ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Қашан да ғылым ешбір дерексіз
тумайды, дәуірдің талап-тілекте ріне
байланысты дүниеге келеді. Төң-
керістің алғашқы жылдарынан ба-
стап қазақтың ұлттық баспасөзін,
ұлт мектептерін ашу міндеті алға
қо йылғанда, ең қиын, ең түйінді мә-
селенің бірі – ана тілі мен әдебиетін
оқытуды бірінші кезекте шешу керек
болды.
1921 жылы 31 қаңтарда Халық
ағарту комиссариаты мен Мемле-
кет тік баспасы жанындағы редакция
алқасының бірлескен мәжілісінде
С. Сейфуллинге І-ІІ сатыдағы бі-
рыңғай қазақ мектептері үшін қазақ
әдебиетінің хрестоматиясын дайын-
дау тапсырылды. Бұл міндетті орын-
дап шығу жолында біршама ізденген
С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің та-
рихы жайлы алғашқы ой-пікірле рін
талқыға салу мақсатында 1924 жылы
Орынбор қаласындағы қазақ жас-
тарының Орталық клубында «Қа зақ
әдебиетінің қысқаша тарихы» деген
тақырыпта лекция оқиды. Осы лекци-
яда қазақтың халық ауыз әдебиетін,
қазақ әдебиетінің тарихын тексеру
проблемасы тұңғыш рет қойылып,
әдебиет тарихын дәуірге бөлу туралы
тың пікірлер көтерілді.
Сәкеннің қазақ әдебиетінің та-
рихын зерттеу туралы бұл бастама-
сы мерзімді баспасөз бетінде айтыс
туғызды. 1920 жылдардың басын-
дағы әдеби-теориялық, әдеби-тарихи
бағыттағы талдау жасау, тексеру
бағытындағы ғылыми-зерттеушілік
ой-пікір әрі толық қалыптаса қой-
маған еді. Сол себептен қазақ әде-
биеттану ғылымында сол кезде дә-
уірлеп тұрған пролеткультшылдық
салдарынан С. Сейфуллиннің лек-
циясында кейбір қате пікірлер орын
алды. Ол Абай, Ыбырай, Сұлтан-
махмұттың өнерпаздық тұлғасын,
шығармашылықтарының ағартушы-
демократтық, новаторлық сипатын
дұрыс бағалай отырса да, қанаушы
қоғамда өмір сүргендіктен, олардың
шығармалары мазмұны жағынан
билер (феодалдар) табынікі де-
ген дәйексіз қорытынды жасай-
ды. Бұл лекцияның қысқаша маз-
мұны «Еңбекші қазақ» газетінде
жа рияланған еді. Осы мақаланың
шығуына байланысты қазақ әдебие-
тінің тарихын зерттеу, көрнекті да-
рындарын бағалау мәселесі қызу
талқыға түсті. «Темірбайдың» «Қа-
зақ әдебиетінің тарихынан» атты
мақаласы, оған қарсы Ғ. Мүсіре-
повтің «Қисық сынға әділ төре»
мақаласы шықты. Сол секілді «Тоқ-
пақ» деген атпен (С. Қожанов) «Жа-
қындық па, жалақорлық па?» де-
ген мақала да жарық көрді. Сәбит
пен Ғабиттің пікірлерінде қа зақ
әдебиеттану ғылымында өріс ала
бастаған нигилистік көз қарас пен
«тұрпайы социологизм» теория-
сы ның әсері сезілсе, «Темір бай»
мен С. Қожановтың ойларында
«бірыңғай ағым теориясынан» туын-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У