Хх ғасыр қала құрылысы және сәулет



бет1/3
Дата18.05.2023
өлшемі92,29 Kb.
#94320
  1   2   3

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Тақырыбы:ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕР

ХХ ҒАСЫР

Қала құрылысы және сәулет

Бейнелеу өнері: кескіндеме, графика, мүсін, қолданбалы өнер Орындаушылық өнер: музыка, балет, театр, кинематография, цирк

Орындаған:Жиренбай Құралай

Кәсіптік оқыту тоқыма және сән дизайны

Жоспар:

  • І. КІРІСПЕ
  • ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
  • 1. Қала құрылысы және сәулет
  • 2. Бейнелеу өнері: кескіндеме, графика, мүсін, қолданбалы өнер
  • 3. Орындаушылық өнер: музыка, балет, театр, кинематография, цирк
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

  • Қазақстанның орта ғасырлардағы өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен, түркілердің қуатты саясатымен, қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар мен құлыптастар да осы кезеңнің туындылары. Зергерлік өнер, тері илеу, қыш құю, тоқыма өнері дамыды. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде, белгі, таңба жүйесінде айқын ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарастыратын қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің құрылысынан өз көрінісін тапқан. XVIII — XIX ғасырлар мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және орыс ориенталистері өз туындыларында (Т. Аткинсон, Б. Залесский, А. Горонович, В. Штернберг, Т. Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов) қызығушылықпен бейнеледі. Қазақтың дарынды ұлдарының бірі Ш. Уәлихановтың суреттері 19 ғасырдың екінші жартысындағы графикалық туындылардың Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілері болып саналады. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, графика жанрлары қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушылар — Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, Х.Наурызбаев, т.б. ұлттық кәсіби бейнелеу өнері алғаш еуропалық көркемдік дәстүр арнасында дамығанмен, кейіннен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр негізінде өзіндік стильмен даралана бастады. Айқын ұлттық қолтаңбасымен көрінген С.Мәмбеев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев, Ш.Сариев сияқты дарынды көркем өнер шеберлерінің үлкен шоғыры қалыптасты. Халық өмірінің барлық қырын қамтыған қазақ бейнелеу өнері — қазіргі таңда ірі өнер саласына айналған. ХХ ғасырдың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы ізденістер қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар, түрлі ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е.Мергенов, Е. Төлепбай, А. Ақанаев, А. Сыдыхан, Т.Маданов, А. Есенбаев, А. Есдулетов, т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде қазақ бейнелеу өнерінің мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге жетелеудің басты құралы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет