Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет127/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
«После Октябрьской революции наше 
литературоведение было постав лено 
перед грандиозной задачей: на ос но ве 
марксистко-ленинской методо логии 
заново «прочитать» всю историю оте-
чественной литературы» деген дей, 
әдебиет тарихын жаңа әдіспен зерт-
теу қажет болды. Ол қиын да күрделі 
жұмыс еді. Ол үшін марксизм-ле-
нинизм жетекші идеология болып 
отырған жаңа қоғам әдебиет тари-
хын зерттеу жұмыстарына еңбекші 
тап тұрғысынан қарауды қатаң та-
лап етті. Маркстік социологиялық 
әдеби-тарихи талдау жасау әдісін 
басшылыққа ала отырып, белгілі бір 
дәуір әдебиетін сол әлеуметтік және 
тарихи жағдайларға сай көркемдік 
ерекшелігі мен сипатын ашуда, 
әдебиеттің даму жолындағы ұлттық, 
тарихи, әлеуметтік заңдылықтарды 
табуда, жеке ақын-жазушының шы-
ғармашылығын зерттеуде әдебиеттің 
таптығы, халықтығы, партиялығы 
секілді принциптер тұрғысынан ке -
луді міндеттеді. Бұл ешқандай идео-
логияның күштеуісіз дамып келе 
жатқан біздің ұлттық ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірімізге қиындық 
кел тірді. Рас, қандай да болсын ғы-
лым саласы өзінің туу, қалыптасу 
кезеңінде белгілі бір қате бағыттағы 
теорияларға қарсы күресті бастан 
кешетінін байқаймыз. Бірақ ол эво-
люциялық даму заңдылығына сай 
біртіндеп жүзеге асуы тиіс. Ал 
маркстік-лениндік әдіснама үгіт-
наси хатпен және көбіне күшпен енгі-
зілді. Аяғынан енді ғана қаз-қаз тұра 
бастаған қазақ әдебиеттануы осыған 
тап келді. Сол себептен де 1920 жыл-
дары ғылыми-зерттеушілік ой-пі кір-
де «формальды әдіс» айқын көрініс 
таппаса да, «бірыңғай ағым теория-
сы» мен «тұрпайы социологизм» 
кон цепциясы зерттеу жұмыстарында 
анық байқалды. Қазақстанда, әсіресе 
«пролеткультшылдардың» ожар лы-
ғы, оның нигилистік позициясы ай-
рықша даңғазаланды. «Поиски исти-
ны в научном исследовании никогда 
не даются легко. Особенно тогда, 
когда они лежат в совершенно новой, 
неизвестной области. Вульгарная со-
циология тоже по своему была поис-
ком истины, но в неверном направле-
нии» дегендей бұлардың барлығы да 
ізденіс жолындағы әр түрлі бағыттар 
еді [39, 45]. 
1920 жылдардың басынан орыс 
әде биеттану ғылымында Г. В. Пле -
хановтың эстетикалық теориясын-
дағы көркем творчествоны социо ло-
гиялық тұрғыдан тексеруді ұсын ған 
ғылыми қағидалары Е. Соловьев-Ан-
дреевич, В. П. Переверзев, В. Фриче, 
П. Н. Сакулиндер және т.б. тарапынан 
қолдау тапты. Бұлар өз еңбектерінде 
әдебиеттану ғылымында әдеби мұ-
раны зерттеуге негізгі әдіс ретін де 
«формалдық-социологиялық әдіс» 
пен «тұрпайы социологизмді» ұсын-
ды. Тұрпайы социологизмді жақтау-
шылар марксизм ілімін формализм-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет