8. ХХ ғ.60-жылдардағы қазақ поэзиясының жанрлық өрісі.
Поэзияелуінші алпысыншы жылдарда қазақ поэзиясы жаңасапада дамыды. Бұл ең алдымен жеке адамға табыну деген ілгері дәуірдің нәубетінен арыла бастаған кезең еді де,шығармашылықта біраз еркіндік орын ала бастаған. Көрнекті қазақ ақындары С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Қ.Бекқожин, Ж.Саин, Ә.Сарсенбаев, өлең жолдарында жаңа нышын көріне бастады. Қазақ поэзиясы әр алуан сыр сипатымен танылып, әрбір ақының жазу мәнері, қолтаңбасы, айшықты стилі айқын көрінеді.Бес ғасырлық дәстүрлі қалыптасқан қазақ поэзиясының абайдан кейінгі шоқтықты тұлғалар Мағжан мен Шәкәрім поэзиясының қазіргі жырмен сабақтастығы үзілгенмен, шығармашылық дамуын қоғам да, қайшылығы бар қоғамдық көзқарас та тоқтата алмады.қазақ поэзиясының арналы ағысы өмірдің өзіндей бірде баяулап,бірде тасып, дүниемен тіл табысып жатыр.қанды майданға әкелері қатысып, балалық шақтары тыл тағдырымен сабақтасқан, елдегі жетім жесірлерді көздерімен көрген, сол тағдырды кейде өздері де тартқан ақындар толқыны соғыс пен бейбітшілік тақырыбына қалам тарта келді.Өлеңдерінде баланың жетім,ананың жесір қалуын,майданнан оралмаған әкені күткен бала сағынышын,жар сағынышын жырлаған буын 60-шы жылдары әдебиетке жаңа бір леп әкелді.Олардың қатарында Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев Ө.Нұрғалиев т.б. ақындар бар. Бұл кездегі поэзияға ортақ кемшілік ақындар партиялық принцип деген поэзияны қатты ұстанды. Көркемдіктен гөрі Коммунистік партияны, социализм принциптерін тақырып еткендер бағаланды. Соларға жол ашылды. Сондықтан әрбір дарын иесі бұл дерттен құралақан қалған жоқ. Мұнымен қатар халықта принцип деген де болды. Әйтсе де халықтық мақсат мұратты да, әдебиеттің эстеттикалық мұраты мен даму заңдылығын да ақындар партиялық принцип негізіне акеп тіреді. 60-шы жылдар қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің,қоғамымыздың дәуірге лайық шындығын ашуда,поэтикалық формалар мен бейнелеу құралдарын дамытуда жаңа бір күрделі сәт болды. Мұның өзі поэзиядығы айтарлықтай құбылысқа айналды. М.Әуезов сөзімен айтқанда, «жыл келгендей жаналық» сездіре келген Т.Молдағалиев. Қ.Мырзалиев, С.жиенбаев, М.Мақатаев, М.Шаханов т.б. әдебиет есігін өзіндік үнімен еркін ашты.60-шы жылдары лирикасы жеке басқа табынудан біраз арылып, қоғамға өзгеше, жаңаша көзқарас жасады. Көніл күй арқылы ақындар бүкіл бір кезеңнің шындығын, бүкіл бір ұрпақтың тағдыпын,өмірі мен тыныс тіршілігін көрсетуге ұмтылды. Лирикалық бейне сыршыл өлең жырларындағы ақының өз бейнесі немесе ақының нәзік, бірақ тегеурінді толғаныс сезімінен туған, сол арқылы өріліп жасалған өзгеше көрніс. Ақының азаматтық ой толғамымен, өмірдің қат қабат шындығынан туған өлеңдер нағыз азаматтық лирик болды.
Достарыңызбен бөлісу: |