Рефлексиялық есебі



Дата08.06.2023
өлшемі18,32 Kb.
#99918

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан
университетінің физика-информатика
мамандығының 2-курс ФИ(у)-23 тобының
студенті Аманбаева Аягүлдің
педагогикалық сараман жұмысының

Рефлексиялық есебі

Мен, Аманбаева Аягүл Абайқызы 03.04.2023– 06.05.2023 күндері аралығында БҚО, Орал қаласы 22 ЖОББМ КММ мектебінен педагогикалық сараманнан өттім. Алғашқы күні мектеп орналасқан мекен жайға барып ұстаздарымен мектеп әкімшілігімен танысып шықтым. Мен өзіме жүктелген 7 «ә» және 5 «а» сынып оқушыларымен және сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен танысып, оқу форматы жайлы біраз мағлұмат пен бағыт бағдар алдым. Сыныпта барлығы 20 оқушы болды, 11 ұл, 8 қыз бала. 7 «ә» сыныбының сабақтарына қатысып, оқушылардың білім деңгейін, оқу үлгерімін бақыладым. Алғашқы күннен бастап пән мұғалімі оқушыларға өткен тақырыппен жаңа сабақтын арасында үзілмейтін байланыс барын түсіндім. Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері де оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, сабақты белсенді жоғарғы деңгейде өткіздім.


Педагогикалық сараманнан өту кезінде 7- сыныпқа сынып жетекшілікті алдым. 7 сынып оқушыларына «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты тәрбие сағатын ұйымдастырдым және де «Физика- менің өмірімде» атты сыныптан тыс сайыс өткіздім. Оған сынып оқушылары белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті. Оның сынып сабақтарда пайдаланған көрнекіліктері барлық әдістемелік эстетикалық талаптарға сай жасалып, қажетті дәрежеде қолдана білдім деп ойлаймын. Университет қабырғасында алған теориялық білімдерімді практика жүзінде шыңдай білдім.
Алғашқы күннен бастап ұжым мүшелерімен етене араласып, өз мамандығыма деген қызығушылығым мен қабілеттілігімді көрсете білдім. Өзіме тапсырылған барлық жұмыстарды уақытылы, тиянақты, жауапкершілікпен атқардым. Сынып оқушыларымен тез тіл табысып бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілік сезімдерін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін , оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым.
Мен сарамандық машық кезінде көп нәрсе үйрендім. Болашақта осы үйренген білімімді жұмыс барысында сәтті қолданамын деген сенімдемін.
Есеп беруші машықкер:________ Аманбаева А.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет