Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет137/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
бір неше зерттеу мақалалар мен ең-
бектерде, докторлық, канди дат тық 
дис сертацияларда арнайы ғылыми 
сөз болды. Бұлардың ішінде Абай 
шығармасының басылуы мен зерт-
теудің қазақ әдебиет сыны ның қа-
лыптасуына жетекші роль атқар-
ғанын жан-жақты ғылыми тексерген 
ғалым Т. Кәкішев, абайтанудың жеке 
ілім саласы ретінде қалыптасуын
әуезовтану проблемаларын жан-
жақ ты зерттеген ғалым М. Мырзах-
метовтің еңбектерінде терең қарас-
тырылған.
Соғысқа дейінгі дәуірде қазақ 
әдебиеттану ғылымында сын мен ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің сөз 
етер нысанасы әдеби мұра болып, 
қазақ әдебиетінің тарихын жасауда 
бірлесе қызмет еткенін байқаймыз. 
Сондықтан да әдеби мұраны зерт-
теуде, жеке ақын-жазушылар шығар-
маларына әдеби-тарихи, әдеби-тео -
риялық тұрғыдан баға беруде жо-
ғарыдағы зерттеулерді орынсыз қай-
таламас үшін басты назарды зерттеу-
де болған қате концепциялардың бол-
мысын ашу жолындағы ізде ністерге 
аударуды жөн санадық. 
Қай ұлттың болсын әдебиетта-
нуының жеке ғылым саласы болып 
қалыптасу жолына назар аударатын 
болсақ, әдеби мұраны игеру, зерт-
теу жұмыстарының аса зор маңызы 
бар екенін аңғарамыз. Оның ішінде 
классикалық мұраны зерттеу арқылы 
сол әдебиеттің ғылымдық тарихын 
жасау, дәуірге бөлу арқылы даму жо-
лын анықтау, көрнекті өкілдерінің 
шығармашылық өмір жолын тексеру, 
әдебиет тарихындағы орнын белгі-
леу жұмыстары осы ұлттық әдебиет 
туралы ғылымнан әдеби-теориялық, 
әдеби-тарихи, сыншылдық ой-пікі-
рінің ғылыми сипатқа айналуына ті-
келей байланысты. Дамудың бұл са-
тылары мен жолын қазақ әдебиеттану 
ғылымы да бастан өткереді.
Туып, өркендеу жолы 1920-1930 
жылдарға дәл келгендіктен сол ке-
зеңдегі әдебиеттану ғылымында 
орын алған бұрмалаулар мен қате 
теория лар бұған да тән болды. Негізі-
нен алғанда, пролеткультшылдық ни-
гилизм мен «тұрпайы социологизм» 
теориясы осы классикалық мұ раны 
игеру, пайдалану, одан үй ре ну және 
зерттеу проблемасына бай ланысты 
пайда болды. Бұл қате көзқарастар 
қазақ әдебиеттану ғы лы мында хал-
қымыздың талантты ұл дары, ағарту-
шы-демократтары Ш. Уәлиханов,
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. То-
райғыров, т.б. творчествосы төңі ре-
гінде 1920 жылдардың орта кезін де-
ақ айтыла бастады.
Қазақ әдебиеттану ғылымында 
ғылыми сипаттағы мақалалар Абай 
творчествосы жайында жазылған 
бол са, қате көзқарастағы ой-пікірлер 
де осы төңіректен басталып, әдебиет 
майданындағы үлкен айтысқа айнал-
ды. «Шын үлкен талант қана өрелі 
ойларды, салиқалы пікірлерді ту ғыза 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет