушылар, Қалталылар және Плаценталы сүтқоректілердің жалпы құрылымы, биология мен систематикасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет