Анықтамасы
Инсульт - бұл ми қан айналымының жедел бұзылуы, миға қан құйылудың немесе инфаркттың əсерінен туындайды. Инсульттер - ми жəне жұлында жіті қан айналымының бұзылысынан туындайды.
Хаттама коды: Е-009 "Қан құйылу тəрізді белгісіз инсульт немесе инфаркт"
Жедел медициналық көмек
Кезең мақсаты: Өмірге маңызды маңызды жүйелер мен ағзалар қызметін қалпына келтіру.
АХЖ-10 коды:
I64 Қан құйылу тəрізді белгісіз инсульт немесе инфаркт
Исключено: последствия инсульта (I69.4)
Жіктемесі
Негізгі клиникалық түрлері
1. Өткінші бұзылыстар - ошақты симптоматиканың 24 сағат ішінде толық регрессияға айналу жағдайы:
- транзиторлы ишемиялық шабуылдар- ми қан айналымының ошақты симптоматикасымен жүретін өткінші бұзылыстары, мидың қысқа локальды ишемиялық жағдайынан туындайды.
- жедел гипертониялық энцефалопатия.
2. Геморрагиялық инсульттер - ми мен жұлынға жарақаттанусыз қанның құйылуы.
3. Ишемиялық инсульттер - тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде (тромбсыз жұмсару) мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.
4. Біріккен инсульттер, қан құйылу ошақтары мен мидың жұмсарған бөліктері қатар жүргенде пайда болуы.
5. Субарахноидальді қан құйылу.
Қауіп-қатерлі факторлар
Ишемиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары:
- атеросклеротикалық бұзылыстар;
- артерио-артериалды жəне кардиоцеребралды эмболиялар;
- қан жүйесіндегі бұзылыстар.
Геморрагиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары:
- артериалды гипертензия;
- ангиомалар;
- мидың артериалды жүйесінің микроаневризмалары;
- инфекционды- аллергиялық табиғаттағы жүйелі аурулар;
- қанның гипокоагуляциясымен жүретін геморрагиялық диатез жəне лейкоздың əртүрлі формалары.
- антикоагулянттарды мөлшерден тыс қабылдау;
- мидың біріншілік немесе метастазды ісігіне қан құйылу.
Достарыңызбен бөлісу: |