ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
де мектептің оқу жоспарына кіріп,
1932 жылы тұңғыш бағдарламасы
жасалды. Осы бағдарлама негізінде
1932 жылы І. Жансүгіров, С. Сейфул-
лин, Б. Майлин құраған «Әдебиет-
тану оқу құралы» атты хрестома-
тия шықты. V класқа арналған бұл
оқулықтың кіріспесінде авторлардың
атап көрсеткеніндей, негізгі мақ-
сат оқушыларға қазақ даласында
болып жатқан өзгеріс, жаңалықтар-
ды бейнелейтін шығармаларды алу
болған. Сол себептен де оқулықтағы
ақын-жазушылардың шығармалары
тақырыптық-мазмұндық ерекше лі-
гіне сай топтастырылған. Оқулық
«Социалистік құрылыс», «Колхоз-
ды ауыл», «В. И. Ленин», «Ок-
тябрь», «Қызыл әскер», «Ескі ауыл»
атты алты тарауға бөлінген. Кеңес
дәуіріндегі қазақ әдебиетінің осы
алғашқы оқулығында ғылыми-әдіс-
темелік тұрғыдан кеткен кемші-
ліктердін былай қойған күннің өзін-
де, ақын-жазушылардың өмір баяны,
шығармалары туралы әдеби-тео-
риялық талдаулар да жоқ. «Әде-
биет тану оқу құралы» атал ғаны мен,
сол дәуірдің тыныс-тіршілігін бей-
нелейтін көркем шығармалардың
жинағы дәрежесінде қалып қойған
бұл оқулықтың өз кезеңінде мек-
тептерді қазақ әдебиеті оқулығымен
қамтамасыз етуде, оқушыларға тәр-
бие мен білім беруде алғашқы қадам
ретінде ғана рөлі болды.
БК(б)П Орталық Комитетінің жо-
ғарыдағы тарихи қаулылары мен
дә уір талабына сай қазақ әдебиеті-
нің оқулықтарын жасауда, әдебиет
тарихын дәуірге бөлу саласында
жаңа ізденістер, тың зерттеулер қол-
ға алына бастады. Бұл бағыттағы
жұмыстар қиын да айрықша жағ-
дайда жүрді. Оқулықтар жасау, әде-
биет тарихын зерттеу, халық ауыз
әдебиетінің үлгілерін жинау, оны
зерттеу, белгілі ақын, жазушылар дың
шығармашылығын талдау сияқты
ұлан-асыр жұмыстарды жүргізуде
жылдар бойы зерттеп, тиянақты пі-
кір айтуға жаңа заманның өскелең
талап-тілегі мен қажеттілік ешбір
мұрсат бермегенін атап айту керек.
Сонымен қатар, бұл салада бұрын
қалыптасқан ғылыми тәжірибеге сү-
йенер негіздің де жоқтығы өз дәре-
жесінде қиындық келтірді. Әйтсе де
20-жылдарда әдеби мұраны жинау,
жариялау жұмыстары мен көрнекті
ақындардың шығармаларының ба-
сыла бастауы, оларды зерттеген
ғылыми сипаттағы мақалалар оқу-
лық, хрестоматиялардың жазылуы-
на тікелей әсер ете бастады. Қазақ
әдебиеттану ғылымының туу, қалып-
тасу процесін сөз еткенде, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің бір жүйеге
түсіп баяндалуына, бірнеше ақын-
жазушыны өмір сүрген дәуіріне қа-
рай топтастыра отырып зерттеуде
ал ғашқы практикалық қадамдар
қа лай
жасалғанын
дәлелдейтін
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У