Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет105/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ну ғылымына қосылған үлкен үлес 
қана емес, әдеби-тарихын зерттеу 
бағытындағы ой-пікірдің ғылыми си-
патын көтере түскен еңбек деп баға-
лау керек.
Қорыта келгенде, М. Әуезовтің 
«Әдебиет тарихы» оқулығы мен 
Х. Досмұхамедовтің «Қазақтың ха-
лық әдебиеті» атты қысқаша очеркі 
1920 жылдардағы әдеби-теория лық, 
әдеби-тарихи талдау жасай тексе ру 
бағытындағы ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірді жаңа белеске көтерді. Бұл 
еңбектер жаңа туып, дами бастаған 
қазақ әдебиеттану ғылымының ал-
дына екі бірдей міндетті шешу про-
блемасын қойды. Оның біріншісі – 
осы еңбектерде классификациялаған 
фольклорлық жанрлар мен түрлерді 
әр сала бойынша тереңдете зерттеу 
болса, екіншісі – сөз болған ақын-
жыраулар шығармашылығы ғылыми 
тұрғыдан зерттеп бағалау арқылы 
қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге 
бөліп тексеру міндеті. Бұл салада 
іздену жолындағы жұмыстардың ғы-
лыми сипаттағы мақалаларда қалай 
жүзеге асқанын жоғарыда айтқан 
болатынбыз. Сөз орайы келгенде 
айта кететін бір мәселе, бұл екі ең-
бек те жоғары оқу орындарының 
оқу жүйесінен тұрақты орын алған 
оқулық дәрежесіне жете алмады. 
М. Әуе зовтің еңбегі баспадан шық-
пай жатып таралмай қалса, Х. Дос-
мұхамедов кітабының да тағдыры 
ұзаққа бармады. 1928 жылы ашылған 
университеттің (қазіргі Абай атын-
дағы университет) проректоры, про-
фессоры болған Х. Досмұхамедов те 
қазақ зиялыларының басына 1929-
1930 жылдары төнген нәубеттің ке-
сірінен қуғынға ұшырып,еңбектері 
жат идеядағы жұмыстар деп таныл-
ды. Бұдан шығатын қорытынды: 1930 
жылдарға дейін жоғары оқу орын-
дары мен педтехникумдер қазақ әде-
биеті пәнінен қажетті оқулық тармен 
қамтамасыз етілмей қалған. 
Бұлар 1920 жылдардағы фоль-
клортану саласындағы әдеби-тео-
риялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кір ді бір жүйеге түсірген, фольклор-
лық мұраны классификациялау, әр 
жанрын тереңдете зерттеу пробле-
масын тұңғыш рет көтерген ғы-
лыми еңбектері еді. Сол себептен де 
қазақ әдебиеттану ғылымының туу 
процесіндегі тарихи маңызы мен 
алатын орны ерекше екені анық. 
1920 жылдардағы ғылыми-зерт-
теу шілік ой-пікірдің фольклортану 
саласындағы осындай ізденістері 
оты зыншы жылдары жалғаса түсті. 
Бұл кезеңде ғылыми-зерттеу жұмыс-
тарында маркстік-лениндік әдісна-
ма өз үстемдігін құрғандықтан ұлт-
тық әдеби-тарихи, әдеби-теориялық 
ой-пікір оған бейімделе бастады. 
Өйткені, «ұлтшыл-алашшыл» атан-
ған «бірыңғай ағым теориясын» жақ-
таушылардың 1929-1930 жылдары 
атылғаны атылып, қалғаны сотталып 
кетіп еді. Олардың ішінде маркстік-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет