1.
2.
3.
4.
5.
Суреттегі әр кезеңді атап өтсем:
1-сергектік кезеңі
2-тыныштық кезеңі
3-Қысқа ұйқы кезеңі
4-Терең ұйқы кезеңі
5-Парадоксальды ұйқы
Бұл кезеңдер арнайы толқындрмен сипатталады:
1.Бетта ритм адамның көзін ашып, ояу, айналасын бақылап отырған кезін білдіреді. Бета ритм (β-ритм) - тербеліс жиілігі 14-тен 40 Гц аралығында өзгереді. Тербеліс амплитудасы әдетте 20 мкВ дейін болады. Әдетте, ол өте әлсіз өрнектелген және көп жағдайда 3-7 мкВ амплитудасы бар. Алдыңғы және орталық қатпар аймағында тіркелген.
2.Тета ритм адамның тыныштықтағы, баяу ұйқыға кету барсында жазылатын ритм. Тета ритм (θ ритм) - бұл ритмнің тербеліс жиілігі 4-тен 8 Гц-қа дейін. Амплитудасы 20-дан 100 мкВ-ке дейін жетеді. Фронтальды аймақта және гиппокампта жазылған.Тета толқындары тыныштық пен босаң ұйқылыққа айналғанда пайда болады. Мидағы тербелістер баяулап, ырғақты бола бастайды. Бұл күйді «ымырт» деп те атайды, өйткені онда адам ұйқы мен ояу арасында болады. Әдетте, тета толқындары сана күйінің өзгеруімен байланысты. Көбінесе бұл күй күтпеген, арманға ұқсас бейнелерді көре отырып, жарқын естеліктермен бірге жүреді. Көптеген адамдар мидағы тета толқындары байқала бастағаннан-ақ ұйықтап кетеді.Тета ритмі ізденіс мінез-құлқымен байланысты, эмоционалды стресстің жоғарылауымен, психикалық бұзылыстарда, абдырау жағдайларында, ми шайқалуында жиі байқалады.
3.Альфа ритм адамның тыныштықта, ояу, көзін жұмып отырған кезде жазылады. Альфа ритм (α-ритм) - тербеліс жиілігі 8-13 Гц аралығында өзгереді. Амплитудасы 5-100 мкВ құрайды, ең үлкен амплитудасы жабық көзімен және қараңғы бөлмеде көрінеді. Ол негізінен желке және париетальды аймақтарда (мидың визуалды бөліктері) тіркеледі.
4.Дельта ритм адамның терең ұйқы кзіндегі көрсеткіші. Дельта ритм (δ ритм) - тербеліс жиілігі 1-ден 4 Гц аралығында өзгереді. амплитудасы 20-200 мкВ аралығында (жоғары амплитудалық толқындар) .Дельта ырғағы (баяу толқындар) қалпына келтіру процестерімен, әсіресе ұйқы кезінде және активацияның төмен деңгейімен байланысты. Көптеген неврологиялық және басқа бұзылыстарда дельта толқындары айтарлықтай күшейеді
5.Гамма ритм адамның белігіл бір тапсырманы орындап отырған кезде жазылады.
№8 тапсырма. Мәселелік есепті шешіңіз.
Азамат – кәдімгі жеңілтек. Сабақта бір минут тыныш отыра алмайды. Үнемі бірнәрсеге тиіседі, көршілерімен сөйлесіп отырады. Математика сабағында жинақы, іскер әрі қажырлы болуы оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Өте тез сөйлейді – «сөздерді жұтып қояды». Секіріп-секіріп жүреді. Кезекшң талаптарына бағынбайды. Кез-келген іске тез әуестенеді (жақсы, жаман), бірақ тез жалығады. Мұғалім ескертпелеріне мән бермейді. «Бәрі мәнсіз» сияқты ортада белсенді. Азамат ЖЖІӘ қай түріне жататынын анықтаңыз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
- Азаматтың ЖЖІӘ типі- холерик болып табылады. Ұстамсыз - күшті, теңдесілмеген, жылжымалығы жоғары. Қозу процессі тежелу процессінен басым.
Ол – жоғары белсенділікпен, қайраттылықпен, ұстамсыздылықпен сипатталады. Жәнеде Холерикалық адамның сыртқы белгілері бірден байқалады. Ол өте қатты, тез және шатасып сөйлейді, сөздер мен сөйлемдерді аяқтамайды. Оның интонациясы бірдей емес, ол үнемі өзгеріп отырады. Сондай-ақ бұл типтегі адамдар еліктегіш, яғни кез келген дүниеге тез әуестенеді және оданда тез жалығады.
№9 тапсырма. Мәселе есепті шешіңіз.
Екі зерттелушінің біреуі айқын ажыратылған флегматик, екіншісі – сангвиник. Екеуінде де нақты шартты қозғалыс рефлекстері пайда болған: жасыл жарыққа түймені сол қолмен, ал қызыл жарыққа – оң қолмен басады. Зерттеу кезінде жарық жаққаннан түймені басқанға дейінгі уақыт аралық тіркелді. Содан соң барып тәжірибие шарттары өзгерді. Жасыл түске түймені оң қолмен, ал қызыл түсте – сол қолмен басу керек. Түймені басу уақыты екі зерттелушіде де жарық бергеннен соң өзгерді.
№1 сұрақ. Жарық бергеннен түймені басқанға дейінгі аралықтағы уақыт қалай деп аталады? __ бұл кез реакцияның жасырып кезеңі болып табылады __
№2 сұрақ. Тәжірибие шарттарының өзгеруі бір сөзбен қалай айтылады? Переделка немесе қайтадан түзеу, қайта жасау
№3 сұрақ. Флегматиктің сангвиниктен айқын ажыратылуын көрсететін жүйке процестерінің қандай сипаттамалары бар?
Жүйке процестерінің қозғалғыштығы. Флегматик- қозу және тежелу процесстерінің жеткілікті күшімен, ұстамдылықпен, сабырлылықпен сипатталады, бірақ күнделікті дағдылардың өзгерістеріне қиындау бейімделеді. Сангвиник- Ол - жігерлікпен, қажырлықпен, ұстамдылықпен, тез шешім қабылдаумен және т.б. сипатталады.
№4 сұрақ.Зерттелушілердің реакция уақыттары қалай және не себепті өзгерді?
Реакция уақыттары екі зерттелушіде де өсті , өйткені тәжірибие шарттарының өзгеруі әрбір жүйке жүйесіне қиындық тудырады, ал шартты рефлекс әлі дамыған жоқ.
№5 сұрақ. Қайсысында өзгеріс тез жүреді және неге?
Сангвиник реакцияның жасырын кезеңі флегматик адамға қарағанда аз дәрежеде өзгереді және бастапқы деңгейге тез оралады, өйткені сангвиниктің жүйке процестерінің қозғалғыштығы көп.
№10 тапсырма. Тест тапсырмаларын шешіңіз. Назар аударыңыз!Жауаптардың арасында бірнеше жауап нұсқалары (1-5) дұрыс болуы мүмкін.
1. Жоғарғы жүйке-іс әрекетінің «әлсіз» типіне тән
1. жоғары қозғыштыққа бейім
2. невротикалық өзгерістерге бейім
3. флегматикке тән темпераментті көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: |