ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
лып бағалануына мұрындық болып,
ғылыми-зерттеушілік жұмыста та-
рихи ақиқаттың айтылуына тоқтау
салумен бірге, жиырмасыншы жыл-
дардағы «алашордашылыққа», «ұлт-
шылдыққа» қарсы күресті қайта
жандандырып жіберді. М. Қайыпна-
заровтың ҚазАПП-тың бірінші съе-
зінде жасаған «Қазақ пролетариат
әдебиетінің жай-күйі мен алдағы
міндеттері туралы» баяндамасында
әдебиет пен зерттеу жұмыстарын-
дағы ұлтшылдық идеологиямен кү-
ресу қажеттігіне қатты көңіл ауда-
ру талап етілсе, 1934 жылы өткен
Қазақстан жазушыларының бірінші
съезінде де айтылмай қалған жоқ.
Голощекиннің бір-біріне қарсы
қоюынан ыдырап, талай «шиналарға»
жіктеліп қалған қазақтың ұлттық ин-
теллигенциясынан ұлтшылдық мін
іздеу, алашордашылық пен троц-
кизмге «бүйрегі бұрғандығын» тіз-
бе леу, көркем шығармадағы бай-
шыл дық салт-сананың белгілерін
сынау қауырт қолға алынып, соңы
1937 жыл ғы «халық жауларын» жап-
пай әшкерелеу науқанының қанды
қырғы нына ұласты.
Осы кезде академик Д. С. Ли-
хачев айтқандай «мәдени ой-өрісі
қаншалықты тар әрі шектеулі, барша
жаңалықтарға және барша көне мұ-
раға солғұрлым жаны төзгісіз, өзінің
әдетіне айналған ұғымның билі-
гіне соншалықты тәуелді, барынша
күдікті жандардың» тарихи ақиқат-
ты өрескел бұрмалап жала жапқан,
қаралағыш мақалалары әдебиет та-
рихын зерттеуге кесірін тигізбей
қалған жоқ. Бұл мақалалардың ақыл-
парасатқа тоқтау салып, гуманистік
адамгершілікке қаяу түсіргені, қазақ
интеллигенциясының ұсталып ке-
туіне, қуғын-сүргінге ұшырауына се-
бепкер болғаны қазір ашық жазылды
да.
Қазақ әдебиеттану ғылымының
ізашарлары саналатын С. Сейфул-
линнің, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың,
Қ. Жұмалиевтің, Е. Ысмайыловтың,
Ә. Қоңыратбаевтың, Ә. Маметова-
ның еңбектері өткір сынға алынып,
жөнсіз ғайбаттауға жол берілді. Со-
нымен қатар, әдеби-тарихи, әдеби-
теориялық ой-пікірдің дамуына ке-
дергі келтірді де, әдебиеттану ғылы-
мының туу процесіндегі ізденістерін
аласапыранға айналдырып жіберді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін қысқаша
тоқталып өтелік.
Халық жауларын әшкерелеу нау-
қанына баспасөз орындары жұмыла
кірісті. «Социалистік Қазақстанның»
«Буржуазияшыл ұлтшылдардың бі-
рін қалдырмай әшкерелеп, жермен-
жексен қыламыз» (22.09.1937), «Қа-
зақ әдебиетінің» «Қырағылықты
мейлінше күшейтейік» (29.01.1937),
«Лениншіл жастың» «Буржуазия-
шыл ұлтшылдардың ұясын тас-тал-
қан жасау керек» (16.10.1937) се-
кілді бас мақалалары әсіре сақтық
пен қырағылыққа шақырды. Осы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У