Хаттама толтырыңыз: Тапсырма Ас қорыту жолы органдарын атап, олардың құрылымын сипаттаңыз



бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі35,59 Kb.
#85053
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Марал 11 практика


Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар
Ас қорыту физиологиясы


Тақырып: Ас қорытру органдарының анатомиялық құрылымы. Асқорыту жүйесін зерттеу әдістері. Ас қорыту жүйесінің бөлімдеріндегі астың қорытылуы (ас қорыту конвейері). Сөлдердің құрамы


Хаттама толтырыңыз:
Тапсырма 1. Ас қорыту жолы органдарын атап, олардың құрылымын сипаттаңыз.
Ас қорыту жүйесі ауыз кусындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі
ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады.
Ауыз қуысы— ас корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының
сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек,
тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы
кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай
аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының
алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек
тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі
қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және
жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл
құрайды.
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет
ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан.
Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі
өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке
түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы
тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне
жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан.
Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6
бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп,
қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар
тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі
дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі
жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан
сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын
қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық
-шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы
бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға
түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен
жалғасады.
Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында
орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті
мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері
ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі
(шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы
бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі қабаты -
қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның
катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл
бездерден карын сөлі бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек)
байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады .
Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі
- улта-бар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін от қабының өзегі
және үйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі
қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің
сілемейлі қабықшасында тұйық әскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш
ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет
қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына
бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын
толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің
ішімен алға қарай жылжып отырады.
Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады. Ол он жақтағы мықын
тұсында орналасқан. Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді
түйық өскін соқырішек (аппендикс) болады. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның
қабынуынан болатын ауру - сокырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы
бөлімі - тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның сілемейлі
қабыкшасында жарты ай пішінді ірі өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте
су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар
(өсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік
жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды
микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет