Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет218/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тұрғысынан ғана сөз етеміз. Ға-
лым Д. Ысқақов «Сын шын бол-
сын» еңбегінде мақаланы сынның 
ғы лымилығы, тарихилығы тұрғы-
сынан қарай келіп, ғылыми сипаты 
айқын көрінетін сын деп табады. 
Оған ғылыми сипат беріп тұрған 
да осы әдеби-теориялық тұрғыдан 
талдау жасаудың басым болуы деп 
ойлаймыз. Сыншылдық және әдеби-
тарихи ой-пікірде біршама сөз бол-
ған Абайдың өзін «байшыл-феодал 
ақын» деп әдеби-теориялық тұрғыдан 
зерттеу түгіл мойындаудың өзі қиын-
ға түсіп жатқан бұл кезеңде, сыни 
және зерттеушілік мақсатта алғаш 
рет жан-жақты тексеру нысанасына 
түскен Мағжан болды. Бұл мақала 
Ж. Аймауытовтың жоғарыда әдеби 
ағым мен көркемдік әдіс тура-
лы айту барысында сөз етілген 
мақалаларында байқалған әдеби-
теориялық білімнің молдығын тағы 
бір танытса, екіншіден, «Мағжан 
ақын дығының қыры мен сырын 
ұғы нып алуға, көркемдік әлеміне 
қалай кіріп, қалай түсіну, ақын жа-
нының қалтарыс-бүкпелерін қалай 
ұғыну керектігін көрсеткен, жалғыз 
мағжантануда емес, бүкіл қазақ 
әдебиеттануында асқар бел болып 
келе жатыр».
Төңкерісшіл, тапшылдар тара пы-
нан «әдеби сотта» қаралып, «ес кішіл», 
«керітартпа ұлтшыл» деген баға 
алып жатқан шақта басқалар секілді 
Мағжанға жай арашашы бо лудан 
көрі, әдеби-теориялық ой-пікірге 
сүйенген ғылыми мақала арқылы 
қорған болуды мақсат тұтқаны 
байқалады. Ол үшін ең біріншіден, 
Мағжан шығармашылығын өмір 
сүрген заманның тарихи шындығы 
тұрғысынан қарастырып, қоғамдық-
әлеуметтік ортасымен байланысты-
ра отырып талдауды басты назар-
ға ұстаған. Мақаланың «Маркс не 
дейді?» деп аталатын бөлімінде 
ақын және әлеуметтік орта мәселесін 
ғылыми негіздеп алуы да сондықтан 
болуы керек, «Бір жағынан үй іші –
әкеге, әлеумет – ру басына ба-
ғынған, тапқа, жікке бөлінбеген 
қазақ ішінде туып өскен болса; 
екінші – татар медресесінде оқып, 
түркішілдік, исламшылдық рухында 
тәрбиеленсе; үшінші – патша саясаты 
шымбайға батып, отаршылдық зар-
дабы қазақтың ұлтшылдық сезімін 
оятқан дәуірдің ұлы болса; төртін-
ші – орыс зиялыларының қаймағы 
бұқарашыл болып жатқанын сезіп 
білсе; бесінші – Батыстың, қала бер-
се орыс ақындарының санашылдық 
(идеализм), дарашылдық школынан 
сабақ алса, енді Мағжан қай пікірдегі 
ақын болып шығу керек? Сөз жоқ, 
Мағжан ұлтшыл, түрікшіл, санашыл, 
дарашыл ақын болып шығу керек. 
Олай болып шықпауы мүмкін емес. 
Әлеумет ортасының, заманының 
жағдайы солай» деген пікірінің не-
гізінде ақын шығармашылығына 
әсер еткен тарихи, әлеуметтік, саяси 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


236


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет