Хаттама толтырыңыз: Тапсырма Ас қорыту жолы органдарын атап, олардың құрылымын сипаттаңыз


тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне



бет2/7
Дата19.04.2023
өлшемі37,35 Kb.
#84259
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Умарова Жанель 11 хаттама

тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне
жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан.
Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6
бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп,
қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар
тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі
дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі
жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан
сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын
қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық
-шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы
бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға
түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен
жалғасады.
Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында
орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті
мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері
ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі
(шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы
бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі қабаты -
қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет