5. ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы әдеби даму және қазақ әдебиеттану ғылымы.
50-60 жылдардағы әдебие жайын айтқандағ ең алдымен көңіл қоятын нәрсе– бұл кезеңнің өзіндік заманалық ерекшеліктері бар екендігі. 1956 жылдың басында КОКП-ның ХХ съезі өтіп , онда Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғамға орасан зор зиян келтіргені анықталған соң , рухани өмірде біраз өзгерістер болды. Идеологиялық шылбыр едәуір босаңсып, еркіндік белгілері нышан берді. Бұл әдебиет пен өнердеге де біраз оң ықпалын тигізді. Ғылымда да солай болды. 50-60 жылдардағы әдебиетте өткен дәуірдегі халық өмірін , оның бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету үлкен орын алды. Қазақ әдебиетінде бұл тақырыпта халқымыздың ХІХ ғасырдағы озат адамдары, ағартушылар: Абай,Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин т.б. туралы тарихи фактілерге сүйенген бірнеше көркем шығармалар жарық көрді. М.Әуезоа «Абай», «Абай жолы» романдарын, Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» романын, С.Мұқанов «Шоқан Уалиханов» пьесасын жазды. Тарихи тақырып Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романында көтеріледі. Ақын Т.Жароков «Қазыналы Қазақстан» өлеңінде бейбіт өмірдегі еңбек жемісін жырлайды. Көп ақындардың өлең- жырларында Отан келбеті, бейбіт өмірдің шырайлылығы, еңбекші халықтың тіршілік, тұрмыс сипаты, жарқын болашақ негізгі тақырып болды. Бірсыпыра шығармалардың негізгі тақырыбы ҰОС қатысқан ер азаматтардың батырлық бейнесін көрсету, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу еді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетін ірі шығармалар, кең көлемді туындылар дамытты.ХХ ғасырдың бас кезінде әдебиеттану ғылымында С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» зерттеу еңбегі ғана болса, жылдардан бері қарай көптеген еңбектер жазылды. Атап айтқанда: Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары», «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шығарған «Қазақ әдебиетінің тарихы» , Б.Шалабаевтың «Қазақ прозасының тарихы», С.Қирабаевтың «С.Көбеев» ,Ә.Дербісәлиннің «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті», Т.Әбдірахмановтың «Жаңа ғасыр көгінде» т.б. Жалпы ХХ ғасырдағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналған әр еңбектің әр қилы мақсаты, мүддесі болды. Бір зерттеушілер тобы сол кезең әдебиетінің жекелеген өкілдерінің өмір жолы мен творчествосын арқау етсе, екінші бір зерттеушілер ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің жалпы даму бағыттарын айқындау тұрғысынан қарастырды. Зерттеушілердің үшінші бір тобы белгілі бір жанрдың қалыптасу, даму сипаттарына зер салды. Әдеби дәстүр, жаңашылдық мәселелерін де сөз етушілер болды.
Достарыңызбен бөлісу: |