1. «Гипоталамус-аденогипофиз» жүйесі. Аденогипофиз гормондарының бөлінуін реттейді.
Гипоталамустың жүйке жасушаларында рилизинг-факторлар түзіледі: Либериндер(гормондардың бөлінуін күшейтеді) және статиндер( гормондардың бөлінуін тежейді). Рилизинг-факторлар қан арқылы аденогипофизге жетеді. Рилизинг-факторлар нервтік импульстер әсерінен және қандағы гормон мөлшерінің өзгеруінен нейросекрециялық байланыс арқылы бөлініп тұрады.
2.«Гипоталамус-нейрогипофиз» жүйесі. Гипоталамустың супраоптикалық ядросында вазопрессин түзіледі.
Ал паравентрикулярлық ядросында – окситоцин түзіледі.
Бұл гормондар жүйке аксондары бойымен гипофиздің нейропигофиз бөлігіне келіп жетеді, осы жерде нейрокапиллярлық синапстар құрайды, сол синапстардан гормондар қанға өтеді.
№7 тапсырма.
А. «Рилизинг-факторлар» атты кестені толтырыңыз (атап өтіңіздер).