Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет139/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
гиясын жырлайтын шығармаларды 
өздерінің ұлтшылдық пікірін жасы-
рын насихаттау үшін пайдалануда» 
деген қате ұғым орын алып, әдеби 
мұраны жариялауда бірталай еңбек 
еткен «Шолпан», «Абай» журналда-
ры ұлтшылдықтың ұйымдық орга-
ны ретінде танылды. В. И. Лениннің 
мәдени мұра туралы қағидаларын 
басшылыққа алып, өздерін «жаңа 
мәдениет, жаңа пролетарлық әдебиет 
жасаймыз» деген пролеткультшыл-
дар классикалық мұраны, Абайды 
жоққа шығарды. «Олар Абайды өз-
дерінің идеялық көсемі ретінде 
көтерді, одан үйренуге шақырады» 
деген сияқты пікірлер айтып, әдебиет 
тарихын зерттеудің кең өріс алуына 
кедергі келтірді.
Классикалық мұраны зерттеуде-
гі жұмыстарға пролеткультшылдық 
ни ги лизмнің әсерін сөз еткен-
де, С. Мұқановтың сол кездердегі 
мақалаларына соқпай өте алмаймыз. 
«Жаңа дәуір ұсынған ұлы идея ларды 
жүзеге асыруда талай бұра лаңдар 
кездесті. Әсіресе, әдеби-мәдени мұ-
ра саласында «дөрекі социологизм» 
мен пролеткультшылдық дәуір леп 
тұрғанда, Николайдың «малайы» – 
Пушкин, граф Толстой, «қарашек-
пенді Ресейдің ақыны» – Есенин, 
нәзік жанды Блоктардың бізге керегі 
жоқ, оларды тарихтың қоқысына тас-
тау керек» деп жатқан көзқарастан 
ешкім де, оның ішінде С. Мұқанов та 
сырт қала алған жоқ». С. Мұқановтың 
«Қара тақтаға жазылып қалмандар, 
шешендер», «Көркем әдебиет тура-
лы», «Қазақ әдебиеті туралы қо-
рытынды пікірім», «Әркім өзінше 
ойлайды» атты мақалаларында «ұлт -
шыл-алашордашыларға» қарсы кү-
рестің салқынымен нигилистік жә-
не «тұрпайы социологизм» көзқа-
расында пікір білдірді. Автор «қазақ 
әдебиеті өзін-өзі үлгі алатын дәуірге 
жеткен жоқ» деп халықтың, оның да-
рынды өнер иелерінің әдеби мұрасын 
жоққа шығарды. Абай поэзиясы ның 
ағартушылық, жаңашылдық, сын-
шылдық сипатын дұрыс бағалай 
отырса да, «Абай – байшыл таптың 
ақыны» деген қорытынды жасайды. 
С. Мұқановтың пікірлерінде про -
лет культшылдық солақай сын шыл-
дық басым болғанда ғылы ми-зерттеу 
әдісі, тәжірибенің жетіспеуі, көпте-
ген әдеби-тарихи проблемалардың 
жаңа көтеріліп жатқаны айқын се-
зіліп тұрды. Ғылыми зерттеушілік 
ой-пікірдің ұлт әдебиетінің тари-
хи даму жолын зерттеуге ұмтылып 
жатқан шағында, яғни «Дүниені тү-
лен түртіп, аударылып-төңкеріліп 
жатқанда алашшылдар болсын, төң-
керісшілдер болсын сөзден де, істен 
де тартынбай, әрқайсысы өз керегін 
айтты, жазды. Төңкерісшілдер өкі-
меттік билікке ие болған қоғамдық-
әлеуметтік күштерге арқа сүйей оты-
рып, маркстік-лениндік түсініктің 
үде сінен шығуға, бұлжытпай орын -
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет