Қорытынды: Гипофиз қызметінің бұзылысы
Сұрақтар:
Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап өтіңіз: соматотропин
Осы гормонның негізгі физиологиялық әсерлерін атаңыз:
Өсу процестеріне жауапты.Көп мөлшерде болса адамның бойы тез өсіп, салмағы артып кетеді де гипофизарлық алыптық болады. Ал жетіспесе өспей қалады да, ергежейлілік болады.
Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
Соматотропин денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттарлың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, аминқышқылдарының қаннан жасушаларға өтуін,сіңуін тездетеді,сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуын қамтамасыз етеді.
№10 тапсырма. Ситуациялық есепті шешіңіз: сұрақтарға жауап және қорытынды жазыңыз.
№ 1 есеп
С. - 30 жастағы сырқат адам, бойы - 120 см. Дене пропорциясы 3-4 жасар баланың денесіне ұқсас. Терісі бозғылт. Басы мен бет әлпеті кішкентай, бетінің жеке бөліктерінің пропорциясы жас баланың пропорциясындай (жоғарғы жақ пен иектің мөлшері салыстырмалы түрде кішкентай).
Кеудесі мен ішінде май артық мөлшерде жиналған. Даусы жіңішке. Беті мен денесінде түктері жоқ. Психофизикалық дамуы қалыпты. Мінез-құлқында кейбір нәрестеге тән қасиеттер және есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады. Негізгі алмасуы қалыпты. Репродуктивті салада ауытқулары бар (жыныстық құштарлық, сперматогенездің төмендігі).
Қорытынды: гипофиздің жұмысы бұзылған,жыныс бездері дамуын реттейтін гонадотропиндер дұрыс жұмыс істемеуінен
Сұрақтар:
Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап өтіңіз: гонадотропиндер фоллитропин,лютропин
Осы гормонның негізгі физиологиялық әсерлерін атап өтіңіз: Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин аталық без тестестерон гормонынң пісіп жетілуін тездетеді,ал фоллитропин сперматогенезді тездетіп,сперматозоидтардың өсуін жеделтеді
Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз. Гипофизге зақым келген,ол гонадотропиндерді дұрыс өндірмеген,нәтижесінде жыныстық жетілу белгілері дамымаған.
№11 тапсырма. «Баланың өсіп-дамуына ықпал ететін гипоталамус-гипофиз жүйесінің гормондары» кестені толтырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |