Тақырыпты оқытуға арналған бағдарлық нұсқау
«ХХ ғасыр басындағы абайтану ғылымының алғашқы кезеңі» тақырыбын
оқытуда өткен ғасыр басындағы қазақ елінің
тарихи-әлеуметтік жағдайына,
абайтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері туралы мәселеге көңіл
бөлу керек.
Тақырыпқа арқау – мотивация
«Ол – тіл ұстазы. Тілтану ғылымының
мұхиты дерлік Ленинградтағы
Шығыс институты мен бұрынғы академик Марр атындағы «Тіл мен ой» (Тіл
және ойлау) академиясының игі төрінде білім құшақтаған адам. Жас шағының
ең ажарлы кезін тек қана білім алуға, ол алған білімін еліне аямай сарп етуге
арнаған адам».
Х.Есенжанов
«Абай жер жүзінің классик әдебиетінің үлгісін
аңдап ұстап,
қазақ
әдебиетін Байрон, Шиллер, Гете, Пушкин, Лермонтов, Толстой ізімен батысқа
жетелеген».
Қ.Жұбанов
Айналымға ұсынылған сөздік пен тақырыпқа қатысты ұғымдардың
анықтамасын жаз
Абайтану –
Энциклопедиялық білім –
Классикалық әдебиет –
Классик ақын –
Некролог –
Ғұмырнама –