ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
өзінде-ақ М. Әуезовтің қазақ әде-
биетінің тарихынан өз тарапынан
жүргізген біршама зерттеулері әдеби
ортаға жақсы таныс болған болуы
керек. Оған дәлел – жұмысымыздың
алдыңғы беттерінде қарастырған
мақалалары мен САГУ-дің аспиран-
ты болып жүргенінде Ташкенттегі
«Талап» қоғамының жалпы жина-
лысында «Қазақ-қырғыз әдебиетінің
ілгері басқан дәуірлері» деп атала-
тын баяндамасы. Әдебиет тарихына
байланысты өз бетінше жүргізген
зерттеулерін, жинаған деректері мен
материалдарын Семей педагогикалық
техникумында лекция оқу барысын-
да бір жүйеге келтіре, толықтыра
отырып, М. Әуезов 1927 жылы қазақ
әдебиеті тарихынан тұңғыш зерттеу
еңбек болып табылатын «Әдебиет
тарихы» атты оқулығын жазады.
Ав тор «Жазушыдан» деп аталатын
ша ғын алғы сөзде оқулықты жазу-
дағы мақсаты туралы: «Ана тілінің
кеңі рек өріс іздеуі қазақ мектебінде
соң ғы жылдарда күштірек айқында-
лып отыр. Олай болатын себебі,
соңғы жылдары қазақ елінің оқу-
ағарту жұмысына тұсауын кескендей
кеңшілік берді. Қазақтың бастауыш
мектеп жасындағы балаларына ар-
нап ашылған әлденеше жүз бірінші
басқыш мектептен басқа бұл күнде
оқытушылар дайындайтын техни-
кум, институттар шыға бастады...
Бастауыш мектептен гөрі жоғарырақ
болып ашылған қазақ мектебі бол-
са, барлығында ана тілінің әдебиетін
тексеріп ұғынудың талабы байқа-
лады. Ана тілінің жолында ендігі
бас қышта қазақ мектебінің іздейтін
жаңалығы, кең өрісі сол әдебиет бола-
ды», – дей келе, бұл алғашқы қадам,
тұңғыш тәжірибе ғана, сондықтан
«Кітаптың тарихсыз заманда шық-
қанын еске алуды тілейміз. Қай
жол дағы білімді алсақ та алғашқы
тә жірибесінде сүрініп-қабынып, ша-
ла-шарпы, ала-құла болып шығады.
Кемшілікті сын түзейді, көп болып
біріккен ой түзейді. Сондықтан бұл
кітап «Қазақ әдебиеті» деген толық
атты аламын деп дәмеленбейді», –
деп ашық ескертеді [35, 9]. Оқулықты
жазу барысында М. Әуезов көп
ізденіп, жан-жақты дайындалғаны
қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге
бөлуінде, жанрлық жіктерін жүйе-
леуде айқын аңғарылады. Бұл ба-
ғытта өзі жақсы таныс болған
орыс әдебиеті тарихының зерттелу
тәжірибесіне сүйеніп отырғаны да
сезіледі. Сонымен қатар әдеби мұ-
раны игеру, зерттеу проблемасын
кө теріп жатқан сол кездегі әдеби-
теориялық, әдеби-тарихи талдау жа-
сай тексеру бағытындағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдегі алғашқы
ғылыми сипаттағы мақалаларды да
ескеріп отырғаны анық байқалады.
Әдебиет тарихының жеке пән ре-
тіндегі ғылымдық сипатын аша ке-
ліп, оның зерттеу нысанасын, яғни
кімді, қалай зерттеу керек деген
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У