Хх ғасыр қала құрылысы және сәулет


Қала құрылысы және сәулет



бет2/3
Дата18.05.2023
өлшемі92,29 Kb.
#94320
1   2   3

Қала құрылысы және сәулет

  • Қала құрылысы - қала салудың жоспарлы теориясы мен оның іске асуы; қоғам өмірінің материалдық ортасын ұйымдастыруға арналған архитектуралық қызметтің ғылыми-тәжірибелік түрі. Қала құрылысы белгілі бір елдің әлеуметтік, құрылысына, өндіргіш күштерді өсу дәрежесіне, ғылымы мен мәдениетіне, табиғи климаттық жағдайларын және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Сонымен қатар ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және эстетикалық талғамын да ескерді. Қала құрылысының теориясы мен тәжірибесі негізгі екі міндетті шешелі; ескі қалаларды қайта салу мен дамыту және жаңа қала салу. Тұрғындардың неғұрлым жайлы түрмысын қамтамасыз ету үшін қала аумақтары аймақтарға бөлініп, жобаланады. Қала құрылысының жобалары өнеркәсіптік, тұрғынжайлық аудандардың демалыс аймақтарымен үйлесімін есепке алып, санитарлық-тех. талаптарға сай, қала жолдарының ыңғайлы жүйесін, мөдени-тұрмыстық, медициналық, т.б. мекемелердің қолайлы орналасуын ескере отырып жасалады. Бай архитектура мұралары бар қалаларды қайта құруда тарихи көркемдік бейнесін сақтай отырып, жаңа қүрылыстармен келісті үйлестіру ескеріледі. Қалалардың эстетикалық талғамға сай өзара келісті архитекьуралық ансамбльдер құрап, жергілікті табиғи климаттық әртаның ерекшелігін ескеріп, мейлінше тиімді үйлесімді салынуы, оның біртұтас архитектуралық келбетін түзеді. Қалалардың жобалануы мен салынуы, олардың архитектуралық көркемдік келбеті ұзақ мерзім бойы архитекторлар мен құрылысшы инженерлердің ұжымдық еңбегі нәтижесінде қалыптасады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық реттеудіңмемлекеттік жүйесі өз құзіреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстардыжүзеге асырушы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жәненормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік нормативтердің, мемлекеттікстандарттардың, сонымен қатар қолданылуы мемлекеттік органдармен: техникалық реттеусаласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган, сәулет, қала құрылысы жәнеқұрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган, басқа мемлекеттік органдармен реттелетін,Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметініңмемлекетаралық және өңірлік нормативтік құжаттарының жүйесінің жиынтығын құрайды.4.1.2 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы иехникалық реттеудіңмемлекеттік нормативтері тұтынушылардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын жәнезаңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында құрылыс өнімін құру және пайдалануғаберудің барлық кезеңінде қолдану үшін уәкілетті органдармен бекітілетін өзарабайланысқан нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік нормативтік құжаттардың,сонымен қатар нормативтік-техникалық құжаттардың және стандарттардың жүйесінентұрады
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау - бұл автордың:
сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне;
сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау жүргiзудi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтылығы;
1-1) агломерация – бір немесе бірнеше ірі қалалар – орталықтардың айналасына орналасқан, күнделікті еңбек, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және өзге де байланыстары, сондай-ақ бір-бірімен аумақтық бірігу үрдістері бар урбандалған елді мекендердің жергілікті жүйесі;
2) адам мекендейтiн орта - адам тұратын орта. Мекендеу ортасы мыналарды қамтиды:
қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетi мен жер асты суларын, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара әрекетiндегi климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлер жиынтығы;
сәулеттiк-ландшафтық орта - адам шаруашылық қызметтi және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттiк нысандар ұштастырылған кеңiстiк. Әдетте, бұл елдi мекендер ортасы, ол адамның өмiр сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйiн айқындайды;
қолжетімді (кедергісіз) орта – орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану, затқа жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшемдері бар ғимараттың, қызмет көрсету орнының, тұру орнының сипаты;
iшкi орта - тұрғын үй-жайлардағы өмiр сүру жағдайларының және жұмыс (өндiрiс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешенi, ол әлеуметтiк, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның iшiнде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңiректi, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иiстердi, жанған өнiмдердi, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды;
3) айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi - аумақтарды, елдi мекеннiң, жылжымайтын мүлiктiң жекелеген объектiсiнiң аумағын пайдаланудың арнаулы ережелерi (тәртiбi) енгiзiлмей, жалпыға бiрдей қабылданған ережелерге (тәртiпке) ерекшелiктер белгiленбей не оларға толықтырулар енгiзiлмей жүзеге асырылуы қиындаған немесе мүмкiн болмайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi;
3-1) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі – объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығы берілген заңды тұлғалардың бірыңғай тізбесі;
3-2) аккредиттелген сараптама ұйымы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) антропогендiк әсер ету - табиғатқа, қоршаған ортаға, елдi мекенге адам қызметiнiң түрлi ықпал ету нәтижесiнде туындаған оң және терiс әсер етулер. Терiс әсер тигiзiлген жағдайда табиғат қорғау шараларын қолдану қажеттiгi туындайды;
Т.Б.

Бейнелеу өнері: кескіндеме, графика, мүсін, қолданбалы өнер

  • ХХ ғасырдағы қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, т.б.). Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г.Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді.
  • ХХ ғасырдың 20 — 30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
  • Бейнелеу өнері, дизайн және сәулет Бейнелеу өнерін, безендіру-қолданбалы өнерді, дизайнді, сәулетті шығармашылық кластерлер ретінде қарастыра отырып, олардың өнімдерінің ерекшелігі көпшіліктің санасында халықтың, уақыт пен елдің көрнекі бейнесі ретінде орын алатынын ескеру қажет. Бұл ерекшелік ұлттық мәдени брендтерді жасау мен ілгерілетуде негізгі нысандардың бірі болып табылады. Сәулет пен дизайн өнердің әлеуметтік маңызы бар түрлері бола отырып, елдің мәдени-тарихи ландшафты мен адамның тіршілік ету ортасының эстетикасын қалыптастырады, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени кеңістікті ұйымдастырады. Бейнелеу өнері, сәулет және дизайн жөніндегі көркемдік кеңес қызметі арт-кластерлерді ілгерілету, шығармашылық арт-индустриялар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге, заманауи өнер мен халық шығармашылығының жаңа бағыттарын қолдауға бағытталатын болады

  • Ал енді бейнелеу өнерінің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді. Бейнелеу өнері — дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.

Бейнелеу өнерінің негізіне кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері сәулет өнері, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму үдерісі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркем тіл құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументті-сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен мұражайлар, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументті мүсін сәулеттік кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнерінің тарихи даму үрдісі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

Орындаушылық өнер: музыка, балет, театр, кинематография, цирк



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет