Хаттама коды: е-009 "Қан құйылу тəрізді белгісіз инсульт немесе инфаркт" Жедел медициналық көмек Кезең мақсаты



бет4/6
Дата17.09.2023
өлшемі31,14 Kb.
#108264
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ОНМК 2

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагностика

Гипогликемия
Жіті ми қан айналымың бұзылуы симптомдарымен ұқсас келеді. Бұл жағдай қант диабетімен ауыратын, гипогликемиялық дəрі-дəрмек қабылдайтын аурулардың барлығында болады; қояншық ұстамалары болуы мүмкін. Дұрыс диагноз қоюдың ең негізгі əдісі- қандағы глюкоза деңгейін анықтау.

Қояншық ұстамасы
Ұстаманың аяқ астынан басталып, аяқталуы. Ұстама кезінде сезімталдық төмендеп, əртүрлі еріксіз қозғалыстар байқалады, ұстамадан соң ұйқысы келіп, есінен шатасу болады. Ошақты неврологиялық симптоматика 24 сағат ішінде жоғалады. Диагноз қоюға, бұрын болған ұқсас ұстамалар көмектеседі, бірақ кейде эпилепсиялық ұстамалардың инсультпен қатар жүретінін есте сақтау керек.

Бас сақинасы ұстамасының асқынған түрі. Бастапқы кезде ошақты неврологиялық симптоматика инсультті еске түсіреді;Ұстамаға дейін жəне кейін бастың қатты ауруы болады;сезімталдық пен көздің көруі нашарлайды. Анамнезінде басы ауыратын əйелдер мен жас пациенттерден күдіктенуге болады; бас сақинасында инсульт тууы мүмкін.

Бассүйек ішілік ісіктердің пайда болуы (ісік немесе метастаз, абсцесс, субдуралды гематома).Ошақтық симптомдар бірнеше күн ішінде пайда болады, қанмен қамтамасыз ететін ми артерияларының бір бөлігін ғана зақымдауы мүмкін, анамнезінде қатерлі ісіктер немесе бассүйектік жарақат кездеседі.

Бассүйек ми жарақаты. Анамнезінде басында жарақат іздерінің болуы. 

Менингоэнцефалит. Анамнезінде инфекциялық үдерістерінің белгілері, бөртпе, құлақтың жəне мұрын қосалқыларының іріңді аурулары. 

Инсульттің орналасуы мен түрі ауруханаға жатқызу алдында талап етілмейді.


Емдеу тактикасы

Медициналық көмек көрсету тактикасы

Жедел көмектің мақсаты:
1. Инсульт жəне ми бұзылыстарындағы рефлекторлы реакцияларды тудырған патологиялық үрдістерді басу.
2. Ми құрылымының тікелей бұзылуына байланысты, морфофункцияналды өзгерістерді шектеу.

Базисті жəне дифференциалды терапияны қатар жүргізу арқылы дұрыс еммен қамтамасыз етуге болады.

Базисті терапияны эпилептикалық статус жəне өмірге қажетті қызметтердің бұзылысын басу үшін қолданады. Бұл ем тек инсульттің түрін жəне оның бар-жоғын анықтағанға дейін жүргізіледі.

Дифференциалды терапия - инсульттің ишемиялық жəне геморрагиялық түрлері анықталғанда қолданылады. Ол тек ауруханада ғана жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет