Хаттама №2 «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті
Хаттама № 2 «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.
25.12.2014 ж.
Жалпы оқушы саны – 24
Қатысқаны – 13 ата-ана
Күн тәртібінде: Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.
Тыңдалды: 1 сұрақ бойынша сынып жетекші Жанар Амангельдиновна сөз сөйледі. Оқушылардың 2-тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата- аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Жунусова А. Е., Жумалдина Д. Б. оқушылар туралы айтты.
2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 орынға ие болған оқушылар тізімі айтылды. КВН ойынында келесі турға жолдама алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.
3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.
4 сұрақ бойынша мектеп психологы Тлебаева Дана суицид туралы баяндама оқыды.
Жиналыс қаулы етеді: 3 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.