Сұрақтар:
ЖЖІӘ әр түрлі типіне жататын адамдарда стереотипті қайта құру уақыты бірлей болады ма? Жауабыңізді негіздеңіз.
Жоқ, уақыт әрқалай кетеді. Себебі әр түрлі стереотиптердің әр қайсысының жүйке жүйесіндегі қозу және тежелуі әртүрлі келеді. Сонымен қоса стереотиптерге тоқталсам:
• Сангвиник типі (ширақ тип) – күшті, теңдесілген, жылжымалы. Ол - жігерлікпен, қажырлықпен, ұстамдылықпен, тез шешім қабылдаумен және т.б. сипатталады
• Флегматик типі (салмақты тип) - күшті, теңдесілген, жылжымалығы баяу. Ол – қозу және тежелу процесстерінің жеткілікті күшімен, ұстамдылықпен, сабырлылықпен сипатталады, бірақ күнделікті дағдылардың өзгерістеріне қиындау бейімделеді.
• Холерик типіне (ұстамсыз тип) - күшті, теңдесілмеген, жылжымалығы жоғары. Қозу процессі тежелу процессінен басым. Ол – жоғары белсенділікпен, қайраттылықпен, ұстамсыздылықпен сипатталады.
• Меланхолик типі (әлсіз тип) – процесстері әлсіз, теңдесілмеген, жылжымалығы төмен. Тежелу процессі қозу процессінен басым. Ол – төменгі белсенділікпен және қиыншылықтар мен өзгерістерге қиын бейімделумен сипатталады.
Стереотипті қалыптастырып, оны қайта құру адамның күнделік өмірінде қаншалық маңізді деп ойлайсыз?
Бұл стереотипті қалыптастырып,оны қайта құру арқылы адам өзінің деңгейін анықтайды. Әлеуметтік стереотиптер күнделікті қарым-қатынаста олардың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты үлкен рөл атқарады.
Олар белгілі бір өмірлік жағдайды қабылдауды алдын-ала анықтайды, өйткені біз айналамыздағы әлеуметтік шындықты тікелей емес, жанама түрде, санамызда қалыптасқан немесе сырттан үйренген әлеуметтік стереотиптердің призмасы арқылы түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |